Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


оқушылардың  компьютерлік  сауаттылығы



Pdf көрінісі
бет33/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   364
оқушылардың  компьютерлік  сауаттылығы  ұғымы  берілген. 

Компьютерлік  сауаттылық  ұғымы  мектепке  «Информатика  жəне 

есептеуіш  техника  негіздері»  пəнін  енгізумен  бірге  қалыптасып, 

бірден  мектеп  дидактикасының  жаңа  ұғымдарының  қатарына 

қосылды.  Оқушылардың  компьютерлік  сауаттылық  талаптарын 

қалыптастыру əрекеті бірінші бағдарламаның түсіндірме сөздігінде-

ақ  жасалынған [12], алайда  жүйеленген  мазмұндамаларда 

компьютерлік  сауаттылықтың  компоненттері  мектепке  «Информа-

тика  жəне  есептеуіш  техника  негіздері»  пəнін  оқытудың  алғашқы 

əдістемелік  басшылығының  мұғалімдерге  арналған  нұсқасында 

жазылған [13]. Онда оқушылардың компьютерлік сауаттылығының 

мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей топтарға бөлінген 

[13]:

 

– ЭЕМ-ге  арналған  алгоритмдерді  сипаттаудың  түрі  ретінде 



программа,  алгоритм  ұғымы,  оның  құрылымы,  алгоритмді  жазу 

əдістері мен тəсілдері, программалау тілдерінің бірінде программалау 

негіздері;

 

– ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасаудың практикалық дағдылары;



 

– ЭЕМ-нің құрылысы, оның негізгі элементтерінің жұмыс істеу 

принциптері;

 

– өндірісте  жəне  адамзат  іс-əрекетінің  басқа  салаларындағы 



компьютердің рөлі жəне қолданылуы.

Айтылған  компоненттерді  талдау  компьютерлік  сауаттылық 

ұғымының  пайда  болуы,  оқушылардың  алгоритмдік  мəдениеті 

ұғымына ЭЕМ-мен қарым-қатынас икемділігі, ЭЕМ-нің құрылысы 

мен  жұмыс  істеу  принциптерін  білу,  сонымен  қатар,  қазіргі 

қоғамдағы  ЭЕМ-нің  рөлі  сияқты  «машиналық»  компоненттерді 




65

қосу  арқылы  кеңею  нəтижесінде  пайда  болатындығын  көрсетеді. 

Бұл  компьютерлік  сауаттылық  ұғымының  алгоритмдік  мəдениет 

ұғымымен  байланысы  жаңа  курстың  бағдарламасына  берілген 

түсініктемеде  анық  көрсетілді,  ол  курстың  міндеттерінің  бірі – 

«сегізжылдық  мектептің  алгебра  курсының  алгоритмдік  бағытын 

аяқтау  жəне  жүйелеу» [12, 5-б.]  жəне  ИЕТН  курсының  алғашқы 

əдістемелік міндетінің сапасын анықтап берген мұғалімге арналған 

əдістемелік  нұсқауларда  «оқушылардың  алгоритмдік  мəдениетінің 

компоненттерін 

қалыптастыру 

компьютерлік 

сауаттылықты 

қалыптастырудың негізі ретінде қарастыру міндеті тұрды» [14, 3-б.] 

Осы  эволюциялық  ауысуды  көрнекілік  түрде  былайша  белгілеуге 

болады (3.1-сурет):

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет