Баланың онтогенезде психикалық дамуының заңдылықтарын қарастырудағы теориялық тұрғылардың негізгі екі белгісін атап өтуге болады. Бірінші белгі жануарлармен салыстырғанда адамның онтогенезде дамуының заңдылықтарын анықтайтын ерекшеліктерінің жоққа шығарылуын немесе мойындалуын бол- жайды. Егер адамның онтогенезде дамуындағы заңдылықтарын
анықтайтын ерекшеліктері жоққа шығарылса, дамудың табиғилығын (биологиялануын), яғни дамудың адам əрі жа- нуарлар үшіне тең дəрежеде əділ əмбебап заңдылықтарының мойындалғандығын сөз етуге болады. Мəдени-тарихи тұғырда адамның психикалық дамуының ерекшеліктерін əлеуметтік-мəдени тəжірибені (адамның органикалық тұқым қуалауымен қатар тектік тұқым қуалауының ерекше түрі ретінде қарастырылады) меңгеруімен байланыстырады.
Екінші белгі дамып отыратын субъекті белсенділігінің мойын- далуын болжайды. Адамның дамудағыбелсенділігініңмəнінжоққа шығаратын немесе есепке алмайтын теориялар факторлы тұрғы деген атауға ие болған. Даму екі фактордың – тұқымқуалаушылық пен орта ықпалының нəтижесі ретінде қарастырылады.
Факторлық тұрғы психологияда нативизмнің жəнеэмпиризмнің ұстанымдарын анықтайтын екі философиялық мектептің қарама- қарсылығына негізделген. Бұл Р. Декарттың дуализмі жəне Дж. Локк пен Д. Гартлидің эмпиризмі. Нативизм ұстанымы бой- ынша адамның тұтастай дамуы оның тұқымқуалаушылығымен анықталады. Бұл тұрғыны өзінің тума идеалар туралы теориясын ұсынған Р. Декартпен философиялық негізделген. Психология та- рихында нативизм преформизм, рекапитуляция жəне жетілу тео- рияларымен ұсынылған.
Эмпиризм екі ғылыми мектеп – ассоцианизммен жəне бихеви- ризммен анықталады.
Нативизм мен эмпиризм бір факторлы теориялар. Екі фак- торлы теориялар екі факторды – тұқымқуалаушылық пен ортаны қарастырады. Оларға екі фактор конвергенциясының (В. Штерн) теориясы жəне факторлардың қатынасын конфронтация жəне ан- тогонизм (З. Фрейд, Ж. Пиаженің ерте балалық шақ жайлы тео- риясы) ретінде анықтайтын теориялар жатады. Конвергенция
тұқымқуалаушылық пен ортаның өзара бірін-бірі толықтыруы мен өзара əрекеттесуін болжайтын ортақтастық. Факторлардың конфронтациясы тұқым қуалаушылықтың ортаның əлеуметтік факторымен ығыстырылуы ретінде қарастырылады.