Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


Эмпиризм теориялары. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштерінің бихевиоризмде қарастырылуы



бет14/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   146

Эмпиризм теориялары. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштерінің бихевиоризмде қарастырылуы


Үйрену ретінде даму теориялары орта факторларының басымдылығынан бастау алады. Даму ұғымында эмпиризм тео- риясы.


Дж. Локктың еңбектерінде бастау алды. 1699 жылы оның
«таза тақта» теориясының негізгі тұрғыларын түсіндіруде бағдарламалаушы: «Оқыту жайында кейбір ойлар» атты еңбегі жарияланады. Дж. Локктың пікірінше, балалардың барлығы əртүрлі тума ерекшеліктерімен, мəселен, темпераментімен дүниеге келеді. Ол айырмашылықтар ескерілгенімен, олар дамудың заңдылықтары мен нəтижелерін анықтамайды. Соңғысы тəрбиемен жəне ортамен анықталады. Зерттеушінің ойынша адам тумысынан «таза тақта» іспеттес болады. Ол толған сайын біздің санамызды анықтайды.
Психологияда ортатеорияларына негізделген негізгі екі мек- теп бар. Біріншісі көрнекті өкілдері Дж. Локк, Д. Гартли, Н. А. Менчинская болып табылатын ассоцианизм; екіншісі, тари- хи қалыптасқан теориялары бар бихевиризм. Бүгінде ассоциа- низм психологияны тарихы үшін қызығушылық тудыруда. Үйрену заңдарының негізгі қағидасы ретінде ассоциациялар- ды құру заңын қарастырылады. Барлық психикалық қызметтер ойлау үдерістерін, ассоциялардың жинақталуын жəне олардың қызмет етуін анықтайтын ассоцияциялардың тізбегі ретінде қарастырылады.
Психикалық даму үйрену үдерістерімен теңдестіріледі. Даму үдерістерін сипаттайтын басты сызба (3-сызба):


3-сызба. Даму үдерістері



деп анықталады. Бихевиористер балаға дүниеге келген мезетінен бастап ортаға икемделуін қамтамасыз ететін мінез-құлық реакцияларының аз жиынтығы беріледі деп есептеген. Сондықтан


өмірінің алғашқы күндерінен үйрену үдерістері жетекші орынға ие болады. Бихевиоризмнің шеңберінде үйрену дамуға теңдестіріледі.Алайдаолұғымдарыныңмəнінажыратумақсатында Дж. Уотсон жаңа мінез-құлық реакциялары туындауының хронологиялық реті, реакциялар сандық айқындылығының артуы сияқты дамудың заңдарын көрсетті. Алайда, ол заңдар дамудың себептерін анықтамағандықтан, қарапайым феноменологиялық сипаттамамен шектеледі.
Д. Уотсон ол заңдардың толымсыздығын ескеріп, үйрету мен дамуды жаңа мінез-құлықтың туындауы ретінде дифференциялауға тырысты. Егер жаңа мінез-құлық жетілу жағдайында меңгеріліп, үйретуге тікелей қатысты болмаса, ол – даму; егер жетілудің дəлелдері болмай, үйрету жағдайы орын алса, ол үйрету болып табылады. Алайда, балалық шақтағы үйрету мен даму жетілу жағдайларында жүзеге асырылады.
Э. Торндайк бихевиризмдегі үйрету заңдарын былайша құрастырады:
Даярлық заңы бойынша индивидте стимулдың нақты түрімен бекітуге даярлығы болуы тиіс. Мəселен, бекіту құралы тамақ бо- лып табылатын үйретудің тиімділігін қамтамасыз етуде жануар аш болуы тиіс.
Үйрету жаңа бейімді реакцияны бекіту жағдайында ғана орын алатын бекіту немесе əсер заңы.
Мінез-құлықтың жаңа түрін бекіту үшін оны қайталау немесе жаттығу заңы.
Э. Торндайк бойынша осы үш заң мінез-құлықтың жаңа формаларының дамуын түсіндіреді. Бихевиоризмге Уотсонның құрастырған тұрғысына тəн: үйрету заңдары құрттан адамға дейін эволюциялық баспалдақтың барлық деңгейлеріне əділ де əмбебап. Бихевиоризмнің негізгі бағыттары дəстүрлі шарттанды-
ру, оперантты үйрету жəне əлеуметтік үйрету теорияларымен анықталады.
Дəстүрлі шарттандыру теориясы (4-сызба):




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет