Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет33/159
Дата06.11.2022
өлшемі1,76 Mb.
#47812
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   159
Байланысты:
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Педагогика

эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне 
оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін 
зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал 
жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін 
өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық 
(проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау
міндеттер мен гипотеза белгілеу); 
- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын 
айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-
тылау); 
- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін 
орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне 
зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау); 


- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме
беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу. 
Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі 
жағдайында) жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру 
үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз 
алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент 
қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, 
мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы 
мүмкін. 
Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен 
танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал 
оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға 
арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп 
аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек 
бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны 
жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында 
ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі 
мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі 
де маңызды келеді. 
Жоғарыда аталған əдістер тобы педагогикалық құбылыстар 
танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара 
ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы 
топталған алғашқы деректік материалдың мəн-мағынасын ашып, 
заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау 
əдісімен орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет