Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет34/364
Дата10.02.2022
өлшемі4,76 Mb.
#25208
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   364
 

    Æ    

 

 

ljǴǬǷǹǻDZǵǭȎdzǵÝǭǮǶDZǮǻ

ǓǷǵǸȅȇǻǮǹǴȎdzǺǩǼǩǻǻȄǴȄá

3.1-сурет. Алгоритмдік мəдениеттен компьютерлік сауаттылыққа 

эволюциялық ауысу

Төменде  «Информатика  жəне  есептеуіш  техника  негіздері» 

пəнінің  алғашқы  бағдарламасы,  оқушыларға  арналған  байқау 

оқу  құралдары  мен  мұғалімдер  үшін  əдістемелік  құралдар  пайда 

болғаннан  соң  мамандар  мен  педагогтардың  жиналысында 

талқыланған  «компьютерлік  сауаттылық»  ұғымына  берілген 

толықтырулар келтірілген [15-19 жəне т.б.].

1.  Компьютермен  «сұхбаттасу»  икемділігі.  Компьютермен 

«пайдаланушы деңгейінде» қарым-қатынас жасау – бұл компьютерді 

жұмысқа  дайындау,  оны  іске  қосу  жəне  сөндіру  шеберлігі,  дис-

плеймен  жұмыс  істеу  шеберлігі,  яғни  пернетақтамен  жұмысты 

меңгеру, сандар мен айнымалыларды енгізу, енгізілген мəліметтерді 

түзету, программаны енгізу, іске қосу жəне түзету болып табылады. 

Бұған  оқушылардың  мəтіндік  жəне  графикалық  редакторлармен, 

электрондық  кестелермен,  əр  түрлі  ойын  программалары  сияқты 

қарапайым сервистік программалармен жұмыс істеу сонымен қатар, 

компьютермен сұхбаттық режимде жұмыс істеу сияқты дағдылары 

мен  икемділіктері  жатуы  мүмкін.  Бұл  бағытта  білім,  біліктілік 

жəне дағды – өз ерекшеліктеріне байланысты төменгі сыныптарға, 

мектепке дейінгі жастағы балаларға да пайдалы болуы мүмкін.



66

2. Компьютер үшін қарапайым программалар құру. Жалпы орта 

білім беретін мектептердің мақсаты программалаушылар дайындау 

болып табылмайды, сондықтан, ЭЕМ үшін программалаудың негізгі 

принциптерін түсіну жалпы білім беру жүйесіне кіруі тиіс.

Бұл  үдерістің  жүзеге  асырылуы  бірте-бірте  жəне  ұзақ  уақытқа 

созылуы мүмкін. Дербес программалар жазудың, əсіресе тармақталу 

мен  циклдерді  ұйымдастыруға  енетін  оқушылардың  алғашқы 

икемділіктері,  программалауға  дейінгі  қарапайым  жəне  көрнекілік 

құралдардан  тұратын  алгоритмдік  мəдениеттің  компоненттеріне 

негізделеді.  Білім  берудің  жоғары  сатыларында  пəнді  тереңдетіп 

оқыту  мақсатында  бірнеше  программалау  тілдерімен  таныстыруға 

болады.  Бұл  деңгейде,  дегенмен,  программа  жазылатын  тілді 

таңдаудың  қажеттілігіне  қарағанда  программалаудың  негізіне  жа-

татын алгоритмдерді құра білу үшін қажетті білім, біліктілік жəне 

дағдылардың қажеттілігі басым болып келеді.

3.  ЭЕМ-нің  құрылысы  мен  жұмыс  істеу  принципі  туралы 

түсінік.

Компьютерлік  сауаттылықтың  бұл  компоненті  екі  негізгі 

құраушы бөліктен тұрады:

а) компьютердің құрылысы жəне оның негізгі құрылғыларының 

атқаратын қызметі;

ə)  компьютердің  негізгі  элементтерінің  физикалық  негіздері 

жəне жұмыс істеу принциптері.

Бұл  компоненттің  оқушылардың  меңгеруіне  қиын  болса  да, 

маңызды  дүниетанымдық  мағынасы  бар.  Алғашында  бұл  туралы 

мəліметтер  информатика  курсында  қолданбалы  сипатта  болуы,  ең 

алдымен  қолданушының  қажетіне  жарауы,  оған  жеке  машинаның 

мүмкіндіктерін бағалауға немесе əртүрлі компьютерлі салыстыруға 

көмектесуі тиіс деп есептелінген. Əрине, физика курсында ЭЕМ-нің 

жұмыс істеу негізіне жататын əр түрлі физикалық құбылыстар, ал ма-

тематика курсында немесе информатика курсының іргелі бөлімінде 

оның  жұмыс  істеу  принциптеріне  жататын  мейлінше  жалпы  жəне 

абстрактілі жағдайлар дəлірек қарастырылады [15].

4.  ЭЕМ-нің  мүмкіндігін  жəне  қолдану  ауқымын,  компьютер-



лендірудің əлеуметтік əсерін елестету.

Компьютерлік  сауаттылықтың  бұл  компонентін  қалыптастыру 

информатика курсының негізгі міндеті болып табылмайды, себебі, 

ол оның шегінен шығып кетеді. Оқушыларға бірқатар оқу пəндерінен 




67

əртүрлі  мəселелерді  шешуде  компьютерді  практикалық  қолдану 

үдерісінде, еңбектің ұтымдылығын арттырудағы ЭЕМ-нің қолданылу 

ауқымы  мен  рөлі  туралы  ашып  айту  мақсатқа  сай  келеді.  Мектеп 

компьютерін  оқушылар  математика,  физика,  химия  пəндерінде 

есептеу жұмыстары, оқу эксперименті мəліметтерін талдауда жəне 

зертханалық  жұмыстарды  жүргізудегі  заңдылықтарды  іздеуде,  ал-

гебра курсында функцияны зерттеуде, математикалық модельдерді, 

физикалық,  химиялық,  биологиялық  жəне  басқа  құбылыстар  мен 

үдерістерді құру мен талдауда қолдануы мүмкін. Оқушылар арнайы 

ЭЕМ-ді  география,  тарих  жəне  басқа  да  гуманитарлық  пəндерде 

ақпараттық  жүйе,  мəліметтер  қоры,  автоматты  анықтама  ретінде 

қолдануларына болады.

Пəнді  мектепке  енгізудің  алғашқы  кезеңінде  пайда  болған 

компьютерлік  сауаттылық  түсінігі  бұл  күнде  де  əдістемелік 

əдебиеттерде  белсенділігін  жойған  жоқ.  Жоғарыда  айтылған 

қысқартылған 

төрт 


компоненттен 

тұратын 


компьютерлік 

сауаттылықтың құрылымы белгілі төрт, яғни қарым-қатынас, про-



граммалау, құрылғы, қолдану сөздердің жиынтығы ретінде көрсетілуі 

мүмкін.  Компьютерлік  сауаттылықтың  барлық  компоненттері 

сақталғанның  өзінде  олардың  біріне  аса  көп  көңіл  аудару  инфор-

матика  пəнін  оқытудың  мақсатын  елеулі  өзгеріске  ұшыратады. 

Мəселен, егер қарым-қатынаста болу компоненті үстем бола бастаса, 

онда курс айрықша қолданбалы болады да, компьютерлік техноло-

гияларды меңгеруге бағытталады. Программалау компоненті үстем 

болғанда курстың мақсаты программалаушыларды дайындауға алып 

келеді жəне т.с.с.    



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   364




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет