–
10
–
Салғастырмалы тіл білімі
шешуде тіл білімінің тарихында
бірнеше көзқарастар мен
ағымдар, әртүрлі бағытты ұстанған лингвистикалық мектептер
болды.
Салыстыру сыртқы қоршаған ортаны танып, білудің
бірден-бір логикалық әдісі. Сондықтан да ол ғылымдардың
барлығына тән. Фактілерді бір-бірімен салыстыру тек ғылыми
зерттеулерде ғана емес, әртүрлі тілдерді үйрену,
оқыту
процестерінде де, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең
қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырылып отырған
нысанның ерекшеліктері, басқаларға ұқсастық және одан
өзгешелік жақтары айқындалады.
Салғастырмалы тіл білімі
жалпы тіл білімінен бөлініп
шығады, ол тек туыс тілдерді ғана емес, сондай-ақ, туыс
емес тілдерді де салғастырады. Салғастырудың нәтижесінде
әртүрлі тілдер құрылымындағы ортақ сәйкестіктерді анықтау
мүмкіншілігі артады. Құрылымы ұқсас тілдер бір типке біріксе,
құрылымы әрқилы тілдер әртүрлі топтарға бөлшектенеді.
Тілдерді географиялық белгілеріне
қарай топтастыруды
санамағанда тілдер толық зерттелмеген жағдайда олар осылайша
да топтастырылған. Оларды ерекше айырым-белгісіне
(критерий) қарай жеке топтарға бөлу - ертеден қолданып келе
жатқан зерттеудің бір түрі. Мұндай зерттеулердің нәтижесінде
біз барлық тілдерге ортақ қандай да бір белгілерді немесе оларда
кездеспейтін ерекше белгілерді анықтай аламыз. Осылайша
тілдердің ортақ белгілері туралы айта аламыз.
Салғастырмалы зерттеу - тілдердің құрылымдық және
функционалдық (қызметтік) қасиеттерін шығу тегіне қарамастан
салғастыра зерттеу. Салыстырмалы-тарихи аспектілермен
бірге, тіл зерттеудің негізгі аспектісі
ретінде контрастивтік
лингвистика өзінің табиғатымен және зерттеу принциптерімен,
тәсілдерімен ерекшеленеді.
Контрастивті лингвистикада қолданылатын терминдер,
екі тілде бірдей қолданылуы міндетті. Әйтсе де, әрбір термин
тілдегі жалпы белгілерді біріктірумен қатар, әр тілдің өзіне ғана
тиесілі ерекшелікті білдіретін белгілерді қоса көрсетеді. Осы