-
педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру жəне
гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен
олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері
мен ынтасының
дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне
басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты
қажет етеді;
- орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы
үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық
органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне
орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне
қабылдауды, кəсіби деңгейде
іске асыруға жағдайлар жасайды;
жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі
қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып
баруға мүмкіндік береді;
- жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл
принципті ұстанудағы мақсат- біртұтас
педагогикалық процесті
басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан
жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің
əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ал жеке басқару
тəртіп жəне жөн-жосақ қамтамасыз етіп,
педагогикалық процесс
қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап
жүруін қадағалайды.
-
педагогикалық жүйелерді басқарудағы шынайылық жəне
ақпарат молдығы.
Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады:
-
уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;
-
басқару қызметі бойынша- талдауға орай, бағалық,
құрастырушылық, ұйымдастыруға байланысты;
-
келіп түсу көздері бойынша- мектепішілік, ведомстволық,
қарым-қатынастағы мекемелерден;
-
мақсаты бойынша - өкімдік, ұсыныс, нұсқау-
таныстыру жəне т.б.
-
өкілеттіктер беру принципі.
Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан:
жалпы – қызметке
орай жағдайларды жасау;
белгілі қызметтік – нақты іс-əрекеттерге
байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің
атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп
директоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов)
тапсырылсын). Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті
шаруашылық; кешенді істерге дайындық;
арнайы орындалатын іс-
əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер-
басшы қызметі;мақсаттар тағайындау; мектеп стратегиясына орай
шешім
қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық,
оларды еңбекке ынталандыру;
аса маңызды міндеттер;тəуекелдікті
талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс істер;
түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар;
жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.
Достарыңызбен бөлісу: