Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24


б) Қорғаныс механизмдерінің дамуы



бет19/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   146

б) Қорғаныс механизмдерінің дамуы


Қорғаныс механизмдері психодинамикалық күштер тепе- теңдігінің бұзылуын жəне индивидтің біртұтастылығына төнген қауіпті азайтуға немесе жоюға бағытталған əрекеттердің жиынтығын білдіреді. Олар мінез-құлықта көрініс беру ерекшеліктері, тұлғада пайда болған бұзылыстың типі, генетикалық кезеңі, қақтығыстарды өңдеу конструктивтілігі бо- йынша ажыратылады. Қорғаныс механизмдері мəселесін З. Фрейд құрастырады. Ең маңызды қорғаныс механизмдері төмендегідей:

      • ығыстыру – бейсаналылыққа ығыстыру, санадан тыс сақтау жəне аластату;

      • регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формалары- на, объектілі қатынастарға, дамудың едəуір ерте кезеңдеріне қайта оралу;

      • кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;

      • реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен жəне ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру, қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;

      • проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған жəне кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;

      • идентификация – едəуір құдіретті жəне билікке ие адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен са- лыстырады;

      • изоляция – ойлардың немесе əрекеттердің уақытша ретін (мəселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін тəсілдердің жиынтығы;

      • орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз аффектінің шынайы бастауын құдіреті жəне қауіп-қатері неғұрлым төменірек фигурамен алмастыру;

      • рационализация – жалған дəлелдің көмегімен ақиқаттың бұрмалануы;

      • сублимация – инстинктивті тума əуестіктердің əлеуметтік қалаулы жəне қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.

Қорғаныс механизмдерінің генетикалық тұрғыда ерте түрлері

  • ығыстыру, регрессия, кету болса, неғұрлым кеш түрлері – рацио- нализация, сублимация болып табылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет