Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет102/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

II саты


Егде адамдармен зейнеткерлікке аяқ басу кезеңіндегі жұмыс.
Мақсаты: егде адамдардың зейнеткерлік кезеңге бейімделу үшін психологиялық шарттарды құру.
Жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Зейнеткерлікке бейімделе алмаған егде адамдармен жұмыс істеу.

  2. Егде адамдардың туыстарымен жұмыс істеу.

  1. Зейнеткерлікке бейімделе алмаған егде адамдармен жұмыс істеу

Бейімделе алмаған егде адамдармен өзара əрекет ету үдерісі жеке жəне топтық формада ұйымдастырылуы мүмкін. Жұмыс бағдарламасын құруда егде адамдардың зейнеткерлікке шыққаннан кейін жемісті бейімделуді қамтамасыз ететін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру маңызды. Осы ерекшеліктерді талдау негізінде жұмыстың келесі тараптарын бөлуге болады:

  • зейнеткерлікке бейімделу деңгейі төмен егде адамдар өзін-өзі бағалаудың төменгі деңгейімен сипатталып, көбінесе, өздеріне көңілі толмайтындықтан, өзін-өзі барабар бағалауды қалыптастыру бойынша жұмыс жасау.

  • бейімделу деңгейі төмен адамдар, өз өмірлеріндегі жағдайлардың көбі, бір оқиғаның немесе басқа адам- дар əрекетінің нəтижесі деп пайымдайтын болғандықтан, интерналдық бақылауды қалыптастыру бойынша жұмыс жа- сау қажет. Егде адамдар өз өмірлеріндегі жағдайлар үшін жауапкершілікті өздеріне қабылдап, көп нəрсе өздеріне байла- нысты екенін түсінгені аса маңызды. Бұл деңгейде топтық жұмыс тиімді болуы ықтимал.

  • кейбір егде адамдарда еңбек іс-əрекетінің аяқталуымен қоғамға қажетсіз болу сезімі пайда болып, алдағы өмірге үмітсіздік сезімі пайда болатындықтан, жұмыс істемейтін зейнеткерлердің əлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында жұмыс жүргізу керек. Ұтымды бейімделумен қолы бос уақытын жəне демалысын дұрыс пайдалану зейнеткерлік кезеңге əлеуметтік бейімделудің едəуір жарамды факторы болып табылады.

Зейнеткерлікке шығуымен адамда көп бос уақыты пайда бо- лып, оған қолайлы əсер ететін болады. Бос уақытын қызықты өткізу егде адамда қанағаттану сезімін оятуы мүмкін, сондықтан ұтымды өмір салтының алғышарттары ретінде тұлғаның əлеуметтік жан-жақты əрекет етуі үшін шынайы мүмкіндіктер ұсыну қажет жəне уақытты енжар өткізу, егде адамның ерте қартайып, психологиялық денсаулығына кері əсер ететіндіктен, мынадай қажеттіліктер туындайды:

  1. Зейнеткерлік кезеңді өмірдің белсенді сатысы ретінде қоғамдық пікір қалыптастыру.

  2. Егде адамдарды өздерінің дербес бейімділігіне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне сəйкес, пайдалы жəне маңызды əрекеттерді жан-жақты іздестіруге бағыттау.

Осы ретте, егде адамның іс-əрекет түрін өзінің ішкі қызығушылықтарына сəйкес, таңдау мүмкіндігінің болуы маңызды. Мұндайда қызығушылықтары бойынша (тоқыма, түрлі заттар жасау, өнерді зерттеу жəне т.б.) үйірмелер мен курстарды ұйымдастыруға болады. Клубтық жұмысты ұйымдастыруда егде жастың тағы да бір мəселесі – өзара əрекет ету, қарым-қатынас жасау үдерісі жолға қойылады.
Бейімделу деңгейі төмен егде адамдарда басқа адамдар- мен қарым-қатынас жасау мəселесі орын алады. Олар қарым- қатынаспен қанағаттанбайды жəне көп нəрселер өздерінің бақылау өрісінен тысқары қалады деп есептейді.
Олар жақындарының қолдауын қажет ететініне, олардан қамқорлықты күтетініне қарамастан, басқа адамдарды қабылдау деңгейі төмен, олар басқаларды жағымсыз кейіпте қабылдайды. Өздерінің əлеуметтік керексіздігіне деген сенімділігі мен басқаларға қатысты бейтараптылығы, қарым-қатынас орнатуға кедергі болады.
Əңгімелесу кезінде олар қарым-қатынастағы серігіне аз қызығушылық білдіретіндіктен, жағымсыз əсерлер қалдырады. Сондықтан қарым-қатынас үдерісін оңтайландыру үшін жағдай жасаудың маңызы зор.
Сонымен, бейімделе алмайтын егде адамдармен психологиялық жұмыс, белсенді əлеуметтік рөлді атқаруды ынталандыруға, қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа жəне жағымды өзіндік сана, психологиялық байсалдылықты қолдауға бағытталуы қажет.

  1. Егде адамдардың туыстарымен жұмыс істеу

Жұмыстың бұл түрі кеңес беру формасында ұйымдастырылуы мүмкін. Əлеуметтік қолдау жасы ұлғайған адамдардың өздерін құзырлы екенін сезінуіне мүмкіндік беретіні туралы, олардың туыстарына түсіндіру маңызды. Өздеріне деген қамқорлықты, жағымды бағалануын, құрметтелуін сезінетіндей етіп егде адамдарға жағымды сезімдерді білдіру қажет. Бұл қарттық жаста бейімделуге ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.
Осылайша, егде жасқа бейімделе алмаудың алдын алу бо- йынша жұмыс, психологиялық денсаулықты нығайтуға, егде жас- та пайда болатын проблемаларға ұтымды катынастың болуына бағытталған психологтармен сабақтар өткізуден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет