балалардың жануарлармен тəрбиеленуімен: адамдармен қарым-қатынас болмаса, даму да болмайды;
соқырмылқау балалардың тəрибесімен дəлелденуде. Егер осындай бала тəрбиенің əлеуметтік жағдайынан тыс қалатын болса, оның интеллектісінің сақталғандығына қарамастан, ақыл- ойының терең кемістігіне əкелуі мүмкін. Тəрбиенің арнайы жүйесі толыққанды дамуды қамтамасыз ете алады.
Бала қарым-қатынасының дамуының қызметтері, құрылысы жəне заңдылықтары М. И. Лисинаның еңбектерінде қарастыры- лады. Қарым-қатынас қатынасу іс-əрекеті ретінде мəдени тəжірибені жеткізеді; біріккен іс-əрекетті ұйымдастырады; тұлғааралық қатынастарды қалыптастырып, дамытады; адамдардың бірін-бірі жəне өзін-өзі тануына мүмкіндік береді. Қарым-қатынастың құрылысы қарым-қатынастағы серіктес ретіндегі зат пен басқаадамнан; қарым-қатынастағы қажеттіліктен, басқа адамдарды тану мен бағалауға ұмтылысынан, ол арқылы өзін-өзі тану мен бағалаудан; əрекеттер – бастамашыл актілер мен жауап əрекеттерінен; міндеттерден немесе мақсаттардан; құралдардан (вербалды, ым-ишара, заттық) жəне т.с.с.; өнімдерден (материалды жəне рухани сипаттағы құрылыстар) құралады.
Əрбір жас ерекшелігі үшін қарым-қатынастың өзіндік түрі тəн. Оларды топтастыру өлшемдері: пайда болу уақыты, баланың тіршілік əрекетіндегі орны, қажеттіліктері, қарым-қатынас мотивтері мен құралдары.
М. И. Лисина қарым-қатынастың балалалық шақтың туғаннан жеті жасқа дейінгі жас шамасын қамтитын негізгі төрт түрін көрсетеді (9-кесте):
9-кесте. М. И. Лисина бойынша, қарым-қатынастың туғаннан жеті жасқа дейінгі жас шамасын қамтитын негізгі төрт түрі