8-дəрісбаян. Оқу əдістері жəне құрал жабдықтары
Жоспары
1. Оқу, əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
2. Оқу əдістерін топтастыру
3. Оқу құрал-жабдықтары
4. Оқу əдістері мен құралдарын іріктеу
8.1. Оқу əдіс, тəсіл жəне ережелері түсінігі мен мəні
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу
əдістеріне тəуелді.
Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына
қол жеткізуге бағытталған
оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу
мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып-
үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу
əдісінен көрінеді.
Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –
бұл “оқу тəсілі” жəне “оқу ережелері”.
Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни
жалпы “əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым.
Бұл екі ұғымды өз
алдына шектеп болмайды,
олардың ара қатынасы ауыспалы,
өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің
дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне
орай-
тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік,
ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат)
ұсыну барысында
көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл
ретінде
қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы
болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса,
онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі
тəсіл болып есептеледі.
Сонымен, əдіс көптеген тəсілдерден құралады, бірақ олардың жəй
жиынтығын білдірмейді. Тəсілдер
арқылы оқытушы мен оқушының
оқу жұмыстарын орындаудағы өзіндік ерекшелігі көрініп, оқу
субъекттері іс-əрекеттеріне даралық сипат береді.
Достарыңызбен бөлісу: