Оқулық Алматы 2010 ббк 65. 051 Ш 78



Pdf көрінісі
бет46/63
Дата06.03.2017
өлшемі2,85 Mb.
#7643
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63

18-тақырып. Өндіріс нəтижелерінің статистикасы        387

үй  шаруашылықтарына  қызмет  көрсететін  қоғамдық  ұйымдардың 

ағымдағы  шығыны  (күрделі  салымға,  күрделі  жөндеуге,  жабдық 

пен құрал сатып алуға, ақшалай жəне табиғи нысандағы əлеуметтік 

жəрдемақыға жұмсалатын шығынсыз);

үй шаруашылықтарының жеке жəне ұжымдық қажеттілігіне қызмет 

көрсететін қоғамдық ұйымдардың негізгі капиталының тозуы. 

Статистикада түпкілікті тұтынуға жұмсалатын шығыспен қатар нақты 

тұтыну қарастырылады. 

Нақты  түпкілікті  тұтынуға  (НТТ)  резидент-үй  шаруашылықтары 

қаржыландыру көзіне қарамастан жеке тұтыну үшін сатып алған тауарлар 

мен қызметтердің құны жəне мемлекеттік басқару органдары жалпы қоғам-

ға  көрсететін  ұжымдық  қызметтердің  құны  кіреді.  Үй  шаруашылықтары-

ның  нақты  түпкілікті  тұтынуы  олардың  жеке  ағымдағы  табысы  мен  үй 

шаруашылықтарына  тегін  қызмет  көрсететін  мемлекеттік  басқару  орган-

дары  мен  коммерциялық  емес  ұйымдардан  тегін  алған  тұтыну  тауарлары 

мен қызметтерінен (табиғи нысандағы əлеуметтік трансферттер) құралады. 

Мемлекеттік басқару органдарының нақты түпкілікті тұтынуы олар халыққа 

көрсеткен ұжымдық қызметтердің құнына тең болады. 

Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық ұйымдарда 

нақты  түпкілікті  тұтыну  болмайды,  өйткені  олар  беретін  тауарлар  мен 

көрсететін қызметтер шартты түрде жеке деп қарастырылады жəне табиғи 

нысандағы əлеуметтік трансфертке жатады. 

Жалпы экономикада түпкілікті тұтыну шығыны мен нақты тұтыну деп 

аталатын көрсеткіштер тең болуы тиіс. 



Қазақстан Республикасы капиталының құралуы немесе жалпы капи-

талының қорлануы (ЖКҚ): а) негізгі капиталдың жалпы қорланымының; 

ə)  материалдық  айналым  қаражаты  қорының  өзгеруі;  б)  құндылықтарды 

таза сатып алудың сомасы ретінде қалыптасады. 

Негізгі  капиталдың  жалпы  қорланымы  (НКЖҚ)  деп  резидент  бір-

ліктердің жаңа табысты келешекте өндірісте пайдалану арқылы құру үшін 

ұзақ  мерзім  пайдаланылатын  инвестициялық  объектілерге  қаражат  салуы 

аталады.  Негізгі  капиталдың  жалпы  қорланымына  мынадай  элементтер 

кіреді: 

1.  Негізгі  капиталдың  кетуін  қоспағанда  олардың  жаңа  жəне  қол-

даныстағы түрлерін сатып алу. 

2.  Өндірілмеген  материалдық  активтерді  жақсартуға  жұмсалатын 

шығын. 

3.  Меншікті өндірілмеген активтерге берумен байланысты шығыс. 



Материалдық  айналым  қаражаты  қорының  өзгеруі  өндірістік  қорлар-

дың,  аяқталмаған  құрылыстың,  даяр  өнім  мен  кезең  соңында  қайта  саты-

латын тауарлардың жəне кезең басындағы тиісті көрсеткіштердің құнының 

айырмасы ретінде есептеледі. 



388       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Құндылықтарды,  яғни  бағалы  металды,  тастарды,  зергерлік  бұй ым-

дарды,  антиквариатты  жəне  т.б.  сатып  алу  мен  істен  шыққандар  арасын-

дағы айыр маға тең болады. 

Сөйтіп, жалпы ішкі өнім əр түрлі құрамдастардың негізінде үш əдіспен 

есептеледі, осының нəтижесіндже олардың саны үйлеспейді, статистикалық 

алшақтыққа  (СА)  жол  беріледі.  Статистикалық  қызмет  дамыған  елдерде 

ЖІӨ-ді  түпкілікті  пайдалану  əдісі  бойынша  есептеуде  ЖІӨ-ді  өндірістік 

əдіспен есептеуден ауытқу 1–2%-дан аспаған жағдайды біршама қалыпты 

деп саналады. 

Статистикалық алшақтық: 

кəсіпорындар мен үй шаруашылықтарының табысты жасыру салда-

рынан ақпараттық базаның дұрыс болмауынан; 

бухгалтерлік  есептіліктің  халықаралық  стандарттарға  сəйкес-

сіздігінен; 

кəсіпорын деңгейіндегі қаржы есептілігінде көрсетілетін пайда ту-

ралы ақпараттың сенімсіздігінен пайда болады. 

Таза ішкі өнім (ТІӨ) негізгі капиталды тұтыну шегерілген жалпы ішкі 

өнімге тең: ТІӨ = ЖІӨ – НКТ.



Ұлттық  табыс  деп  Қазақстан  Республикасының  резиденттері  есеп-

ті  кезеңде  нарықтық  бағада  жасаған  барлық  тауарлар  мен  қызметтердің 

жиынтық нарықтық бағасы аталады. 

Қазақстан  Республикасының  резиденттеріне  түсетін  табыс  қызмет-

керлердің  еңбекақысы  мен  меншіктен  түсетін  табыстан  (МТ)  құралады. 

Меншіктен түсетін табыс – экономиканың барлық секторлары пайыз, ди-

виденд, рента, тікелей шетелдік инвестициялардан алынатын инвестиция-

лық табыс нысанында алынатын бастапқы табыстар. Жалпы ұлттық табыс-

тың жалпы ішкі табыстан айырмашылығы оның санына жердің, капитал-

дың, еңбектің жəне т.б. тағы таза факторлық табысы (ТФТ) қосылуымен 

байланысты. 

Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) = ∑БТ экономика секторларының +

 



БТ қалған əлемнің = ЖІӨ + 





ТФТ 

(табысты бастапқы бөлу шотында),

мұнда 



БТ немесе 





ТФТ – Қазақстан Республикасы «қалған əлем» сек торынан 

(яғни бейрезиденттерден) алған табыс сомасы мен Қазақстан Республика-

сы «қалған əлем» секторына төлеген табыс сомасының арасын да ғы айырма 

ретінде анықталатын бастапқы табыстың сальдосы немесе таза факторлық 

табыс  ретінде  анықталады.  Мысалы,  жердің  таза  факторлық  табысын 

анықтау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері бейрезиденттерден 

алған жерді жалға алу төлемінің сомасынан Қазақстан Республикасының ре-

зиденттері бейрезиденттерге берген жерді жалға беру төлемін шегеру қажет. 

Капиталдың  таза  факторлық  табысын  анықтау  үшін  бейрезиденттердің 





18-тақырып. Өндіріс нəтижелерінің статистикасы        389

Қазақстан  Республикасының  резиденттеріне  жұмсаған  инвестициялардан 

алынған  дивидендтердің  сомасынан  Қазақстан  Республикасының  рези-

денттері бейрезиденттерге төлеген дивидендтердің сомасын шегеру қажет. 

Еңбектің таза факторлық табысын білу үшін Қазақстан Республикасының 

резиденттері бейрезиденттерден алған табыс сомасынан Қазақстан Респуб-

ликасы резиденттерінің басқа елдің бейрезиденттеріне төлеген табыс сома-

сы шегеріледі. 



Меншіктен түсетін табысты қаржы активтерінің, жерлер мен басқа 

да материалдық емес қаржы емес активтердің иелері шаруашылық бірлікті 

пайдалану құқығын бергені үшін алады. Барлық секторлар оларды алады 

жəне төлейді. 

БТ «қаржы», «қаржы емес 

корпорациялар» секторларының 

=

ЖП

+



Δ

БТ меншіктен 

мұнда: 

Δ

БТ меншіктің – «қалған əлем» секторынан алған жəне «қал ған 



əлемге» берілген бастапқы табыс сальдосы. 

БТ «мемлекеттік басқару 

органдары» секторының 

=

ЖП



+

Δ

БТ 



меншіктің  +

ТС өндіріс 

пен импортқа 

БТ «үй 


шаруашылығы»

секторының 

= ЖП + ЖАТ +

Δ

БТ 



меншіктен +

ЕТ ішкі экономика 

секторының 

жалдамалы 

қызметкерлерінің 

БТ «үй шаруашылықтарына қызмет 

көрсететін коммерциялық емес ұйымдар» 

секторының 

=

ЖП осы 


сектордың

Ішкі экономиканың секторлары бойынша меншіктен алынған табысты 

есептегенде экономиканың бір секторына басқа сектордан түскен мынадай 

табыс кіреді: 

халықтың  банктердегі  салымдары  бойынша  үй  шаруашылықтары-

ның пайыз сомасы; 

банктерге кредит бергені үшін төленетін сыйақының сомасы;

акционерлік  капиталға  қатысудан  түсетін  дивиденд  пен  басқа 

табыстың сомасы; 

жерді пайдалану үшін төленетін таза рентаның сомасы;

пайдалы кен қазбасы қорын, орман жəне балық алқабын игеру үшін 

төленетін төлем; 

авторлық құқықты, патентті, сауда белгісін жəне басқа да материал-

дық емес активтерді пайдалану үшін төленетін төлем. 







390       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Меншіктен түсетін табысқа мыналар кірмейді: 

жерді  жəне  материалдық  емес  қаржы  емес  активтерді  толық  беру, 

сатып алу-сату;

салымдер мен кредиттердің сомасы; 

ғимараттар,  машиналар  мен  жабдықтарды  жалға  алу  төлемі  (бұл 

аралық тұтыну); 

жер  салығы  (егер  өндірістік  қызметке  байланысты  өндірілсе,  онда 

өндіріс  салығы  ретінде  немесе  табыс  салығының  нысаны  болса, 

онда ағымдағы трансферт ретінде өндіріледі). 

Меншіктен түсетін табысты жалпы экономика деңгейінде есептегенде 

оған «қалған əлемнен» алынған меншіктен түсетін табыс қосылады, яғни: 

Қазақстан  Республикасының  үкіметі  басқа  елдердің  үкіметіне 

берген  кредиттердің,  сондай-ақ  шетелдік  фирмалардың  сыртқы 

экономикалық  бірлестіктері  берген  коммерциялық  кредиттердің 

пайызының түсімдері; 

басқа елдер – Қазақстан Республикасының резиденттері акционерлік 

капиталға қатысу үшін төлеген дивидендтер мен басқа табыстар; 

Қазақстан  Республикасында  жермен  пайдаланудың  (мысалы,  ше-

телдік елшіліктер жалға алған) таза рентасы; 

Қазақстан Республикасында пайдалы кен қазбасының қорын, орман 

жəне балық аулау ресурстарын игеру төлемі; 

Қазақстан  Республикасына  тиесілі  авторлық  құқықтарды,  патент-

терді,  сауда  белгілері  мен  басқа  да  материалдық  емес  активтерді 

пайдалану төлемі; 

шетел  компанияларының  негізгі  резидент-кəсіпорын  өзінің  бей-

резидент-бөлімшесінен  алған  пайданың  сомасына  тең  қайта 

инвестицияланған  табыс.  Мысалы,  негізгі  резидент-кəсіпорын 

Қазақстан Республикасының экономикалық аумағында, ал оның фи-

лиалдары Қазақстан Республикасының шектерінен тысқары жұмыс 

істейді жəне бейрезидент болып табылады. Бұл жағдайда резидент-

бөлімше басқа елде алған жəне іске салынған пайда басқа елдердің 

жинақ  ақшасына  кіреді,  ал  негізгі  резидент-кəсіпорынға  берілген 

пайда  шетелдік  компаниялардың  қайта  инвестицияланған  табысы 

болып саналады. 



Таза ұлттық табысты (ТҰТ) есептеу үшін жалпы ұлттық табыстан не-

гізгі капиталды тұтынуды шегерілген сомаға тең болады: 

ТҰТ= ЖҰТ – НКТ.

Қолда  бар  ұлттық  табыс  (ҚҰТ)  ұлттық  табыстан  ағымдағы  транс-

ферттердің мөлшерімен ерекшеленеді. 











18-тақырып. Өндіріс нəтижелерінің статистикасы        391

Қолда бар жалпы ұлттық табыс (ҚЖҰТ) табысты қайталама бөлу шо-

тында):


ҚЖҰТ = ЖҰТ + 

АТ,



мұнда: 



АТ – ағымдағы трансферттердің (яғни шетелден алынған жəне 

шетелге  берілген  ағымдағы  қайта  бөлінген  төлемдердің  сальдосы (1.2- 

параграф).  Ағымдағы,  төленген  жəне  алынған  трансферттердің  сальдо-

сы  өзінің  мағынасы  бойынша  «үй  шаруашылықтары»  секторында  оң,  ал 

«қаржы  емес»  жəне  «қаржы  корпорациялары»  секторында  теріс; «мемле-

кеттік  басқару  органдары»  секторында  нөлге  жақын  болады,  өйткені  осы 

секторға түсетін трансферттер оларды басқа секторларға беруге арналады. 



ҚҰТ экономика секторының = БТ сектордың + 



АТ.



Қолда  бар  таза  ұлттық  табыс  (ҚТҰТ) (табысты  қайталама  бөлу 

шотында)  ҚЖҰТ-тан  негізгі  капиталды  тұтынуды  шегеру  арқылы 

анықталады: 



ҚТҰТ ҚЖҰТ – НКТ. 

Қолда бар түзетілген табысты анықтау үшін қолда бар жалпы ұлттық 

табысқа үй шаруашылықтары секторы алған натуралды (заттай) нысандағы 

əлеуметтік  трансферттерді  қосу  қажет.  Трансферттер  ақшалай  нысан-

да  ғана  емес,  сондай-ақ  тегін  əлеуметтік-мəдени  қызметтер  немесе  та-

уарларды  (дəрі,  мүгедектер  арбасы  жəне  т.б.)  тегін  беру  арқылы  қайта 

бөлінеді.  Натуралды  (заттай)  нысандағы  əлеуметтік  трансферттерді  «үй 

шаруашылықтары»  секторы  ғана  алады,  ал  «мемлекеттік  басқару  орган-

дары»  жəне  «үй  шаруашылықтарына  қызмет  көрсететін  коммерциялық 

емес  ұйымдар»  деп  аталатын  екі  сектор  төлеуші  болып  табылады. 

«Қаржылық  емес»  жəне  «қаржылық  корпорациялар»  деп  аталатын  екі 

сектор  натуралды  (заттай)  нысандағы  трансферттерді  алушы  да,  төлеуші 

де  болмайды.  Жалпы  экономика  үшін  үй  шаруашылықтары  алған  табиғи 

нысандағы  əлеуметтік  трансферттер  мемлекеттік  басқару  органдары  мен 

үй  шаруашылықтарына  қызмет  көрсететін  коммерциялық  емес  ұйымдар 

төлейтін натуралды (заттай) нысандағы əлеуметтік трансферттерге тең бо-

лады. Үй шаруашылықтарының түзетілген табысы олардың барлық түсімін 

қамтиды жəне үй шаруашылықтарының тұтыну мен жинақ ақшаны жүзеге 

асыру  мүмкіндіктерін  көрсетеді.  Сондықтан  қолда  бар  түзетілген  табыс 

көрсеткішінің мағынасы егер тегін əлеуметтік-мəдени қызметтердің үлесі 

артатын  болса,  халықтың  əл-ауқатындағы  өзгерістері  талдау  үшін  өте 

маңызды. «Мемлекеттік басқару органдары» мен «үй шаруашылықтарына 

қызмет  көрсететін  коммерциялық  емес  ұйымдар»  деп  аталатын  екі 

сектордың түзетілген табысы қолда бар табысқа минус натуралды (заттай) 

нысанда берілген əлеуметтік трансферттерге тең болады. Жалпы экономика 

бойынша қолда бар түзетілген табыстың сомасы жалпы қолда бар табысқа 

тең болады. 



392       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

ҚТЖҰТ

экономи-


каның 

=

ҚЖҰТ

экономи-

каның 


+

∑ҚТЖҰТ «мем-

лекеттік басқару 

органдары», «үй 

шаруашылықтарына 

қызмет көрсететін 

коммерциялық емес 

ұйымдар» секторлары

+

ҚҰТ

«қаржылық», 

«қаржылық емес 

корпорация» 

секторларының 



ҚТЖҰТ

«мемлекеттік басқару 

органы»

секторының



=

ҚЖҰТ осы 

сектордың  –



ƏТ «үй шаруашылықтары» 

секторына натуралды 

(заттай) нысанда

 берілген 

мұнда: ƏТ – əлеуметтік трансферттер. 

Сондай-ақ «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық 

емес ұйымдар» секторының ҚТЖҰТ есептеледі. 

ҚТЖҰТ «үй 

шаруашылықтары»

секторы

=

ҚЖҰТ «үй 



шаруашылықтары»

секторы


+

ƏТ «үй 

шаруашылықтары» 

секторына натуралды 

(заттай) нысанда 

алған

Қолда бар ұлттық табыс ұлттық түпкілікті тұтыну мен ұлттық жинақ 



ақшаға  бөлінеді.  Ұлттық  түпкілікті  тұтынуға  үш  сектордың  түпкілікті 

тұтынуға жұмсалатын шығыны (олардың құрамы ЖІӨ-ді түпкілікті тұтыну 

əдісінде қарастырылған) кіреді. 

Ұлттық  жинақ  –  түпкілікті  тұтынуға  жұмсалған  шығыстан  кейін 

қалған  жəне  қорланымды  қаржыландыруға  бағытталатын  (табысты  пай-

далану  шотында)  иемеденетін  табыстің  бөлігі.  ҰШЖ-нің  анықтамасында 

жинақ ақшада банктердің қолма-қол ақшасы мен депозиттерінің өсімі ғана 

емес, сонымен бірге басқа да қаржы активтерінің өсімі де болады жəне ол 

материалдық активтерді  өсіруге  жұмсалуы  мүмкін.  Жалпы  ұлттық  жинақ 



(ЖҰЖ) мына формула бойынша анықталады:

ЖҰЖ экономиканың = ҚЖҰТ – НТТ = ∑ ЖЖ экономика секторларының, 

мұнда ЖЖ – экономика секторының жалпы жинағы; 



НТТ – нақты түпкілікті тұтыну.

Жекелеген  экономика  секторларының  жалпы  жинағы  мына  ара-

қатынастан анықталады: 

ЖЖ «қаржылық емес 

корпорациялар» секторының 

=

ҚЖҰТ «қаржылық емес 



корпорациялар» секторының 

18-тақырып. Өндіріс нəтижелерінің статистикасы        393

ЖЖ «қаржы 

корпорациялары» 

секторының 

=

ҚЖҰТ «қаржы 



копорациялары» 

секторының 

Үй шаруашылықтарының 



зейнетақы қорларындағы 

қаражатының

таза құнының өзгеруіне 

енгізілетін түзетулер 

ЖЖ «мемлекеттік 

басқару 


органдарының» 

=

ҚЖТ осы 



сектордың 

НТТ осы сектордың 



ЖЖ «үй 

шаруашы-


лықтары» 

секторы ның

=

ҚЖҰТ 


осы 

сектордың 

НТТ осы 


сектордың

+

Үй шаруашылық-



тарының зейнетақы 

қорларындағы 

қаражатының

таза құнының өзгеруіне 

енгізілетін түзетулер

ЖЖ «үй шаруашылықтарына 

қызмет көрсететін

коммерциялық емес ұйымдар» 

секторының 

=

ҚТЖҰТ «үй 



шаруашылықтарына қызмет 

көрсететін коммерциялық емес 

ұйымдар» секторының

Таза ұлттық жинақ (ТҰЖ) жалпы ұлттық жинақтан негізгі капиталды 

тұтынуды шегеру арқылы анықталады: 

ТҰЖ = ЖҰЖ – НКТ.

Таза кредит (+), таза қарызға алу (–). Экономикада таза кредит беру 

(+) деп осы ел резиденттерінің бейрезиденттерге берген қаржы активтердің 

олардың  қаржы  міндеттемелерінен  асуы  аталады.  Таза  қарыз  алу (–) осы 

ел  резиденттерінің  өтеуге  тиіс  қаржы  міндеттемелерінің  берілген  қаржы 

активтерінің сомасынан асқан көлемін көрсетеді. Секторлар бойынша таза 

кредит беру (+), таза қарыз алу (–) күрделі шығынды қаржыландыру үшін 

секторлардың  арасында  ақылы  жəне  қайтармалы  негізде  берілетін  қаржы 

ресурстарының  көлемін  көрсетеді.  Таза  кредит  беру  (қарыз  алу) – капи-

талмен  жасалатын  операция  шотының  балансталатын  шоты.  Ол  есептеу 

арқылы былайша анықталады: 

ТН (ТҚА) = ЖҰЖ + 

КТ – КЖҚ – НКТ – CА немесе ТҰЖ + 



КТ – КЖҚ – CА,



мұнда: ТН (ТҚА) – таза кредит беру (таза қарыз алу);



КТ – күрделі трансферттердің сальдосы; 



КТ = КТ алынған – КТ берілген.


394       ІI БӨЛІМ. Əлеуметтік-экономикалық статистика

Күрделі трансферттер (КТ) – кəсіпорындардың күрделі салымдарын 

мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру; жекешелендіру процесінде ка-

питал беру; өткен жылдардағы берешекті кешіру жəне т.б. сияқты бір 

жолға қайта бөлінген төлемдер; 

КЖҚ – капиталдың  жалпы  қорланымы  (негізгі  капиталдың,  мате-

риалдық айналым қаражаты қорының, құндылықтарды таза сатып алудың, 

өндірілмеген қаржы емес активтердің) немесе капитал құрау; 

СА – статистикалық алшақтық (айырмашылық).

Жекелеген сектор үшін мына арақатынас дұрыс: 



ТК(ТҚА) экономика секторының = ТЖ секторының +

+

 ∆



КТ сектордың – КЖҚ сектордың.

Инвестицияларды  қаржыландыру  көзі  инвестициялардың  өсімін 

қаржыландыру  көзінің  көрсеткішін  сипаттайды.  Аталмыш  көрсеткіш 

күрделі трансферттердің сальдосы ескеріліп жалпы ұлттық жинақтың не-

гізінде былайша анықталады: 

Инвестициялардың өсімін қаржыландыру = ЖҰЖ + 



КТ.

Өзін-өзі тексеруге арналған 

сұрақтар

1.  Экономикалық өндіріске ҰШЖ бойынша анықтама беріңіз. 

2.  ҰШЖ бойынша экономикалық өндірістің шекараларын атаңыз. 

3.  Өндірілген өнімнің табиғи жəне құндық көрсеткіштерін атаңыз. 

4.  Өнеркəсіп өніміне анықтама беріңіз. 

5.  Өнеркəсіп өнімінің негізгі элементтерін атап өтіңіз. 

6.  Өнеркəсіп  өнімінің  шығарылымын  есептеу  əдістемесін  сипат-

таңыз. 


7.  Ауыл шаруашылығы өніміне анықтама беріңіз. 

8.  Ауыл  шаруашылығы  өнімі  шығарылымын  құрамдас  бөліктер 

бойынша есептеу əдістемесіне тоқталыңыз. 

9.  Орман шаруашылығы өнімінің шығарылымын есептеу əдістемесін 

сипаттаңыз. 

10.  Балық шаруашылығы өнімінің шығарылымын есептеу əдістемесін 

айтыңыз. 

11.  Құрылыс өніміне не жатады? 

12.  Құрылыс  өнімінің  шығарылымын  есептеу  əдістемесін  сипат-

таңыз. 


13.  Сауда өнімінің шығарылымын есептеу əдістемесін сипаттаңыз. 

14.  Көлік өнімінің шығарылымын есептеу əдістемесін сипаттаңыз. 



18-тақырып. Өндіріс нəтижелерінің статистикасы        395

15.  Байланыс  өнімінің  шығарылымын  есептеу  əдістемесін  сипат-

таңыз.

16. «Экономиканың шығарылымы» қалай есептеледі? 



17.  Өндіріс нəтижелерінің мына макроэкономикалық көрсеткіштерін 

есептеу əдістемесін баяндаңыз: 

– 

жалпы қосылған құн;



– 

негізгі капиталды тұтыну; 

– 

таза қосылған құн; 



– 

жалпы ішкі өнімді өндірістік əдіспен; 

– 

жалпы ішкі өнімді табыс құру əдісімен; 



– 

жалдамалы қызметкерлерге еңбекақы төлеу; 

– 

жалпы пайда, жалпы аралас табыс; 



– 

жалпы ішкі өнімді табысты пайдалану əдісімен; 

–   түпкілікті тұтынуға жұмсалған шығыс; 

– 

жалпы ұлттық табыс;



 –  меншіктен түскен табыс, таза факторлық табыс; 

– 

капиталдың жалпы қорланымы; 



 –  қолда бар жалпы ұлттық табыс;

 –  қолда бар таза ұлттық табыс; 

– 

таза ұлттық жинақ; 



 –  таза кредит беру, таза қарыз алу. 

Ұсынылатын əдебиет

1.  Голуб Л.А. Социально-экономическая статистика. – М.:ВЛАДОС ИМПЭ 

им. А.С. Грибоедова, 2003. 

2.  Гусаров В.М. Статистика. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.

3.  Методологические положения по статистике. – Алматы: Агентство РК 

по статистике, 2005.

4.  Салин В.Н., Медведев В.Г., Кудряшова С.И., Шваковская Е.П. Макроэко-

номическая статистика: Учебное пособие – М.: Дело, 2000.

5.  Система национальных счетов – инструмент макроэкономического ана-

лиза: Учебное пособие / Под ред. Ю.Н. Иванова. – М: Финстатинформ, 

1996.

6.  Социально-экономическая статистика: Учебное пособие / А.М. Елемесо-

ва, К.К. Бельгибаева, Е.М. Кииков, Г.М. Молдакулова.– Алматы: Эконо-

мика, 1999.

7.  Статистика: Учебное пособие / Под ред. В.Г. Ионина.– М.: ИНФРА-М, 

2003.

8.  Национальные счета Республики Казахстан (статистический сборник). 

1999–2003. – Алматы: Агентство Республики Казахстан по статисти-

ке, 2005.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет