Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



Pdf көрінісі
бет3/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63

2-тақырып. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары       21

XX ғасырдың соңғы он жылында Қазақстан мемлекеттік деңгейде ста-

тистиканы жетілдіру дің үш бағдарламасын қабылдады. 

Бірінші – Статистиканы, бастапқы жəне бухгалтерлік есепті қайта 



құру жөніндегі мемлекеттік бағдарламада (Қазақстан Республикасы Ми-

нистрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 қаулысымен 

бекітілген)  өзекті  проблемаларды  шешуге  ерекше  назар  аударылып,  ре-

сурстар бөлінді.

Экономиканың  нақты  секторында,  қаржы  жəне  банк  саласын-

да  халықаралық  деңгеймен  бірдей  ұлттық  статистиканы  қалыптастыру 

жөнінде шаралар қолданылды. Ұлттық шот жүйесіне көшу, республикада 

статистиканың  сыртқы  экономикалық  қызмет,  төлем  балансы,  баға  жəне 

т.б. жаңа тарауларына көшудің негізін қалайтын іс-шаралар кешені жүзеге 

асырылды.  Статистиканың  басқа  салалары  да  халықаралық  талаптарға 

сəйкес реформалана бастады.

Қолданылған  шаралар  жалпы  ішкі  өнімді  (ЖІӨ)  жəне  басқа  да 

макроэкономикалық  көрсеткіштерді  есептеуді  бастауға,  сонымен  бірге 

елдің  төлем  балансын  жасауға,  баға  статистикасын  дамыту  үшін  бағалар 

мен тарифтерді тіркеу жөніндегі желі құруға мүмкіндік берді. Осы кезеңде 

нарықтық  экономика  статистикасының  құралы  ретінде  шаруашылық 

жүргізуші субъектілердің мемлекеттік тіркелімі қалыптастырылды. Үлкен 

ЭЕМ-нан дербес компьютерлерге көшу жүзеге асырылды.

Статистиканы реформалаудың бірінші бағдарламасын іске асыру нəти-

жесінде  тəуелсіз  мемлекеттің  мəртебесіне  лайық  ұлттық  статистикалық 

жүйе  құрылды.  Республиканың  мемлекеттік  статистикасының  тари-

хын  зерттеуші  К.Д.  Байжанованың

*

  пікірінше  Қазақстан  осы  миссияны 



1991-1994  жылдар  аралығында  орындады. 1995 жылдан  бастап  алғашқы 

Бағдарламаны іске асырылып жатқан уақыттың өзінде-ақ республика халық 

шаруашылығы балансының көрсеткіштерін есептеуді алып тастап статис-

тиканы реформалаудың екінші кезеңіне қадам басты.

Екінші бағдарламада – Қазақстан Республикасында мемлекеттік ста-

тистиканы жетілдірудің 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасында 

(Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 1996 жылғы 8 қазандағы  №1244 

қаулысымен бекітілген) ақпарат жинаудың салалық қағидасынан кəсіпорын 

статистикасына бірте-бірте көшу; халықаралық жіктемелермен үйлесті рі л ген 

жаңа экономикалық жіктемелер мен техникалық-экономикалық ақпа ратты 

кодтау  жүйесін  енгізу;  қоғамның  статистикалық  ақпаратқа  қажеттілі гін 

бұдан  да  толық  қанағаттандыру  үшін  жағдай  жасау  үшін  статистикалық 

байқау əдістерін реформалау сияқты басты бағыттар белгіленді.

*

 Байжанова К.Д. История развития государственной статистики Казахстана. Диссерта-



ция на соиск. уч. степени канд. наук по специальности 08.00.12 – Бухгалтерский учет, ста-

тистика. – Оренбург, 2004. 



22       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Екінші бағдарламаны іске асыру:

–  ұлттық шотты құруды жалғастыруға жəне салалық статистикаларды 

БҰҰ-ның 1993 жылғы ҰШС-тың əдістемелік негізінде реформалау-

ды бастауға;

–  жаңа  бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  енгізілуіне  байланысты  қаржы 

жəне ақша-кредит статистикасының нысандарын қайта қарауға;

–  статистикалық  тіркелімді  қалыптастыруға  жəне  статистикалық 

ақпарат əзірлегенде экономикалық қызметтің түрлерін халықаралық 

жіктеуді жəне өнім мен қызметтерді жіктеуді пайдалануға;

–  ауыл  шаруашылығы  статистикасының  мысалында  статистика лық 

ішінара  бақылау  əдістеріне  көшуді  бастауға,  сондай-ақ  шағын 

кəсіпорындардың  мысалында  кəсіпорын  статистикасына  көшуді 

бастауға;

–  статистика органдарын қазіргі заманғы есептеу техникасы жəне те-

лекоммуникация  құралдарымен  техникалық  қайта  жарақтандыру-

дың келесі кезеңіне көшуге, сондай-ақ республиканың статистика-

лық органдарының ақпараттық ресурстарын қалыптастыруды авто-

маттандыру жөніндегі жұмысты бастауға мүмкіндік берді.

Қазақстан  Республикасының  Парламенті 1997 жылғы  мамырда 

«Қа зақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  статистика  туралы»  жаңа 

(екінші)  Заңды  қабылдады («Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік 

статистика туралы» алғашқы Заң Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің VII сес-

сиясында 1992 жылғы қаңтарда қабылданған болатын).

Жалпы 1996-1998 жылдары  статистиканы  реформалау  басымдық, 

ре сурстарды  аса  маңызды  іргелі  бағыттарда  барынша  шоғырландыру 

қағидасын  негізге  ала  отырып  іске  асырылды,  осының  барлығы  əлемдік 

статистикалық қауымдастыққа кіруге көп септігін тигізді. 

Реформалаудың  үшінші  кезеңі  Қазақстан  Республикасында  мемле-

кеттік  статистиканы  реформалаудың 1999-2005 жылдарға  арналған 

бағдарламасына (Үкіметтің 1998 жылғы 19 қарашадағы №1180 қаулысымен 

бекітілген)  сəйкес  жүзеге  асырылды.  Осы  бағдарлама  еліміздің  басқару 

органдарының, іскерлік орта мен қоғамды елдің, өңірлердің, экономиканың 

салалары  мен  секторларының  əлеуметтік-экономикалық  дамуы  жөніндегі 

басқа  елдердің  ақпаратымен  халықаралық  деңгейде  салыстыруға  бола-

тын  дұрыс  статистикалық  ақпаратқа  қажеттілігін  толық  қанағаттандыру 

мақсатында əзірленді.

Бағдарламада  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  статистика-

сын жетілдірудің 1999-2005 жылдарға арналған мына басымды бағыттары 

көзделді:

–  халықаралық  деңгейде  қабылданған  жіктемелермен  үйлесетін 

ұлттық статистикалық жіктемелер жүйесін енгізу;



2-тақырып. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары       23

–  тіркелімдерді  статистикалық  қызметті  ұйымдастырудың  негізгі 

құралы ретінде дамыту;

–  статистикалық бақылау əдістерін жетілдіру жəне кəсіпорындардың 

статистикасына көшу;

–  нақты,  сыртқы,  мемлекеттік,  қаржы  жəне  əлеуметтік  секторларда 

көрсеткіштер жүйесін, сондай-ақ макроэкономикалық жəне салалық 

статистика əдіснамаларын жетілдіру;

–  Қазақстанның жəне оның өңірлерінің əлеуметтік-экономикалық да-

муын кешенді талдауды жетілдіру;

–  жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жəне автоматтандырылған 

жіктеу банкі, тіркелімдер, кіріктірілген бөлінген дерекқорлар кіретін 

бірыңғай ақпараттық статистикалық ресурстарды қалыптастыру;

–  статистикалық деректерді жариялау жəне тарату жүйесін жетілдіру;

–  статистика жəне ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар-

ға үздіксіз кəсіби білім беру жүйесін жетілдіру;

–  статистика  саласында  халықаралық  ынтымақтастық  жасасу  қарас-

тырылды.


ХВҚ-ның  арнайы  миссиясы 2002 жылы  республиканы  Дерек  тара-

тудың  арнайы  стандартына  (ДТАС)  қосу  мүмкіндігін  қарастыру 

мақсатында  қазақстандық  статистиканың  сапасын  бағалады.  Үкіметтің 

1998  жылғы 11 қыркүйектегі  №871  қаулысына  сəйкес  ҚР  Статистика 

агенттігі  Ұлттық  банкпен  жəне  республиканың  Қаржы  министрлігімен 

бірлесе отырып 1999 жылғы сəуірде Қазақстанның ТМД елдерінің ішін-

де алғашқылар дың бірі болып Дерек таратудың жалпы жүйесіне (ДТЖЖ) 

қосылуын қамта ма сыз етті. 

ХВҚ  миссиясының  қорытындылары  бойынша  есептер  дайындал-

ды.  Аталмыш  есептерде  Қазақстанның 2003 жылдың  шілдесінде  ДТАС-

қа  қосылуы  үшін  деректердің  сапасын  жақсартуы  жəне  бірқатар  даярлық 

жұмысын  жүргізуі  жөніндегі  ұсыныстар  берілді.  Осы  жұмыстардың 

барлығы  орындалғаннан  кейін  Қазақстан 2003 жылғы 24 наурызда,  яғни 

бұрын  тағайындалған  мерзімнен  үш  ай  бұрын  көрсетілген  стандарттарға 

қосылды. ДТАС талаптарына сəйкес Агенттіктің сайтында (http//www.stat.

kz) метадеректер, Деректерді шығару күнтізбесі мен Ұлттық бет орналас-

тырылды.  Аталмыш  беттің  экономикалық  деректері  Деректерді  шығару 

күнтізбесіне сəйкес ұдайы жаңартылады.

Статистикалық  деректердің  сапасы  жоғары  болуына  қарамастан,  ҚР  Ста-

тистика агенттігі шешімі табылған жағдайда қазақстандық статистиканың 

сапасын одан əрі арттыруға, яғни мынадай жағдайда: 1) Агенттіктің ұйым-

дастыру  құрылымын  жетілдіру; 2) статистикалық  қызметтің  ғылыми-тал-

дау сипатын күшейту; 3) əкімшілік деректер көздерін пайдалану сияқты үш 

проблеманы анықтап, үш міндетті қалыптастырды.


24       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Агенттіктің  ұйымдастыру  құрылымы  жүйесін  жетілдіру  аясында 

Агенттікке  бағынысты  өңірлік  ақпараттық-статистикалық  орталықтарды 

(АСО)  дерек  өңдеу  жөніндегі  облыстық  статистикаға  (Агенттіктің 

аумақтық  бөлімшелері)  қосу  арқылы  (статистикалық  деректерді  жинау 

жөніндегі функцияларды беріп) Агенттіктің статистикалық ұйымдарының 

өңірлік құрылымы оңтайландырылды. Мұның өзінде АСО-дың дерек өңдеу 

жөніндегі функциялары «Статистика жөніндегі агенттіктің АЕО» РМК ен-

шілес мемлекеттік кəсіпорындарға берілді.

Статистикалық  қызметтің  ғылыми-талдау  сипатын  күшейту  мəселесі 

бойынша 1991-1997 жылдар аралығында Мемлекеттік статистика жөніндегі 

комитеттің  (Статистика  агенттігі)  бағынысты  ұйымы  ретінде  жұмыс 

істеген  Статистикалық  зерттеулер  мен  болжау  институтын  қайта  құру 

ұсынылады. Осы мəселе шешімін тапқан жағдайда статистика əдіснамасы 

мен əлеуметтік-экономикалық саласын талдау саласындағы реформаларды 

бұдан да қарқынды жүргізуге мүмкіндік туар еді.

Əкімшілік  көздерін  пайдаланып  республиканың  əкімшілік  көздерден 

мемлекеттік  статистика  органдарына  дерек  беру,  сондай-ақ  мемлекет-

тік  статистиканың  мүддесін  ескере  отырып  жалпы  мемлекеттік  жəне 

ведомстволық  дерекқор  əзірлеу  мəселесін  қозғайтын  заңнама  актілеріне 

тиісті өзгерістер енгізу қарастырылады. 

Еуростаттың  сарапшылары  ТАСИС  жобасы  аясында  Қазақстанның 

статистикалық жүйесін жалпы (ғаламдық) бағалады. Агенттік 2004 жылғы 

сəуірде сарапшылардың есебінің соңғы редакциясын алды

*

. Есепте Қазақ-



стан статистикасының жетістіктерге жеткені, статистикалық есептің сапа-

сы ның айтарлықтай жақсарғаны атап өтілген. Сөйте тұра сарапшылардың 

республика статистикасын одан əрі жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушы-

лық  жəне  мазмұндық  сипаттағы  ұсыныстарын  іске  асыру  мақсатында 

ҚР  Статистика  агенттігі 2004 жылдың  басында  Іс-шаралар  жоспарын 

əзірледі.  Ұсыныстар  сондай-ақ  Мемлекеттік  статистиканы  жетілдірудің 2006-

2008 жылдарға арналған кезекті (төртінші) бағдарламасында да ескерілген.

Қолданыстағы  мемлекеттік,  салалық  жəне  өңірлік  бағдарламалардың 

мониторингін  жүзеге  асыру  жəне  «Қазақстан – 2030» Стратегиясына 

сəй кес  жаңа  бағдарламалар  əзірлеу  мақсатында  мемлекеттік  органдар-

ды  статистикалық  деректермен  сапалы  ақпараттық  қамтамасыз  ету  үшін 

Қазақстанның мемлекеттік статистикасын одан əрі дамыту қажет, бұл үшін 

мемлекеттік статистиканы жетілдірудің көп жылғы бағдарламаларын əзір-

леудің қажеттілігі туындап отыр.

Осы бағдарламалар ауқымында деректерді халықаралық деңгейде са-

лыстыруды  жəне  халықаралық  деңгейде  қабылданған  міндеттемелердің, 

Қазақстанның  статистикалық  жүйесін  ғаламдық  бағалау.  Еуростат. 2004 жылғы 



30 наурыз.

2-тақырып. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары       25

яғни  əлемдік  көшбасшылар  БҰҰ  Мыңжылдық  саммитінде 2000 жылы

қабылдаған БҰҰ Мыңжылдық декларациясының мониторингін қамтамасыз 



ету мақсатында статистика саласындағы халықаралық стандарттарға көшу 

қамтамасыз етілуі тиіс. Еуростаттың Статистикалық талаптардың ре-



зюмесі (қысқаша сипаттама) (Statistical Reguirement Compendium)

**

 статис-

тика  саласында  халықаралық  стандарттарға  көшу  жөніндегі  талаптардың 

жиынтығының мысалы болып табылады. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚР Үкіметінің 2003-2006 жыл-

дар ға  арналған  бағдарламасын  іске  асыру  жөніндегі  іс-шаралар  жоспа-

ры  тура лы» 2003 жылғы 5 қыркүйектегі  №903  қаулысына  сəйкес 2005 

жыл дың  соң ында  Агенттік  Үкіметтің  қарауына  Мемлекеттік  статис-



тиканы жетілдіру дің 2006-2008 жылдарға арналған кезекті (төртінші) 

бағдарламасын бекіту ге енгізді. 

Бағдарламаның  мақсаты  республикадағы  статистикалық  қызметтің 

практикасына  Еуропалық  одақта  қабылданған  халықаралық  стандарттарды 

енгізу арқылы статистикалық ақпараттың сапасын арттыру болып табылды. 

Қойылған  мақсатқа  келесі  міндеттерді  шешу  арқылы  қол  жеткізу 

көзделді: 

1)  статистикалық  қызметтің  барлық  аспектілері  бойынша  сапаны 

басқару жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жəне осыған барабар ұйымдастыру 

жəне  құқықтық  негіз  құру  негізінде  статистикалық  жүйені  үйлестірудің 

қазіргі заманғы жүйесіне көшу; 

2)  халықаралық  ұсыныстар  мен  стандарттарды  ұлттық  деңгейге 

бейімдеу мақсатында статистикалық əдіснамалар мен əдістемелер əзірлеу 

жəне оларды енгізу; 

3)  мемлекеттік  жəне  салалық  бағдарламаларды  əзірлеп  енгізуді 

ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту үшін статистикалық ақпаратты тал-

дауды ұйымдастыру мен жүргізуге жүйелік көзқарасты енгізу; 

4)  деректерді жинау, өңдеу, сақтау мен тарату жөніндегі халықаралық 

стандарттардың талаптарына жауап беретін «Мемлекеттік статистика» деп 

аталатын бірыңғай статистикалық жүйе құру; 

5)  техникалық  көмек  алудан  БҰҰ  Ресми  статистикасының  негіз 

қалаушы  қағидаларына  сəйкес  белсенді  халықаралық  ынтымақтастық 

жасасуға көшу.

Бағдарлама ойдағыдай іске асырылған жағдайда статистикалық дерек-

терді  барлық  негіз  қалаушы  халықаралық  стандарттар  мен  ұсыныстарға 

сəйкес  шығаруды  қамтамасыз  ететін  қазіргі  заманғы  ұлттық  статистика 

жүйесі қалыптастырылады. 

Бас Ассамблеяның 55/2 қарары (резолюциясы).



**

 Statistical Reguirement Compendium. Eurostat Unit F-3. December 2003.



26       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

2.3.

Ресми статистиканың негізін 

қалайтын қағидалары

Келеңсіз  саяси  ықпалға  бағынышты  емес  сенімді  ұлттық  статистика 

жүйесін құру жəне оны дамытуда БҰҰ Статистикалық комиссиясы Нью-

Йоркте 1994 жылғы 11-14 сəуір

аралығында (1-қосымша)  өткен  арнайы 



сессиясында бірауыздан қабылдаған Ресми статистиканың негізін қалаушы 

қағидалары маңызды рөл атқарады.

Олардың мəні қысқаша төмендегіге саяды:

1.  Ресмилік.  Мемлекеттік  статистикалық  ведомстволар  аза-

маттардың  қоғамдық  ақпарат  алу  құқығын  құрметтеуді  қамтамасыз  ету 

үшін  практикалық  жағынан  құнды  ресми  статистикалық  деректер-

ді  объективті  негізде  дайындап  таратады.  Бұл  ресми  статистиканың 

демократиялық қоғамның ақпараттық жүйесінің мемлекеттік органдарды, 

іскерлік орта мен қоғамды экономикалық, демографиялық, əлеуметтік жəне 

экологиялық жағдай жөніндегі деректермен қамтамасыз ететін қажетті эле-

менті болуымен байланысты. 

2.  Кəсіби.  Ресми  статистикаға  артылатын  сенімді  ақтау  мақсатында 

статистикалық  ведомстволар  дерек  жинау,  өңдеу,  сақтау  жəне  та-

быс  ету  əдістері  мен  тəртіптемелеріне  қатысты  шешімдерді  ғылыми 

қағидалар мен кəсіби этиканы қоса алғанда кəсіби жағынан ерекше назар 



аударып қабылдауға тиіс. 

3.  Ғылыми.  Деректерді  дұрыс  түсінуді  қамтамасыз  ету  үшін 

статистикалық  ведомстволар  ақпаратты  статистика  саласындағы 

көздер, əдістер мен рəсімдерге қатысты ғылыми стандарттарға сəйкес 

беруге тиіс. 

4.  Деректерге  түсініктеме  беру.  Статистикалық  ведомстволар 

қате түсіндірмелерге немесе статистикалық деректерді қате пайдалану-

ға түсініктеме беруге құқылы.

5.  Дерек жинау сызбасын оңтайландыру. Статистикалық мақсат тағы 

деректер статистикалық зерттеу немесе əкімшілік есептілік сияқты барлық 

көздерден жиналуы мүмкін. Статистикалық ведомстволар сапаны, мер-

зімділікті,  респонденттерге  жүктелетін  шығын  мен  жүктемені  ескере 

отырып деректемені таңдауға тиіс. 

6.  Бастапқы деректердің құпиялылығы. Статистикалық ведомство-

лар статистикалық ақпарат дайындау үшін жинайтын жеке деректер олар 



жеке  немесе  заңды  тұлғаларға  қатысты  екеніне  қарамастан  қатаң 

құпиялы  болуы  жəне  тек  статистикалық  мақсатта  ғана  пайдалануы 

тиіс. 

*

  Экономикалық  жəне  əлеуметтік  кеңестің  ресми  жазбалары, 1994, №9  қосымша 



(Е/1994/29), V тарау

2-тақырып. Статистиканы ұйымдастыру қағидалары       27

7.  Статистиканың  жариялылығы.  Статистикалық  жүйелер 

қолданылатын  ауқымдағы  заңдар,  нормалар  мен  өлшемдер  жариялануы 

тиіс. 

8.  Статистикалық  қызметті  үйлестіру.  Келісімділік  пен  тиім-

ділікті  қамтамасыз  ету  үшін  статистикалық  жүйеде  статистикалық 



ведомстволардың  қызметін  елдің  деңгейінде  үйлестіруді  жүзеге  асыру 

қажет

Осы  қағида  статистикалық  қызметті  жүргізетін  барлық  мемлекеттік 

органдарды  қамтиды,  сол  себептен  мемлекеттік  статистиканы  жетілдіру 

ісінде  маңызды  рөл  атқарады.  Аталмыш  мемлекеттік  органдарға  ҚР  Ста-

тистика агенттігі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Еңбек жəне 

халықты əлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ауыл шаруашылығы министр-

лігі, ҚР Білім жəне ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, 

Бас прокуратура жəне т.б. жатады. 



9.  Əрбір  елдегі  статистикалық  ведомстволардың  халықаралық 

тұжырымдамалар  мен  əдістерді  қолдануы.  Осы  қағида  статистикалық 

жүйенің барлық ресми деңгейде келісілуі мен тиімділігіне ықпал етеді. 



10.  Статистика  саласындағы  екі  жақты  жəне  көп  жақты 

ынтымақтастық  жасасу  барлық  елдердің  ресми  статистика  жүйесінің 

жақсаруына көмек көрсетеді. 

Адамзат  өркениеті  индустриалдық  экономикадан  ақпарат  негізгі 

тұтынылатын ресурсқа айналған ақпараттық экономикаға көшкен заманда 

статистиканың маңызы да артты. 

ТМД елдерінде ұлттық статистика қызметтерінің құрылымы бұрынғы 

Кеңес  Одағынан  мұра  ретінде  қалды  жəне  ол  тұтастай  статистикалық 

бақылау əдісі қолданылған жағдайдағы орталықтандырылған жоспарлаудың 

қажеттілігіне қызмет етті. Құрылым мемлекеттік басқару құрылымы жетіл-

дірілуіне  орай  бірнеше  рет  өзгерді.  Жалпы  экономикасы  өтпелі  елдерде 

ресми  статистиканы  реформалаумен  қатар  оның  қоғамның  қажеттілігін 

ақпаратпен  қамтамасыз  етудегі  рөлі  артты.  Реформалар  барысында  басқа 

да  сыртқы  жəне  ішкі  факторлардың  ықпалынан  мемлекеттік  статистика 

органдарының мекемелері де, оның ішінде өңірлік деңгейдегі құрылымдары 

да өзгеріске ұшырады. 

Мəселен, Арменияда Статистика министрлігі 2000 жылы өз функция-

ларын қоғам мүдделерінде жүзеге асыратын жəне өз міндеттерін атқарғанда 

мемлекеттік  органдар  мен  жергілікті  басқару  органдарына  тəуелді  емес 

органның  мəртебесін  алған  Ұлттық  статистика  қызметі  (ҰСҚ)  болып 

қайта құрылды. Арменияның ҰСҚ республиканың Парламентіне есеп бе-

реді.  Арменияның  ҚСҚ  өңірлік  құрылымына  Ереван  қалалық  агенттігі, 

10 өңірлік статистикалық агенттік пен 37 жергілікті бөлім кіреді. Өңірлік 

статистикалық агенттіктердің басшыларын Президент тағайындайды. 


28       I БӨЛІМ. Статистиканың жалпы теориясы

Қырғыз  Республикасының 1995 жылы  құрылған  Ұлттық  статистика-

лық  комитеті  (Ұлттық  статком)  Қырғызстанның  бүкіл  аумағында 

статистикалық қызметті тəуелсіз негізде ұйымдастырып үйлестіретін мем-

лекеттік  бас  ақпараттық-статистикалық  орган  болып  табылады.  Ұлттық 

статком  Үкіметтің  құрамынан  шығарылған  жəне  республиканың  Прези-

дентіне ғана есеп береді. Ұлттық статкомның өңірлік құрылымына 8 өңір-

лік жəне 49 аудандық статистика органы кіреді, олардың басшыларын Ұлт-

тық статкомның Төрағасы тағайындайды. 

ҚР  Статистика  агенттігі  ҚР  Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы 

№1460 қаулысымен бекітілген Ережеге сəйкес «Қазақстан Республика сы ның 

Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органы болып табыла ды». 

Сонымен бірге оның қызметі Үкіметтің қаулыларымен реттеледі, ал Агент тік-

тің Төрағасын Агенттік туралы ережеге сəйкес Қазақстан Республика сы ның 

Үкіметі қызметке тағайындайды жəне қызметтен босатады. 

Сөйтіп,  ТМД  үш  елінің  мысалынан  БҰҰ  ресми  статистикасының 

10  қағидасынан  туындайтын  жалпы  ортақ  функцияларға  қарамастан  ұлт-

тық статистикалық органдардың мəртебесінде елеулі ерекшеліктердің бар 

екенін көруге болады. 

2.4.

Қазақстанда жəне шет елдерде 

статистиканы қазіргі кезеңде 

ұйымдастыру

Қазақстанда халықаралық ұсынымдарға сəйкес орталықтандырылған 

мемлекеттік статистика жүйесі қабылданған. 

Статистика  агенттігі  статистика  саласында  бірыңғай  мемлекеттік 



саясат  жүргізуді  жəне  басшылық  жасауды  келесі  іс-шараларға  негіздеп 

қамтамасыз етеді: 

статистиканы  дамытудың  ұзақ  мерзімді  бағдарламаларын  əзір леу 

жəне  оларды  іске  асыру.  Бағдарламаларда  статистиканы  ұйым-

дастыру,  стандарттар  мен  əдістемелер  əзірлеп  енгізу  жөніндегі  іс-

шаралар енгізілген; 

жыл  сайынғы  Статистикалық  жұмыстардың  жоспарын  əзірлеу  жə не 

оларды іске асыру. Осы жоспарларда Агенттік пен басқа да мемле-

кеттік  органдар  жүргізетін  барлық  статистикалық  бақылаулар дың 

тізбесі болады. Статистикалық жұмыс жоспарынан тыс жүргізілетін 

зерттеулер статистикалық болып табылмайды; 

статистикалық бақылау жүргізуге арналған статистикалық нұсқау-

лар мен нысандарды əзірлеу жəне бекіту; 

нормативтік-құқықтық актілерді əзірлеу жəне оларды бекіту. 








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет