21.2. Педагогикалық сараптау міндеттері
Елде қабылданған мұғалімдердің кəсіби
дайындығын жетілдіру
жүйесі –
сараптау (аттестация) – педагогтар мен мектеп
басшыларының біліктілігін көтерудің аса маңызды да тиімді құралы
есептеледі.
Сараптау мақсаты- кəсібилік деңгейді көтеруге
ынталандыру, оқу-тəрбие процесінің сапасын арттыру,
шығармашыл
ынта дамыту, сонымен бірге нарықтық экономикалық қатынастар
жағдайында
жекеленген
еңбек
жалақысын
беру
жолымен
педагогтардың əлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету. Бұл орайда
мұғалім жұмысының сапасы мен оның еңбек ақысы арасындағы
сəйкестікті ұстану көзделген.
Кəсібилік деңгейіне сəйкес педагогтың біліктілік категориясын
тағайындау да осы сараптау қызметінің нəтижесі.
Сараптау принциптері: еріктілік, жариялылық, жүйелілік жəне
тұтастық, шынайылылық.
Мұғалімдерді сараптауда педагогикалық еңбектің бағамы- оның
нəтижелілігі жəне оқу-тəрбие процесінің сапасы – есепке алынады. Ол
əр бес жылда бір рет педагогтың өзі таңдаған біліктілік категориясы
көрсетілген жеке өтінішіне орай өткізіледі.
Біліктілік категориясын иемдеуге байланысты өз сараптау
мүмкіндіктерін
мұғалімдердің өздері анықтайды, олар сараптау
формаларын таңдауға құқылы: дəрістер тобын көрсету, сыныптан тыс
оқу жұмыстарымен таныстыру, белгілі бағдарлама бойынша «емтихан»
(əңгімелесу) не шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік немесе
тəжірибе-эксперименттік жұмысты қорғау жəне т.б.
Категория иемдену үшін сараптан өтуді қаламаған
мұғалімдердің
жалақысы тариф негізінде білімі жəне еңбек стажына орай белгіленеді.
Кей жағдайда нақты мұғалімнің
біліктілік деңгейі мен оның
тағайындалған қызметіне сəйкестігін анықтау үшін сараптау жұмысы
əкімшіліктің, мектеп кеңесі мен педагогикалық кеңес ұсынысымен де
өткізілуі мүмкін.
ҚР Білім жəне ғылым министрлігі бұйрығына орай қабылдаған
«Мемлекеттік жəне жеке меншік білім мекемелерінің педагогикалық
жəне басқару қызметкерлерін сараптау жөніндегі Ережелеріне» сəйкес
үш түрлі сараптау комиссиясы түзіледі:
-
бас сараптау комиссиясы – республикалық
деңгейдегі басқару
органы тарапынан ҚР, облыстар құрамында түзіледі;
-
аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия – жергілікті жердегі
білім басқармасы тарапынан ұйымдастырылады;
-
білім мекемесіндегі сараптау комиссиясы – оның
педагогикалық кеңесі ұсынысымен құрылады.
Əр комиссия өз құзырына сай мəселелерді шешеді. Сараптау
комиссиясының қабылдайтын негізгі шешімі – біліктілік категориясын
тағайындау. Қазіргі күнде əрекеттегі Ережелерге орай үш біліктілік
категориясы белгіленген:
-
ең жоғары , оны бас сараптау комиссиясы белгілейді;
-
бірінші, оны аудандық (аймақтық) не қалалық комиссия
тағайындайды;
-
екішші категория мектептің сараптау комиссиясы тарапынан
беріледі.
Мұғалім не
басшы қызметінің бағамы, екі кешенді көрсеткіштер
бойынша іске асырылады: қызмет нəтижелерін қорытындылау
(шығармашылық есеп, ғылыми-əдістемелік не тəжірибе-эксперимент
жұмыс түрінде) жəне практикалық іс-əрекеттің эксперттік бағамы
əртүрлі баламадағы психикалық –педагогикалық экспертиза).
Категория құжаттық материалдар (стаж, мінездеме, мұғалімдердің
біліктілігін көтеру курстарын өткені жөніндегі сертификат) негізінде
беріледі.
Сараптаудың табысты болуы оның ұйымдасуымен, қойылатын
талаптар туралы қажетті ақпараттың нақтылығымен, қорғау жəне
эксперттеу
əрекеттерімен,
іскерлік
жəне
көңілге
қонымды
жағдайлардың жасалуымен байланысты келеді. Мұғалімдерді сараптау
қорытындысы мектеп жұмысының стратегиясы жəне
тактикасын
белгілеуде маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: