Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет84/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Курстық (жоба) жұмысоқу ұйымдастыру формасы ретінде 
жоғары мектеп жүйесінде оқу пəнін игерудің қорытынды кезеңінде 
пайдаланылады. Ол меңгерілген бөлімдерді болашақ мамандардың іс-
əрекет аймағымен байланысқан өндіріс-техникалық не басқа міндет, 
мəселелерін шешуде пайдалану мүмкіндігін ашады. 
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сəйкес білім орындарының 
оқушылары курстық жоба не курстық жұмыс жазады. Мұндай 
жұмыстар жалпығылымдық , математикалық не арнайы пəндер 
бойынша дайындалады. Оларды орындау барысында студенттер 
техникалық, технологиялық жəне математикалық проблемаларды 
шешеді. 
Курстық жұмыс жалпы гуманитарлық, жалпы кəсіби жəне арнайы 
пəндер бойынша жазылады. Олардың дайындалу барысында оқушылар 
оқу-ізденіс, зерттеу сипатындағы мəселе, міндеттермен айналысады. 
Дипломдық жобабілім беру мекемесіндегі бүкіл оқу процесінің 
аяқталу кезеңінде қолданылатын оқу ұйымдастыру формасы. Бітіруші 
түлек ғылыми-теориялық, өндірістік-экономикалық маңызы бар 
тақырыпта диплом жобасын түзеді не дипломдық жұмыс жазады жəне 
қорғайды, соның негізінде Мемлекеттік біліктілік комиссиясы 
студентке мамандық біліктілігі лауазымын беру жөнінде шешім 
қабылдайды. 
 Өндірістік практика - жоғары мектепте оқу процесін 
ұйымдастырудың көп формаларының бірі. 
Өндірістік практиканың дидактикалық мақсаттары – кəсіби 
ептіліктер мен дағдылар қалыптастыру, сонымен бірге шынайы 
болмыста қолдану арқылы игерілген білімдерді кеңіту, бекіту, 
қорытындылау жəне жүйелеу. 


Өндірістік практиканың құрылымы практикалық оқу мазмұнына 
байланысты айқындалып, нəтижеде ол маманның кəсіби іс-əрекетке 
болған біртұтас дайындығын, яғни нақты маманның өз біліктілігінің 
сипаттамасына сəйкес кəсіби қызмет лауазымдарын атқаруға дайын 
болуын қамтамасыз етуі шарт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет