3-бөлім. ТƏРБИЕ ТЕОРИЯСЫ
12- дəрісбаян. Тəрбие мəн-мағынасы
«Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие беру
керек. Тəрбиесіз берілген білім адамзаттың
қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат
əкеледі.»
əбу Насыр əл-Фараби
Жоспары
1. Тəрбие міндеттері мен қызметтері.
2. Тəрбие процесінің ерекшеліктері.
3. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі.
12.1. Тəрбие міндеттері мен қызметтері
Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
–
əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас
ұрпақ өкілдеріне өткізу.
Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи
даму барысында
жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға
белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері,
құқықтық,
адамгершілік жəне т.б. нормалар.
–
педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін
ұйымдастырылған
арнайы
іс-əрекет,
тұлға
қалыптастыруға
бағытталған мақсатты процесс.
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам
құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам
тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет
нормалары рухында жүріп жатуы қажетті.
Жалпы адамзаттық
құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге
əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер,
ықпал
жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның
əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске
асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті
қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады.
Мұндай тəрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның
қабылдау
жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-
күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады),
сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті
тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі
құралы – тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы
тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен,
тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру
барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін
қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе
жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік
процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
Достарыңызбен бөлісу: