3-ТАРАУ
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕ СУБЪЕКТІСІ
ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Жоспар
3.1 «Субъект», «объект» ұғымдарының мәні мен мазмұны.
3.2 Адамның іс-әрекет, таным, қарым-қатынас субъектісінің негізгі
белгілерінің жалпы сипаттамасы.
3.3 Педагогикада субъектіні зерттеудің негізгі бағыттары.
3.4 Мектеп жасына дейінгі бала мектепке дейінгі мекемеде
субъект ретінде.
3.5 Мектеп жасына дейінгі баланың субъектілік қасиеттерін дамы-
ту.
3.6 Мектеп жасына дейінгі бала педагогикалық зерттеулер объектісі
ретінде.
3.1 «Субъект», «объект» ұғымдарының мәні мен мазмұны
Жалпы және мектепке дейінгі педагогика курстары аясында
«субъект» және «объект» ұғымдары жиі кездеседі. Олар білім беру
процесінде, оқыту мен тәрбиелеу принциптерін (диалогтік, адамдық
құндылықтар приоритеті және т.б.) негіздеуде, педагог пен мектеп жа-
сына дейінгі балалардың өзара әрекеттестік мәселелерін ашуда шешуші
рөл атқарады. Көптеген басқа да педагогикалық ұғымдар сияқты олар-
ды да біржақты түсіндіруге келмейді. Оқулықтар мен құралдардың ав-
торлары әртүрлі түсініктемелер береді, бірақ сонымен бірге олардың
ұқсас элементтері де бар. Бұл ұғымдардың мазмұнын ашу, олардың
арақатынасын анықтау және оларды анықтауда өзіндік көзқарас білдіру
тақырыппен жұмыс істеудің бірінші міндеті болып табылады. Бірнеше
анықтамаларға тоқталайық.
Объект - Үлкен Совет Энциклопедиясында берілген анықтама бой-
ынша, субъектінің іс-қимылы бағытталған заттардың, құбылыстардың
жиынтығы. Іс-қимыл өзгеру немесе өлшеулі сипатта болады. Объект
ретінде қандай да бір белгілерімен сипатталатын жануар, адамдар болуы
мүмкін. Оларға: әдебі мен іс-әрекетін сырттай мөлшерлеу сұранысы,
ынтасыздық, өзін-өзі басқарудың, мақсатты бағытты белсенділіктің,
шығармашылықтың, өзінің «Мен»-інің және қоғамдағы орнының нақты
саналы түрде болмауы жатады. Сонымен, аталған белгілердің болуы
37
адамды, оның ішінде баланы да объект санатына жатқызуға мүмкіндік
туғызады.
«Субъект» ұғымы өзінің негізгі сипаттарына қарай объектіге тура
қарама-қарсы. Үлкен Совет Энциклопедиясында субъект практикалық
әрекет пен танымды жеткізуші, объектіге немесе объектілер жүйесіне
бағытталған белсенділік көзі ретінде анықталады.
Л. И. Божовичтің көзқарасы тұрғысынан, субъект – өзін-өзі жасай-
тын адам.
М. М. Бахтин субъект – саналы белсенділікпен, бағытты
мақсаттылығымен және шығармашылығымен сипатталатын тұлға деп
көрсетеді.
«Субъект» және «объект» ұғымдарының мазмұнын салыстыра
келе, В. А. Лекторский: «Объект субъект еместердің бәрін білдіреді»
деп түсіндіреді.
Субъект және объект - философиялық категория, олардың пайда бо-
луы адамтану мәселелерін ашу теорияларымен байланысты. Адам - өте
күрделі жүйе, ол өзінің бойына биологиялық, интеллектуалдық және
рухани бастауларды сіңірген. Адам – бірнеше сатылы күрделілігі бар
біртұтас жүйе. Ол қоғамда тұратын, оның заңдарымен өмір сүретін,
бірақ мәдениеттен жасалған, мәдениетті жасаушы және мәдениетке
тәуелді биосоциомәдениетті жан.
Адамның қоғамдағы орны мен рөлінің өзгеруіне байланысты
(құлдан тұлғаға дейін) оған феномен ретінде қатынас жүйесі де өзгереді.
Бүгін біз адамды еркіндігі, жауапкершілігі бар, өзін және
айналасындағыларды шығармашылықпен дамытуға ынталы, жауапты
тұлға ретінде гуманистік көзқарас тұрғысынан қарастырамыз.
Бұл идеялар білім беру саласында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу
мақсаттарында толығымен көрініс табады.
Мақсат - білім беру идеалын жеке тұлғаның белсенді, өз бетімен,
жоғары адамгершілікпен, интеллектуалды дамуы деп сипаттауға бола-
ды, ол айналасын саналы және шығармашылықпен ары қарай дамытуға
қабілетті ұлттық және әлемдік мәдениеттің жеткізушісі мен өкілі болып
табылады.
Білім беру жүйесінің алдына жан-жақты үйлесімді дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру мақсатын қоя отырып, біз баламен іс-әрекет, та-
ным және қарым-қатынас субъектісі ретінде өзіміздің өзара байланысы-
мызды орнатамыз. Субъектіні жас кезеңдерінің барлығында ынтасыз,
үнемі қамқорлық пен шектеушілікті қажетсінетін объект тұрғысынан
қарастыру арқылы тәрбиелеу мүмкін емес.
38
3.2 Адамның іс-әрекет, таным, қарым-қатынас субъектісінің
негізгі белгілерінің жалпы сипаттамасы
«Субъект», «объект» ұғымдарының мазмұнын қарастыру және
оны талдау адам-субъектінің негізгі белгілерін анықтауға мүмкіндік
береді. В. В. Горшкованың құралында субъектінің мынадай белгілері
көрсетіледі: белсенділік, саналылық, еркіндік пен жауапкершілік,
бірегейлік, шығармашылыққа қабілеттілік, өз нанымы бойынша
әрекет жасау, жағымсыз жағдайларға дәлелді түрде қарсы тұра алу.
В. В. Горшкованың қорытынысына сүйеніп осы белгілерге сипаттама
берейік.
Белсенділік - жеке тұлғаның оның ісіндегі өзін-өзі басқара ала-
тындай себептермен мақсаттарын жүзеге асыруға жағдай жасайтын
қасиеттерінің жинағы; жағдайлардың өзгеруіне байланысты тәсілдерді
кең түрде қолдана білу және оларға қонымды түзетулер енгізу;
жаңа міндеттер қоюға ынталы және сыни тұрғыдан қарау; іс-әрекет
нәтижелерін шығармашылықпен және көпнұсқалы түрде болжамдай
білу.
Белсенділік - субъектінің қажетті, бірақ жеткіліксіз белгісі.
Белсенділіктің саналы белгісі субъектіні объектіден ажыратады.
Саналылық өз ісінің мақсаттарын, себептерін, әдіс-тәсілдерін өздігінен
талдап талқылағанда көрінеді.
Субъектінің
қажетті
белгісі
жеке және әлеуметтік
жауапкершілікпен ұштасқан еркіндік. Заманауи философияда еркіндік
адам тіршілігінің міндетті атрибуты, субъектінің мақсатты, таңдамалы
белсенділігі ретінде қарастырылады (М. К. Каган, А. Л. Никифоров, В.
Франк).
Субъектінің бірегейлігі субъектінің нәтижелілік белгісі болып та-
былады. Адамның бірегейлігі оның десубъективациясына, әлеуметтік
объект болуына әкеледі. Бірегейлік – бұл субъектінің өзін басқадан, өз
ісі мен оның нәтижелерін басқанікінен айыра алатындай қабілеттілік
қасиеті. Әрбір бала, әрбір семья, білім беру мекемесі бірегей, өйткені
әрбір адам аталған субъектілі бастауды алып жүре алмайды. Оның бо-
луы білім беру процесін жоспарлау мен ұйымдастыруда дара көзқарас
тұрғысынан қарауға, мектепке дейінгі жастағы балалардың өзара
қарым-қатынас істерінің сипатына байланысты.
Субъектінің белгілеріне сипаттама беру шығармашылыққа қатысты
болмауы мүмкін емес. Шығармашылыққа қабілеттілік – сырттан
ұсынылатындардың ішінен таңдау ғана емес, сонымен бірге жеке
39
тұлғаның өзін-өзі көрсете білу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
жаңаны тудыру.
Маңызды белгілері өзіндік нанымы бойынша әрекет жасау, жай-
сыз жағдайларға дәлелді түрде қарсы тұру, жаңа қоғамдық үрдістерді
аңғарып отыру болып табылады.
Сонымен, адам-субъектіні сипаттайтын негізгі белгілерді анықтау,
оның маңыздылығын бағалау балаға ерте балалық шақтан бастап
тәрбиелеудің мағынасын анықтауға көмектеседі. Тәрбиелеу – бұл жай
ғана адыңғы ұрпақтың келесі ұрпаққа әрекет пен қарым-қатынастардың
әлеуметтік тәжірибесін беру емес, сонымен қатар әрбір келесі ұрпаққа
осы тәжірибені байытуға мүмкіндік туғызатын субъективті қасиеттерді
қалыптастыру.
3.3 Педагогикада субъектіні зерттеудің негізгі бағыттары
«Субъект» және «объект» ұғымдарының мазмұны, бұл
құбылыстардың әдіснамалық аспектілерін ашу ең алғаш философиялық
білім аясында жүзеге асты. Педагогикалық теорияда бұл ұғымдардың
пайда болуы 20 ғасырдың жетпісінші жылдарымен байланысты. Бүгінгі
таңда адам-субъектінің өсуінің әртүрлі жас кезеңдерінде, оның даму
проблемалары, мектепке дейінгі мекемеде және семьяда баланың
субъективтік қасиеттерін қалыптастырудың мазмұнын, шарттарын,
технологияларын іздестіру педагогиканың аса маңызды міндетіне
айналды. Бұл проблемаларды теория мен практикада бірге олардың
арасындағы қарама-қайшылықтарды болдырмауға мүмкіндін береді.
Субъектіге жүгіну кездейсоқ емес. Қазахстанның басқа
әлеуметтік-экономикалық және саяси формацияға көшуге ұмтылуы
белсенді шығармашылықпен өзгеруге өзі де, оның айналасындағылар
да дайын жеке тұлғаны дамытудың қажеттілігін тудырды. Мұндай
ұстаным білім беру жүйесінің барлық сатыларында тәрбиенің осыған
сәйкес түрін қарастыруға алып келді. Мектепке дейінгі педагогикада
мұндай мақсаттың пайда болуы жеке тұлғаны ары қарай дамытудың
іргетасын анықтаушы ретіндегі мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің
маңыздылығы идеясының өзектілігін арттыра түсті.
Педагогикалық теорияда адам-субъектінің даму идеясының қандай
жолдардан өткендігін қарастырайық. Бұл саладағы педагогикалық
зерттеулердің негізгі бағыттарына жүгінейік.
Дәстүрлі бағыт ұзақ жеткілікті түрде жалғыз және бүгінгі күнге дейін
сақталып келеді. Бұл бағыт аясында педагог педагогикалық процестің
40
субъектісі болады. Бала, балалар тобы – бұл процестің объектісі, оған
оқытушылық, тәрбиелеушілік, дамытушылық мақсаттарын көздейтін
педагогикалық амалдар кешені бағытталады. Педагогтың жүйелі және
мақсатты бағытты ықпалының нәтижесінде бала тұлғасының даму
процесі жүреді, ол білім алады. Педагогтың ықпалы дегеніміз, сол
сияқты, білім беру мекемесінде ұжымның және жекелеген балалардың
әрекетін басқару процесі. Дамытушы ретінде балаларға ересектердің
және құрбыларының ықпалы қарастырылды. Педагогпен ықпалдастық
болуы мүмкін, алайда ол ұдайы және оның әсері негізінде болады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынас типі бұл
бағытта – субъект-объектілік болады.
Бұл қатынас типін схема түрінде былай көрсетуге болады:
Sb
Ob.
Педагогикалық
процеске
қатысушылардың
субъект-
субъектілік қатынас типін көрсететін бағытын қарастырайық. Өзара
ықпалдастықтың бұл типін қарастыру кезінде әркім субъект те және
объект те бола алады, әркім толыққанды түрде ықпал ете алады және
ықпалында болады. Педагог пен балалар зерттеудің бұл бағытында
әртүрлі іс-әрекет субъектілері түрінде көрінеді, субъектаралық өзара
ықпалдастық мүмкіндіктері қарастырылады (Р. С. Буре, В. В. Давыдов,
М. И. Лисина, В. И. Логинова, А. К. Маркова, Н. Н. Поддьяков, Г. И.
Щукина және т.б.).
Педагогикалық ғылымда бұл бағыттың пайда болуы қоғамның
белсенді, тұлғалық-жауапкершілігі бар адамдарға деген объективті
сұранысы мен білім беру мекемелерінде оларды дайындау жүйесінің
жасалмағандығының арасындағы қайшылықтан туады. Бұл
қайшылықтар проблеманың екі жағын нұсқайды. Бірінші жағы – бұл
білім беру саласында тиісті технологияларды іздестіру, екінші жағынан
– білім берудің әрбір сатысында мұндай тұлғаны тәрбиелеуге дайын пе-
дагогтарды даярлау.
Педагогикалық процестің бұл қатынас типін схема түрінде былай
көрсетуге болады: Sb
Sb.
Педагогикада субъект проблемасын түсінудің үшінші бағыты
алдыңғы екеуінің талдау нәтижесі болады. Педагогикалық процеске
қатысушылардың қарым-қатынасының субъект-субъектілі типіне үш
элемент – зерттеушілік, танымдық, өзгертушілік және т.б. әректтерді
қамтитын объект (немесе объектілер жиыны) жатады. Субъектілердің
әрекеттері бір-бірмен өзара байланысты және объектіге немесе олардың
жиынына бағытталған. Мысалы, мектепке дейінгі мекемеде бейнелеу
41
өнері сабақтарында педагог пен мектеп жасына дейінгі балалар бірігіп
сурет салады, әртүрлі заттар жасайды және т.с.с. жұмыстар орын-
дайды. Олардың әрекеттері қағаз парағына, картонға, саз балшыққа
бағытталған.
Теорияда субъект-субъектілік өзара әрекет субъектілер бала, пе-
дагог, ұжым біріккен субъект (балалық, педагогикалық) ретінде бо-
лады. Педагогикалық процесте субъект-субъект қарым-қатынасын
ұйымдастыру тәжірибесінің мысалы ретінде педагог-жаңашылдардың
әдістемелерін (Ш. А. Амонашвили, С. Н. Лысенкова және т.б.) алуға
болады.
Бұл өзара әрекетті схема түрінде көрсетуге болады:
Sb Sb
Ob
Бүгінгі күні баланың субъективтік қасиеттерін тәрбиелеу процесі
жасалу үстінде. Баланың объектіден субъектіге ауысу тетіктері
жеткілікті қарастырылмаған. Мектепке дейінгі педагогикадағы
проблемалық сала -субъектілі ынталылықты, балалар мен педагогтардың
шығармашылығын қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық процесті
ұйымдастырудың тиімді түрлерін, әдістерін, біртұтас технологияларын
анықтау. Қойылған бұл проблемадан бірқатар жеке проблемалар туын-
дайды:
•
Нақты педагогикалық процесте педагогты субъект ретінде,
олардың субъектілік қасиеттерін көрсететін мүмкіндіктері мен
жағдайларын, балалармен бірге әрекетіндегі қарым-қатынас жүйесін,
басқа педагогтармен және әкімшілікпен қарым-қатынасын қарастыру
қажет. «Білім беру процесінде педагог әрқашанда субъект бола ала ма?»
деген сұрақ аса маңызды. Зерттеу жұмысының басты аспектісі - өзінің
кәсіби іс-әрекетіндегі педагогтың ерекшелік іс-әрекеттерін анықтау. Іс-
әрекет жағдайына қарай оның субъектілік жайы да әртүрлі болуы да-
усыз факт (мысалы, балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру
жөнінде әкімшіліктің нұсқауларын қабылдайды, ата-аналар мен бала-
лар тарапынан бағалау тұрғысында болады және т.с.с.).
•
Баланы педагогикалық процестің субъектісі ретінде қарастыру да
нақты емес. Балалармен қарым-қатынаста беделді деген педагогтардың
басым көпшілігі баланы өзімен теңдес серік ретінде себепті және
технологиялық тұрғыдан да қабылдауға дайын емес (әсіресе, кіші
жастағы және мектепке дейінгі жаста). Кейбіреулер «педагог-бала»
қарым-қатынас жүйесіне субъект ұғымын енгізудің қажеттілігі жоқ
деп санайды. Ал үшіншілерінің педагогтың бұл субъектіге қарым-
42
қатынасы қандай болуы керек және оның субъектік қасиеттерін қалай
қалыптастыру керек екендігі жөнінде нақты түсініктері жоқ. Баланың
тиісті қасиеттерін қалыптастыру үшін оған субъект ретінде қарау
жеткілікті ме? Баламен қарым-қатынасты қалай орнату керек? Жас және
жеке ерекшеліктерін қалай ескеру керек? Педагогикада осы сұрақтарға
жауап беру керек. Лекциялық және семинар сабақтарында бірігіп
жұмыс жүргізу барысында біз қойылған проблемаларды шешудің
өзіндік нұсқасын беруге тырысамыз.
Педагогикалық проблемалардың тағы бір блогы субъектаралық
әрекеттестікті ұйымдастыру процесімен (субъект-субъектілік сипаттағы
әрекеттестік) - оқу-тәрбие процесіндегі белсенділік пен серіктестіктің
ерекше түрімен байланысты. Ол балаға субъективтік сапаларын
дамытуға, педагогқа – дамудың шығармашыл деңгейіне қол жеткізе оты-
рып, оларды еселеп арттырады. Субъект-субъектілік қатынастар ұдайы
қозғалыста, әртүрлі пікірлердің, тұжырымдардың, сұраныстардың,
көзқарастардың үйлескен жағдайында дамиды. Проблеманың бұл бло-
гы серіктестіктің мазмұны мен түрлеріне жаңа көзқарас ізденістерімен
байланысты.
Педагогикалық ізденіс аясы педагогикалық процестің барысы
мен нәтижелерін диагностикалау тәсілдерін анықтаумен байланысты,
онда өзара әрекеттестіктердің барлық қатысушыларының диагностика
мен өзін-өзі диагностикалауға саналы түрде қатысу мүмкіндігі, оның
субъектаралық сипаты есепке алынады.
3.4 Мектеп жасына дейінгі бала мектепке дейінгі мекемеде
субъект ретінде
«Субъект», «объект» ұғымдарының жалпы теориялық мазмұнын
түсіну, педагогикадағы білім беру процесінің субъект проблемала-
рын зерттеу мектепке дейінгі педагогикада бұл құбылысты қарастыру
ерекшеліктеріне көшуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі мекемеде
педагогикалық процесс субъектісі кім болады? Ол кім – педагогтың
серіктесі ме? Мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі кезеңдерінде
қандай ерекшеліктер болады?
Сонымен, біз мектепке дейінгі кезең - 0 (туғаннан) - 6 (7) жасқа
дейін екендігін білеміз. Мектеп жасына дейінгі балалық шақ бірнеше жас
ерекшелік кезеңге бөлінеді, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшелік
сипаттары бар. Әр кезең анатомиялық, физиологиялық, физикалық,
психикалық көрсеткіштерімен анықталады. Д. Б. Элькониннің жасқа
бөлу кезеңдеріне сүйене отырып, сол кезеңдерді көрсетейік.
43
Сәбилік жас (туғаннан бастап бір жасқа дейін).
Нәрестелік кезеңін (туғаннан бастап 1,2 айға дейін) қамтиды.
Ерте жас ( 1-ден 3 жасқа дейін).
Мектепалды жас ( 3-тен 5 жасқа дейін).
Нағыз мектепке дейінгі жас ( 5 жастан мектепке барғанға дейін).
Мектепке дейінгі жастың нақты хронологиялық шекарасы даулы
мәселе. Әлемнің әр елдерінде балалар мектепке 5 жастан 7 жасқа дейін
барады. Қазақстан Республикасында, өзімізге белгілі, мектеп жасы
6-7 жастан басталады. Бұл мәселеде өз көзқарасымызды анықтай оты-
рып, мектеп сатысына көшу физиологиялық тұрғыда негізделген бо-
луы керек екендігін естен шығармауымыз қажет. Баланың денсаулығы,
психикалық процестердің даму деңгейі кіші мектеп жасындағы балаға
қажетті деңгейге сәйкес болуы керек. Баланың хронологиялық жасы
әрқашан дамудың бұл кезеңінің талаптарына сай бола бермейді,
сондықтан мектепке дейін білім беру мамандарына және ата-аналарға
мұны ескеріп, баланы мектепте оқуға уақтылы дайындаулары қажет.
Мектепке дейінгі уақытта әрбір жас кезеңдерінің сипаты семинар
және практикалық сабақтардың, өзіндік жұмыстардың міндеті болып
табылады.
3.5 Мектеп жасына дейінгі баланың субъектілік қасиеттерін да-
мыту
Бала бірден субъект болып, оның тиісті белгілерін қабылдай ал-
майды және ол кездейсоқ емес. Оның дамуы, саналы түрде белсенді,
ынталы, шығармашыл болуы бірден болмайды, біртіндеп үлкендермен
бірге – алдымен ата-аналарымен және жақындарымен, ал кейін педагог-
пен қарым-қатынаста еркіндік пен жауапкершілікке ие бола бастайды.
Бала-субъектінің қалыптасуы оны тәрбиелеу мен оқыту процесінде
үлкендердің іс-әрекеті баланы ерте жастан бастап субъектілік сапала-
ры мен қасиеттерін дамытуға бағыттаған жағдайда ғана жүзеге асады.
Керісінше, баланың еркіндігін, белсенділігі мен ұмтылысын басу ын-
тасыз немесе ашуланшақ және негативті адам болып шығуы мүмкін.
Баланың ынтасын үнемі шектеп отыру оның дамуын тежейді. Оның
дамуы ұзаққа созылады, үлкен психикалық және физикадық күш
жұмсауды қажет етеді, бала кінәмшіл болып, жас ерекшелік дағдарысқа
ұшырайды. Сондықтан біздің міндетіміз – баланы әрекет, таным
және қарым-қатынас субъектісі етіп қалыптастыруда үлкендердің
мүмкіндіктерін анықтау және түсіну. Ересектер дегеніміз - кәсіби және
мақсатты түрде кіші жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың
44
дамуына ықпал ететін балаға жақын отбасындағы адамдар, мектепке
дейінгі мекемелердегі мамандар.
Бұл мүмкіндіктер қандай? Педагогикада кулинариядағы сияқты бір
рецепт болуы мүмкін емес. Біз балалармен жұмыс жасаймыз, олардың
әрқайсысы өзінше әртүрлі. Олардың барлығы әртүрлі психологиялық,
педагогикалық, материалдық және тағы да басқа даму жағдайында
болады. Олармен отбасында және мектепке дейінгі мекемеде жұмыс
істейтін адамдар да бірдей емес. Дегенмен, жалпы барлығына бірдей
қолданылатын ұсыныстар бар, оларды жүзеге асыру оқыту, тәрбиелеу
және дамыту міндеттерін шешуге көмек болады.
Балалардың айналасындағы үлкендер балаға өзара әрекеттестік
ісінде тең құқылы қатысушы ретінде қараулары тиіс.
Ең бастысы сол, балаға өзіндік жеке тұлға ретінде оның белсенділігін
басып тастайтындай көзқарас болдырмауды (мысалы, үйді, ұжыммен
тұратын бөлмені таза ұстауда) түсіну қажет. Сонда бірігіп істеген іс
нәтижелі болады.
Мектепке дейінгі жастағы баланың өмір сүру объектісі ретіндегі
қалыптасуына оң әсер ететін ең негізгі фактор, М. И. Лисинаның
пікірінше, үлкендермен араласу, конструктивті қарым-қатынас жасау.
Ересек адам айналасына бағалаушылықпен қарау көзқарасы арқылы
балада бағалау әрекетінің тууына және қалыптасуына ықпал етеді.
Ересектер ерте жастан бастап-ақ баланың әрекеттерін ұйымдастырады,
жеке тәжірибе жинақтауын қамтамасыз етеді, іс-әрекет үлгілерін,
оны дұрыс орындау тәртіптерін көрсетіп береді. Ол құрбыларымен
бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастырады, қарым-қатынастың әртүрлі
жағдаяттарында өзін қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Үлкендердің
функциясы баланың сабақ, ойын, еңбек үстінде өздігінен, шығармашыл
белсенділігін арттыру, оған қажетті мөлшерлі көмек көрсету.
Баланың өмір сүру субъектісі болып қалыптасуында мектеп жасы-
на дейінгі балаға үлкендердің көзқарасы маңызды. Бүгінде тәрбиелеу
практикасында мұндай көзқарастардың бірқатары қарастырылады.
Баланың жетістіктеріне назар аудармаушылық байқалады, олар
үлкендерге аса маңызды емес сияқты болып көрінеді. Соның салдары-
нан қолдау таппағандықтан, оң бағалауды күтпестен өзіне назар аудар-
ту үшін теріс әрекеттер жасай бастайды.
Баланың ісін үлкендердің жете бағаламауы әдепсіздікке әкеледі –
үлкен адам баланың әрекетін үзеді, оның жоспарын бұзады. Бұл бала
тарапынан қарсылық көрсетуге әкеліп соғады, балада бастаған ісін
аяқтау сияқты білік қалыптаспайды, бұл өз кезегінде істің құндылығы
45
мен мағынасын төмендетеді, баланың ынтасын тежейді. Үлкеннің
мұндай әрекеті балада дәрменсіздік комплексін қалыптастырады –
оның ісін қызықсыз және біртекті күйге келтіреді, өзіндік әрекет пен
ынталылық көрсетпейді. Мектеп жасына дейінгі балаға біртіндеп тәртіп
процестерін орындату арқылы іске асыруға мүмкіндік беру қажет.
Бақылаусыздық және немқұрайлы көзқарас - ерте және мектеп-
ке дейінгі жаста немқұрайлылыққа төзбейді және қалай да болса
ересектердін назарын аударуға тырысады. Осылай ересектердің ұзақ
уақыт бойғы немқұрайлылығының салдары баланың теріс әрекеттер
жасауына әкеліп соғады, ол әртүрлі қарсылықтар білдіріп, сол сияқты
айналасындағыларға ашық түрде ынтасыздық көрсетеді. Осының
бәрі баланың толыққанды дамуына, оң әрекеттерінің, психикалық
процестердің қалыптасуына ықпал етпейді.
Балалардың жағымсыз істеріне, білмегендіктеріне «үлкендер
қатал» талаптар қояды да, жағымды жақтары аталмайды, сол күйінде
қабылданады. Мұндай жағдайда балалар өздерінің кемшіліктері үшін
үнемі теріс баға алады, басқа балалармен салыстыру объектісіне айнала-
ды. Соның салдарынан балалар өздерін жете бағаламайды (тіпті төмен
бағалайды). Теріс баға баланың ынтасын, белсенділігін төмендетіп,
кемшіліктері үшін қорқумен шектеледі.
«Қуанған үлкен адамдардың көзқарасы» - жетістіктерді, жағымды
жақтарды мадақтайды, болымсыз жетістіктерді де атап отырады.
Балалар үлкендердің немесе құрбыларының жағымсыз бағасына мән
бермейді, өздерін өздері көтермелеп бағалайды. Оның сәйкессіздігін
түсіну белгілі бір жас кезеңінде келіспеушілікке себеп болады, ал ол
ішкі және сыртқы жағымсыз көрініс береді.
«Әділетті ересек адамдардың көзқарасы» - жетістікті де, кемшілікті
де бірдей байқайды, соған сәйкес бағалайды. Балалар мақтағанды да,
ескертпелерді де оңай ажыратады. Олар өздеріне өздері сенімді бола-
ды, өздерін өздері бағалауы да үйлеседі. Ересектердің әділетті бағалауы
баланың саналы тәртіптілігін, өзіне-өзі сенімін дамытады.
Ересектердің субъект-субъективтік көзқарасы балаға өзіндік,
шығармашыл әрекеттің бастаушысы, өзіндік ерекшелігі бар,
қайталанбас бірегей жеке тұлға ретінде, тіпті әзірге тұрақты емес,
қалыптасып болмаған болса да болмаса даөзіндік мақсаты мен талапта-
ры бар адам ретінде қарауды көздейді, бірақ ары қарай дамытуды шек-
темей керек екендігін ескерген жөн.
Баланың әрекетін, қылықтарын оң бағалау оны дамытудың,
белсенділігін арттырудың басты факторы екендігін білеміз. Үлкендердің
46
мадақтауы – өсіп келе жатқан тұлғаның өзіндік санасын дамытудың
негізгі тәсілдерінің бірі. Оң бағалау белсенділікті арттырады, теріс
бағалау – мектепке дейінгі жаста ынтасының артуына, өздігінен әрекет
жасауға ұмтылдырады. Ерте және мектепке дейінгі жастағы балаларға
ескерту жасауды, теріс бағалауды пайдаланғанда, бала емес, оның
теріс қылығының бағаланатынын естен шығармау қажет: «Сен жаман
емессің, бірақ сен жаман қылық көрсеттің, ол дұрыс емес, себебі…»
деп айту керек. Баланың іс-әрекеті мен оның нәтижесін бағалағанда
алдымен жағымды жақтарын, содан кейін жағымсыз жақтарын айтып,
оның мүмкіндігіне сенімділікпен аяқтау қажет
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың субъектік қасиеттері
мен сапаларын қалыптастыруды баланы өзара әрекеттестіктің
тең құқылы қатысушысы ретінде қабылдап, оның мүддесі мен
сұраныстарын ескере отырып, әрекеті мен қылықтарын объективті
түрде бағалау арқылы, оның белсенділігін арттыру және дамыту үшін
қажетті жағдайларды ұйымдастыру арқылы ерте жастан бастау керек.
Бұл жол үлкендерден шеберлікті, шыдамдылықты, өсіп келе жатқан
адамға және оның ұдайы жетілуіне деген қамқорлық пен сыйластықты
талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |