Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


а) Сексуалды мақсаттар мен сексуалды нысандардың да- муы



бет18/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146

а) Сексуалды мақсаттар мен сексуалды нысандардың да- муы


Сексуалды мақсат – лəззат алудың бастауы болып табыла- тын денедегі эрогенді аймақ. Либидо адамзаттың жетістіктерін анықтайтын жəне оның дамуының негізін құрайтын адам белсенділігінің қуаты. Онтогенездегі либидоның алмасуы денедегі бір эрогенді аймақтан тұқымқуалаушылықпен анықталған басқа аймағына өтумен байланысты.
Сексуалды нысандардың дамуы аутоэротизмжəнефалликалық жəне генитальды кезеңдердегі жыныстық объектілердің екі таңдауы сияқты үш сатысын болжайды. Ең алғашқы таңдау екі жаста жасалынса, бес жас Эдип кешенінің туындауымен жəне қалыптасуымен байланысты болып, арқау ету қағидасы бой- ынша жүзеге асырылады, яғни сексуалды нысанның таңдалуы қорғанысқа, қамқорлыққа қол жеткізу ұмтылысымен байланыс- ты болады. Сол себепті алғашқы сексуалды нысан қарама-қарсы жыныстағы ата-ана болып табылады. Сексуалды нысанның екінші таңдауы серіктесіне бағдардың типі тіркелетін жыныстық жетілудің пубертантты кезеңінде жасалынады. Мұндағы сексуал- ды нысан екі тəсілмен жүзеге асырылуы мүмкін. Біріншіден, адам əкесінің немесе анасының орнын басар серіктесті іздеп, таңдауы арқау ете алатын адамға түссе, екіншіден, адам серіктесінен өз Менінің бір бөлшегін, өзіне тəн қасиеттерді, ерекшеліктерді, көзқарастарды, құндылықтарды іздеп, нарцистік тип бойынша, яғни объекті субъектінің өз-өзіне қатынасының үлгісі бойынша таңдалады.

ə) Тұлға құрылымының дамуы


Тұлға «Ол» (Ид), «Мен» (Эго), «Жоғары Мен» (Супер Эго) құрылымдарынан құралады. Тұлға құрылымдарының əрқайсысының өзіне тəн табиғаты, шығу тегі жəне мазмұны бар.
Ид немесе Ол – тума əрі тұқымқуалаушылықпен бекітілген. Бейсаналылық бөлімін анықтайды. Тума əуестіктерді, сондай- ақ ығыстырылғандарды жəне иеленгендерді қамтиды. Либи- до қуатына қанық. Идтен туындайтын Эго жəне Супер Эгомен қақтығыста болады.
Эго немесе Мен – дамудың оральды кезеңінде икемделуші құрылғы ретінде Идтен туындап, дифференциалданады. Басты мақсаты Ид пен Супер Эгоның арасында делдал болу, Идтің талаптарына қарай, Супер Эгоның бұйрықтарын ескере келе, ақиқаттың талаптарына сай барлығын қанағаттандыру.
Супер Эго немесе Жоғары Мен – Эдип кешенін жеңудің нəтижесінде жəне ата-аналарының талаптары мен тиымдарының интериоризациялануының негізінде валликалық кезеңде туындай- ды. Идеалдар, əлеуметтік нормалар, стандарттар, құндылықтар, ережелер жүйесін қамтиды. Менге қатысты сот жəне цензор ретінде анықталады. Адамгершілік тұрғысынан жəне өзін-өзі бақылаудың негізінде адамның мінез-құлқы мен белсенділігін реттеп отырады.
З. Фрейд өз теориясында Ид пен Супер Эгон құрылымдарына баса назар аударады. Кейінірек психодинамикалық тұғырда «эго- психология» бағыты пайда болады. Аталмыш бағыттың өкілдері Эго құрылымының шығу тегіне, қызметтеріне жəне даму тарихы- на басты назар аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет