Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


“Информатика жəне есептеуіш техника негіздері”



Pdf көрінісі
бет32/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   364
3.2 “Информатика жəне есептеуіш техника негіздері” 

курсының бастапқы мақсаттары мен міндеттері. 

Оқушылардың компьютерлік сауаттылығы ұғымы

Мектепке  «Информатика  жəне  есептеуіш  техника  негіздері» 

пəнін енгізудің стратегиялық мақсаты жаңа оқу курсының алғашқы 

бағдарламаларында  жарияланғанындай «... жастардың  есептеуіш 

техниканы  жан-жақты  жəне  терең  меңгеруі»  еліміздегі  ғылыми-

техникалық  прогресті  жеделдетудің  маңызды  факторы  ретінде 

қарастырылған [12]. Бұл адам іс-əрекетінің əр түрлі саласында ком-

пьютермен  тікелей,  үздіксіз  жұмыс  істейтіндердің  санының  күрт 

өсуіне  алып  келетін  дербес  компьютерлердің  кеңінен  таралуымен 

түсіндіріледі.

«Информатика жəне есептеуіш техника негіздері» пəнінің негізгі 

мақсаты:


 

– есептерді шешуді ЭЕМ-де жүзеге асырудың негізгі ережелері 

мен  əдістерін  жəне  есеп  шығару  үшін  компьютерді  қолданудың 

қарапайым шеберлігін қалыптастыру;




64

 

– оқушыларды  ЭЕМ-нің  қазіргі  қоғамдық  өндірістегі  рөлімен 



жəне есептеуіш техниканың даму болашағымен таныстыру. 

«Информатика  жəне  есептеуіш  техника  негіздері»  пəнін  енгізу 

жаратылыстану  пəндерін  сапалы  деңгейде  оқып  үйрену  үшін 

алғышарттар туғызады. Сондықтан, оқушылардың сабақта ЭЕМ-ді 

қолдану  мүмкіндігі  оқудың  көрнекілігін  неғұрлым  оңай  меңгеруге 

əкеледі, оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін едəуір кеңейтеді, 

олардың өз бетімен оқу əрекеттерін елеулі белсенді түрге енгізеді.

Орта  оқу  орындарында  информатиканы  оқытудың  нақты 

мақсатының  негізгі  сипаттамасы  ретінде  «Информатика  жəне 

есептеуіш  техника  негіздері»  пəнінің  бірінші  бағдарламасында 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет