Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


 Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері



Pdf көрінісі
бет89/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   159
10.2. Қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері 
Оқу процесіндегі қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан 
қилы əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың 
бірнеше түрін атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, 
тақырыптық, қорытынды жəне өтілген материал ізімен. 
Алдын-ала қадағалау - əдетте, диагностикалық міндеттерге орай 
жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін 
игерген білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл 
жұмыс жыл басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала 
қадағалау нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді 
түрлері мен формаларын таңдастырады. 
Ағымдағы 
(күнделікті) 
қадағалау – оқу 
барысында 
ұйымдастырылып, білім, ептілік жəне дағдылардың қалыптасу 
дəрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең 
жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.
Бұл қадағалаудың тиімділігі – оқушылар біліміндегі кемшіліктер 
мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын 
меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың 
дұрыс жолға қойылуы оқушылардың əр сабаққа мұқият əрі 
тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады.
Мерзімді қадағалау белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың 
қорытындысын алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы 
аяғында жүргізіледі. 
Тақырыптық қадағалау тақырып, бөлім материалдары өтіліп 
болған соң өткізіледі. 
Қорытынды қадағалау оқу процесінің соңғы нəтижелерін 
жинақтау үшін қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер 
мен дағдылар жүйесін қамтиды.
Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау тақырып, курс, 
бөлім өтіліп, бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін 
қолданылады. Мерзім үш айдан жарты жылға дейін не одан көп 
созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы 
нəтиже бойынша пайымдау талаптарына сəйкес келеді.
Қадағалау əрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан 
мұндай жұмыс жеке-дара, топтық жəне сыныптық болып бөлінеді. 


Қадағалау барысында əрқилы əдістер де қолданылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет