Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


 Педагогикалық жүйелерді басқарудың



Pdf көрінісі
бет144/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

18.2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың 
негізгі принциптері 
Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты 
басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол 
принциптер төмендегідей:


- педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру жəне 
гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен 
олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының 
дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне 
басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты 
қажет етеді; 
- орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы 
үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық 
органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне 
орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне 
қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды
жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі 
қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып 
баруға мүмкіндік береді; 
- жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл 
принципті ұстанудағы мақсат- біртұтас педагогикалық процесті 
басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан 
жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің 
əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ал жеке басқару 
тəртіп жəне жөн-жосақ қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс 
қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап 
жүруін қадағалайды. 

педагогикалық жүйелерді басқарудағы шынайылық жəне 
ақпарат молдығы.
Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады: 

уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық; 

басқару қызметі бойынша- талдауға орай, бағалық, 
құрастырушылық, ұйымдастыруға байланысты; 

келіп түсу көздері бойынша- мектепішілік, ведомстволық, 
қарым-қатынастағы мекемелерден; 

мақсаты бойынша - өкімдік, ұсыныс, нұсқау-
таныстыру жəне т.б.

өкілеттіктер беру принципі.
Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы – қызметке 
орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-əрекеттерге 
байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің 
атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп 
директоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов) 
тапсырылсын). Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті 
шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-
əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер- 
басшы қызметі;мақсаттар тағайындау; мектеп стратегиясына орай 
шешім қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, 


оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер;тəуекелдікті 
талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс істер; 
түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; 
жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет