Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет4/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
 
 


1-бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
 
 
1-дəрісбаян. Педагогиканың адам туралы 
ғылымдар жүйесіндегі орны 
 
«Қазақ мектептері – қазақтарға білім 
берудің басты құралы… біздің барлық 
үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы 
мектептерде. 
Сондықтан 
мектептерде 
жақсы білім берілетін болсын… Ғылыммен 
қаруланған, əр нəрсеге дұрыс көзқарасы бар 
адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл 
халыққа əсер ете алады». 
Ы.Алтынсарин 
Жоспары: 
1. Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым 
2. Педагогиканың пайда болуы мен дамуы 
3. Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері 
4. Педагогикалық ғылымдар жүйесі 
5. Педагогика жəне басқа ғылымдар 
 
1.1. Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым
 
Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға 
болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп
оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие 
жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті 
кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым 
қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз. 
Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз 
атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу 
дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала 
тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала 
жетектеуші мəнін білдіреді. 
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген
мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді 
жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар 
бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе 
негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан 
шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар 


сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми 
білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі 
ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет