Оқулық Алматы, 2012 2 ӘӨЖ 373. 2 Ббк 74. 102 А 75



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата31.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#10920
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ
Р. Қ. АРАЛБАЕВА 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ПЕДАГОГИКА
Оқулық
Алматы, 2012

2
ӘӨЖ 373.2
ББК 74.102
А 75
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» 
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
    психология ғылымдарының докторы, профессор Х. Т. Шерьязданова;
    педагогика ғылымдарының докторы, профессор С. Н. Жиенбаева;
    педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Нұғысова.
Аралбаева Р. К.
Мектепке  дейінгі  педагогика:  Педагогикалық  факультеттердің 
5В010100  «Мектепке  дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу»  мамандығы 
бойынша дайындалатын студенттерге арналған оқулық / Р.К. Аралбаева. 
– Алматы: Жоғары оқу орындарының қауылдастығы, 2012 ж. - 220 бет.
 ISBN 978-601-80311-3-7
«Мектепке дейінгі педагогика» курсы тұлғаның бастапқы қалыптасу және оның 
заманауи  қоғамның  мәдениетіне  араласу  кезеңі  ретіндегі  мектепке  дейінгі  балалық 
шақтың мән-мағынасын түсіну аясында студенттердің мектепке дейінгі білім берудің 
теориясы мен практикасын меңгеруге бағытталған. Оқулық студенттерді кәсіптік функ-
цияларын біліктілікпен орындауға базалық ғылыми дайындауды - мектепке дейінгі ме-
кемелерде балаларды тәрбиелеу, балалар бақшасы педагогикалық ұжымына жетекшілік 
етуді  және  мектепке  дейінгі  білім  беру  педагогикалық  колледждерінде  сабақ  беруді 
қамтамасыз етеді.  
ӘӨЖ 373.2
ББК 74.102
                               
                               
                                                                                                                     
ISBN 978-601-80311-3-7
                                                                  
А 75
© АРАЛБАЕВА Р.Қ
© ҚР жоғары оқу орындарының 
    қауымдастығы  

3
Түсінік хат
«Мектепке  дейінгі  педагогика»  курсы  тұлғаның  бастапқы 
қалыптасу және оның заманауи қоғамның мәдениетіне араласу кезеңі 
ретіндегі  мектепке  дейінгі  балалық  шақтың  мән-мағынасын  түсіну 
аясында  студенттердің  мектепке  дейінгі  білім  берудің  теориясы  мен 
практикасын меңгеруге бағытталған. Курс студенттерді кәсіптік функ-
цияларын біліктілікпен орындауға базалық ғылыми дайындауды - мек-
тепке  дейінгі  мекемелерде  балаларды  тәрбиелеу,  балалар  бақшасы 
педагогикалық ұжымына жетекшілік етуді және мектепке дейінгі білім 
беру педагогикалық колледждерінде сабақ беруді қамтамасыз етеді.  
«Мектепке  дейінгі  педагогика»  курсындағы  өзіндік  жұмыс 
теориялық,  аксиологиялық, технологиялық, зерттеушілік және замана-
уи мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу проблемаларына тұлғалық 
көзқарастардың жиынтығы ретінде біріктірілген.  
Өзіндік  жұмыстың  нәтижелілігі  курсты  оқыту  процесінде 
студенттердің  субъективтік  ұстанымын  құру  және  студенттердің 
өздігінен білім алу белсенділігін дамытуды қамтамасыз етеді.  
Мектепке  дейінгі  педагогикада  практикалық  сабақтарда 
педагогикалық  пәндер  циклін  оқу  барысында  меңгерген  білімі  мен 
біліктерін  ары  қарай  қалыптастыру  жұмысы  жалғастырылады: 
әдебиетті теориялық талдау, мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу 
процестерін  және  бағдарламаларын  жобалау  және  құру,  мектепке 
дейінгі  мекемелерде педагогикалық үрдістерді диагносттау және мек-
теп жасына дейінгі балаларды дамыту.
«Мектепке  дейінгі  педагогика»  курсы  бойынша  практикалық 
сабақтар жүйесі мектепке дейін білім берудің қазіргі заманғы теорияла-
ры мен тұжырымдамаларының мән-мағынасын саналы түрде түсінудің 
қажеттілігі,  мектепке  дейінгі  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  
өмірдің  талабы  екендігі,  мектепке  дейін  тәрбие  беру  практикасында 
педагогикалық  теорияны  шығармашылықпен  қолдана  білу,  қойылған 
проблеманы  шешуде  студенттердің  өз  көзқарастарын  толыққанды 
негіздей білу жүйесін жасай білуі тұрғысынан қарастыруды көздейді. 
Көптеген  шығармашылық  тапсырмаларды  студенттер  жұмыс  топта-
рында  орындайды,  ол  болашақ  педагогтың  командада  жұмыс  істей 
білу білігін қалыптастыруда, педагогикалық проблемаларды шешудің 
ұтымды жолдарын табудың бірыңғай стратегиясы мен тактикасын жа-
сауда аса маңызды.

4
Практикалық сабақтарда студенттердің білігін қалыптастыру түрлі 
жаттығуларды  орындау  түрінде,  іскерлік  ойындарда  әртүрлі  рөлдер 
орындау барысында, білім жобаларын жасау және педагогикалық си-
туацияларды модельдеу түрінде жүзеге асырылады. Әрбір сабақта про-
блеманы талқылау пікірталас сипатында өтеді, көпнұсқалы ізденістер 
қарастырылады.  Пәнаралық  байланыс  орнату,  философиялық, 
психологиялық, тарихи-педагогикалық білім мен жеке тәжірибені ин-
теграциялау - сабақта қарастылатын мәселе бойынша студенттердің өз 
көзқарастарын негіздеу үшін аса маңызды.
Өзіндік  жұмыс  «Мектепке  дейінгі  педагогика»  курсын  оқып-
үйренуде  студенттің  дербес  білім  алу  бағытын  анықтауға  мүмкіндік 
туғызуды көздейді. 
«Мектепке дейінгі педагогика» курсын меңгеруде сәттілік тілеймін!
                                                                                                          
 Автор
 

5
1-ТАРАУ
  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚУ 
ПӘНІ РЕТІНДЕ
Жоспар
1.1 Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде. Ғылымның пәні. 
Негізгі санаттары.
1.2  Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері.
1.3 Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі педагогиканың ғылым ретіндегі 
функциялары мен міндеттері.
1.4 Педагогикалық білім жүйесі. Мектепке дейінгі педагогиканың 
басқа ғылымдармен байланысы.
1.5  Мектепке дейінгі педагогика оқу пәні ретінде.
1.1 Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде. Ғылымның пәні. 
Негізгі санаттары
Мектепке дейінгі педагогика – баланы туғаннан бастап мектепке 
барғанға дейінгі тәрбиелеу мен дамыту туралы ғылым. 
Бұл  тақырып  мектепке  дейінгі  педагогиканың  барлық  курсының 
кіріспе  бөлімі  болып  табылады.  Ол  педагогика  ғылымының    негізгі 
санаттары,  функциялары,  пәні,  міндеттері  туралы  түсінік  береді. 
Тақырыптың  мазмұнын  ашқанда  ғылым  ретіндегі  мектепке  дейінгі 
педагогиканың  жоғары  оқу  орнында  оқытылатын  пән  ретіндегі  педа-
гогикадан  айырмашылығын  қарастырамыз,  оның  басқа  ғылымдармен 
байланысын, педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орнын анықтаймыз.
Мектепке  дейінгі  педагогикаға  ғылым  ретінде  анықтама  бермес 
бұрын, ең алдымен, «ғылым» ұғымына анықтама беру қажет.
Ғылым (жалпы философиялық түсінікте) - қоғамдық сана түрі, ол 
білім алу іс-әрекетін және оның нәтижесін – әлемнің жалпы ғылыми 
көрінісінің  негізінде  жататын  білім  жүйесін  қамтиды.  Бұл  қоршаған 
әлемнің мағыналық қасиеттері мен заңдылықтарын ашуға бағытталған 
адам іс-әрекетінің ерекше түрі.
Мектепке  дейінгі  педагогика  ғылым  ретінде  мектеп  жасына 
дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мағыналық қасиеттері мен 
заңдылықтарын ашуға бағытталған.
Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде біріне-бірі ұқсамайтын 
үш  негізгі  элементтермен  сипатталады:  ғылымның  пәні,  ұғымдық-
санаттық аппараты және зерттеу әдістері.

6
Сонымен,  біз  тақырыпты  қарастырудың  жалпы  жоспарын  құрып 
алдық.  Мектепке  дейінгі  педагогиканы  ғылым  ретінде  сипаттау  үшін 
үш сұраққа жауап беруіміз керек: 
1. Мектепке дейінгі педагогика ғылым ретінде нені қарастырады?
2.   Ол қандай санаттарды және ұғымдарды қолданады?
3. Жаңа ілімді ашу үшін ғылым қандай зерттеу әдістерін пайдала-
нады?
Осы сұрақтарға жауап беру арқылы біз мектепке дейінгі педагоги-
каны ғылым ретінде сипаттаймыз. Ғылымның пәнін еске түсірейік. Ол 
берілген ғылым қарастыратын процестер мен құбылыстардың жиыны.
Мектепке дейінгі педагогиканың қарастыратын пәні мектеп жа-
сына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және білім беру процестерінің 
мағыналық қасиеттері мен заңдылықтары болып табылады.
Сонымен,  мектепке  дейінгі  педагогика  мектепке  дейінгі  бала-
ларды тәрбиелеу, оқыту және білім беру процестерінің арасындағы 
және өз ішіндегі объективті байланыстар мен мағыналық (басты, 
анықтаушы) қасиеттерді қарастырады. Ғылымның пәні оның зерт-
теу  облысын  және  зерттеу  әдістерінің  бағытталған  саласын  айқын 
белгілеп көрсетеді.  
Мектепке  дейінгі  педагогиканың  ұғымдық-санаттық  аппара-
тын анықтау үшін ұғым және санат деген не екендігін еске түсіру керек.
  Санаттар  -  нақтылы  бір  ғылымның  неғұрлым  жалпы  және 
іргелі ұғымдары. Басқа бір ғылым үшін осы санаттардың өзі тек қана 
ұғым  болуы  мүмкін.  Бұл  ұғым  тұрғысынан  қорытудың  жоғарырақ 
деңгейі.
Ұғым - заттар мен құбылыстардың мағыналық қасиеттерін, байла-
ныстары мен қатынастарын бейнелейтін ойлау түрі. 
Зерттеу пәніне сүйене отырып берілген ғылымның іргелі ұғымдарын 
(санаттарды) бөліп көрсетуге болады. Ол - тәрбиелеу, оқыту, білім беру. 
Мектепке дейінгі педагогика тұрғысынан бұлар санаттар болады. Бұлар 
ең маңызды, жетекші, бұл ғылым үшін неғұрлым жалпы ұғым.
Мектепке дейінгі педагогиканың жетекші ұғымдарының мазмұнын 
ашайық.  Бұл  санаттарды  әртүрлі  ғалымдар  әртүрлі  әдіснамалық 
тұрғыдан қарастырғандығын атап өткен маңызды. Соның салдарынан 
-  көбінесе  бір-біріне  қайшы  келетін  көптеген  түсініктер  орын  алды. 
Әрбір маман бұл ұғымдарды білуі және олардың мазмұнын анықтауда 
өзінің  негізгі  көзқарасы  болуы  тиіс.  Ғылымның  ұғымдық-санаттық 
аппаратын  меңгеру  маманның  педагогикалық  мәдениетінің  қажетті 
компоненті болып табылады.

7
«Тәрбиелеу»  санаты  ғылымда  кең  мағынада,  тар  және  локальдік 
мағынада қарастырылады.
Тәрбиелеу    (кең  мағынада)  -  бұл  аға  буынның  кіші  буынға 
өмірге  және  еңбекке  дайындығын  қамтамасыз  ететіндей  әлеуметтік 
тәжірибесін беру процесі.
Тәрбиелеу (тар мағынада) - бұл тәрбиеленушілердің тұлғалық са-
паларын, өзіне және қоршаған дүниеге көзқарас жүйесін қалыптастыру 
үшін мақсатты және бағытты түрде жүргізілетін процесс.
Локальдық мағынада тәрбиелеу - баланың қандай да бір қасиетін, 
тәртіп әдеттерін қалыптастыру.
Мектепке  дейінгі  мекемелерде  білім  беру  процесінің  теориясы 
мен  әдістемесін  қарастырғанда  біз  тәрбие  берудің  тар  мағынадағы 
анықтамасына сүйенеміз.
«Оқыту»  ұғымының  мазмұнын  анықтаудың  көптеген  нұсқалары 
бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы авторлардың бұл процестің 
функцияларын, мақсаттарын және нәтижелерін қалай түсінетіндіктеріне 
байланысты.  Мысалы,  Ю.К.Бабанский  оқыту  процесін  педагог  пен 
балалардың    мақсатты,  бағытты,  ретті  өзгеріп  отыратын  өзара  ықпал 
әрекеті  ретінде  ашады,  оның  барысында  оларды  тәрбиелеу,  дамыту, 
білім беру міндеттері шешіледі.
П.И.Пидкасистыйдың  психологиялық-педагогикалық  сөздігінде 
оқыту аға буынның өсіп келе  жатқан ұрпаққа қоғамдық қатынастар, 
қоғамдық  сана,  мәдениет  және  еңбек  өнімділігі,  белсенді  өзгерістер 
жөніндегі білім және қоршаған ортаны қорғау тәжірибесін мақсатты, 
бағытты, ұйымдастырылған түрде беруі деп түсіндіріледі.
И.Я.Лернер оқытуды балалардың әлеуметтік тәжірибе мазмұнының 
белгілі  бір  бөлігін  меңгеру  мақсатындағы  педагог  пен  балалардың 
мақсатты, бағытты өзара ықпал әрекеті деп түсінеді. Бізге бұл анықтама 
көбірек    көңілге  қонымды  сияқты,  себебі    оқыту  тек  қана  білімді, 
іс-әрекет  тәсілдерін  меңгеруді  көздемейді,  сонымен  бірге  айнала-
мен  қарым-қатынас  жүйесін,  шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесін 
меңгеруді де қамтиды.
Білім  беру  ұғымы  ҚР-ның  «Білім  беру  туралы»  Заңында  жүйелі 
түрде  қарастырылған.  Білім  беру  адамның,  қоғамның,  мемлекеттің 
мүддесі үшін мемлекет белгілеген білім деңгейін меңгеруде азаматтың 
қол жеткізген нәтижелерін көрсететін тәрбие мен оқытудың мақсатты 
және бағытты процесі ретінде қарастырылады. 
В.В.Краевский  білім  беруді  адамзаттың  қоғам  өміріне  қатысуға 
дайындауда тәрбие мен оқыту және адамның, қоғамның, мемлекеттің 

8
мүддесінен тұратын мақсатты түрдегі іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде 
анықтайды. Ю.К.Бабанский білім беруді оқушылардың ғылыми білім 
жүйесін,  таным  білігі  мен  дағдыларын  меңгеру  процесі  мен  оның 
нәтижесі,  соның  негізінде  дүниеге  көзқарас,  тұлғаның  адамгершілік 
және  басқа  да  сапаларын  қалыптастыру,  шығармашылық  қуаты  мен 
қабілетін дамыту деп түсінеді.
Бұл  мектепке  дейінгі  педагогика  үшін  жетекші  ұғымдардың 
анықтамаларының  аз  ғана  бөлігі.  Әрбір  педагог  іргелі  кәсіби  санат-
тарды  талдай  келе,  оның  мазмұнын  анықтайды  және  қандай  да  бір 
автордың көзқарасын бөлісуге хақысы бар.
Мектепке дейінгі педагогика сөздігінде философия үшін жетекші 
болатын  көптеген  басқа  ұғымдарды  (заңдылық,  мәнділік,  прин-
цип,  субъект  және  т.б.),  психология  үшін  (даму,  жеке  тұлға,  психи-
ка,  эмоционалдық    ахуал,  ойлау  және  т.б.),  тәнтану  үшін  (ми,  қаңқа, 
бұлшық ет тонусы, физиологиялық ерекшеліктер және т.б.) және т.с.с 
түсіндіреді.  Мектепке  дейінгі  педагогика  адамды,  қоғамды  барлық 
қырынан  зерттейтін  ғылымдардың  тілін  пайдаланады.  Оның  тілі 
бай,  жан-жақты,  бұл  мектепке  дейінгі  педагогика  пәнін  жан-жақты 
сипаттауға мүмкіндік береді. 
Мектепке дейінгі педагогиканы ғылым ретінде сипаттайтын үшінші 
элемент  –  зерттеу  әдістері.  Бұл  әдістердің  көмегімен  педагогикалық 
практиканы оқып-үйрену және қорыту, өз бетімен ғылыми зерттеулер 
жүргізу жүзеге асырылады. Оларға: әдебиетті оқу және талдау, экспе-
римент,  әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, интервью, байқау, тәуелсіз 
мінездемелер  беру,  педагогикалық  құжаттарды,  балалардың  іс-әрекет 
нәтижелерін талдау және т.б. жатады. Бұл мәселені толығымен алды-
мызда арнайы тақырыпта қарастырамыз. 
Ғылымның пәнін айқындап, мектепке дейінгі педагогиканың негізгі 
санаттарын  анықтағаннан  кейін  оның  функциялары  мен  міндеттерін 
ашуға көшеміз.
Сұрақтарға жауап беріңіз?
1.  Мектепке  дейінгі  педагогика  нені  қарастырады?  Қолда  бар 
ақпараттың негізінде оның пәнін көрсетіңіздер.
2. Педагогиканың ғылым ретіндегі қарастыратын пәні не? (Тұлғаны 
тәрбиелеу, оқыту және білім беру процестерінің мағыналық қасиеттері 
мен заңдылықтары). 

9
1.2 Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық негіздері 
Мектепке  дейінгі  педагогиканың  теориялық  негіздері  фило-
софияның, жаратылыстану ғылымдарының (биология) деректеріне, ба-
лалар психологиясы мен педагогикалық ойлар тарихы салаларындағы 
теорияларға, озат педагогикалық тәжірибеге  негізделген. Осыдан мек-
тепке дейінгі педагогиканың жалпы теориялық негіздерінде төрт негізгі 
аспектілерді бөліп көрсетуге болады: философиялық, психологиялық, 
жаратылыстану-ғылымилық және тарихи-педагогикалық.
Философиялық  негіздері.  Педагогикалық  зерттеулер  мен 
педагогикалық  процестерді ұйымдастырғанда және жүзеге асырғанда 
диалектиканың  -  материяның  дамуының,  сананың  және  қоғамның 
(қозғалыстың  үздіксіздігі  және  материяның  дамуы,  санның  сапаға 
ауысуы,  детерминизм,  жүйелілік,  дамудың  қозғаушы  күші  ретіндегі 
қайшылықтардың  бірлігі  мен  күресі,  таным  мен  практиканың  бірлігі 
және  т.б.)  неғұрлым  жалпы  заңдары  туралы  ғылымның  жалпы 
принциптері  ескеріледі.
Мектепке  дейінгі  педагогиканың    жаратылыстану  ғылыми 
негіздерін  И. М. Сеченов және И. П. Павловтың жоғарғы жүйке әрекеті 
туралы  ілімі  мен  олардың  оқушылары  және  зерттеушілер  -  В.  М. 
Бехтеревтың, Н. Е. Введенскийдің, А. А. Ухтомскийдің, П. К. Анохинның, 
Н.  М.  Щеловановтың,  Н.  И.  Касаткинның,  Н.  Л.  Фигуринның,  Н.  М. 
Аксаринаның  және  т.б.  онтогенезде  жоғарғы  жүйке  әрекетінің  да-
муы  жөніндегі  зерттеулері  құрайды.  Олар  баланың  психикалық 
әрекетінің нейрофизиологиялық тетіктері шартты рефлекторлық сипат 
алатындығын,  ол  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың    қалыптасуына, 
генетикалық  бағдарламаларды  жүзеге  асыруға,  сол  сияқты  сыртқы 
әсерді, оның ішінде тәрбиені де жүзеге асыруға пісіп жетілу процесі 
ретінде әсер ететіндігін көрсетті.  
Зерттеушілер баланы туған сәттен бастап тәрбиелеген жөн екендігі 
туралы тұжырымға келді, себебі шартты рефлекторлық әрекеттің даму 
заңдылықтарының бірі сол, баладағы әрбір келесі рефлекс алдыңғыдан 
тезірек және жеңілірек болады.
И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың үш тұтастық - ағза мен сыртқы 
ортаның, барлық органдар мен ағза жүйесінің біртұтас ашық биожүйе 
ретіндегі  және  психикалық    және  физикалық  даму  тұтастығы  мек-
тепке  дейінгі  мекемелерде  педагогикалық  процесті  ұйымдастырудың 
физиологиялық негіздемесі болады.
Динамикалық стереотип жөніндегі ілім мектепке дейінгі балалардың 

10
күн  тәртібін  құру  негізінде  жатады.  Динамикалық  стереотип  –  білік, 
дағды,  тәртіп  әдеттерін  қалыптастыру  негізі,  ол  жаттығудың  оқыту 
мен  тәрбиелеудің  әдісі  ретіндегі  тиімділігін  көрсетеді.  Тәрбиелеудегі 
даралау әдісіне қойылатын талаптар жоғары жүйке әрекетінің түрлері 
жайындағы ілімнен, жеке адамның түрлі анатомиялық-физиологиялық 
ерекшеліктерінен тұрады.
Онтогенезде  сигнал  беруші  екі  жүйенің  дамуы  туралы  теория-
лар  баланың  тілінің,  ақыл-ойының,  физикалық,  эстетикалық  және 
тәрбиелеудің  басқа  да  бағыттарының    дамуының  психологиялық-
педагогикалық  негізін  анықтайтын  табиғи-ғылыми  базасы  болады. 
Солардың  негізінде  оқытудың  әдістері  мен  құралдарына  ұсыныстар 
жасалады.
Мектепке дейінгі педагогиканың психологиялық негіздерін мы-
налар құрайды:

Л. С. Выготскийдің адамның тәртібі мен психикасын дамытудың 
мәдени-тарихи  теориясы,  ол  жасаған  жас  ерекшелік  кезеңдері, 
«сензитивтік  кезеңдер»,  «жақын  арадағы  даму  аймағы»,  «дамыта 
оқыту» теориясы;

А.  Н.  Леонтьевтің  әрекет  бала  дамуының  шарттары,  құралы 
және даму көзі екендігі туралы ілімі;

П. Я. Гальпериннің ойлау әрекетін сатылап қалыптастыру тео-
риясы, Н. Н. Поддьяковтың еңбектері, Л. А. Венгердің мектепке дейінгі 
кезеңде баланың интеллектуалды даму ерекшеліктері туралы еңбектері;

А.  В.  Запорожецтің  мектепке  дейінгі  балалық  шақта  бала 
дамуының «амплификациясы» теориясы;

Д.  Б.  Элькониннің  бала  ойынының  психологиясы  және 
психикалық даму кезеңдері туралы теориясы;

В. Т. Кудрявцевтің мектепке дейінгі балалық шақтың әлеуметтік-
мәдени феномені туралы тұжырымдамасы және т.б.
Мектепке  дейінгі  педагогиканың  тарихи-педагогикалық 
негіздерінің  түп-тамыры  тереңде  жатыр.  Халықтық  педагогика  мен 
әртүрлі  елдер  мен  әртүрлі  дәуірдегі  философтар  мен  педагогтардың  
прогрессивтік  идеялары    мектепке  дейінгі  педагогиканың  ғылым 
ретіндегі  дамуының  бастауы  болды.  Тарихтан  негіз  алған  мектепке 
дейінгі  кезеңде  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  гуманистік  иде-
ялары,  балалардың  құқығын  қорғау  жайындағы  ойлар,  дара  дамыту, 
тұлғаны сыйлау, мектепке дейінгі жастағы әрбір баланың әлеуетін да-
мыту қажеттілігі мектепке дейінгі білім берудің заманауи теориясының 
негізіне жатқызылды.

11
Бұрынғы  кеңес  одағында  мектепке  дейінгі  педагогика  бойынша 
зерттеулердің жеткілікті түрде кең сипат алуы мектепке дейінгі тәрбие 
берудің  қоғамдық  жүйесінің  құрылуымен  байланысты  көрсетіледі. 
Мектепке дейінгі тәрбиелеуді дамытуда Н. К. Крупская, Е. И. Тихеева, 
А.  С.  Макаренко,  Е.  А.  Флерина,  Л.  К.  Шлегер,  А.  В.  Суровцева,  В. 
И.  Логинова,  П.  Г.  Саморукова    үлкен  рөл  атқарды.  Қазақстанда  Н. 
Құлжанованың қызметін атап көрсетуге болады. 
Нәзипа  Құлжанованың  шығармашылығының  ең  жемісті 
салаларының бірі - тәрбие тақырыбындағы еңбектері. Бұл мәселелерді 
ол  баспасөз  беттерінде  көтеріп  қойған  жоқ,  тіпті  мұғалімдер  мен 
тәрбиешілер үшін оқу-әдістемелік құралдар-жеке кітаптар да шығарды. 
1923  жылы  Орынборда  шығарған  «Мектепке  дейінгі  тәрбие»,  1927 
жылы  Қызылордада  жарық  көрген  «Ана  мен  бала»  атты  кітаптары 
біздің кезімізде де сұранысқа ие. 
Әлемдік  педагогикада  тұңғыш  рет  баланы  ертеден  бастап 
тәрбиелеудің  ғылыми  негізделген  жүйесі  жасалды.  Оны  жасағандар: 
М. Щелованов, Н. Л. Фигурин, Н. М. Аксарина, Е. И. Радина. Мектепке 
дейінгі  жаста  баланы  физикалық  тәрбиелеу  мәселелерімен  Е.  А. 
Аркин, А. И. Быкова, Е. Г. Леви-Гориневская, және т.б. шұғылданды. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің теориясы мен 
практикасында  Е.  И.  Тихееваның,  Ф.  Н.  Блехердің,  А.  П.  Усованың, 
А.  М.  Леушинаның,  А.  И.  Сорокинаның,  В.  И.  Логинованың,  П.  Г. 
Саморукованы және т.б. еңбектерінің маңызы зор. Тәрбие  теориясына 
ғалымдар А. В. Суровцева, Ф. С. Левин-Щирина, Р. И. Жуковская, Т. А. 
Маркова және т.б. көп үлес қосты.
1960 жылы әлемде бірінші КСРО ПҒА-ның мектепке дейінгі тәрбие 
ғылыми зерттеу институты  ашылды, 1981 жылға дейін оның директоры  
А. В. Запорожец болды. Бұл институттың базасында мектепке дейінгі 
білім берудің әртүрлі бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілді. 
Кіші  жастағы  балаларды  тәрбиелеу    лабораториясына  Е.  И.  Радина 
басшылық етті,  1970 жылдан бастап – А. М. Фонарев басқарды. Дене 
тәрбиесін беру лабораториясына М. И. Кистяковская жетекшілік етті. 
Эстетикалық тәрбие және көркем шығармашылық лабораториясының 
меңгерушісі Н. А. Ветлугина болды. Ақыл-ой тәрбиесі мәселелері А. П. 
Усованың, Н. Н. Поддьяковтың, Ф. А. Сохиннің, А. М. Леушинаның, В. 
И. Логинованың, П. Г. Саморукованың  жетекшіліктерімен жүргізілді. 
Адамгершілік  тәрбиесі  лабораториясына  В.  Г.  Нечаева  басшылық 
жасады.  Мектепке  дайындау  Т.  В.  Тарунтаеваның,  Т.  И.  Бабаеваның 
жетекшілігімен  жүргізілді.  Зерттеу  нәтижелері  жарияланып  отырды, 

12
балабақшалардың  жұмыс  практикасына,  педагог  кадрларды  даярлау 
практикасына енгізіліп отырды. 
Негізделген  теориядан  қазіргі  заманғы  ғылым  бастау  алды. 
Мектепке  дейінгі  педагогиканың  жаңа  бағыттары  дамып  келеді,  мек-
тепке  дейінгі  білім  берудің  жаңа  теориясы  мен  технологиясы  жасал-
ды. Ең бастысы, қолда бар тәжірибені талдап, оның жетістіктері мен 
кемшіліктерін сараптап, оны дамыту және осының негізінде ғылыми-
зерттеу  жұмыстарын  жүргізу.  Жаңа  зерттеулердің  қажеттілігі  заман 
талабының, қоғамдық өмірдің өзгеруімен, адамның үздіксіз білім алу 
мақсаттарының модификациясымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет