Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет10/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Оныншы қара сөзінде: «Баланың жақсысы – қызық, жаманы

  • күйік. ... Əуелі балаңды өзің алдайсың: «Əне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мəз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кəпір – қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны масаттандырып, əбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа берген- де, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пəленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тəлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?» (17-қосымша).

Бала жанының зергері Ы. Алтынсарин əңгімелерінің бəрі де балалардың жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан-дүниесіне əсер етерліктей іріктелініп алынған. Осы əңгімелерде мұғалімлер мен ата-аналардың ба- лаларды əртүрлі ізгі қасиеттерге тəрбиелеу мақсаты көзделеді. Ы. Алтынсарин қазақ балаларының ерекшеліктерін ескере оты- рып, олардың жан дүниесіне əсер ету арқылы еңбексүйгіш, адамгершілігі мол, зейінді де зерделі, адал да, əдепті, білімді азамат болып жетілуін көздеді. Осы биік талғамға сəйкес жас буынның қабылдау жəне жас ерекшеліктерін ескере келіп, əрі қысқа əрі нұсқа əңгімелер жазды.
Мəселен, “Бақша ағаштары” əңгімесінде жас баланы жас шыбыққа теңейді. “Баланы жастан” дегендей, оның тұлға ретінде қалыптасуы тəрбиеден, əлеуметтік ортамен қарым-қатынасының үйлесімді өрілуімен, бағып қағудан, таным əрекеттерінің дамуы- на мүмкіндік жасаудан тұратынына анық суреттеледі. Ағартушы- ұстаздың «Атадан жақсы ұл туса, қар үстінде от жанар, ата- дан жаман ұл туса, ат үстінен ит қабар», «Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» де- ген мақалдарындағы ойлары, əлеуметтік психологияның ғылыми зерттеу нысаны болып табылатын адамаралық қатынастардың жасөспірімдердің тұлға ретінде қалыптасуына ерекше ықпалының мəні туралы ғылыми тұжырыммен өзектес келеді.
Профессор М. М. Мұқанов «Жас жəне педагогикалық пси-
хология» оқу құралында балалар жасын кезеңдерге бөлуді екі сатыға бөліп қарастырады:

  1. Бұрынғы қазақ елінде баланың жасын кезеңдерге бөлу та- рихынан.

  2. Ғылыми тұрғыдан балалар психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру.

Ғалымның пікірінше, қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балалары қай жасында нендей өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген. Профессор Қ. Б. Жарықбаев «Қазақ психологиясының та- рихы» атты еңбегінде ежелгі түркі ғұламаларының, қазақ ақын-жырауларының өлең-толғауларында адам ғұмырының əр кезеңдеріндегі жас ерекшеліктері туралы ойпайымдауларына тал-
дау жасаған.
Адамның өмірлік тəжірибесі, бастан кешерлері əр алуан, аса мол жəне сан салалы. Тегінде ең парасатты тəжірибе, əрине халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыптаған үдерістер, дамыған даналық дəстүрлер, ұстаздық ой- лар екені даусыз. Халықтық тағылымын зерттеудегі қайнар көздер: психологиялық мазмұнды жəне сол бағыттағы фольклорлық нұсқалар, этнографиялық материалдар, байырғы қалыптасқан халықтық дəстүрлер, ойындар, отбасындағы тəжірибесі.
Халықтық тағылымның көрініс табуы бабаларымыздың мақалдары мен мəтелдерінде, шешендік сөздерінде, халықтың даналықтарында жатыр. Мақал-мəтелдер – халықтың моральдік кодексі, тəрбие қағидасы, атаның артындағы ізбасарына қалдырған өнегелі өсиеті. Осы орайда психолог-ғалым Қ.Б. Жарықбаев
«Мақал-мəтелдер белгілі бір шешім мен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тəрізді адамның ой- əрекеттерінде маңызды рөл атқарып отырады» деп ой түйеді.
«...Мақал-мəтелдер адам іс-əрекетінің себебін тікелей бақылау арқылы өзінше түйіндейді. Сондықтан да олар ғылыми бақылаудан өзінің кездейсоқтығымен, арнайы ұйымдастырылып, жоспарлан- бауымен өзгешеленеді» дейді ғалым. Мəселен, халқымыздың ғасырдан ғасырға үзілмей жеткен, қазірге дейін мəнін жоғалтпаған, тағлымдық маңызы уақыт өткен сайын өзектілігі артып отыра- тын, нақыл сөздері мен мақал-мəтелдері іргелі бір психологиялық қағиданы тұжырымдауға негіз бола алады. Мысалы, “Бесік ба-
ласы бес түлейді” деген мақал балалар психологиясы бойынша бір жастағы баланың жас дамуы кезеңіндегі теориямен астар- лас келеді. Онда бір жас шамасын – туғаннан 3-4 айға дейін; 3-4 айдан 5-6 айға дейін; 5-6 айдан 8-9 айға дейін; 8-9 айдан 10-12 айға бөліп қарастырады. Демек, бабаларымыз нəрестелік кезеңнің өзгерістерін аса байқампаздықпен зерделеп отырған.
Əр жастың, əр мүшелдің өзіне лайық ерекшелігі болады. Өмірге енді келген нəрестенің қылығы бір басқа, бөбек мінезі одан əлдеқайда өзгеше, балабақша бүлдіршінінің санасы əлгі екеуінен де жоғары сатыға көтеріледі. Мектеп табалдырығын аттаған бала білуге құштар. Бір жастан екіншіге көшудің ерекшелігін ескеріп- елемесе оқу-тəрбие нəтижелі болмайды. Баланың өзі өссе, ойы да биіктейді, білік көкжиегі де кеңиді. Жеті жасар шəкіртке лайықты ертекті тоғыз жастағы не он жастағы балаға тыңдатудың, оқытудың пайдасы аз.
«Жастың ашатын жаңалығы көп, қарттың зерттейтін даналығы көп», «Қарттықтың жауы – жалғыздық» жəне т.б. мақалдың аста- рында да психологиялық үлкен мəн жатыр. Жалғыздық сезімі адамның жан дүниесін күйзелтеді. Кемеліне келген шағында өмірлік қосағынан айырылуы немесе өзі қатарлас қариялардың сиреуі, бала-шағасының жұмысбастылықпен өзіне жүйелі көңіл бөлмеуі, денсаулығының нашарлауы, бұрынғыдай ортамен емін- еркін араласа алмауы да жалғыздық дертіне ұшыратады. Осындай жайттар тұлғаның əлеуметтік құрылымын бұзады. Адамдармен толыққанды қарым-қатынаста болу, соны сақтап қалу, жалғыздық сезіміне мойынсұнбау – қартаюды дұрыс қабылдау дегенді білдіреді.
Мəдениетті елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, инсти- тут, университет, баспасөз маңдайына бұйырмаған ата-бабалары- мыз жасөспірімге ұсынар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып, мирас еткен аса бай ауыз əдебиетіне шоғырландырған.
Халқымыздың ғасырлардан қалыптасқан дана ойы ғылыми психологияның теориясына тіпті де қайшы емес, соған орай- лас, өзектес, сабақтас сияқты. Халық психологиясындағы уақыт сынына жарамаған, жас буын тəрбиесіне себі тимеген не жаңсақтыққа ұрындырған қағидалардан ұдайы құтылып, үздіксіз арылып, озық ойлы ілгерішіл, сыналған ережелерді, түйіндерді
ұстанған, басшылыққа алған. «Көре-көре, көсем боларсың» деп, алдыңғылардан, ағалардан, өмір тəжірибесі бай, түйгені мол, қосар кеңесі көп жандардан үлгі алсаң, үйреніп көрсең, сен де аза- мат болып өсесің дейді халық. Халық өнегемен тəрбиелеу тенден- циясына еңбекпен тəрбиелеу тенденциясын əкеп ұштастырады.
Адам психологиясын жетік, ойлы, сырлы əндерімен, сазгерлік қабілетімен бүкіл қазақ даласына танылған өнер иесі Ақан серінің
«Қыз сипаты» өлеңінде жасөспірім шақтағы бойжеткен қыздардың жеті түріне өзіндік психологиялық мінездеме береді. Мысалы,
Бірінші, бір қыз келер ақша маңдай, Жамағат, үлкен кіші мақтағандай. Анадан туғаннан-ақ болып дана, Əлінше, жақсыларды жақтағандай, –
десе,
Төртінші, бір қыз келер қара торы, Бұлғақтар шекесіне таққан шоғы. Өз ісін өзі білмей, жұртқа күлер, Білініп жүрсе дағы нəзік жолы, –
деп сипаттауында екі бойжеткеннің біріншісін ақылы көркіне сай, ата-ана тəрбиесінің өнегесін бойына жиған парасатты етіп сипаттаса, төртінші қызды «жеңіл жүрісі» бар, ар-намысты аяққа басқан, теріс қылығымен танылғандығын тілге тиек етеді.
«Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал», – деген Абай ғибратында ақын кейде адамның сырт бейнесі, болмыс бітімі алдамшы болуы да мүмкін, сондықтан адам өз ісімен, сөйлеген сөзімен, адамдармен жасаған қарым-қатынасымен өзінің кім екендігінен хабар береді деген ойды жеткізеді.
Біздің дана халқымыз «Ерді кебенек ішінен таны» деп үйретеді. Бұған дəлел «Аяз би» ертегісінде еріккен хан «... дүниедегі адамның жаманын, құстың жаманын, шөптің жама- нын тауып əкеліңдер» дегенде уəзірлері қойдың соңында жаяу жүрген, киімі алба-жұлба бір адамды аттың артына отырғызып алып келетіні бар. Уақыт өте келе өзінің əлгі жаманның жаман болмай, дана болғаны да белгілі. Сондықтан жоғарыда айтылған халық даналығының мəні ер-азаматтың ақыл-парасаты кемелден- ген сайын қазыналы даналыққа жеткізетінін меңзейді.
Қазақ халқында бала тəрбиесі ерекше орында болғаны белгілі. Соған орай айтылған «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»
деген тəмсілді айтуы тегін емес. Баланың тұлға ретінде қалыптасуы отбасында ата-анасымен, бауырларының ортасындағы қарым- қатынастың үйлесімді қалыптасуына байланысты. Сондықтан
«Əкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Əке көрген оқ жо- нар, шеше көрген тон пішер» жəне т.б. осы мазмұндағы ұлағаты мол, тəрбиелік мəні зор нақыл сөздер мен мақал-мəтелдердің айтылуы негізсіз емес. Əсіресе, отбасындағы əке тұлғасының орны, əкенің ер баланың дамып, қалыптасуындағы ықпалы, əкеге деген құрмет, ер баланың əкесін үлгі тұтып, оған еліктеп өсуіне отбасындағы ақыл-парасатты аналарымыздың өнегесі мен үлесі екенін зерделейміз. “Ұлыңа бес жасқа дейін патшаңдай қара, он бестен кейін қосшыңдай қара, он бестен асқан соң досыңа бала” деген біздің бабаларымыз. Бала мінезінде байып жоқ, əркезде əрқилы құбылады. Əрбір қылықтың өз сыры, өз себебі бар. «Туа тентек болмайды» – міне, бұл тəрбие мəселесіне, баланы баулу проблемасына диалектикалық көзқарас. Шалдуарлықтың себебін пайымдауда да қатып қалған ешбір қалып жоқ. Əр жағдайға сай ақылды шешім табу, қорытынды шығару, төрелігін айту əрбір ата- ананың өз қолында. Осындай халықтық психологиялық тағлымдар ғылыми-психологиялық теориялармен теңдесе алады.
Кішкентай бала, жасөспірім өз алдына үлкен мақсат қоя білсе ғана, биікке ұмтылады, ұмтылыс үстінде өседі. Мəселе жалғыз та- лапкерге байланысты ғана емес, талапты қолдай білу қажет. Алға ұмтылған ұланның аяғына оралғы болмау да, шаужайынан тарт- пау да – білгендік. Осы орайда халық даналығы «Болайын деген баланың бетін қақпа, белін бу» деп қысқа да нұсқа əрі тұжырымды ой түйіндеген.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет