Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Оқушылардың ақпараттық мəдениетi жəне



Pdf көрінісі
бет35/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   364
3.3 Оқушылардың ақпараттық мəдениетi жəне 

медиасауаттылығы

 

Мектептегі  «Информатика  жəне  есептеуіш  техника  негіздері» 



пəнінің  алғашқы  бағдарламасының  əдістемелік  тұжырымдамасы 

байқау оқу құралын жасаумен шектелді. Сонан соң бағдарламаның 

екінші  түрі  өңделіп  жарияланды.  Бұл  жаңа  бағдарлама  мектепте 

информатика  саласынан  білім  беру  мазмұны  мен  мақсатының 

дамуында  ерекше  орын  алды  жəне  тарихқа  «Информатика  жəне 

есептеуіш  техника  негіздері»  мектеп  пəні  бағдарламасының 

«машиналық» нұсқасы ретінде енді [20].



68

«Информатика  жəне  есептеуіш  техника  негіздері»  пəнінің 

алғашқы  бағдарламасы  жарияланғаннан  бастап  бір  жыл  өткен 

соң,  мектепте  информатиканы  оқытудың  мақсаты  компьютерлік 

сауаттылықпен  шектелмейтіндігіне  көз  жеткізілді.  Белгілі 

«компьютерлік  сауаттылық»  түсінігімен  қатар  жаңа  бағдарламада 

алғаш рет жаңа ұғым «оқушылардың ақпараттық мəдениеті» ұғымы 

пайда болды. Сайыстық бағдарламаларда жобаланған «Информатика 

жəне есептеуіш техника негіздері» пəні оқушыларда:

 

– практикалық іс-əрекеттерде пайда болатын есептердің сауатты 



қойылуы, оларды ЭЕМ көмегімен шешу дағдыларын;

 

– қойылған  есептердің  формальды  жазылу  дағдылары, 



математикалық  модельдеу  əдістері  туралы  қарапайым  білім  жəне 

қойылған  есептердің  қарапайым  математикалық  модельдерін  құру 

икемділігін;

 

– негізгі  алгоритмдік  құрылымдарды  білуі  жəне  білімдерін 



есептердің  математикалық  модельдері  бойынша  оларды  шешу 

алгоритмін құру үшін қолдану шеберлігін;

 

– ЭЕМ-нің  құрылғылары  мен  жұмыс  істеуі  туралы  түсінік 



жəне  құрылған  алгоритм  бойынша  жоғары  деңгейдегі  программа-

лау  тілдерінің  бірінде  ЭЕМ  үшін  программа  құрудың  қарапайым 

дағдыларын;

 

– практикалық  есептерді  ЭЕМ  көмегімен  шешу  нəтижесін  са-



уатты  түсіндіріп  беру  жəне  осы  нəтижелерді  практикада  қолдану 

шеберлігін қалыптастыруы тиіс.

Бұл талаптардың төмен дəрежеде жүзеге асырылуы оқушылардың 

компьютерлік сауаттылығының бірінші деңгейіне жету міндетті, ал 

толық  қамтылуы  оқушыларды  ақпараттық  мəдениетке  тəрбиелеу 

болып табылады [20]. 

Келтірілген  түсініктемелер,  ақпараттық  мəдениет  ұғымы 

компьютерлік  сауаттылықтың  жаңа  жəне  алдыңғы  ұғымдары 

біршама  кеңейтілген  компоненттерінен  құрылғандығын  білдіреді. 

Сондықтан, «ақпараттық  мəдениет»  ұғымына  енетін  барлық  жаңа 

түсініктер ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға арналған математикалық 

модельдеу əдістерін қолдану мəселелеріне ерекше қатысты болады. 

Практикалық есептерді шешудің барлық кезеңдерін қарастыру əре-

кеті мен математикалық модельдеу əдісі туралы алғашқы мəліметтерді 

мектептің  білім  беру  мазмұнына  енгізу  көптен  бері  ғалымдар  мен 

əдіскер-математиктердің басты мақсаты болып келеді. Оқушыларға 




69

оның мазмұнын пайдалы жəне көрнекі түрде ашуға мүмкіндік беретін, 

бірақ  əдістемелік  өңдеуге  оңай  берілмегенімен,  жаратылыстану 

ғылымының бұл бөлімі өте қызығарлық білім мен дүние танымдық 

күшке  ие.  Міне,  сондықтан  математикалық  модельдеу  идеясын 

бейнелеуге  тырысуды  біз  мектеп  «Информатика  жəне  есептеуіш 

техника негіздері» пəнінің алғашқы бағдарламасынан табамыз [12, 

6-б.].  Практикалық  есептерді  шешудің  барлық  кезеңдерін  көрнекі 

түрде жүзеге асыруға жəне біртіндеп қарастыруға мүмкіндік беретін 

информатиканың  «машиналық»  курсына  осы  материалды  енгізу 

алғаш рет бұрынғы əдістемелік түпкі ойдың ойдағыдай шешілуіне 

арналған алғы шарттарды туғызды.

Жаңа бағдарламада тағы да бір мақсаттың кеңеюін көрсетейік: 

компьютерлік  сауаттылық  компоненті  бұрынғы  редакцияда  ЭЕМ-

мен  «қарым-қатынас»  дағдыларын  дамыту  болса,  ал  жаңа  жүйеде 

«қазіргі  заманғы  ақпараттық  жүйелердің  негізгі  түрлерін  жетік 

пайдалану» жəне «осы жүйелердің қызметі негізіне жататын негізгі 

принциптерді түсіну» дағдыларымен сəйкес келеді.  

Бұл  кезеңде  мектептің  информатика  курсының  мазмұнды-

əдістемелік  саласы  ретінде  ақпараттық  технологиялар  бөлімін 

тұрақтандыру мақсатында жұмыс істейтініміз белгілі.

Информатика  саласынан  оқушыларға  білім  беру  мақсатының 

даму эволюциясын схема түрінде былай белгілеуге болады (3.2-су-

рет):


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет