Ойлаудың дамуы табиғилықтың ығыстырылып, əлеуметтікпен алмасуы арқылы жүзеге асырылады. Екінші кезең сол ығыстырудың нəтижесін білдіретін аралық, өтпелі кезең болып табылады.
Аутистік жəне əлеуметтенген тұрғыдағы ойлау бір-бірінен қалай ажыратылады (4-кесте).
4-кесте Аутистік жəне əлеуметтенген тұрғыдағы ойлаудың салыстырмалы талдауы
Эгоцентрлік ойлау аутистік жəне əлеуметтенген ойлау қасиеттерінің өзіндік үйлесімін, біріншісінің екіншісімен ығыстырылуын білдіреді. Əлеуметтену табиғилықтың күштеп ығыстырылуыжəнеоныңəлеуметтікпеналмастырылуы. Ойлаудың аутистік түрінен əлеуметтенген түріне ауысуын түсіну үшін баланың қатынастары мен қарым-қатынасының ерекшеліктерін талдау қажет (5-сызба). Күштеу қатынастары аутистік ойлаудың ығыстырылып, эгоцентрлік ойлаумен алмасуына əкеледі. Коопе- рация мен серіктестік қатынастары эгоцентризм мен децентра- цияны жеңіп, əлеуметтенген тұрғыдағы ойлауға көшуді білдіреді. Бала 2-3 жасқа келгенде ересек оған ойлаудың нақты сөйлеу амал- дарын жəне дайын конструкцияларды үйретуге тырысып, аутистік ойлауды ығыстырады. 11-12 жаста ақырғы децентрация орын алып, əлеуметтенген ойлау қалыптасады.
Ж. Пиаженің тұжырымдамасында бала танымы мен интеллектісінің дамуы серіктестік үдерісінде жүзеге асыры- латыны айтылады. Ж. Пиаже ізбасарларының зерттеулерінде,
атап айтқанда А. Перре-Клеймонның еңбектерінде (1991) бала ойлауының дамуындағы əлеуметтік өзара əрекеттестіктердің рөлі зерттелінген. Əлеуметтік-танымдық қақтығыстың, яғни танымдық міндетті бірлесіп шешкен балалардың көзқарастары мен ұстанымдарының арасындағы қарама-қайшылықтың танымдық эгоцентризм мен децентрацияны жеңуге ықпал ететіні көрсетілген.