Оқулық Алматы, 014 Əож 159. (075. 8) Кбж 88. 37 я 73 б 24



бет109/146
Дата13.10.2022
өлшемі0,87 Mb.
#42890
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   146
Байланысты:
ДАМУ ПСИХОЛОГИЯСЫ кітап (1)

Зейнетке шығу кезеңі (зейнетке шыққаннан кейінгі алғашқы жылдары) бұл ең алдымен жаңа əлеуметтік рөлді, мəртебені меңгеру. Жалпы алғанда, аталмыш кезең төмендегідей жағдайлармен ерекшеленеді:

  1. Дамудың əлеуметтік жағдайы, %

  • Ескі қатынастар (жұмысындағы қызметтестері) алғашқы кезде сақталынғанымен, біртіндеп сирей бастайды.

  • Жақындарымен жəне туыстарымен араласу (сəйкесінше, туысқандарының тарапынан «тəжірибесіз» зейнеткерлерге деген түсінісушілікпен назар аудару қажет).

  • Біртіндеп зейнеткер-достар немесе жасы неғұрлым жасырақ өзге адамдар (ол зейнеткердің қандай іспен айналысып, кіммен араласатынына байланысты болады) пайда бола бастайды.

  • Көп жағдайда зейнеткердің туысқандары мен таныстары

«уақыты онсыз да көп» зейнеткердің немерелерімен көбірек ай- налысуына тырысуы мүмкін, сондықтан адамның балалары- мен жəне немерелерімен қарым-қатынасы да зейнеткерлердің əлеуметтік жағдайының маңызды сипаттамаларының бірі деп са- налады.

  1. Жетекші іс-əрекеті:

  • Ең алдымен, аталмыш жас шамасы адамның өзін жаңа қырынан тану, күш-қуатын ақиқаттың əрқилы жаңа түрлерінде сынап көру ұмтылысы (немерелерін тəрбиелеу, үй шаруысымен айналысу, жаңа қатынастарды орнату, қоғамдық ақиқатты тану т.с.с.), яғни «байқау жəне қателесу» əдісі арқылы өзін-өзі анықтау; жалпы алғанда зейнеткердің уақыты көп болады, сондықтан ол жоғарыда аталғандардың барлығына уақыт бөле алады.

  • Зейнеткерлердің көбі зейнетке шыққанымен алғашында мамандығы бойынша бұрынғы жұмысын жалғастырады; ондай жағдайда қызмет еткен зейнеткердің дербес мəнділік сезімі арта түседі.

  • Анағұрлым жасырақ адамдарға «ақыл айту» немесе кейде тіптен «намысына тию» ұмтылысы арта түседі.

  • Кейбір зейнеткерлер үшін аталмыш жас кезеңі өзінің өткен өмірінің мəнін түсіну ұмтылысы болуы мүмкін: кейбіреулері бұл кезеңде өмірбаян жазуға бет алуы мүмкін, ал тағы біреулері міндетті түрде өз тəжірибелерімен жəне күйзелістерімен бөліскісі келеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет