Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Конкурс жəне олимпиадалар



Pdf көрінісі
бет86/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Конкурс жəне олимпиадалароқушылардың білім игеру 
жолындағы белсенді қызметтеріне дем беріп, оларды өрістете түседі, 
шығармашылық қабілеттерін арттырады, бəсеке, жарыс жеңісіне 
ынталандырады. Конкурстар мен олимпиадалар əрқилы деңгейде: 
мектеп, аймақтық, республикалық, халықаралық - өткізіледі. Соңғы 
кезеңдерде мұндай оқу формаларының қашықтықтан интернет торабы 
арқылы ұйымдастырылатын мүмкіндіктері пайда болды. 
 
9.4. Оқу түрлері 
Оқу мекемелері тəжірибесінде бірқатар белгілерімен дербестенген 
оқу түрлері қолданылуда. Оқу түрі – бұл оқыту жəне оқып-үйрену 
қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы 
білім игеру жүйесі, яғни оқу процесіндегі мұғалім мен оқушы 
арасындағы қарым-қатынас, қолданымдағы оқу құрал-жабдықтары
əдістері жəне формаларының атқаратын міндеттері. 
Оқу түрі өз негізіне алынған педагогикалық технология (кейінгі 
дəрісбаяндарда қарастырылады) сипатымен анықталады. Оқу түрлері 
келесідей 
ажыралады: 
түсіндірме-көрнекілік, 
жалаң-жаттанды 
(догматикалық), тұлғалық бағдарлы, компьютерлі, модульді, қашықтан 
оқу (дистанционды), пəнаралық, т.б. 
Түсіндірме-көрнекілі: (дəстүрлі, ақпарат жеткізу) оқу түрі
Мұндай оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана 
отырып, оқушыларға дайын материалды ұсынады, шəкірттер 
ақпаратты сол күйінде қабылдайды, қайталап айтып береді. 
Жалаң - жаттанды (догматикалық) –оқуда тыңдаушы ұсынылған 
ақпараттың мəн-мағынасына еніп жатпастан, түсінбей-ақ қабылдайды. 
Проблемді оқуда ұстаз басшылығында оқу, дəріске байланысты 
мəселелерді шешу үшін оқушылардың өз бетінше оқу-ізденіс 
қызметтері ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: 
жаңа білім, ептілік, дағды қалыптасады, балалардың қабілеті, 
белсенділігі, танымдық қызығушылығы, шығармашыл ой-өрісі жəне 
басқа да тұлғалық маңызды сапа- қасиеттері дамиды. 
Дамытушы оқу түрі оқушылардың білім, ептілік жəне 
дағдыларының күннен күнге арта түсуіне қажет ішкі психологиялық 
жағдаяттардың (зейін, түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу жəне т.б.) 
жетіліп баруын қамтамасыз етеді. Оқу жедел қарқынмен жоғары 
деңгейде жүреді, білім игеру процесі саналы, мақсатты жəне жүйелі 
құрылып, негізінен, теориялық ақпарат, мəліметтерді меңгеруге 
бағытталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет