Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар



Pdf көрінісі
бет83/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   159
Зертхана-практикалық сабақтар, практикумдар – оқушылардың 
мұғалімдер тапсырмалары жəне басшылығында зертханалық тəжірибе 
жұмыстар орындауына арналған оқу ұйымдастыру формасы. Бұл оқу 
түрі пəн кабинеттерінде , зертханаларда, шеберханаларда, оқу-тəжірибе 
алаңдарында, оқушылардың өндірістік бригадаларының қатысуымен 
өндіріс комбинаттарында өткізіледі. 
Мұндай дəрістердің негізгі дидактикалық мақсаттары - өтілген 
теориялық материалдардың эксперименталды негіздемесіне көз 
жеткізу; эксперимент техникасын меңгерту; тəжірибелер өткізу 
арқылы 
оқу-тұрмыстық 
міндеттерді 
шешу 
ептіліктерін 
қалыптастыру; əрқилы оқу жабдықтары мен техникалық 
құралдарды пайдалануға дағдыландыру.
Бұл сабақтар сонымен бірге бағдарламадағы ірі бөлімдерде берілген 
теориялық 
материалдар 
игерімін 
бақылау, 
қадағалау 
үшін 
қолданылады. 
Факультатив сабақтароқу  пəндерін оқушылардың өз таңдауы 
жəне қызығуларына орай тереңдете оқуына арналып, шəкірттердің 
ғылыми-теориялық білімдері мен практикалық ептіліктерін дамытуды 
көздейді. 
Білім беру міндеттеріне сəйкес факультатив түрлері келесідей: 
- негізгі оқу пəндерін тереңдете игеру;
- қосымша пəндерді (логика, риторика, шет ел тілдері жəне т.б.) 
меңгеру; 
- мамандық (стенография, компьютерлі, бағдарлама түзу) алуға 
байланысты қосымша пəндерді өту; 
Факультатив бағыттары теориялық, тəжірибелік немесе аралас 
болуы мүмкін.
Оқу саяхаттары -əрқилы нысандар мен қоршаған дүние 
құбылыстарын оқушылардың тікелей бақылау жəне зерттеуіне 
арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында 
жүргізілетін оқу ұйымдастыру формасы. 


Бақылау нысандарына байланысты оқу саяхаттары өндірістік 
табиғат тану, өлке тану, əдеби, жағрапиялық жəне т.б. болып 
ажыралады. 
Білімдену мақсаттарына тəуелді тақырыптық жəне шолу саяхаттары 
жүргізіледі. Тақырыптық саяхаттар бір не бірнеше оқу пəндерінің 
өзара байланысты тақырыптарына арналады (мысалы, физика жəне 
химия, биология жəне география). Ал шолу саяхаттары өте кең 
тақырыптар шеңберінде өткізілуі мүмкін. 
Оқу бағдарламасындағы орнына орай саяхаттар кіріспе, ағымды, 
қорытынды ретінде ұйымдастырылады. 
Қалаған саяхат жалпы оқу жүйесінің маңызға ие сипатты бөлігі 
ретінде пайдаланылғаны жөн. 
Саяхаттық оқу формасының дамыған түрі – бұл экспедиция
экологиялық жағдайлармен таныуға , тарихи деректер, жəне ауызекі 
əдебиет материалдарын жинауға бағышталған оқу жорықтары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет