- жалпы жəне арнайы педагогикалық əдебиеттер;
- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;
- педагогикалық мерзімді басылымдар ;
- мектеп, тəрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;
- педагогикалық анықтама құралдары;
- педагогика жəне онымен сыбайлас пəндер бойынша оқулықтар
мен – əдістемелік қолданбалар.
Əдебиеттермен танысудың арқасында
қай проблеманың қандай
тараптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау-дамайлы
жəне қай мəселелердің əлі тың жатқанын білуге болады.
Ə
дебиеттермен жұмыс істеу əдістерінің түрі сан-алуан. Олар
арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу
– зерттелетін мəселеге байланысты іріктеліп алынған деректік
əдебиеттер тізімі;
реферат жазу – жалпы
тақырып бойынша бір не
бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмұны;
конспектілеу – жұмыстың маңызды идеялары мен тұжырымдарына
байланысты жан-жақты материалдарды мұқият қамтыған жазбалар;
аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмұнынан қысқаша
ақпар жазу;
сілтеме (цитата) беру – əдеби деректе келтірілген ой,
пікір не санды өзгертпестен мəтінге ендіре жазу.
Педагогикадағы
математикалық жəне
статистикалық əдістер
сауалнама, эксперимент жолымен алынған деректемелерді өңдеу үшін,
сондай-ақ зерттеліп жатқан құбылыстар арасындағы сандық
тəуелділіктерді анықтау мақсатында қолданылып, эксперимент
нəтижесін бағалауға, қортындылар
сенімділігін арттыруға, теориялық
тұжырымдарды негіздеуге жəрдемдеседі. Математикалық əдістер
арасында педагогикада ең көп қолданымға келетіндері: тіркеу
(регистрация), ранжирование (тəртіпке келтіру), өлшемге түсіру
(декодирование). Статистикалық əдіспен қолға түскен көрсеткіштердің
орташа сандық шамасы айқындалады: орта арифметикалық
(салыстырып бақылау жəне эксперименттік топтардың жазба
жұмыстарында жіберілген қателердің орташа санын шығару үшін);
медиана – тізімдердің орта тұсындағы көрсеткіш (топта он екі оқушы
болса, бағаның өсу дəрежесімен өрнектелген
тізімде алтыншысының
бағасы - медиана ); таралу дəрежесі – дисперсия немесе орташа
квадраттың ауытқу, баламалар коэфиценті жəне т.б.
Мұндай есептерді жүргізу үшін белгілі формулалар, анықтама
таблицалар
қабылданған.
Осы
əдістермен
жинақталған
көрсеткіштердің сандық тəуелділіктері графиктер,
диаграммалар,
таблицалар түрінде өрнектеледі.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп
жатқан, əлі анықталмай елеусіз болған құбылыстар байланысы мен
тəуелділіктері ұланғайыр, тың халінде. Педагогиканың жемісті дами
түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті
іс-əрекеті. Егер осы теориялық жəне тəжірибелік
ізденістер аталған
педагогикалық əдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса ғана,
педагогтың өз тəжірибесі де, басқалардың да педагогикалық
ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп, талданады,
соның
нəтижесінде оқу-тəрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен
жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: