Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет87/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемді жəне шығармашыл 
оқудың басты принциптеріне негізделеді. Бұл оқуда оқушының 
білімдік табыстары белгіленген ғылыми білімдер кеңістігіндегі оның 


тұлғалық шығармашыл қабілеттерінің өзінше іске қосылуымен тікелей 
байланысты. Осыдан, мұғалім міндеті – баланың барша ұнамды адами 
қасиеттерінің (нышан, талант, дарын, т.с.с.) оянуына ат салысып
оларды білім игеру процесіне қоса білу. 
Тұлғалық бағдарлы оқу мəні – білімдену бағдарламалары мен оқу 
процесі əр оқушының жеке өзіне тəн танымдық ерекшеліктерін 
ескерумен түзіледі əрі іске қосылады. 
Компьютерлі оқу жəне оқыту қызметтері электронды есептеу 
машиналарының кері байланысты оқыту – бақылау бағдарламаларына 
негізделеді. ЭЕМ оқу процесіндегі білім мазмұнының игеріліп 
жатқандығы жөнінде кері ақпараттың дəл əрі молдығынан даралықты 
оқуды күшейтеді. 
Модульді оқуда – білімдік ақпараттың шағын дидактикалық 
бөлшегінің – модульдің көп тарапты қызметтер атқаруынан білім 
мазмұнының тұтастай игерілуін қамтамасыз етуге болады. 
Қашықтықтан оқыту түрі қазіргі заман телебайланыс жүйесін 
пайдаланумен көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
Пəнаралық оқу – сыбайлас білім салаларындағы пəнаралық жəне 
пəнішілік байланыстарды іске асыруға бағытталып, біріктірілген оқу 
пəндерін меңгеруді көздейді 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
1. Оқудың ұйымдастырылу түрі деген не? 
2. Оқудың сынып-сабақтық формасының ерекшелігі неде? 
3. Сабақ құрылымының əртүрлі болуының себебі қандай? 
4. Оқу 
процесінің 
əртүрлі 
ұйымдасу 
формаларына 
өз 
тəжірибеңізден мысал келтіріңіз. 
5. Негізгі оқу түрлері жəне олардың ерекшеліктері қандай? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет