Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет57/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   364
Жылдар

Оқытудың 12 жылдық

бағдарламасы бойынша

Оқытудың 11 жылдық

бағдарламасы бойынша

2015 – 2016

1,5,11

2,3,4,6,7,8,9,11



2016 – 2017

1,2,5,6,11,12

3,4,7,8,9

2017 – 2018

1,2,3,5,6,7,11,12 

4,8,9


2018 – 2019

1,2,3,4,5,6,7,8,11,12

9

2019 – 2020



1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12

11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сы-

ныбына көшу 2015-2016 оқу жылынан 2019-2020 оқу жылына дейін 

жүзеге асырылады.

12-жылдық  білім  беруде  «Информатика»  пəні 3 кезеңмен 

оқытылады:

 

– бастапқы курс (3-4 сыныптар) немесе (1-4 сыныптар);



 

– негізгі курс (5-10 сыныптар);

 

– бейіндік курс (11-12 сыныптар).



«Қазақстан  Республикасында 2015 жылға  дейінгі  білім  беруді 

дамыту  тұжырымдамасы»  жəне  «Қазақстан  Республикасында 

2005-2010  ж.  Білім  беруді  дамытудың  Мемлекеттік  бағдарламасы» 

талаптарына  сəйкес 2004 жылы  Қазақстан  Республикасы  Білім 

жəне  ғылым  министрлігі 12 жылдық  білім  беру  проблемалары 

республикалық  ғылыми-практикалық  орталығында  А.  Е.  Əбілқа-

сымованың  басшылығымен «12 жылдық  мектептің  негізгі  орта 

буынының білім мазмұны» жасалды [28, 29]. 

Мектеп информатика курсының қалыптасуы мен дамуының, яғни 

оның  стандартын  жасауға  оның  информатиканы  оқыту  мазмұнын 

өзгермейтін іргелі негіздер жағына өзгертуге жылдамдап ұмтылуын 

анықтаудың  сипатталған  кезең-кезеңдік  тəсілі,  мектеп  информа-

тикасы  бойынша  осындай  стандарттың  бүкіл  еліміздегі  білім  беру 

жүйесін  іргелендіру  жəне  жаңаландыру  флагманы  қатарында  бола 

алатындығына барлық мүмкіндіктері бар.

Мектептің білім беру жүйесінде «Информатика» пəні қоршаған 

ортаны  талдаудың  жүйелі-ақпараттық  тəсілін  қалыптастыратын; 

ақпараттық  үдерістерді  ақпаратты  алу,  өңдеу,  тасымалдау,  сақтау 

жəне қолдану əдістері мен құралдарын оқытатын; ақпараттық техно-

логияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-əрекеті 

аумағын дамытып жəне үнемі кеңейтіп отыратын ғылыми білімнің 

іргелі салаларының бірі болып табылады.




128

Мектепте  информатиканы  оқытудың  негізгі  мақсаты – 

оқушылардың  ақпаратты  алу,  өңдеу,  тасымалдау,  сақтау  жəне 

қолдану үдерістері жайлы негізі білімін жан-жақты əрі саналы түрде 

меңгеруін  қамтамасыз ету жəне соның негізінде оқушыларға қазіргі 

кездегі  əлемнің  ғылыми  бейнесін  қалыптастырудағы  ақпараттық 

үдерістердің, қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ы рөлінің 

мəні ашу.

Информатиканы оқыту мақсатына  жету үшін келесі міндеттерді 

шешу қажет:

 

– оқушыларда  информатика  саласының  негізгі  ұғымдары  мен 



білімдерді қалыптастыру;

 

– информатика  саласында  біліктіліктер  мен  құзырлылықтарды  



қалыптастыру;

 

– ақпараттық  қоғамда  өмір  сүретін  өскелең  ұрпақтың 



адамгершілік жəне құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет