Оқулық Алматы, 2012 2 (075. 8) Ббк 32. 81 А 99



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата06.03.2017
өлшемі8,17 Mb.
#7967
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

51-сурет. Ethernet кадрларың берудің уақытша диаграммасы

285
 
Ethernet хаттамасы үшін тиімді өткізу қабілеті номиналдан шамамен 
70%-ды құрайды, ал FDDI хаттамасы үшін - 90% жуық.
Хаттаманың өткізу қабілеті көбінесе секунд ішінде берілетін 
кадрлардың санымен өлшенеді.
Ethernet хаттама үшін осы сипаттама ұзындығы ең аз кадрларға 
14880 К/с құрайтынын санап шығу қиын емес. Секундпен 
кадрлардағы өткізу қабілетін өлшеу кезінде номиналды жəне тиімді 
өткізу қабілетін шектеудің ешқандай мағынасы жоқ.
Жергілікті желілердің арналық деңгейінің бүкіл хаттамалары бір 
тіркелген номинал өткізу қабілетін ұстап тұрады: Ethernet - 10 Мб/с, 
TokenRing - 16 Мб/c (4 Мб/c ескі жабдықтармен сыйысушылық 
үшін ұсталып тұруы мүмкін), FDDI, FastEthernet жəне 100VG-
AnyLAN - 100 Мб/c. АТМ хаттамасы ғана əртүрлі номинал биттік 
жылдамдықтармен – 25,155 жəне 622Мб/с жұмыс істеуі мүмкін, 
соған қарамастан бір жылдамдықтан екінші жылдамдыққа ауысу 
коммутаторлар немесе маршруттаушылар интерфейстерін немесе 
желілік адаптерлерді ауыстыруды талап етеді. 
Сондықтан, егер желілер жұмысын жақсарту үшін хаттаманың 
номинал өткізу қабілетімен нұсқаларды өзгерткіміз келсе, онда 
бір хаттаманы екінші хаттамамен ауыстыру қажет болады – бұл 
мүмкін іс шара, бірақ айтарлықтай материалдық жəне физикалық 
шығындарды талап етеді. 
Ортаға ену уақыты хаттаманың өзінің логикасымен, сол сияқты 
желілердің жүктелушілік дəрежесімен анықталады. Жергілікті 
желілерде əзірге кадрды беру құқығын алу үшін белгілі бір 
рəсімдерді орындауды талап ететін деректерді берудің бөлінетін 
ортасы басымдық етеді. Ethernet жəне FastEthernet хаттамаларда 
CSMA/CD, коллизияларды анықтаумен кездейсоқ ену алгоритмі, 
ал TokenRing жəне FDDI хаттамаларда – токен детерминацияланған 
түрде беруге негізделген алгоритм пайдаланады. 100VG-AnyLAN 
жаңа стандарт DemandPriority ену алгоритмін пайдаланады жəне сол 
жағдайда оған ену туралы мəселені шешуді орталық элемент – кон-
центратор қабылдайды.
Ортаға ену уақыты енудің номинал уақытынан жəне енуді күту 
уақытынан қалыптасады. Енудің номинал уақыты жүктелмеген 
ортаға ену уақыты ретінде анықталады, сол уақытта торап өзге 
тораптармен бəсекелеспейді. Жүктелмеген ортаға кірудің но-
минал уақытының TokenRing жəне FDDI хаттамалары Ethernet 

286
хаттамасының тиісті уақытынан 5 - 10 есе артып кетеді, өйткені 
Ethernet жүктелмеген желілерде станция іс жүзінде тез арада кіруге 
мүмкіндік алады, ал TokenRing желілерінде ол ену маркерінің келуін 
күтуі тиіс. 
Ортаға кірудің өзге құраушы уақыттары – күту уақыты – бір 
мезгілде бірнеше жұмыс жасайтын станциялар арасындағы беру, 
орталардың бөлінуінен туындайтын кешіктірулерге тəуелді болады. 
Күту уақыты ену алгоритміне, сол сияқты орталардың жүктелушілік 
дəрежелеріне тəуелді болады, əрі күту уақытының желілердің 
жүктелушілік дəрежелеріне (пайдалану коэффициентіне) тəуелділігі 
басым көпшілік хаттамалар үшін экспоненциялдық сипатқа ие бо-
лады. 
Пакет мөлшері түбегейлі түрде хаттаманың өткізу қабілетіне, 
яғни желілердің өнімділігіне əсер етуі мүмкін.
Нақты хаттама пакетінің өлшемі əдетте хаттамадағы стандартта 
анықталған деректер өрісінің (MaximumTransferUnit, MTU) ең үлкен 
мəнімен шектелген.
Жергілікті желілердің хаттамалары мынадай MTU мəніне ие:
• Ethernet, Fast Ethernet - 1500 байт;
• TokenRing 16 - 16 Kбайт (əдетте 4К мəні үнсіз белгіленеді, бірақ 
оны үлкейтуге болады);
• FDDI - 4Kбайт;
• 100VG-AnyLAN - 1500 байт, Ethernet пайдалану кезінде жəне 
TokenRing кадрларын пайлану кезінде 16К;
• ATM - 48 байт.
Желіліктен бастап жоғары деңгейлердің хаттамалары өзінің 
пакеттерін арналық деңгейдің хаттамалар кадрларына инкапсулдайды, 
сондықтан арналық деңгейдегі шектеу бүкіл деңгейлердегі хаттамалар 
үшін пакеттің ең үлкен өлшемін жалпы шектеу болып саналады. 
Кадрдың өлшемін арттыру, желілердегі деректер сирек 
бұрмаланған немесе жоғалып кеткен жағдайда, яғни желілердің 
орнықты, сенімді жұмысы кезінде ғана желілердің өткізу қабілетін 
арттыратынын атап өту қажет. Бұған керісінше жағдайда па-
кет өлшемін ұлғайту өткізу қабілетін арттыруға емес, қайта 
төмендетуге əкелуі мүмкін, өйткені ақпараттардың үлкен порция-
лары қайталанып берілетін болады. Деректерді бұрмалаудың əрбір 
деңгейі үшін, желілердің өткізу қабілеті ең үлкен болатын пакеттің 
ұтымды өлшемін таңдап алуға болады. 

287
 
Пакеттің ең үлкен өлшемі ғана өткізу қабілетін арттыру үшін 
алғышарттар жасайды, өйткені деректер өрісінің берілген ең үлкен 
шамасы пайдаланылады ма, əлде жоқ па деген қосымшаларға тəуелді 
болады. Егер, мысалы, қосымша деректер қорымен жұмыс жүргізіп, 
SQL серверге сұратуларды жіберетін болса (жауап ретінде бір қысқа 
жазбалар ала отырып), онда 4 немесе 16 Кбайт деректер өрісінің 
ең үлкен өлшемі желілірдің өткізу қабілетін арттыруға ешқандай 
да көмектесе алмайды. Өлшемі бірнеше мегабайт мультимедиялық 
файлды қайта жіберу үшін файлдық серверге қосымшаны жолдау 
кезінде 16 К бойынша бөліктермен қайта жөнелту мүмкіндіктерінің 
болуы 1500 байт бойынша бөліктермен файлды қайта жөнелту 
нұсқасымен салыстырғанда желілердің өткізу қабілетін сөзсіз арт-
тырады. 
Деректердің қайта жөнелтілетін порцияларының өлшемін баптау 
əдетте хаттамалар стегінің транспорттық деңгейінде жүзеге асады 
жəне егер қосымшаны əзірлеуші осындай мүмкіндікті қарастырса, 
онда қолданбалы деңгейде де жүзеге асады. 
Үлкен өлшемдердегі пакеттермен жұмыс істеу тақырыптың 
қызметтік ақпаратына жұмсалатын үстеме шығыстарды азай-
ту есебінен ғана желілердің өнімділігі арттырылмайды. Үлкен 
пакеттерді пайдалану кезінде кадрлармен жəне пакеттермен жұмыс 
жасайтын коммуникациялық құрал-жабдықтың, яғни көпірлердің, 
коммутаторлардың жəне маршруттаушылардың өнімділігі артады. 
Бұл ақпараттардың бір көлемін беру кезінде пайдаланылатын үлкен 
пакеттердің саны кіші пакеттердің санына қарағанда айтарлықтай 
аз болатындығынан жүзеге асады, өйткені коммуникациялық 
құрал-жабдықтар əр пакетті өңдеуге белгілі бір уақыт жоғалтады, 
сондықтан үлкен пакеттерді пайдалану кезінде көпірлердің, 
коммутаторлардың жəне маршруттаушылардың пакеттерді алдыға 
жылжытудағы уақыттық шығындары аз болады. 
Желілердің өнімділігі құрамды гетерогендік желілердің əртүрлі 
бөліктеріндегі кадрдың ең үлкен өлшемінің келісімсіздігінен күрт 
төмен
 түсуі мүмкін.
Осындай желілер бөліктерінің əрбірінде өзінің MTU 
тағайындалуымен арналық деңгейдің өз хаттамасы пайдаланыл-
са, онда MTU əртүрлі мəндерін келісу проблемасын MTU үлкен 
мəнімен желілерден MTU ең кіші мəнімен желіге беру кезінде туын-
дауы мүмкін.

288
Жергілікті желілердің арналық деңгейіндегі бүкіл қолданылатын 
хаттамалар оларды кейін бастапқы кадрға құрастыратын кадрлар-
ды динамикалық фрагменттеу мүмкіндіктерін қарастырмайды. 
Пакеттерді фрагменттеу атқарымдары желілік деңгейдің хаттамала-
рында ғана жүзеге асырылған жəне барлығындай емес – жергілікті 
деңгейдің неғұрлым кең таралған хаттамаларынан ІР хаттамасы ғана 
динамикалық фрагменттеу атақырымын қолдайды. Сондықтан MTU 
əртүрлі мəндерінің желілер арасында кадрлар беру кезінде туын-
дайтын проблеманы екі тəсілмен шешуге болады – я ІР-пакеттері 
MTU арналық хаттамада орналасатындай түрде фрагменттелетін 
ІР-маршруттаушылар қолдану жолымен, я гетерогендік желілерде 
қолданылатын хаттамалардың бүкіл жиыны бойынша ең аз MTU 
тең мəндерге дейін бүкіл құрамды желілерде MTU шектеу жолымен.
Тіпті, егер оңтайландыру өнімділік өлшемі бойынша ғана 
жүргізілетін болса, ал шешу құны назарға алынбайтын болса, сон-
дай кездің өзінде осы нұсқалардың бірін таңдау анық болмайды. 
Маршруттаушылар, жалпы айтқанда өте тез жұмыс істемейді, ал 
фрагменттеуді орындау пакеттерді жылжытуды қосымша кешіктіруге 
əкеледі. Сондықтан құрамды желілердің жекелеген бөліктерінде 
MTU бірегей мəндерін пайдалану кезінде ұзындықтары үлкен 
пакеттерді пайдалану есебінен алынған өткізу қабілеттеріндегі 
ұтыс, фрагменттеу операциясын орындайтын маршруттаушылармен 
пакеттерді жылжытуды кешіктірумен байланысты жүзеге аспауы 
мүмкін. Егер гетерогендік желілер жұмысының жылдамдығы өте 
маңызды болса, онда ең жоғары өнімділікке жету үшін натуралдық 
немесе еліктемелік модельдеудің екі тəсілін, яғни MTU фрагменттеу 
жəне шектеу тəсілдемелерін қолдану қажет. 
Қолданбалы деңгейдегі көптеген қосымша мен хаттамалар 
құрамды гетерогендік желілерде талап етілетін сервермен дерек-
тер алмасуға мүмкіндік беретін MTU осындай мəнін динамикалық 
түрде табуға мүмкіндік береді. 
Пакет құрамды желілер бойынша ұзақ сапар шегуі мүмкін екенін 
анықтайтын параметр желілік деңгейдің көптеген хаттамаларында 
қолданылады. ІР хаттамасында бұл параметр Time-To-Live, TTL 
(Өмір уақыты), IPX - Distance (Қашықтық) хаттамасы деп аталады.
Бұл параметр желілік хаттама тақырыптарын өңдейтін маршрут-
таушылар желілер бойынша пакет қалай ұзақ орын ауыстырғаны, 
аталған маршруттаушыға қалай келгені туралы ақпаратқа ие болу 

289
 
үшін пайдаланылады. Егер пакет желілер бойынша тым ұзақ 
уақыт сапар шегетін болса, онда ол қандай да бір себеп бойын-
ша «адасты» деген үлкен ықтималдыққа ие болады. Желілер бо-
йынша пакеттердің дұрыс емес орын ауыстыру себептері мына-
лар болуы мүмкін: өз кезегінде кестелерді қолымен құру кезінде 
əкімшілердің қателік жіберу салдарынан, я маршруттық ақпараттар 
алмасу хаттамаларының жетілмегендігінен кейбір маршруттаушы-
ларда маршруттау кестелері мəнінің дұрыс болмауы, мысалы, RIP 
хаттамасының кейбір уақытта желілер күйінің өзгеруі – байланыс 
арналарының істен шығуы, істен шығу, өзге маршруттаушылардың 
пайда болуы немесе ажыратылып қалуы кезінде жұмыс істеуі 
орнықсыз болады. 
«Адасқан» пакеттер арналардың жəне маршруттаушылардың 
өткізу қабілетінің бір бөлігі босқа жұмсалмас үшін, маршруттаушы-
лар арқылы желілерден жойылады. 
ІР хаттамасындағы TTL өрісі жөнелтуші тораппен кейбір нөлдік 
емес мəнге орнығады, ал маршруттаушылар пакетті жылжыту 
кезінде əдетте оны 1-ге кішірейтеді. Егер мəнді азайтқаннан кейін 
TTL өрісі 0-ге тең болса, сол жағдайда пакет желілерден жойылады.
ІРХ хаттамасында Distance өріс басқаша өңделеді – жөнелтуші 
торап оны 0-ге орнықтырады, ал əрбір маршруттаушы оны 1-ге 
өсіреді. Осы өрістің мəні 16-ға жеткен кезде пакет желілерден жой-
ылады. 
ІР хаттамасы бойынша жұмыс жасайтын желілердегі уақыт 
өрісінің бастапқы мəні, желілер жұмысының өнімділігі мен 
сенімділігіне əсер ететін баптауға болатын параметр болып са-
налады. TTL өрісінің бастапқы мəнін ұлғайту кезінде пакет-
тер аралық желілердің үлкен санын қиып өтуі мүмкін, демек кез 
келген абоненттің үлкен желілерге пакетті ойдағыдай жеткізу 
ықтималдығы артуы мүмкін, яғни жолда лақтырылған пакеттердің 
«оған дейінгі жетпегендерінің» үлесін азайту есебімен өнімділік арт-
тырылуы мүмкін. Бірақ бұл ретте желілерде желілердің өнімділігін 
төмендететін «адасқан» пакеттердің үлкен саны бар болуы мүмкін. 
Бастапқы мəнді таңдау бойынша жай ұсынымдар нəтижесінде ІР 
хаттамасында TTL өрісі болмайды – бұл мəнді натуралды экспери-
менттеу немесе модельдеу жолымен баптауға жатады. 
Жалғауды орнатумен айналысатын хаттамалар, əдетте алушыға 
пакеттердің дұрыс жеткізілуін қадағалайды жəне бұрмаланған не-

290
месе жоғалып қалған пакеттерді қайыра беруді ұйымдастырады. 
Жалғау шеңберлерінде əрбір пакетті беру дұрыстығы алушының 
түбіртегімен расталуы тиіс. Квитирлеу – бұл сенімді байланысты 
қамтамасыз етудің дəстүрлі əдістерінің бірі. 
Бұрмаланған деректерді қайыра беруді ұйымдастыруға мүмкіндік 
болуы үшін жөнелтуші берілетін деректердің – пакеттердің 
бірліктерін нөмерлейді. Əр пакет үшін жөнелтуші, қабылдаушыдан 
оң түбіртекті – алғашқы пакет алынғандығы жəне ондағы дерек-
тер дұрыс болғандығы туралы хабарлайтын қызметтік хабарды 
күтеді. Бұл күту уақыты шектелген – əрбір пакетті жөнелту кезінде 
хабарлағыш таймерді іске қосады, егер сол уақыт өткеннен кейін оң 
түбіртек алынбайтын болса, онда пакет жоғалған болып саналады. 
Кейбір хаттамаларда қабылдаушы пакетті бұрмаланған деректермен 
алған жағдайда, теріс түбіртекті – аталған пакетті қайыра беру қажет 
екенін көрсететін анық нұсқауды жөнелтуі тиіс. 
Оң жəне теріс түбіртектермен алмасу үдерісін ұйымдастыруда 
екі тəсілдеме: бос тұрып қалу жəне «терезені» ұйымдастыру 
тəсілдемелері қолданылады. 
Бос тұрып қалу əдісі кадрды жіберген көз қабылдаушыдан 
түбіртекті алуын күтетінін жəне содан кейін ғана барып келесі кадр-
да жөнелтетінін (немесе бұрмаланғанды қайталағанын) талап етеді. 
52-суреттен көрініп тұрғандай, бұл жағдайда деректерді алмасу 
өнімділігі айтарлықтай төмендейді, таратқыш келесі кадрды оның 
алдындағыны жөнелткеннен кейін бірден жөнелте алатын болса да, 
ол түбіртектердің келуін күтуге міндетті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 2 
 1 

 
(
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
(
 

52-сурет. Қабылдағыштардың бос тұрып қалуымен 
квитирлеуді жүзеге асыру

291
 
Түзетулердің осы əдісі үшін өнімділікті төмендету, əсіресе 
байланыстардың жылдамдығы төмен арналарында, яғни аумақтық 
желілерде ерекше байқалады.
Бос тұрып қалулар түбіртектерімен алмасу əдісі бір параметрге 
түбіртектерді күту тайм-аутының шамасына ие болады. Кезекті 
пакетті жөнелту кезінде түбіртектерді күту таймері енгізіледі, егер 
белгіленген тайм-аут өтіп кетсе, ал түбіртек келмеген болса, онда 
пакет немесе түбіртек жоғалған болып есептеледі жəне расталмаған 
пакетті (53-сурет) қайыра беру ұйымдастырылады.
Тайм-аут шамасы – бұл көздің бос тұрып қалу алгоритміне 
сəйкес жұмыс жасайтын хаттамаларды баптаудың негізгі параметрі.
Тайм-ауттың тым кіші мəні өткізу қабілетінің қажетсіз төмендеуін 
туғызуы мүмкін. Бұл пакеттердің ағындарын баяу өңдейтін, артық 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-
  
 
 
 

-
 

 
-
-
1-
  

-
 

 
 
 
53-сурет. Хаттаманың жұмысына тайм-ауттың əсері

292
жүктелген маршруттаушылар жұмыс жасайтын үлкен құрамды 
бөліктер болуы мүмкін. Егер пакеттер беруді кешіктіруі тайм-аут 
мəнінен артып кететін болса, онда алғашқы тарап, шындығында 
жоғалмаған, белгіленген торапқа дейін баяу жүріп келген пакеттерді 
қайыра беретін болады.
Тайм-аут шамаларын таңдау кезінде байланыстардың физикалық 
желілерінің жылдамдығы мен сенімділігі олардың ұзақтығы мен 
көптеген осыған ұқсас басқа да факторлар ескерілуі тиіс. Хаттамада 
TCP, мысалы, тайм-аут, мынадай идеяларды ұсынатын аса күрделі 
адаптивті алгоритмнің көмегімен анықталады: Сегментті жөнелту 
мезетінен оның қабылдауына (айналым уақыты) түбіртектер кел-
генге дейінгі уақыт əрбір жіберу кезінде белгіленеді. Айналым 
уақытының алынатын мəні, алдындағы өлшеуден соңғы өлшеуге 
дейін өсетін, салмақты коэффициенттермен орташаландырылады. 
Бұл, соңғы өлшеулердің əсерін күшейту үшін жасалады. Кейбір 
коэффициентке көбейтілген айналымның орташа уақыты тайм-аут 
ретінде таңдалады. Тəжірибе көрсеткендей, осы коэфициенттің мəні 
2-ге артуы тиіс. Айналым уақыты аса шашыраңқы желілерде тайм-
аутты таңдау кезінде осы шамалардың дисперсиясы таңдалады. 
Тайм-ауттардың үлкен мəндері кезінде, түбіртектерді күтуге кет-
кен уақыт шығыны аса үлкен болуы мүмкін жəне желілердің өткізу 
қабілеті ондаған есе төмендеуі мүмкін.
Көптеген хаттамалар өзінің өткізу қабілетін арттыру үшін 
сырғымалы терезе тетігін пайдаланады. Оған аумақтық желілерде 
пайдаланылатын, HDLC топтарындағы LAP-B, LAP-D жəне LAP-M 
сияқты белгілі хаттамалар, қазіргі модемдерде жұмыс жасайтын, 
V.42 хаттама, SPX, TCP хаттамалары жəне қолданбалы деңгейдегі 
көптеген хаттамалар жатады. 
TCP хаттамасындағы квитирлеу алгоритмін жүзеге асы-
ру ерекшелігі мынада: TCP хаттамасында берілетін деректердің 
бірліктері сигмент болып саналса да (пакеттің өзге атауы), терезе, 
жоғарғы деңгейден келіп түсетін, TCP хаттамасымен буферленген 
деректердің құрылымданбаған ағынының нөмірленген байтының 
жиынымен анықталады. 
Сегментті алушы түбіртектер ретінде, алынған сегментте байттың 
ең үлкен нөмірінен артып кететін бірліктегі санды орналастыра-
тын жауап хабарды (сегментті) салып жібереді. Егер терезе өлшемі 
W-ға тең болса, ал соңғы түбіртек N мəнінен тұрса, онда жөнелтуші, 

293
 
кезекті сегмент N+W нөмірмен байтқа дəл түскенге дейін жаңа 
сегментті жібере беретін болады. Бұл сегмент терезе шеңберінің 
сыртына шығып кетеді жəне бұл жағдайда сегментті беруді келесі 
түбіртек келгенге дейін тоқтата тұру қажет. 
Терезе шамасын адаптивті өзгерту, сондай-ақ TCP хаттамасының 
ерекшелігі болып саналады. Өзге хаттамалардың басым көпшілігінде 
терезе өлшемін əкімші белгілейді жəне оның жұмыс үдерісінде 
хаттаманың өзімен өзгермейді. Терезенің өлшемін өзгерте оты-
рып, желілерді жүктеуге əсер етуге болады. Терезе неғұрлым үлкен 
болса, расталмаған деректердің соғұрлым үлкен порциясын желіге 
жіберуге болады. Егер желі жүктемемен жұмыс жасауға қабілетті 
болмаса, онда аралық тораптарда – маршруттарда жəне түпкі торап-
Түпкі тораптың қабылдау буфері аса толып кеткен кезде TCP-
дың «артық жүктелген» хаттамасы түбіртекті жөнелте отырып, 
оған жаңа, терезенің кішірейтілген өлшемін сыйғызады. Егер 
ол қабылдаудан мүлдем бас тартса, онда түбіртектерде нөлдік 
өлшемдегі терезе көрсетіледі. Бірақ, тіпті осыдан кейін қосымша 
қабылдаудан бас тартқан портқа хабар жөнелтуі мүмкін. Бұл үшін 
хабар «жедел» белгісімен қоса жіберілуі тиіс. Осындай жағдайда 
егер тіпті бұл үшін буферден онда осыған дейін болған деректерді 
ығыстырып шығаруға тура келсе де, порт сегментті қабылдауға 
міндетті. 
Терезенің нөлдік мəнімен түбіртектерді қабылдағаннан кейін 
хаттама-жөнелтуші уақыт өткен сайын деректермен алмасуды 
жалғастыруға бақылау талпыныстарын жасайды. Егер хаттама-
қабылдаушы ақпаратты қабылдауға дайын болса, онда бақылау 
сұранымына жауап ретінде ол терезенің нөлдік өлшемін көрсете 
отырып, түбіртекті жібереді. Маршруттаушыларда буферлердің 
артық толтырылуы желінің артық жүктелуінің тағы бір көрінісі 
болып саналады. Осындай жағдайларда ол, басқарушы хабарды 
кейбір түпкі тораптармен жібере отырып, терезенің өлшемін бір 
орталықтан өзгертуі мүмкін жəне бұл оның желілердің əртүрлі 
бөліктерінде деректер ағынының интенсивтілігін саралап (диффе-
ренциалды) басқаруға мүмкіндік береді. 
Жергілікті желілердің кез келген арнасының өткізу қабілеті 
пайдаланылатын арналық хаттаманың ең жоғары тиімді өткізу 
қабілетімен шектеледі. Егер осы өткізу қабілетінің бір бөлігі 
тар – компьютерлерде кезектер пайда болады.

294
пайдалануға арналған деректерді беру үшін емес, қызметтік 
трафикті беру үшін пайдаланылса, онда желілердің тиімді өткізу 
қабілеті əлі де кішіреймейтін болады. Əдетте желілердің қолжетімді 
өткізу қабілетінің кейбір бөлігін, жергілікті желілерде жұмыс 
істейтін хаттамалардың бүкіл стектерінің іс жүзінде ажырамайтын 
бөлігі болып саналатын кеңінен қолданылатын қызметтік трафик 
пайдалануға арналған деректерден алып тастайды. 
Кадрлар мен пакеттерді кеңінен қолдану үшін жіберуді желілерде 
олардың сандық мекенжайларын есте сақтау көмегімен емес, пайда-
ланушы үшін неғұрлым ыңғайлы символдық атауды пайдалану жо-
лымен қорларды табуға болатын хаттамаларды пайдаланады. Олар-
ды автоматты сканерлеу жəне пайдаланушыға символдық атаулары 
бар анықталған қорлардың тізімін беру желілерде қорларды іздеудің 
тағы бір ыңғайлы тəсілі болып саналады. Пайдаланушы желілердің 
ағымдағы қорларының – файл-серверлердің, деректер қорлары 
серверлерінің немесе бөлінетін принтерлердің тізімін қарап шығып, 
пайдалану үшін олардың кез келгенін таңдай алады. 
Пайдаланушының қорларымен жұмыс жасауының келтірілген 
екі тəсілі əдетте кеңінен қолданылатын трафиктің қандай да бір 
түріне негізделеді, сол уақытта желілерді қарап шығуды жүзеге 
сұратуды жөнелтеді. Осындай сұратуды алған сервер сұратушы 
торапқа өзінің дəл мекенжайын хабарлайтын жəне сервер көрсететін 
қызметті сипаттайтын жөнелтілген пакетпен жауап береді. 
Тəжірибеде жергілікті желілерде пайдаланылатын барлық хат-
тамалар кеңінен қолданылатын мекенжайды қолдайды (АТМ хат-
тамаларынан өзге). Барлық (111...1111) бірліктерден тұратын ме-
кенжай Ethernet, TokenRing, FDDI, FastEthernet, 100VG-AnyLAN 
хаттамалар үшін бір мағынаға ие болады: осындай мекенжайы 
бар кадрды желілердің бүкіл тораптары қабылдауы тиіс. Кеңінен 
қолданылатын мекенжайдың тұрақты сипаты мен ерекше түрімен 
байланысты апаратуралардың (желілік адаптер, қайталағыш, көпір, 
коммутатор немесе маршруттаушы) қате жұмыс істеуі нəтижесінде 
оны беру ықтималдығы аса жоғары болады. Кейбір уақытта қате 
кеңінен қолданылатын трафик жоғары деңгейлердегі хаттамалардың 
атқарымдарын жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етудің 
жаңылыс жұмысы нəтижесінде беріледі.
асыратын торап желілерде қандай да бір серверлердің бар бо-
луын сұрататын кеңінен қолданылатын мекенжаймен сол арқылы 

295
 
Арналық деңгейдің кеңінен қолданылатын трафигі пассивтік 
кабельді жүйемен немесе бірнеше қайталағыш/концентраторлармен 
пайда болған сегмент шектерінде ғана емес, сонымен бірге көпірлерді 
жəне коммутаторларды пайдалана отырып құрылған желілер 
шектерінде таралады. Осы құрылғылардың жұмыс қағидаттары олар-
ды кеңінен қолданылатын мекенжаймен барлық порттарға (кадр қай 
жақтан келді, содан өзге) беруді міндеттейді. Кеңінен қолданылатын 
трафикті өңдеудің осындай тəсілі қайталағыштардың, көпірлердің 
жəне коммутаторлардың көмегімен бір-бірімен байланысқан бүкіл 
тораптар үшін бүкіл клиенттер мен серверлер бір-бірін «көретін» 
жалпы желілердің əсерін туғызады. 
Əдетте хаттамалар кеңінен қолданылатын трафик деңгейі 
желілердің жалпы өткізу қабілетінің шамалы үлесін құрайтындай 
түрде жобаланады. Кеңінен қолданылатын трафиктің қалыпты 
деңгейі желілердің 8-10% өткізу қабілетінен артып кетпеуі 
тиіс деп есептеледі. Бірақ 5%-дық шекке жеткен кезде кеңінен 
қолданылатын трафиктің ең үлкен үлесін беретін тораптарға талдау 
жүргізу дұрыс деп саналады жəне олар қайта конфигурациялауды 
қажетсінуі мүмкін. Кеңінен қолданылатын пакеттердің əрбір хатта-
ма көзі көбінесе тұрақты интенсивті кеңінен қолданылатын трафигін 
туғызады, өйткені желіге белгілі бір уақыт аралығында белгіленген 
өлшемдегі пакеттерді жібереді. 
Желілердегі кеңінен қолданылатын трафиктің жалпы 
интенсивтілігі екі фактормен – осындай трафик көздерінің 
санымен жəне əрбір көздің орташа интенсивтілігімен 
анықталады. Жергілікті желілердің хаттамалары кеңінен 
қолданылатын трафикті беретін компьютерлердің шағын саны-
мен салыстырылған есеппен, сондай-ақ сол уақыттағы үстел 
үстіндегі компьютерлердің жəне шағын компьютерлер файлдық 
сервисінің қажеттіліктерімен салыстыру бойынша жергілікті 
желілер арналарының өткізу қабілетінің үлкен қорын (запасын) 
(10Мб/с) ескере отырып, 80-шы жылдарының басында əзірленді. 
Сондықтан жергілікті желілерде - NovellNetWareIPX/SPX жəне 
стек NetBIOS/SMB компанилар IBM жəне Microsoft – қолдану 
үшін ерекше жобаланған хаттамалар стектері, серверлердің ата-
уы мен мекенжайларын есте сақтаудың қажеті болмаған, пайда-
ланушылар үшін аса жоғары ыңғайлылықтар жасау үшін кеңінен 
қолданылатын жіберулер (жөнелту) кеңінен пайдаланылды. 
Стек TCP/IP жергілікті желілердегі, сол сияқты арналарының 

296
жылдамдығы төмен жаһандық желілердегі кез келген жағдайларда 
жұмыс жасауды есептей отырып жобаланды. Сондықтан TCP/
IP кеңінен қолданылатын хабарлармен аса сирек, негізінен, ол 
қажет болған жағдайларда ғана пайдаланылады. Бұл TCP/IP стекке 
тіпті жылдамдығы төмен арналардың өзінде түгелдіктің қолайлы 
деңгейіне кепілдік береді, сол уақытта NetWare желілерде жаһандық 
арналардағы кеңінен қолданылатын деңгейі 20% қажетсіз цифрларға 
жетуі мүмкін.
Кеңінен қолданылатын трафиктің 20%-дан жоғары деңгейден 
артып кетуі кеңінен қолданылатын қатты дауыл  (bradcaststorm) 
деп аталады. Бұл құбылыс аса қажетсіз, өйткені желілерді пайда-
лану коэффициентін өсіруге, демек мəліметті күту уақытын күрт 
арттыруға əкеледі. 
Ілгеріде айтылғандай, көпірлер мен коммутаторлар порттарға 
қосылған желілердің, сегменттердің, арналық хаттамалардың кеңінен 
қолданылатын трафигінен оқшауламайды. Бұл үлкен желілер үшін 
проблемалар туғызуы мүмкін, өйткені кеңінен қолданылатын қатты 
дауыл бүкіл желіні «басып кетіп», тораптардың қалыпты жұмысын 
бұғаттайтын (блокировать) болады. Маршруттаушылар қатты да-
уыл жолындағы кеңінен қолданылатын сенімді тосқауыл болып са-
налады. 
Маршруттаушының жұмыс қағидаттары (принцип) одан бүкіл 
порттар арқылы кеңінен қолданылатын мекенжай (адрес) мен кад-
рларды жіберуді міндетті түрде талап етпейді. Маршруттаушы кад-
рды жылжыту туралы шешім қабылдау кезінде арналық деңгейдегі 
емес, желілік деңгейдегі тақырып ақпараттарын басшылыққа алады. 
Сондықтан арналық деңгейдегі кеңінен қолданылатын мекенжайды 
маршруттаушылар елемейді. Желілік деңгейде, сондай-ақ түгелдік 
мекенжай қолданылады, бірақ бұл мекенжай шектеулі əрекетке ие 
– осындай мекенжайы бар пакеттер барлық тораптарға бір желілер 
шектерінде ғана жеткізілуі тиіс. Осымен байланысты мұндай 
мекенжайлар  шектелген кеңінен қолданылатын  мекенжайлар 
(limitedbroadcast) деп аталады. IP жəне IPX желілік деңгейлерінің 
неғұрлым белгілі хаттамалары осындай ережелер бойынша жұмыс 
жасайды.
Бірақ желілердің қалыпты жұмысы үшін көбінесе бүкіл 
құрамды желілер шектерінде кейбір типтегі пакеттерді кеңінен 
қолданысқа берудің қажетті мүмкіндігі талап етіледі. Мысалы, 

297
 
NetWare желілердегі SAP сервистері хабарламасы хаттамасының 
пакеттерін өзге желілердегі серверлерге клиенттердің қатынаса ала-
тындай болу үшін маршруттаушылармен жалғанған желілер ара-
сында беру талап етіледі. Атап айтқанда, Novell компаниясының 
NetWare операциялық жүйесінде жүзеге асырған маршруттау-
ды бағдарламалық қамтамасыз етуі осылай жұмыс атқарады. Осы 
қасиетті ұстап тұру үшін тəжірибеде аппараттық маршруттаушы-
ларды шығарушылардың бүкілі, сондай-ақ SAP трафигінің кеңінен 
берілуін қамтамасыз етеді. Осындай ерекшелік SAP хаттамасы үшін 
ғана емес, сонымен бірге желілерде сервистерді автоматты іздеу 
атқарымдарын орындайтын немесе желілер жұмысын оңайлататын 
өзге пайдалы атқарымдарды орындайтын көптеген басқа да 
қызметтік хаттамалар үшін жасалады.
Желілердің тораптар арасындағы байланыстар топологияларының 
өзгеру мүмкіндігі желілік біріктіргішке (интеграторға), тұтастай 
алғанда желілердің, сол сияқты жекелеген учаскелердің өткізу 
қабілеттерін арттыру үшін кең мүмкіндіктер береді. Тіпті байланыс 
арналарының тіркелген өткізу қабілеттері кезінде қандай да бір то-
раптар арасында екі баламалы арналардың болуы осы тораптардың 
өзара əрекет етуі кезінде желілердің өткізу қабілетін бірден екі есе 
арттырады. 
Қайталағыштарды/концентраторларды ғана пайдаланатын 
жергілікті желілер толықтай анықталған топологиялар бойынша 
құрылуы тиіс – жалпы шиналары, сақиналары немесе жұлдыздары 
пайдаланылатын базалық желілік технологиялармен (Ethernet, 
TokenRing жəне т.б.) анықталады.
Бірақ көпірлерді, коммутаторларды немесе маршруттаушыларды 
пайдалану кезінде, стандарттыдан өзгешеленетін неғұрлым күрделі 
топологияларды пайдалану мүмкіндігі пайда болады. Желілердің 
дəл келетін топологияларын таңдау, желілердің тар орындарындағы 
(өткізу қабілетіне қатысты) көптеген проблемаларды шеше алады. 
Бұл қосымша байланыс арналарының болуымен ғана емес, соны-
мен бірге осындай жағдайда желілердің бүкіл тораптар арасын-
да бөлінетін бір жалпы ортаның емес, өткізу қабілеті желілердің 
аталған сегментінің арасында ғана бөлінетін, бір жалпы ортаны 
құрайтын жағдайына байланысты болады.
Көпірлер, коммутаторлар жəне маршруттаушылар сияқты 
осындай коммуникациялық құрылғылардың өнімділігі сөзсіз 

298
түрде желілердің өткізу қабілетіне үлкен əсер етеді. Бұл өнімділік 
желіге аталған типтегі құрылғыны орнату нəтижесінде пайда бо-
латын желілер бөліктері арасындағы сегмент аралық немесе желі 
аралық трафикті беру үшін жеткілікті болуы тиіс. Көпірлердің, 
коммутаторлардың немесе маршруттаушылардың кадрларды не-
месе пакеттерді жоғалту желілердің өткізу қабілетін айтарлықтай 
төмендетуге əкеледі, əсіресе, жоғалған пакеттерді қалпына келтіру 
түбіртектерді күтудің тайм-аутының үлкен мəндерімен хаттама 
арқылы жүзеге асырылады. 
Ішкі желілердің қайталағыштары мен концентраторлары 
деректерді берудің бөлінетін орталары үшін əзірленген базалық 
технологияларды жүзеге асырады. Коаксиальдік кабельдегі Ethernet 
технология осындай технологиялардың классикалық түрі болып 
саналады. Осындай желілердің бүкіл компьютерлері коаксиальді 
кабельдің сегментімен құрылған байланыс арнасының уақыт бо-
йынша бір арнасын бөледі. 
Қандай да бір компьютермен электр кадрын беру кезінде бүкіл 
қалған компьютерлер хабарлағышпен тұрақты биттік синхронизмде 
бола отырып, оны жалпы коаксиальдік кабель бойынша қабылдайды. 
Осы кадрды беру уақытында ешқандайда өзге ақпараттармен 
желілерде алмасуға рұқсат етілмейді. Жалпы кабельге кіру тəсілі 
арбитраждың күрделі емес бөлінген тетігімен басқарылады – егер 
кабельде ақпараттық дабылдар болмаса кадрды беру құқығына 
ие болады, ал кадрларды бірнеше компьютерлермен бір мезгілде 
беру кезінде коллизия деп аталатын тораптар қабылдағыштарының 
сұлбалары осы жағдайды танып жəне өңдей алады. Сондай-ақ кол-
лизияларды өңдеу де қиын емес – бүкіл деректерді беретін тораптар 
өз кадрларының биттерін кабельге қоюын тоқтатады жəне кадрды 
кездейсоқ уақыт аралығында беруге талпыныс жасауды қайталайды. 
Ethernet желілерінің жалпы арнасына қосылу кезінде əрбір то-
рап желілер жұмысының жалпы уақытының біршама үлесі ішінде 
ғана 10Мб/с оның өткізу қабілетін пайдаланады. Тиісінше, торапқа 
арнаның өткізу қабілетінің осы үлесі дəл келеді. Тіпті, егер барлық 
тораптар арна жұмысы уақытының теңдей үлесін алады жəне 
уақыттың өнімді емес шығындары жоқ деп ықшамдап санайтын 
болсақ, онда желілерде N тораптардың болған кезінде бір торапқа 
10/N Мб/с өткізу қабілеті ғана келеді. N үлкен мəндері кезінде 
əрбір торапта бөлінетін өткізу қабілеті соншалықты аз шама болып 

299
 
шығатыны анық, қосымшалар мен пайдаланушылардың қалыпты 
жұмысы мүмкін болмайды. Желілік қорларға мəліметтердің 
кешіктірілуі қосымшалардың тайм-ауттарын арттырады, ал пайда-
ланушылар желілердің үн қатуын ұзақ күтетін болады.
Ethernet технологияларда қабылданған деректерді беру ортасы-
на қатынау алгоритмінің кездейсоқ сипаты жағдайды одан сайын 
қиындата түседі. Егер ортаға кіруге жасалған сұратулар тораптар 
мен уақыттың кездейсоқ мезеттерінде берілетін болса, онда олардың 
коллизиялардың туындау ықтималдығына жоғары интенсивтілігі, 
сондай-ақ арта түседі жəне арнаны тиімсіз пайдалануға əкеледі: 
коллизияны анықтау уақыты мен оны өңдеу уақыты өнімсіз 
шығындарды құрайды. Сол уақыт ішінде арна нақты тораптың иелік 
етуіне беретін уақыт үлесі барған сайын азая түседі.
Осыдан шамалы уақытқа дейін жергілікті жерлерде деректердің 
үлкен пайыздарын аударып алатын көбінесе бірнеше ондаған мега-
байттан тұратын мультимедиялық қосымшалар сирек пайдаланыл-
ды. Алфавиттік-цифрлық қызмет атқаратын қосымша айтарлықтай 
трафик жасаған жоқ. Сондықтан ұзақ уақыт бойы Ethernet сегмент-
тер үшін эмпирикалық ереже қолданып келген болатын, ол бойынша 
бөлінетін сегментте 30 тораптан артық болмауы тиіс. Ендігі уақытта 
жағдай өзгерді жəне көбінесе 3 - 4 компьютер оның 10Мб/с ең 
жоғары өткізу қабілетімен жəне секундына 14880 кадрмен Ethernet 
сегментін толық жүктейді. 
Туындайтын коллизиялармен жəне бөлінетін сегментті 
айтарлықтай жүктеу кезінде оған енуді күтудің үлкен уақытымен 
байланысты шектеу, көбінесе кабельдерде электрдабылдарын 
орнықты беру тұрғысынан, стандартпен анықталған тораптардың 
ең үлкен санымен шектелгенге қарағанда неғұрлым күрделі болып 
шығады. 
Ethernet технологиясы жергілікті желілер технологияларына тəн 
шектеулерді көрсету кезінде мысал түрінде таңдалған болатын, 
өйткені осы технологияларда шектеулер неғұрлым анық көрінеді, 
ал олардың себептері айтарлықтай. Бірақ осындай шектеулер 
жергілікті желілердің бүкіл қалған технологияларына да тəн болып 
саналады, өйткені олар бір бөлінетін қор ретінде деректерді беру 
орталарын пайдалануға сүйенеді. Tokenring жəне FDDI сақинасы 
сондай-ақ бөлінетін қор режимінде ғана желілер тораптарын пай-
далана алады. Ethernet арнасынан өзгешелігі, мұнда мəлімет алу 

300
мүмкіндігінің маркерлік əдісі сақинаға мəлімет алудың мүмкіндігін 
берудің детерминацияланған кезектілігін анықтайтындығы болып 
табылады, бірақ сақинаға бір тораптың мəлімет алу мүмкіндігін 
беру кезінде бұрынғысынша бүкіл қалған тораптар өз кадрларын 
бере алмайды жəне торапта мəлімет алу мүмкіндігі құқығына ие 
өзінің деректерді беруін аяқтағанға дейін күтуі тиіс.
Қайталағыштар мен концентраторларды пайдаланып қана 
құрылған жергілікті желілерді жалпы шектеу, осындай желілердің 
жалпы өнімділігі əрқашан да тіркелгендігінен жəне пайдаланылатын 
хаттаманың ең жоғары өнімділігіне тең екендігінен тұрады. Жəне 
бұл өнімділікті бүкіл құрал-жабдықтарды қымбат тұратын құрал-
жабдықтармен алмастырумен байланысты өзге технологияларға 
көшу арқылы ғана арттыруға болады.
Қарастырылған шектеу бөлінетін арналарды жергілікті желілерде 
пайдалануға мүмкіндік беретін артықшылық үшін ақы болып сана-
лады. Бұл артықшылықтар айтарлықтай, сондықтан осындай типтегі 
технологиялар 20 жылға жуық қолданылып келеді.
Артықшылықтарға бірінші кезекте мыналарды жатқызу қажет:
• желілер топологияларының қарапайымдылығы;
• мүлтіксіз жұмыс жасайтын арматура мен стандарт шектеулерін 
сақтау кезінде кадрды мекенжайға (алушыға) жеткізу кепілдігі;
• желілік адаптерлердің, қайталағыштардың жəне концентра-
торлардың төмен құнын қамтамасыз ететін хаттамалардың 
қарапайымдылығы.
Бірақ коммутаторлардың қайталағыштарды жəне концентратор-
ларды ығыстырып шығаруының басталған үдерісі басымдықтардың 
өзгергендігі туралы айтуға мүмкіндік береді жəне желілердің жалпы 
өткізу қабілетін арттыру үшін пайдаланушылар концентраторлардың 
орнына коммутаторларды сатып алумен байланысты шығындарға 
баруға дайын.
Жергілікті желілер технологиялар шектеулерін еңсеру үшін көп 
уақыттан бері коммутаторлардың атқарымдық орынбасушылары 
болып саналатын жергілікті көпірлер қолданыла бастады. Қазіргі 
желілерде коммутаторлар, жұмыс қағидаттары мен тəжірибеде 
қолдану бірдей деп айтуға болатын көпірлерді жергілікті желілерден 
ығыстырып шығарды.
Көпір – бұл оларды аралық буферлеу көмегімен бір желіден 
екіншіге кадрларды беру арқылы екі жергілікті желілердің (сирек 

301
 
түрде бірнеше) өзара байланысын қамтамасыз ететін құрылғы. 
Көпірдің қайталағыштан өзгешелігі, екі біріктірілетін желілерде 
биттік синхронизмді қолдануға ұмтылмайды. Мұның орнына ол 
желілердің əрбіріне қарым-қатынасы бойынша түпкі торап ретінде 
қатысады. Ол кадрды қабылдайды, оны буферлейді, кадрдың 
тағайындалу мекенжайын талдайды жəне алушыға жолданатын то-
рап шынымен басқа желіге жататын жағдайда ғана, басқаға береді.
Кадрды өзге желіге беру үшін көпір оның бөлінетін ортасы-
на кəдімгі тораптағы сияқты ережелерге сəйкес деректерді беруге 
мүмкіндік алуы тиіс.
Осылайша, көпір бұл сегменттің трафигін кадрларды сүзгіден 
өткізе отырып, өзге сегменттің трафигінен оқшаулайды. Өйткені 
сегменттердің əрбірінен енді тораптардың аз санынан трафик 
жіберіледі, сондықтан сегменттерді жүктеу коэффициенті азаяды 
(54-сурет). Нəтижесінде əрбір сегменттің өткізу қабілеті артады, 
яғни желілердің жиын өткізу қабілеті артады.
Желілердің əрбір сегменті коллизиялар домені, яғни барлық то-
раптар бір мезгілде тіркелетін желілер учаскесі болып қалады жəне 
ол осы учаскенің қандай да бір жерінде болмасын коллизияға пай-
даланылады. Бірақ бір сегменттің коллизиялары өзге сегменттегі 
коллизиялардың туындауына əкелмейді, өйткені көпір сегменттер 
арасында оларды трансляцияламайды.
Ethernet сегменттері коммутацияларының технологиясын жергілікті 
желілердің өткізу қабілетін арттыруға деген өспелі қажеттілікке жауап 
ретінде 1990 жылы Kalpana фирмасы ұсынған болатын. Бұл технология 
сегменттің бүкіл тораптары арасында бөлінетін байланыстар желілерін 
пайдаланудан бас тартуға жəне бүкіл оның порттарының жұптары 
арасындағы пакеттерді бір мезгілде беруге мүмкіндік беретін коммута-
торларды пайдалануға негізделді.
Көп портты атқарымдық коммутатор көп портты көпір ретінде, 
яғни арналық деңгейде жұмыс атқарады, кадрлардың тақырыптарын 
талдайды, мекенжай кестесін автоматты түрде құрады жəне осы кес-
телер негізінде кадрды өзінің шығатын порттарының біріне қайта 
бағыттайды немесе буферден алып тастап, оны сүзгіден өткізеді. 
Келіп түсетін кадрларды параллель өңдеу оның жаңалығы болып 
табылады, сол уақытта көпір кадрдың сыртындағы кадрды өңдейді. 
Коммутатор, əдетте, олардың əрбірі көпір алгоритмін орындай ала-
тын кадрларды өңдейтін бірнеше ішкі процессорларға ие болады. 

302
Осылайша, коммутатор – бұл ішкі параллелизм есебінен жоғары 
өнімділікке ие болатын мультипроцессорлық көпір.
Осы эффект 55-суретте кескінделген. Суретте өнімділікті арттыруға 
қатысты, 4-тің коммутаторға қосылған екеуі деректер 10 Мб/с 
жылдамдықпен Ethernet хаттама үшін барынша көбірек беретін, əрі олар 
осы деректерді коммутатордың қалған екі портына конфликтіге бармай, 
əрбір кіретін порттан өзінің шығатын портына беретін мінсіз жағдай 
бейнеленген. Егер коммутатор, тіпті кіретін порттарға кадрлардың келіп 
түсуінің аса жоғарғы интенсивтілігі кезінде, кіретін трафикті өңдеуді 
үлгере алатын қабілетке ие болады, сондықтан келтірілген мысалдағы 
коммутатордың жалпы өнімділігі 2х10 Мб/с, ал N порттарда мысалды 
жинақтау кезінде - (N/2 )х10 Мб/с құрайды. Коммутатор əрбір станцияға 
немесе сегментке, оның порттарына қосылған, хаттаманың бөлінген 
өткізу қабілетін береді деп айтады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 





1-
 
 
20
21
22
23
24 
2-
 
 
1
2
 
 
1

1

1

1

1

2
20 
2
21 
2
22 
2
23 
2
24 
2 21

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет