Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Оқу пəнінің мазмұнын іріктеуді іске асырудың дидактикалық



Pdf көрінісі
бет58/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   364
Оқу пəнінің мазмұнын іріктеуді іске асырудың дидактикалық 

негіздері

Информатиканы  оқыту  мазмұны  оқушылардың  информати-

ка  бойынша  білімдерінің  қажетті  деңгейіне  жетуіне  бағытталуы 

тиіс, сонымен қатар нақты ақпараттық технологиялар құралдарына 

сəйкес инвариантты болуы керек.

Курс  мазмұнының  жүйе  құраушы  ұғымы  «ақпараттық  үрдіс», 

ал  текті    ұғымы – «ақпарат»  болып  табылады.  Құрылымдауға 

бірегей  əдісті  қолдану  курстың  мазмұнын  нормативті  құжаттарда 

берілгендей жеке-жеке дидактикалық бірліктер емес, жалпы мəдени 

сипатта  дамушы,  біртұтас  іргелі  пəн  ретінде  көрсетуге  мүмкіндік 

береді.

Курстың  мазмұнына  адамның  жалпы  мəдениеті,  сонымен 

қатар  білімін  əрі  қарай  жалғастыруы  үшін  неғұрлым  іргелі  жəне 

əрі  маңызды  болып  табылатын  қоршаған  шынайы  өмір  жайлы 

қазіргі  заманғы  ғылыми  түсініктерге  сəйкес  келетін  фактілер,  тео-

риялар,  қағидалар  жəне  тəсілдер  енгізілуі  қажет.  Сонымен  қатар, 

бағдарламада  ғаламдық  ақпараттандыру  қоғам  жағдайында  өмір 

сүретін  əрбір  сауатты  адамға  қажет  информатиканы  оқытудың  ин-

вариантты  бөлігінің  құраушылары  болып  табылатын  ұғымдар  мен 

дидактикалық элементтер сипатталуы керек.

Информатика  курсының  ұғымдарын  іріктеу  негізіне  жүйелілік, 

тұтастық, пəндік саласының толықтығы, логикалық қайшылықтың 




129

болмауы,  жүйеленуі,  минималды  жеткіліктілік,  сабақтастық, 

əдістемелік мақсатқа сəйкестік, иерархиялық, аксиоматикалық, көз 

жетерлік, ашықтық  талаптары қойылған.

Информатика  курсы  ұғымдарының  қалыптасуының  бірізділігі 

оқу материалының тұтас ұғымдық құрылымын теориялық жағынан 

байытып, реттей отырып, ұғымдарды біртіндеп дамыту, курстың се-

беп-салдар байланысын ескере отырып, түрлі табиғат жүйелеріндегі 

ақпараттық  үдерістердің  бірлігін  жəне  оқу  материалын  теориялық 

жағынан жалпылауға мүмкіндік беруі керек. 

Оқыту  барысында  жүйе  құраушы  «ақпараттық  үдерістер» 

ұғымы  қалыптасуы,  дамуы  жəне  жалпылануы  қажет.  Сонымен, 

ақпараттық үдерістердің түрлерін оқыту ақпаратты сақтау, тасымал-

дау жəне өңдеу сияқты табиғи ақпараттық үдерістерді қарастыруға 

келеді.  Бұл  ақпараттық  үдерістер  компьютердің  функционалдық 

құрылғыларын  оқытуда  өте  қажет.  Ақпараттық  үдерістерді  авто-

маттандыру  мүмкіндіктері  үшін  (жасанды  ақпарттық  үдерістерден 

табиғи  үдерістерге  өту)  ақпаратты  бірегей  түрге  (санау  жүйелері) 

келтіру,  компьютермен  ақпаратты  өңдеуінің  бірізділігі  (логи-

ка  негіздері),  ақпаратпен  жұмыс  жасаудың  неғұрлым  күрделі  іс-

əрекеттері: алгоритмдеу жəне модельдеу үдерістері қарастырылады. 

«Ақпараттық үдерістер» ұғымының дамуы ақпараттың графикалық, 

мəтіндік, сандық, дыбыстық түрлерін сақтау, тасымалдау жəне өңдеу 

ерекшеліктерін,  сонымен  қатар  ақпараттық,  телекоммуникациялық 

жəне  мультимедиялық  технологиялардың  жабдықтарын  оқыту  ба-

рысында  іске  асырылады.  Нəтижесінде  ақпараттық  үдерістердің 

əлеуметтік аспектілері қарастырылады.

Анықталған  жетекші  ұғымдар  материалды  ғылыми,  біртұтас 

жəне белгілі фактілерді жалпы көзқарас тұрғысынан қайта түсінуге, 

бүкіл білім жүйесінің негізін салуға, іргелі ұғымдардың ішкі байла-

ныстары мен қатынастарын ашуға, оларды нақты фактілерде жəне 

шынайы құбылыстарда ашуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама мазмұнының негізіне келесі аспектілер жатуы керек:

1)  мектеп  курсында  информатиканың  қазіргі  жағдайы  іргелі 

ғылым ретінде сəйкес бейнеленуі;

2) «ақпараттық  үдеріс»  ұғымы  шеңберінде  оқыту  мазмұнын  

сабақтастыру негізінде информатика курсының тұтастығын көрсету;

3)  оқу  материалын  ізгілік  құраушыларымен,  эмоцинальдық-

бағалы жəне  адамгершілік құндылықтармен толықтыру;



130

4)  оқушылардың  ойлауын  қалыптастыру  жəне  дамыту,  оларға  

шектен тыс  ақпарат алуға мүмкіндік бермеу;

5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу əдістеріне үйрету;

6) информатика курсының пəнішілік жəне пəнаралық байланыс-

тарын белсенді түрде қолдану;

7) практикада қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жал-

пылай қолдану тəсілдеріне үйрету.

«Математика  жəне  информатика»  білім  беру  саласының  бес 

ақпарат  жəне  ақпараттық  үдерістер;  компьютер – ақпаратты  өңдеу 

құралы;  ақпараттық  модельдеу;  алгоритмдеу  жəне  программа-

лау;  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  мазмұндық 

желілерінің  дамуына сəйкес құрылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет