экономикалық
заңдылықтар
ашылды,
олардың
қоғамды
сауаттандыруға байланысты ерекшеліктері зерделенді.
Педагогиканың
əлеуметтану ғылымымен байланысы ежелден келе
жатқан, дəстүрлі. Себебі бұл екеуін де толғандыратын ортақ
проблемалар: білімді жоспарлау; халықтың əртүрлі
топтары мен
əлеуметтік қатарының негізгі даму бағыттарын айыра тану; əрқилы
əлеуметтік орта мен ұйымдардағы тұлғаның қоғамдық кемелденуі мен
тəрбиесі заңдылықтарын ашу.
Қоғам мен мемлекеттегі білім саясатының қалыптасуы əрдайым
үстемдік жүргізуші партиялар мен таптардың идеологиясы негізінде
түсіндіріледі; бұл тұрғыдан педагогика мемлекеттік оқу-тəрбие құралы
ретінде
саясаттану ғылымының заңдылықтарына сүйене отырып,
адамның саяси сана субъектісі ретінде
қалыптасуының шарттары мен
механизмдерін белгілейді, саяси идеялар мен талаптарды игеріп,
орындау мүмкіндіктерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың басқа ғылымдармен
байланыстарын талдауға сала
отырып, оларды пайдаланудың келесі формалары анықталған:
– басқа ғылымдардың негізгі идеялары, теориялық болжамдары мен
қорытындыларының педагогикада пайдалану;
–
бұл
ғылымдарда
қолданылатын
зерттеу
əдістерін
шығармашылықпен қабылдап, меншіктеу;
– психология, жоғары жүйке
қызметі физиологиясы, əлеуметтану
жəне басқа да ғылымдар зерттеулерінің нақты нəтижелерін
педагогикада қолдану;
– адамды жан-жақты жəне көптарапты зерттеуде педагогиканың
қатысуы.
Достарыңызбен бөлісу: