ресми тəрбиеші- педагог талаптарын ұнатпай қалатын да жағдайлар
кезігіп қалады. Көп жағдайда ата-аналар өз балаларын шектен тыс
еркелетіп, олардың жанаярлыққа түсуіне қолқа болады да
педагогтардың сол бала тəрбиесіндегі барша жетістіктерін демде желге
ұшырады. Мұндай келісімсіздіктерді жоюда бала тəрбиесін
оңды жолға қоялық дегендердің бəрі ортақтастық табуға
ынталы болғаны жөн.
4) Кейде тəрбиеші ұжым, қоғамдық ұйымдар пікірлерімен келіспей,
өз əріптестерін сынға алатын жағдайлар да болып қалады. Бұл балалар
көзқарастары мен нанымдарына əсер етпей қоймайды. Сондықтан бала
тəрбиесі мекемелерінің мүшелері өзара келісімде, бірлікті қызмет
жүргізгені жөн.
5) Ұштастық пен бірізділік принциптері талаптарына
орайлас дəрістерге жəне оқудан тыс тəрбие жұмыстарын бір
жүйеде алып барған орынды. Тəрбие жұмысында бұрыннан
орныққан ұнамды қасиет сапаларды ескерген жөн. Педагогикалық
ықпалдар мен талаптар біртіндеп күрделеніп баруы керек.
Бірлікті талаптардың орындалуы жолында отбасы мен ата-аналарға
тікелей кеңесші – тəрбиеші-педагог.
6) Тəрбиелік ықпалдары үйелестіру тəсілі – тəрбиеге қатысты
адамдардың, қызмет түрлері мен əлеуметтік мекемелердің басын қосып
күш біріктіру. Осыдан да тəрбиеші қоғамдық мекемелер, əлеуметтік
қауымдастықтар жəне отбасымен байланыс түзуде шаршап –шалдығу
білдірмегені жөн.
Сонымен, тəрбие принциптері – тəрбие процесінің мазмұнына,
əдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі талаптарды анықтаушы
жалпы бастау тұжырымдары. Бүгінгі таңдағы гуманистік педагогика
ұстанған принциптері: тəрбиені нақты тұлғаға бағыттау; жеке жəне
қоғамдық тəрбие бағыттарын үйлестіре, байланыстыру; тəрбиені өмір
жəне еңбекпен ұштастыру; тəрбиелік ұнамды үлгі - өнегені арқау ету;
тəрбиелік ықпалдарды біріктіре, пайдалану.
Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Тəрбиенің негізгі заңдылықтарына түсінік беріңіз.
2. Гуманистік тəрбие принциптерін атаңыз.
3. Гуманистік тəрбие принциптерінің негізгі салаларын атаңыз.
4. Педагогикалық
қызметтегі
тəрбие
принциптері
мен
ережелерінің маңызын ашып беріңіз.