Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет12/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

2-сызба. Факторлы тұрғы






    1. Нативизм теориясы



П р е ф о р м и з м – индивидтің жетілген формадағы барлық қасиеттері мен сипаттамалары бала біту мезетінен бастап беріліп, алдын ала анықталып, ұрық жасушаларының өзінде болатын психикалық даму тұжырымдамасы. Преформизм – баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері тұрғысындағы нативизмнің бір түрі. Преформизм тұлғаның жəне оның мінез- құлқының дамуында тұқымқуалаушылықтың шешуші рөлін ерек- ше көрсетеді. Преформизмнің ХVІІІ ғасырдағы ерте теорияла- рында «гомункулус», яғни бала бойға біту мезетінде туындайтын кішкентай адам ұғымы қолданылған. Гомункулус, сірə адамның қасиеттері мен қабілеттерінің тұқымқуалаушылықпен алдын ала анықталатынын білдіретін теңеу болуы мүмкін.
Кейінірек преформизмнің жақтастары генетикалық тұқымқуалаушылықты индивидтің негізгі қасиеттері мен сипаттамаларының ерекше формасы ретінде қарастыра бас- тайды. Даму болса сол преформаланған қасиеттердің кеңінен жайылуының генетикалық бағдарламаланған үдерісі ретінде
түсіндірілді. Бүгінде преформизм постнаталды дамудан гөрі, пре- наталды дамудың заңдылықтарын түсіндіруге лайықты. Префор- мизмге əрбір жаңа форма дамуында ағзаның алдыңғы формасы мен оның ортасының арасындағы өзара əрекеттестіктің нəтижесі ретінде туындайтын эпигенезис ұстанымына қайшы. Префор- мизмге қатысты сын биологиялық дамуға, яғни жануарлар мен адамның онтогенезінде психикалық дамудың заңыдылықтарын теңдестіретініне; ортаның дамудағы рөлін (соның ішінде генетикалық бағдарламаның жүзеге асырылуы үшін) есепке алмайтынына; дамудағы баланың белсенді іс-əрекетінің жəне оқытудың рөлін ескермейтініне қарсы бағытталады.
Р е к а п и т у л я ц и я (латын тілінен аударғанда rekapitulato) теориясы – онтогенездегі жеке дара даму түрлері мен адам тегі тарихының жылдам қайталануын білдіреді. Басқаша айтқанда, он- тогенез – филогенез бен социогенездің қысқа мерзімде əрі тығыз қайталануы (Г. С. Холл). Индивидтің психикалық дамуындағы ре- капитуляция теориясы Ч. Дарвиннің түрлердің эволюциясы мен органикалық əлемнің бірлігі жайлы идеясына жəне Э. Геккелдің 1866 жылы ашылған биогенетикалық заңына негізделеді. Биогенетикалық заң эмбриондық дамудың заңдылықтарын: «Он- тогенез – филогенез қысқа мерзімде əрі тығыз қайталануы» атты формуламен анықтайды.
Алайда кейінірек биогенетикалық заң биологияда сынға ұшырап, филогенез бен онтегенездің арасында қарапайым қайталауға қарағанда едəуір күрделірек қатынастар анықталады. Онтогенездің филогенез үдерісіндегі ұзақтығының жаңа кезеңдердің қосылуымен ұзартылып қана қоймай, сонымен бірге онтегенез құрылымының өзгеруінен артатыны көрсетіледі. Онто- генез жеке дара өмірлік цикл ретінде өзінің даму тарихы бар.
Психологияда биогенетикалық заң адамның жеке дара психикалық дамуын түсіндіру үшін сынсыз қолданылды. Река- питуляция теориясының жақтастары баланың мінез-құлқының, танымдық жəне эмоциялық тұлғалық сферасының дамуын алыс жануарлар мен адамдардың ата-тегінің психикалық да- муы кезеңдерінің қысқа мерзімді жəне жылдам жаңғыртылуы ретінде қарастыруға тырысты. К. Бюлердің дамудың үш сатылы теориясына сəйкес бала мінез-құлқының дамуы, жануарлардың филогенездегі мінез-қылықтарының дамуы іспеттес – инстинкт, жаттықтыру, интеллект сияқты сол үш кезеңнен өтеді.
Г. С. Холлдың рекапитуляция теориясы бойынша адамның онтегенездегі жеке дара дамуы алғашында филогенездің, кейін антропогенездің, ақырында – социогенездің қайталануы. Өз теориясының дəлелі ретінде зерттеуші бір жағынан баланың онтогенездегі дамуы мен екінші бір жағынан жануарлар түрлерінің, адамзат тарихының дамуы мен адамның түр ретінде қалыптасу үдерісінің арасындағы ұқсастықтарға нұсқайды. Г. С. Холлдың тұжырымдамасы сол кезде барлық зерттеушілермен сыналғанымен, оны ұстанатындығына нұсқамаған бірде-бір зерттеуші болмаған шығар. Барлығын онтогенетикалық дамуды түсіндірудің қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы қызықтырды. Мысал ретінде,
В. Штерннің кезеңдерге бөлу үлгісін қарастыруға болады. Зерттеуші адамзат дамуының негізгі алты кезеңін немесе дəуірін ажыратып береді. Онтогенетикалық дамудың əрбір кезеңіне нақты тарихи дəуір сəйкес келеді. Бала өмірінің алғашқы алты айы оның психикасының деңгейі бойынша сүтқоректілердің деңгейіне сəйкес келеді. Бала өмірінің екінші жарты жылдығы жоғары приматтардың деңгейіне (қармау əрекеті, локомоциялар дамуының басталуы) сəйкес келеді. Бала өмірінің екінші, үшінші жылдарын В. Штерн баланың еркін тік жүруі мен сөйлеуін адам дамуы тарихының алғашқы кезеңдеріндегі жетістіктерімен бай- ланыстырып, «адамзат тарихының дəуіріне ену» деп атайды. Төртінші кезеңді ол үш жастан алты, жеті жасқа дейін «ойын жəне ертегілер жасы» деп атайды. Бұл ақиқат пен əлемді қабылдаудың мифологиялық меңгерілуімен сипатталатын антикалық тарих дəуіріне сəйкес келетін, қиял мен фантазия жетекші рөл атқаратын жас шамасы. Бастауыш сынып кезеңін В. Штерн əртүрлі əрекеттердің (ремесла), сабақтардың меңгеріле басталуымен, ал жасөспірімдік кезеңді – Орта ғасыр дəуірімен байланыстырады. Зерттеуші жасөспірімнің əлемді қабылдауының дихотомия (ақ

  • қара, жамандық – жақсылық, əділдік – əділетсіздік,), максима- лизм сияқты ерекшеліктерін көрсетіп, оларды адамзат қоғамының əлемді қабылдауының «ақ – қара» кезеңімен байланыстырады.

Рекапитуляция теориясы негізді əрі маңызды сынға ұшырағанымен, адамзат дамуының тарихы мен адамның жеке дара дамуының арасындағы сəйкестіктер идеясы танымалдылыққа ие болып, З. Фрейдтің, А. Геззелдің, Ж. Пиаженің, Э. Эриксонның көзқарастарына ықпал етті. Тарих пен жеке дара дамудың
арасындағы байланыс жайлы идеяның өзі эвристикалық құндылыққа айналды.
Жас ерекшелік психологиясының көптеген басқа да теориялар сияқты рекапитуляция тұжырымдамасы да нақты психологиялық
-педагогикалық жүйенің қалыптасуына, атап айтқанда баланың еркін тəрбиесі жайлы жүйенің қалыптасуына түрткі болды. Ата- уынан байқалып тұрғандай – «еркін тəрбие» баланың еркін əрі кедергілерсіз өзінің ішкі қажеттіліктері мен интенцияларын жүзеге асыруына мүмкіндік беріп, тəрбиешінің сырттай бақылаушы ретінде қадағалап, оның тəрбиесіне араласпауды болжайды. Яғни баланың дамуында адамзат дамуының барлық негізгі кезеңдерін қайталау мүмкіндігі болуы керек.
Шетел психологиясында рекапитуляция теориясын сынағандардың қатарында эипиризмнің жақтастары болды. Олар баланың мінез-құлқы, əдеттері үйретудің нəтижесінде қалыптасады деп көрсетті. Баланың психикалық дамуында үйрету мен орта факторларының ескерілмеуі рекапитуляция теориясын сынаудың басты дəлелі болды.
Рекапитуляция теориясын өз еңбектерінде Л. С. Выготский мен С. Л. Рубинштейн де сынады.
Л. С. Выготский рекапитуляция теориясындағы даму үдерісінің биологиялануына түбегейлі қарсы болып, филогенез, онтогенез, социогенез сияқты дамудың бір-бірінен мүлде алшақ үш жолдың салыстырылуы ойға қонымсыз деп есептеген. Адам өмірінің тарихи-мəдени түрі оның өз тіршілігінің жағдайларын өз бетінше қалыптастырып, өз тіршілігінің ноосфера деп аталатын əлемі мен ортасын өзі құрастырады (В. И. Вернадский). Өмірдің инстинктивті-биологиялық түрі дайын қорларды пайдалануды, тіршіліктің табиғи қорларын қолдануды болжайды.
Л. С. Выготский дамудың кезеңдерінің мазмұны мен ретін қатаң детерминдейтін тұқымқуалаушылықтың шешуші рөлі жай- лы тұрғыны сынға алады. Ол тəрбие мен оқытудың маңызды рөлін жоққа шығарып, даму сипатын мүлде стихияландыру мүмкін емес деп есептеген.
С. Л. Рубинштейн онтогенез бен социогенездегі ұқсастықтарды баланың онтогенезі мен адамзат тарихының дамуындағы мəдени- тарихи заңдардың бірлігімен шарттандырып, олардың шы- найы табиғатын түсіндіруге тырысқан. Яғни, адамзат қоғамның
жетістіктерін анықтайтын мəдениетті қалыптастырса, бала даму үдерісінде адамзаттың мəдени тəжірибесін иеленеді.
Онтогенез бен социогенездің арасындағы ұқсастықтармен қатар дамудың морфофизиологиялық жағдайларының, еңбектің, сөйлеудің алдыңғы буынның рөлінде айырмашылықтар да бар.
Біріншіден, қоғамның алға жылжуы үшін адамзат түрінің қалыптасуында еңбек рухани жəне материалды мəдениеттің өнімі ретінде алғашқы негіз болып табылады. Ал баланың дамуындағы еңбек біршама ұзақ уақыт бойында аса маңызды рөл ойнай қоймайды.
Екіншіден, айырмашылық онтогенез бен социогенездегі морфофизиологиялық жағдайлардың рөлімен шартталады. Ан- тропогенез бен филогенез барысында орталық жүйке жүйесінің құрылысында үлкен өзгерістер орын алады. Мəселен, филогенез- де психика дамуындағы əрбір жаңа кезең орталық жүйке жүйесі дамуының өзге деңгейіне байланысты болады. Адамзаттың жəне психологиялық қабілеттердің тарихи дамуы морфофизиологиялық жағдайлардың тұрақтылығында жүзеге асырылады. Ал баланың жетілуі дамудың алғышарты болып, даму үдерісін шектейді. Бала- ны тəрбиенің ең озық үлгілерін пайдаланып, алты айында жүруге, сөйлеуге үйретуге қанша тырысқанымызбен, одан ештеңе шыға қоймас.
Үшіншіден, айырмашылық сөйлеумен байланысты. Со- циогенезде сөйлеу мəдени дамудың жетістіктерін тіркейді. Ол неологизмдердің пайда болуына ықпал етеді. Сөйлеудің қызметі

  • қоғамдық-тарихи тəжірибені кристалдандыруда. Онтогенездегі сөйлеу баланың дамуы барысында ойлаумен тығыз байланыс- та болып, қарым-қатынастың жəне тəжірибені тасымалдаудың құралы ретінде анықталады.

Соңғы, төртінші айырмашылық ұрпақтардың арақатынасына байланысты. Егер социогенезде əрбір келесі ұрпақ дамудың едəуір жоғары деңгейіне жетсе, үлкен мүмкіндіктерге ие болып, алдыңғы ұрпақтан біршама жоғары тұрса, онтогенезде алдыңғы ұрпақтың даналығына шүбə келтіруге болмайды, оның əлеуеті жоғарырақ болады. Нұсқалған айырмашылықтар онтогенез бен социогенез үдерістерін ұқсастыруға мүмкіндік бермейді.
Дегенмен, адамның жекедара дамуында тарихи дамудың қайталануы жайлы рекапитуляция тұжырымдамасы даму психологиясының алтын қорына енді. Адамның жеке дара дамуы жəне адамзаттың тарихи дамуының сабақтастығы жайлы идея эвристикалық құндылыққа айналып, ары қарай дамытуды жəне нақтылауды қажет етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет