Оқулық Алматы, 2012 2 (075. 8) Ббк 32. 81 А 99



Pdf көрінісі
бет3/31
Дата06.03.2017
өлшемі8,17 Mb.
#7967
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Байланыс. «Байланыс» ұғымы «элемент» ұғымымен қатар 
жүйелердің кез келген анықтамасына кіреді жəне құрылымдардың 
жəне жүйелердің тұтастық қасиеттерінің пайда болуын жəне 
сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл ұғым бір мезгілде жүйенің 

28
құрылымын (статикасын) жəне атқарылымын (динамикасын) сипат-
тайды.
Байланыс бағытпен, күш-қуатпен жəне сипатпен (немесе 
түрмен) сипатталады. Алғашқы екі белгілер бойынша байланыс-
тарды бағытталған жəне бағыттылмағанға, күшті жəне əлсіз, ал 
сипаты бойынша – бағыну, генетикалық, теңқұқылы (немесе 
талғаусыз) байланыстарға, басқару байланыстарына бөлуге бола-
ды. Байланыстарды сондай-ақ қосымша орны бойынша (ішкі жəне 
сыртқы), тұтастай алғанда жүйедегі немесе оның жекелеген ішкі 
жүйелеріндегі үдерістердің бағытталушылығы (тура жəне кері) бо-
йынша бөлуге болады. Нақты жүйелердегі байланыстар бір мезгілде 
бірнеше аталған белгілермен сипатталуы мүмкін. 
 Жүйелерде «кері байланыстар» ұғымы маңызды рөл атқарады. 
Бұл ұғым техникалық құрылғылар мысалдарында оңай иллюстра-
цияланады, əрқашан ұйымдық жүйелерде қолдануға болмайды. Бір 
физикалық табиғат объектілеріне тəн кері байланыстар тетігін өзге 
табиғат объектілеріне ауыстыру мүмкіндігі зерделенетін киберне-
тикада осы ұғымды зерттеуге баса назар аударылады. Кері байла-
ныс өзін-өзі реттеудің жəне жүйелерді дамытудың, олардың өмір 
сүруінің өзгермелі жағдайларына бейімделуінің негізі болып сана-
лады. 
Күй. «Күй» ұғымы əдетте лездік суретке түсіруді, жүйелер 
«кесігін», оның дамуындағы тоқтауды сипаттайды. Оны я кіретін 
əсерлер жəне шығатын сигналдар (нəтижелер) арқылы я жүйелердің 
макропараметрлері, макроқасиеті (мысалы, қысым, жылдамдық, 
үдеу – физикалық жүйелер үшін; өнімділік, өнімдердің өзіндік құны, 
пайда – экономикалық жүйелер үшін) арқылы анықтайды. 
Егер күйін анықтайтын ε элементтерді (немесе компоненттерін, 
атқарымдық блоктарын) қарастыратын болсақ, «кірістерді» 
басқарушы  u-ге жəне ауытқушы (бақыланбайтын) х-қа бөлетін 
болсақ жəне «шығыстар» (шығатын нəтижелер, сигналдар) ε, u 
жəне  х-қа тəуелді, яғни z
t
=f(ε
t
, u
t
, x
t
) болса, күйді неғұрлым толық 
анықтауға болады. Сол уақытта есептерге қатысты күй {ε, u}, {ε, u, 
z} немесе {ε, х, u, z} сияқты анықталуы мүмкін. 
Осылайша, 
күй – жүйе сол уақыт мезетінде ие болатын, түбегейлі 
қасиеттердің жиыны болады. 
Жүріс-тұрыс бағыты (тəртіп). Егер жүйе бір күйден екінші 
күйге (мысалы, z
1
→ z
2
→ z
3
) ауысуға қабілетті болса, онда ол жүріс-

29
 
тұрыс бағытына ие деп айтылады. Бір күйден екінші күйге ауысу 
заңдылықтары белгісіз болғанда, осы ұғым пайдаланылады. Сол 
уақытта, жүйе қандай да бір тəртіпке ие деп айтылады жəне оның 
заңдылықтары анықталады. Ілгерідегі енгізілген белгілеулерді еске-
ре отырып,  тəртіпті  z
t
=f(z
t-1
,x
t
,u
t
)
  функция  ретінде  көз  алдымызға 
елестетуге болады. 
Сыртқы орта. Жүйеге кірмейтін, бірақ олардың күйін өзгерту 
жүйенің тəртібінің өзгеруін туғызатын элементтер жиыны сыртқы 
орта болып түсіндіріледі.
Модель. Оның қасиеттерінің белгілі бір тобын бейнелейтін 
жүйелердің сипаттамасы жүйелердің моделі болып түсіндіріледі. 
Сипаттаманы тереңдету – модельдерді дəл толық сипаттау. Жүйелер 
моделін құру, жағдайлардың белгілі бір диапазонында оның тəртібін 
топшылауға мүмкіндік береді.
Жүйелердің атқарымдылық (тəртіп) моделі – бұл уақыт 
аралықтарындағы жүйелер күйінің өзгеруін топшылайтын модель, 
мысалы: қалыптық (ұқсас), электрлік, ЭЕМ-де машиналық жəне т.б. 
Тепе-теңдік – бұл сыртқы ауытқытушы əсерлер (немесе тұрақты 
əсерлер кезінде) болмаған кезінде қанша уақытқа болсын ұзақ өзінің 
күйін сақтайтын, жүйелердің қабілеті. 
Орнықтылық. Сыртқы ауытқушы əсерлерлерден ол осы 
күйден шыққаннан кейін, жүйенің тепе-теңдік күйге оралу қабілеті 
орнықтылық болып түсіндіріледі. Əдетте бұл қабілет тұрақты 
болған кездегі жүйелерге тəн жəне егер ауытқу кейбір шектен артып 
кетпейтін болса ғана.
Жүйе қайта оралуға қабілетті тепе-теңдік күйі техникалық 
құрылғылармен ұқсастықтар бойынша тепе-теңдіктің орнықты 
күйі деп аталады. Экономикалық жəне ұйымдық жүйелердегі тепе-
теңдік пен орнықтылық техникадағыға қарағанда, аса күрделі ұғым 
жəне осыдан шамалы уақыт бұрын оны жүйе туралы кейбір ал-
дын ала сипаттаушылық түсініктер үшін ғана пайдаланды. Соңғы 
уақыттарда, олардың өтуі мен өзара байланысына əсер ететін 
параметрлерді анықтауға көмектесетін күрделі ұйымдық жүйелерде 
осы үдерістерді нысандандырылған түрде бейнелеуге деген ұмтылыс 
пайда болды. 
Даму. Даму үдерісін, даму мен орнықтылық үдерістерінің 
арақатынасын зерттеуге, олардың негізіне жататын тетіктерді зерде-
леуге кибернетика мен жүйелер теориясында баса назар аударыла-

30
ды. Даму ұғымы табиғат пен қоғамдағы күрделі термодинамикалық 
жəне ақпараттық үдерістерді түсіндіруге көмектеседі. 
Мақсат.  «Мақсат» ұғымы мен онымен байланысты мақсатты 
бағытталушылық, мақсаткерлік, мақсатқа сай келушілік ұғымдарын 
қолдану, нақты жағдайларда оларды біржақты түсіндіру 
қиындығынан тежелуде. Бұл мақсат қоюшылық пен оған сəйкес 
ұйымдық жүйелердегі мақсаттарды негіздеу үдерісі аса күрделі 
екендігімен жəне соңына дейін зерделенбегендігімен байланысты 
деу керек. Психологияда, философияда, кибернетикада оны зерттеу-
ге баса назар аударылады. Тəжірибеде қолданудағы мақсат – бұл 
нақты ұмтылыстар жолында кезекті кезеңді уақытылы аяқтауды 
қамтамасыз ететін нақты мүмкіндіктерді немесе болашақты 
ұжымның көре білуіне мүмкіндік беретін мақсаткерлік нақты 
ұмтылыстар.
Қазіргі уақытта жоспарлаудағы бағдарламалық – мақсатты 
қағидаттардың күшеюімен байланысты мақсат қоюшылық пен нақты 
жағдайларда мақсаттарды елестетушілік заңдылықтарын зерттеуге 
барған сайын көбірек назар аударылуда. Мысалы: энергетикалық 
бағдарлама, азық-түлік бағдарламасы, тұрғын үй бағдарламасы, 
нарықтық экономикаға өту бағдарламасы. Мақсат ұғымы жүйені 
дамытудың негізі болып қаланған. 
Ақпараттар ұғымы. Ақпарат – қоршаған ортадан қабылданатын, 
қоршаған ортаға берілетін я ақпараттық жүйенің ішінде сақталатын, 
мəліметтер жиынтығы. 
Деректер – заттық аймақтағы объектілер, осы саладағы оқиға мен 
ахуалды көрсететін олардың қасиеттері мен өзара байланыстары ту-
ралы нақты ақпаратты формалды түрде елестету. 
Деректер ақпараттық жүйелердің оларды жинауды, сақтауды 
жəне ары қарай өңдеуді автоматтандыруына мүмкіндік беретін 
түрде беріледі. Деректер – бұл сəйкес кодта жазу. 
ЭЕМ-дегі ақпарат былай бөлінеді:
• рəсімдік (орындалатын бағдарламалар);
• мағлұмдаушы (бағдарламалар өңдейтін деректер).
Ақпараттардың үлкен көлемдерін сақтау мен өңдеуді 
ұйымдастыру мəліметтер қорларының пайда болуына əкелді.
Жүйелердің моделі мен мақсаты. Модельдер ұғымы 
біржақты түсіндірілмейді. Нақты болмыста жəне алмастырылатын 
модельдердің нақты объектілерінде өтетін үдерістердің ұқсастығы 

31
 
оның негізі болып қаланған. Философияда түпнұсқаны неғұрлым 
терең тану мақсатымен, зерделенетін объектіні оның оңайлатылған 
түсінігімен алмастыратын кибернетиканың кең категориясы модель 
болып түсінідіріледі. Зерттелетін объектінің мінсіз математикалық 
көрсетілуі математикалық модель (ары қарай жай модель) ретінде 
түсіндіріледі. 
Фундаментальдық (іргелі, толық) модельдер негізгі физикалық 
жорамалдардың (алғашқы қағидаттар) санынан бастап, жүйенің 
тəртібін немесе қасиеттерінің мүмкін шамасын сандық тұрғыдан си-
паттайды. Осындай модельдер олар сипаттайтын құбылыстар үшін 
өте нақты жəне дəл болады.
Феноменологиялық модельдер дəл арақатынасы белгісіз, я 
қолдану үшін өте күрделі болған кезде, физикалық үдерістерді 
сапалық тұрғыдан сипаттау үшін пайдаланылады. Осын-
дай жуықтатылған немесе орташа алынған модельдер əдетте 
физикалық тұрғыдан негізделген жəне эксперименттен немесе 
неғұрлым іргелі теориялардан алынған, енгізілетін деректер-
ден тұрады. Феноменологиялық модель физикалық ахуалдарды 
сапалық тұрғыдан түсінуге негізделеді. Феноменологиялық мо-
дельдер алу кезінде сақтаудың жалпы қағидаттары мен шарты 
пайдаланылады.
Басқару. Белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған жəне функ-
цияларды жүзеге асыратын ұйымдық қызмет, кең мағынасында 
басқару болып түсіндіріледі.
Басқару жүйелерінің құрылымы. Зияткерлік ақпараттық 
жүйелерді келесі түрде жіктеуге болады:
• сараптамалық жүйелер;
• пайдаланушылардың қалың көпшілігіне арналған жүйелер;
• мамандарға арналған жүйелер;
• зияткерлік жүйелер;
• есеп айырысу – логикалық жүйелері;
• оқытушы жүйелер жəне т.б.
Ақпараттық үдерістер теориясы (АҮТ) – техникалық, 
экономикалық, əлеуметтік, биологиялық, экологиялық жəне өзге де 
жүйелерде болатын, ақпараттық үдерістерді (АҮ) талдауға арналған 
статистикалық əдістердің жиынтығы.
Негізгі ақпараттық үдерістер: ақпараттарды қалыптастыру, 
жаңғырту, түрлендіру, жинау, сақтау, өңдеу, бөлу, пайдалану жəне 

32
т.б. Əрбір ақпараттық үдеріс, нақты техникалық құралдармен жүзеге 
асырылатын 
мақсатты атқарымдармен сипатталады. 
Əрбір мақсатты функциялармен, математикалық өрнектермен, 
шартты белгілермен немесе символдармен сипатталатын (мақсатты 
функциялардың ақпараттық-математикалық моделі) 
ақпараттық 
модель салыстырылуы мүмкін.
Ақпараттама (информатика) – есептеу техникалары 
құралдарымен оларды автоматтандыру үдерістері мен əдістерін 
зерделейтін ғылым мен техника саласы. Ақпараттама ғылым 
ретінде объектінің ақпараттық модельдерін құрудың əдіснамалық 
(əдіснамалық) негіздерін қалыптастырады. Осындай модельдерді 
жасау (техникалық, биологиялық, экономикалық, əлеуметтік жəне 
өзге де жүйелерде мақсатты бағытталған қызметті ұйымдастыру 
үшін) ақпараттық үдерістерді іске асыру негізінде жүзеге асырыла-
ды. 
Ақпараттық технологиялар кең мағынасында - күрделі 
жүйелерді (техникалық, ақпараттық, биологиялық, экономикалық, 
əлеуметтік жəне т.б.) талдау жəне синтездеу мақсатында 
алгоритмдерді, бағдарламаларды əзірлеу жəне компьютерде оларды 
қолдану.
Осылайша, «ақпараттық үдерістер», «информатика» жəне 
«ақпараттық технологиялар» ұғымдарының арақатынасы былайша 
көрінуі 
мүмкін:    
1-сурет. Ұғымдардың арақатынасы
ЮНЕСКО қабылдаған анықтамаға сəйкес, 
ақпараттық тех-
нологиялар (АТ) – бұл ақпараттарды өңдеумен жəне сақтаумен 
айналысатын адамдар еңбегін тиімді ұйымдастырудың əдістерін; 
35 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

33
 
есептеу техникасы мен ұйымдастыру жəне адамдармен, өндірістік 
жабдықтармен өзара іс-қимыл жасау əдістерін, олардың тəжірибелік 
қосымшасын, сондай-ақ осылардың барлығымен байланысты 
əлеуметтік, экономикалық жəне мəдени проблемаларды зерделейтін, 
өзара байланысты, ғылыми, технологиялық инженерлік пəндердің 
кешені.
АТ-ның негізгі мақсаты – бастапқы ақпараттарды өңдеу бо-
йынша мақсатты бағытталған іс-қимылдар нəтижесінде, оны тал-
дау жəне соның негізінде қандай да бір əрекетті орындау бойынша 
шешім қабылдау мақсатымен, пайдаланушы үшін қажет ақпарат 
алу. АТ-ның жалпы құрылымы базалық рəсімдердің тізбектілігіне 
бөлінуі мүмкін:
• Зерделетін немесе пайдаланылатын объектілердің, үдерістер 
мен құбылыстардың жай-күйі туралы жаңа ақпараттарды жинау 
жəне ақпараттардың əртүрлі көздерінде жинақталған деректерді 
іздеу. 
• Жинау орнынан өңдеу орнына ақпараттарды беру немесе 
кедергілер бар кезде ақпараттарды сақтай отырып пайдалану.
• Қолданылатын модельдерге жаңа деректерді бейімдеу, 
ақпараттарды кешенді өңдеу, есептеу эксперименттерін өткізу, 
оңтайлы тəртіп шешімдері мен сценарийлерін əзірлеу, шешімдер 
қабылдау.
• Математикалық модельдерді жетілдіру, білімдер базаларын 
кеңейту, сараптамалық жүйелерді жетілдіру.
• Техникалық жəне технологиялық құралдар (жұмыс станса-
лары, ақпараттық қоймалар, модельдер мен ақпараттарды бейне-
леу құралдары, ақпараттарды редакциялау құралдары, ақпараттық-
талдамалық орталықтар, коммуникациялық жүйелер жəне т.б.) жасау.
• Ақпараттардың дұрыстығын бақылауды жетілдіру, бұрын 
қабылданған шешімдер нұсқаларын нақтылау мақсатында 
ақпараттар өңдеудің оңтайлы жүйелерін жоспарлау. 
• Ақпараттандыру жүйелерін пайдаланудың тəжірибелік 
нəтижелерін талдау, тиімділікті бақылау, қызметке болжам жасау, 
ішкі жүйелер жұмыстарының диагностикасы. 
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл алға қойған мақсаттарға жету 
мүдделерінде ақпараттарды сақтау, өңдеу жəне беру үшін пайдаланы-
латын, АТ құралдары мен əдістерінің ұйымдық, тəртіпке келтірілген 
өзара байланысты жиынтығы. Ақпараттық жүйелерді осылай түсіну 

34
негізгі техникалық құралдар ретінде ЭЕМ ақпараттарын өңдеу 
мен кез келген саладағы есептерді орындауда шешімдер қабылдау 
үдерісіне қажет ақпараттарды беру мен ақпараттық үдерістерді 
жүзеге асыратын байланыс құралдарын пайдалануды ұйғарады. 
АЖ функцияларын жүзеге асыру оған бағдарланған АТ-ны 
білмей мүмкін емес. АТ, АЖ аяларынан тыс та қолданылуы мүмкін. 
Осылайша, АТ, ақпараттық қоғамдағы ақпараттардың түрленуі мен 
жаңғыртылуы үдерістерінде қазіргі түсінікті көрсететін, неғұрлым 
кең ауқымды ұғым болып саналады.
Нақты қолдану аяларына қатысты АЖ өзінің функциялары, ар-
хитектурасы жүзеге асырылуы бойынша өте күшті өзгешеленуі 
мүмкін. Бүкіл АЖ үшін ортақ болып саналатын, негізгі қасиеттерін 
бөліп көрсетуге болады:
• АЖ құрылымы, оның атқарымдық маңызы қойылған мақсаттарға 
сəйкес келуі тиіс. 
• Мəліметтер қоры, сараптамалық жүйелер мен білімдер ба-
засын пайдалануға негізделген, дұрыс сенімді, уақытылы жəне 
жүйеленген ақпараттар өндіру. Өйткені кез келген АЖ ақпараттарды 
жинауға, сақтауға жəне өңдеуге арналған, сондықтан деректерді 
сақтау мен деректерге кіру ортасы, кез келген АЖ-нің негізі болып 
қаланған. Орта АЖ-ні қолдану саласына сəйкес келетін, деректердің 
сақталу сенімділік деңгейі мен оған кіру (қолжетімділік) тиімділігін 
қамтамасыз етуі тиіс.
• Кəсіпорынның АЖ-ге стандарты түрінде жүзеге асырылған 
негізгі қағидаттарына сəйкестікте, АЖ-ні адамдар бақылауы, түсінуі 
жəне пайдалануы қажет. АЖ-ні пайдаланушының интерфейсі түйсік 
деңгейінде жеңіл түсінетіндей болуы тиіс. 
• Деректерді беру желілерін пайдалану.
АЖ мынадай 
негізгі есептерді шешеді:
• Ұзақ жинақталатын жəне жоғалған орнын толтыруға келмейтін 
ақпараттарды іздеу, өңдеу жəне сақтау. Компьютерлендірілген 
АЖ, адамға тəн кездейсоқ қателіктерді болдырмау, шығындарды 
үнемдеу, адамдардың өмірін барынша жайлы ету үшін ақпараттарды 
тез жəне сенімді өңдеуге арналған.
•  Əртүрлі құрылымдардағы деректерді сақтау. Деректердің 
жалғыз біртекті файлымен жұмыс жасайтын дамыған АЖ жоқ. 
Оның дамитындай болуы ақпараттық жүйеге қойылатын парасат-
ты талап болып саналады. Оны орындау үшін жаңа құрылымы бар 

35
 
қосымша деректер қажет болатын, жаңа атқарымдар пайда болуы 
мүмкін. Бұл ретте бұрын жиналған (жинақталған) ақпарат сақталған 
күйде қалуы тиіс.
•  Қоғамда жылжығыш ақпараттардың əртүрлері мен 
типтерінің ағындарын талдау жəне болжам жасау. Есептеу маши-
наларында тиімді өңдеу үшін оларды барынша азайту, стандарттау 
жəне бейімдеу мақсатында, ақпараттарды таратудың əртүрлі арнала-
ры арқылы өтетін ақпараттар ағындары зерттеледі. 
• Ақпараттарды беру мен сақтау тəсілдерін зерттеу, табиғаты 
ақпараттарды қысу мен шартты белгі берудің арнайы тəсілдерін 
əзірлеу, көлемді (ауқымды) құжаттарды аннотациялау жəне оларды 
рефераттау. Осы бағыттар шеңберлерінде, есептеу машиналары үшін 
қолжетімді формадағы əртүрлі білім салаларынан алынған ақпарат 
сақталатын, үлкен көлемде мəліметтер қорларын жасау жұмыстары 
дамытылуда. 
• Есептеу машиналарына арналмаған, ал олар адамның 
қабылдауына бағдарланған құжаттардан ақпарат алуды жүзеге асы-
ру үшін ақпараттар алу үдерісін автоматтандыруға болатын рəсімдер 
мен техникалық құралдар құру.
• Осындай типтегі жүйелер үшін сұратып алудың арнайы 
тілдерінде, сондай-ақ табиғи тілде тұжырымдалған ақпараттық 
қоймаларға жасалған сұратуларды қабылдауға қабілетті 
ақпараттық-іздеу жүйелерін құру.
• Ақпараттық деректер қорлары, терминалдар, өңдеуші 
орталықтар мен байланыс құралдары құрамына кіретін, ақпараттар 
сақтау, өңдеу жəне беру желілерін құру
Ақпараттық жүйе шешуі тиіс нақты есептер жүйе соған арналған 
қолданбалы салаға қатысты болады. 
Қазіргі ақпараттық технологиялардың даму үдерістері əртүрлі 
салаларда құралатын АЖ-нің күрделене түсуіне əкеледі. Қазіргі ірі 
АЖ жобалары, негізінен, бірнеше 
ерекшеліктермен сипатталады:
•  Сипаттаудың күрделілігі – деректер мен үдерістерді мұқият 
модельдеу мен талдауды қажет ететін, функциялардың жеткілікті 
аса үлкен санының, үдерістердің, деректер элементтерінің жəне 
олардың арасындағы күрделі өзара байланыстардың болуы.
• Үлкен көлемдегі деректерге, регламенттелмеген сұратуларды 
пайдаланатын, атқарымдық өзінің ішкі есептері мен мақсаттары (мы-
əртүрлі ақпараттарды формалды сипаттау үшін арнайы тілдер жасау, 

36
салы, транзакцияларды өңдеумен жəне регламенттік есептерді ше-
шумен байланысты дəстүрлі қосымшалары мен талдамалық өңдеу 
(шешімдер қабылдауды қолдау) қосымшалары) болатын, тығыз 
өзара бірлесіп жүзеге асыратын компоненттер (ішкі жүйелер) 
жиынтығының бар болуы.
•  Қандай да бір типтік жобалық шешімдер мен қолданбалы 
жүйелерді пайдалану мүмкіндігін шектейтін тікелей ұқсастық-
тардың жоқ болуы. 
• Біртекті емес ортада бірнеше аппараттық платформаларда 
жұмыс істеуі. 
• Біліктілік деңгейі мен қандай да бір инструменталдық 
құралдарды пайдаланудың қалыптасқан дəстүрлері бойынша 
əзірлеушілердің жекелеген топтары бастарының бірікпеушілігі 
(қарым-қатынасының үзілушілігі) мен əртектілігі.
• Біріншіден, əзірлеушілер ұжымының шектеулі мүмкіндік-
терімен,  екіншіден, тапсырыс беруші ұйымдардың масштабтары мен 
оның жекелеген бөлімшелерінің АЖ-ні енгізуге дайындықтарының 
əртүрлі дəрежесімен шарттастырылған, жобаның түбегейлі уақыттық 
ұзақтығы. 
Ақпараттық жүйелердің түрлері. АЖ былай жіктеледі: 
ақпаратты берудің нысандандырылған аппаратының түрі бойынша 
(детерминацияланған, стохастикалық); құрылымдары мен тəртібінің 
күрделілігі бойынша; ұйымдасқандық дəрежесі («жақсы» жəне «на-
шар» ұйымдасқан, өздігінен ұйымдасатын) бойынша. 
Жүйелер əртүрлі белгілері бойынша сыныптарға бөлінеді жəне 
шешілетін есептерге қатысты жіктеудің əртүрлі қағидаттарын 
таңдауға болады. Бұл ретте жүйені бір немесе бірнеше белгілермен 
сипаттауға болады. Жүйе келесі түрде жіктеледі:
• бейнелетін объектінің түрі бойынша – биологиялық, техникалық 
жəне т.б.;
• ғылыми бағыт түрі бойынша – математикалық, физикалық, 
химиялық жəне т.б.;
• жүйені ұсынудың нысандандырылған аппаратының түрі бойын-
ша – детерминацияланған жəне стохастикалық;
• мақсаткерлік типі бойынша – ашық жəне жабық;
• құрылымдары мен тəртібінің күрделілігі бойынша – жай жəне 
күрделі;
• ұйымдасқандық дəрежесі бойынша – жақсы ұйымдасқан, 

37
 
нашар ұйымдасқан (диффузиялық), өздігінен ұйымдасатын 
жүйелер. 
Жіктеулер əрқашанда салыстырмалы. Мəселен, детермина-
цияланған жүйеден стохастикалық жүйелер элементтерін табуға бо-
лады. 
Кез келген жіктеудің мақсаты жүйені бейнелеу тəсілдемелерін 
(көзқарастарын) таңдауды шектеу жəне əдістерді таңдау бойынша 
ұсынымдар беру болып табылады.
Техникалық жүйелер.  Қозғалатын объектілер, энергети-
ка объектілері, химиялық өнеркəсіп объектілері, машина жасау, 
тұрмыстық техника жəне т.б. көптеген объектілер техникалық 
объектілер параметрлері болып саналады. Техникалық жүйелер 
объектілері басқару теорияларында жақсы зерттелген. 
Экономикалық объектілер. Экономикалық объектілер мына-
лар болып саналады: цех, зауыт, əртүрлі салалар кəсіпорындары. 
Өзгермелілердің бірі ретінде онда экономикалық көрсеткіштер, мы-
салы, пайда қатысады. 
Биологиялық жүйелер. Тірі жүйелер өзінің тіршілігін онда 
қаланған басқару тетіктерінің арқасында ұстап тұрады. 
Детерминацияланған жəне стохастикалық жүйелер. Егер 
жүйеге (басқарушы жəне ауытқымалы) түсірілген сыртқы əсер 
u=f(t) уақыттың белгілі атқарымдарымен анықталған болып саналса
кəдімгі дифференциалды теңдеулермен сипатталатын жүйелердің 
жай-күйі,  t уақыттың оның алдындағы мезетіндегі жүйенің жай-
күйі бойынша біржақты сипатталуы мүмкін. Ол үшін жүйелердің 
жай-күйі біржақты бастапқы мəндерімен анықталатын жүйелердің 
уақыттың кез келген сəті үшін топшылануы мүмкін екендігі 
детерминацияланған деп аталады.
Стохастикалық жүйелер – өзгеріс кездейсоқ сипатқа ие болатын 
жүйелер. Мысалы, əртүрлі пайдаланушылардың энергожүйесіне əсер 
ету. Жүйелердің жай-күйі туралы деректердің кездейсоқ əсерлері 
кезінде уақыттың кейінгі мезетінде топшылау үшін жеткіліксіз бо-
лады. 
Кездейсоқ əсерлер жүйеге сырттан болуы немесе кейбір 
элементтердің ішінде туындауы мүмкін (ішкі шуылдар). Кездейсоқ 
əсерлер кезінде жүйелерді зерттеуді, кездейсоқ параметрлердің 
əсерін өткізбес үшін модельдеу қадамын барынша азайта оты-
рып, кəдімгі əдістермен жүргізуге болады. Бұл ретте кездейсоқ 

38
шамалардың ең жоғары мəні (негізінен техникада қалыпты бөлу 
басымдық танытады) сирек кездеседі, сондықтан ең аз қадамды 
таңдау көбінесе негізделмейді. 
Басым көпшілік жағдайларда жүйелерді жобалау кезінде кездейсоқ 
параметрлердің ең үлкен емес, неғұрлым ықтимал мəні алынады. 
Бұл жағдайда, жекелеген уақыт аралығында жүйе жұмысының на-
шарлайтынын күні бұрын топшылай отырып, неғұрлым рационалды 
жүйе алынады. Мысалы, катодтық қорғанысты орнату.
Кездейсоқ əсерлер кезінде жүйелерді есептеу арнайы 
статистикалық əдістер көмегімен жүргізіледі. Сынақтар жиыны 
негізінде орындалған, кездейсоқ параметрлерді бағалау енгізіледі. 
Мысалы, жерасты сулары деңгейі бетінің картасы. 
Кездейсоқ шамалардың статистикалық қасиеттері оның функ-
циялары бойынша бөлуді немесе ықтималдық тығыздықтарын 
анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет