Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да,
баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар
сабағында тыңдалады жəне талқыланады.
Семинардың ерекше түрі
семинар-сөз-жарыс. Ол
қандай да бір
проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық
талқыға арналады. Мұндай семинардың мақсаты –дүниетанымдық
бағыт-бағдар бекіту, бағалау пікірлерін қалыптастыру,
пікірталас
жүргізу ептіліктерін дамыту, өз көзқарастары мен ұстанымдарын
қорғауға үйрету, өз ойын қисынды да анық баяндауға баулу.
Оқу конференциясы – білім арттыру, бекіту жəне жетілдіруге
бағытталған оқу ұйымдастыру формасы. Əдетте, мұндай форма
бірнеше топтардың қатысуымен өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: