ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37

139

 

дары  бактериялық  тыңайтқыштарда  қолданыс  табуда.  Бактериялар 



массасын  топыраққа  араластырып  микробиологиялық  процестерді 

күшейтуге жəне химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол 

жеткізіледі. Мысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыды-

ратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б.

Ауыл  шаруашылығы  дақылдарын  қалыпты  өсіру  үшін  макро-

элементтер  мөлшері  ғана  емес,  сирек  кездесетін  жəне  бытырап 

орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды.

Олардың болмауы немесе аз болуы мəдени өсімдіктердің ауруы-

на, түсімнің аз болуына əкеледі.

Топырақта жездің кемдігінен пайда болған жағымсыз құбылыстар 

кең тараған. Бұл құбылыстар торф топырақта орман аймағында көп 

кездеседі («өңдеу сырқаты» деп атайды). Жез қосқан соң ғана бұл 

ауру жойылған, астық өнімі көбейген.

Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін оларды паразиттік 

саңырауқұлақтарға қарсы тұрақтылығын арттырады. Мырыш, бор, 

марганец,  молибден  жəне  сирек  кездесетін  элементтер  топыраққа 

қосқанның əсері болатыны анықталды. 

 

5.3. Химиялық элементтердің топырақ 



қабаттарында таралуы

Топырақ  түзілу  құбылыстарының  нəтижесінде  жалпы  тау 

жыныстарының  құрамын  сақтай  отырып,  көптеген  элементтердің 

мөлшеріне өзгерістер енгізеді.

Топырақтардың орташа химиялық құрамы, % (А. П. Виноградов, 

1962):


О – 49  

 

 Sі - 33  



 Аl - 7,13 

 

Fе - 3,80 



 

Са - 1,37 

 

Na - 0,83 



 

К - 1,36 

Mg - 0,60

Ті - 0,46

С - 2,00

S - 0,085

Мn - 0,085 


140

Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші 

орында  О  мен  Sі,  екінші Al мен Fe, үшінші  Са  мен  Мg,  солардан 

кейін Na, К,  т.б.  элементтер  орналасқан,  Топырақтың  химиялық 

құрамы  өзін  түзген  тау  жыныстарының  химиялық  құрамынан 

айырмашылығы бар. Мұнда органикалық элементтердің мөлшерлері 

көп:  көміртегі 20 есе,  азот 10 есе  өседі.  Сонымен  қатар,  оттегі 

жəне  сутегі  мөлшерінің  көп,  ал  алюминий,  темір,  калий,  кальций, 

магнийдің аз екені байқалады. Осы элементтер əр түрлі химиялық 

қосындылар  түрінде  топырақ  құрамына  еніп,  топырақ  типтерін 

анықтайды. Өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты 

белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі, сутегі, 

оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді, мине-

ралды түрде олардың карбонатты тұздары кездеседі.

Оттегі су құрамында гидроксидтердің, алюмосиликаттардың, бос 

қышқылдардың жəне олардың тұздарының құрамында болады.

Топырақтағы тағы бір үлесі мол элементтің бірі – кремний. Ол жер 

қабатындағы минералды қосындылар құрамына кіріп, органикалық 

заттар  құрамындағы  көміртегі  сияқты  маңызды  рөл  атқарады. 

Топырақта  ең  көп  тараған  кремний  қосындыларының  бірі – кварц 

минералы  SіО

2

.  Кремний  жəне  кремний  қышқылдарының  тұздары 



силикаттар  мен  алюмосиликаттар  құрамына  кіреді.  Өсімдіктердің 

құрамында да кремний бар, мысалы, ол дəнді дақылдарда 10%-дан 

60%-ға дейін жетеді.

Алюммний алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында 

кездеседі.  Бұлардың  биологиялық  маңызы  онша  емес.  Аl

2

O



3

-

тің  топырақтағы  жалпы  мөлшері 1-2%-дан 15-20%-ға  дейін,  ал 



ферралитті топырақтарда 40%-ға дейін жетеді.

Темір  əртүрлі  оксидті,  гидроксидті  жəне  шала  күкіртті 

қосындылардың  құрамына  кіреді.  Бұл  элемент  биологиялық 

жағынан  өсімдіктердегі  хлорофильдін  түзілуіне  катысады.  Егер 

өсімдіктерге  темір  жетіспесе,  олардың  жапырақтары  сарғайып, 

хлороз деген ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің 

мөлшері  əртүрлі.  Мысалы,  құмдақ  топырақтарда 0,5-1,0%, лесс 

жыныстарында  түзілген  топырақтарында 3-5, ал  ферралитті 

топырақтарда 20-50%.

Калий  мен  магний  топырақта  слюдалардың  немесе  басқа 

минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп, 

басқа минералдың қосындыларымен реакцияға түсіп, күкірт, фосфор 



141

 

қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл екі элемент те өсімдіктерге 



өте қажет. Топырақта ол 1-3% мөлшерінде болады.

Калий мен натрий дала шпаттарының ортоклаз, микроклин, аль-

бит  құрамында  бұзылу  нəтижесінде  минералды  қышқылдардың 

тұздарын  кұрайды.  Бұл  тұздар  суда  жақсы  ериді.  Калий – 

өсімдіктердің  қоректік  элементтерінің  бірі.  Оның  топырақтағы 

мөлшері – 2-3%, Na

3

O-ның  мөлшері – 1-3%. Натрийдін  жылжы-



малы түрі топырақта жоғары болса, ол физикалық жəне химиялық 

жағынан қолайсыз қасиеттер туғызады.

Титан көбінесе, алғашқыда үгілуге аз берілетін минералдардың 

құрамына  кіреді  (ильменит,  рутил,  сфен).  ТіО

мөлшері  топырақта 



көп болмайды.

Марганецтің  топырақтағы  мөлшері  өте  аз.  Пиродезит,  баунит, 

оливин сияқты микроэлементтер өсімдіктердің өсуі мен сапалы да-

муына өте қажет. Бұл тақырыпқа əріректе тоқталмақпыз.

Күкірт  өсімдіктердің  немесе  жануарлардың  қалдықтарымен 

түзілген органикалық заттардың құрамында болады. Пирит деген ми-

нерал түрінде де кездеседі: Fе

2

S. Топырақта SО



3

 мөлшері пайыздың 

оннан бір бөлігінен аспайды, кейбір сулфатты тұздар топырақта көп 

болуы  мүмкін.  Егер  де  күкірттің  топырақта  жылжымалы  түрі  мол 

болса, оның себебін осы төңіректе ыластаушы өндіріс орындарынан 

іздестірген жөн.

Көміртегі,  сутегі,  азот,  фосфор – органогендік  элементтер. 

Олардың  топыраққа  тигізер  пайдасы  көп.  Көміртегі  гумустың, 

органикалық  қалдықтардың  құрамында,  сутегі  газдардың,  өсімдік 

пен  жануарлардың  денелеріндегі  органикалық  заттарда  болады. 

Көміртегі органикалық заттарға бай топырақтарда 3-10%, сутегі 

3-6% мөлшерде. Азот өсімдіктің өсуінде, жануарлардың тіршілігінде 

зор рөл атқарады. Оның мөлшері көбінесе, органикалық қосындылар: 

аммиак, азот жəне азотты қышқылдардың тұздары күйінде кездеседі 

(0,3-0,4,  кейде 0,1%). Топыраққа  азот  екі  жолмен  келеді: 1) үлкен 

қысым  əрі  катализатор  (найзағай)  қатысуы  арқылы  аммиак NH

3

 

түзіліп,  жауын-шашынмен  түседі; 2) азот  сіңіруші  бактерялардың 



(бос немесе бұршақты өсімдіктер тамыр түйіндеріндегі) қатысуымен 

шоғырланады.

Фосфор,  апатит,  фосфорит  минералдары  құрамында  жəне 

топырақ  шіріндісінде,  органикалық  қосындыларда  кездеседі. 

Топырақта  фосфор  қышқылының  тұздары – фосфаттар  түрінде 


142

болады. Nа  мен  Сa  бір  фосфаты  Na

2

HPO


3

, Ca(Н


2

РО

4



)

2

,  натрий  мен 



кальций екі фосфаты Nа

2

НРО



4

, Са(НРО


4

)2Н


2

О, натрий мен кальций 

үш фосфаты – Са

(РО



4

)

2



, Na

3

РО



4

. Топырақта көбінесе, суда еритін, 

өсімдікке сіңімді Са (Н

2

РО



4

)

2



 түрі болуы қажет.

5.4. Топырақтың макро- жəне микроэлементтері

Органикалық  тыңайтқыштар – жануарлар  мен  өсімдіктер 

қалдықтарының  органикалық  қосылыстары  түрінде  кездесетін 

қоректік  заттар.  Органикалық  тыңайтқыштар  бұдан  3  мың  жыл-

дай  бұрын  Қытай  мен  Жапонияда  қолданыла  бастаған.  Бұрынғы 

КСРО аумағында ХІV – ХV ғасырлардан бастап ауыл шаруашылығы 

дақылдарының  өнімділігін  арттыратын  құрал  ретінде  кеңінен 

таралған.  Органикалық  тыңайтқыштарға  көң,  қи,  құс  саңғырығы, 



садыра, жасыл тыңайтқыштар, сабан, т.б. өсімдік қалдықтары, 

залалсыздандырылған  тұрмыстық  жəне  өндіріс  қалдықтары, 

ақаба  сулардың  тұнбалары,  т.б.  жатады.  Өнеркəсіпте  моче-

вина  шығарылады.  Органикалық  тыңайтқыштар  құрамында 

топырақтың ең маңызды агроникалық қасиеттеріне қажетті макро- 

жəне  микроэлементтер  бар.  Топырақты  қарашірікпен,  қажетті 



химиялық  элементтермен  байытуға,  оның  ылғалдылығын  молай-

тып,  ауа  мен  су  режимінің  реттелуіне,  физикалық  қасиеттерін 

жақсартуға  мүмкіндік  береді.  Органикалық  тыңайтқыштар  ауыл 

шаруашылығы  дақылдарының  өнімділігін  жоғарылатып,  сапасын 

арттырады.  Құнарсыз  топырақты  құнарландыру  үшін  жəне  сулан-

дыру жүргізілген жерлерді игеру үшін міндетті түрде органикалық 

тыңайтқыштар себіледі. Көбіне топырақты жыртқан кезде тұқымды 

себуге дейін енгізіледі. Қопсыту кезінде өте шіріген қарашірік, тауық 

қиын, т.б., ал үстеп қоректендіргенде көбіне, садыра жəне тауық қиын 

қолданады. Картоп, жүгері, көкөніс жəне техникалық дақылдарды, 



күздік дақылдарды, т.б. отырғызғанда оның шұңқырына салу тиімді. 

Жылыжайларда егістік бетін жабындауда қолданады. Органикалық 

тыңайтқыштарды  қолданудың  тиімділігі  ылғалы  жеткілікті  аудан-

дардағы  шымды-күлгіндеу  жəне  орманның  сұр  топырақта рында 

жоғары, ал күлгінденген жəне сілтісіздендірілген қара топырақтарда 

төмендеу, құнарлы жəне қарапайым қаратопырақтарда төмен бола-

ды. Органикалық тыңайтқыштардың мөлшері дақылдың түріне жəне 

топырақ-климаттық жағдайға байланысты 15 – 60 т/га-ға тең. Ми-



143

 

нералды тыңайтқыштармен бірге қолданғанда оның мөлшері азая-



ды. Құрғақшылық аудандарда жырту қабатының барлық тереңдігіне 

енгізіледі,  ал  ауыртопырақты  жерлерде  оның  тереңдігі  15 – 18 



см-ден  аспауы  керек.  Микроэлементтердің  мал  шаруашылығы 

үшін  де  маңызы  зор.  Кейбір  микроэлементтердің  топырақта  жəне 

өсімдіктерде  (жемде)  артық  не  кем  болуы  мал  өнімділігіне  елеулі 

əсер етеді.

Микроэлементтер.  Кейбір  химиялық  элементтердің  мөлшері 

топырақта өте аз (n10

-3

) болғандықтан, оларды: бор, молибден, мыс, 



жез,  марганец,  кобальт,  мырыш,  иод,  фторды  (В,  Мn,  Мо,  Сu, Zn, 

Со, I, F), т.б. жеке топқа жатқызады. Микроэлементтер өсімдіктерге 

қоректік элемент ретінде тікелей сіңбейді, олар қоректік элементтер-

мен бірге сіңіріледі жəне тірі организмдердің ферменттік құрамына 

кіреді де, топырақта биохимиялық алмасу процестерін жеделдетеді. 

Өсімдіктер өнімі мен оның сапасының жəне топырақтағы микроэле-

менттер мөлшерлерінің арасында тікелей байланыс бар. Топырақта 

микроэлементтердін жетіспеуінен өсімдіктердің өнімі де, сапасы да 

төмендеп, тіпті, ауруға шалдығады. Микроэлементтер жетіспесе не-

месе  артық  мөлшерде  болса,  онда  ондай  топырақты  биохимиялық 

зарарлы эпидемия провинциялары деп атайды. Бұл табиғи фактор-

лармен қатар, техногендік ластану, тыңайткыштарды артық қолдану 

салдарынан  болуы  мүмкін.  Топырақтағы  микроэлементтердің 

мөлшері  олардың  топырақ  түзуші  аналық  жынысындағы  бастап-

кы  мөлшерлеріне  байланысты.  Гумус  белсенді  түрде  жиналатын 

процес терде микроэлементтер топырақтың беткі қабатында мол, ал 

шайылу процесі басым болған жағдайда едəуір аз болады.

Топырақ    түрлі  минералды (90-99%) жəне    органикалық  заттар 

(1-10%)  мен  топырақ  ауасынан  тұрады.  Топырақтың  химиялық 

құрамының  маңызы  зор,  ол  құнарлығын  айқындаумен  қатар, 

өсімдік құрамына əсерін тигізеді. Топырақтың химиялық құрамына 

өсімдіктердің  химиялық  құрамы  тəуелді  деуге  болады.  Топырақ 

құрамы мен жер сулары арасында тікелей байланыс бар. Қандай да 

бір макро- жəне микроэлементтердің кемістігі немесе тым көп бо-

луы  азықтық  өсімдіктердің  өнімділігіне,  сондай-ақ  құрамындағы 

жекелеген  элементтер  мөлшеріне  əсерін  тигізеді.  Жануарларды 

азықтандыруға  пайдаланылатын  өсімдіктерде  кейбір  элементтер 

кемістігі немесе көп болуы, өнімділік төмендеуі мен бірқатар ауру-

лар байқалуының себебі бола алады.


144

Егер  топырақта  азықтық  өсімдіктерде  кальций  жəне  фосфор 

тұздары  жетіспесе,  жануарлар  организмінде  минералды  алмасу 

бұзылып, нəтижесінде рахит (жас төлдерде), остеомаляция (ересек 

жануарларда,)  іш  тастау  тəрізді  аурулар  байқалады.  Топырақ  пен 

азықтарда натрий мен магний жетіспеуінің де салдары ауыр. Каль-

ций, фосфор, магний, натрий, көміртегі, сутегі, азот оттегі, күкірт, 

калий, темір, кремний, алюминий, хлор макроэлементтерге жатады. 

Олардың  топырақта,  өсімдік,  жануар  организмдеріндегі  мөлшері 

бүтіннен жүздік пайыздарға дейін ауытқиды.

Макроэлементтер жануардың тірі салмағының 99,9%-ын құ рай -

ды, ал тек 0,1% ғана сан жағынан көп (100-дей) топ-микроэлемент-

терге  келеді.  Микроэлементтер  организм  үшін  энергетикалық 

шикізат  болып  табылады.  Электролиттер  есебінен  олар  осмостық 

қысымды, ұлпа сұйықтықтарындағы иондардың динамикалық тепе-

теңдігін  реттейді,  организмнің  жаңа  жасушалар  түзуіне  қатысады, 

гормон, дəрумен, ферменттер құрамына енеді.

Организмдегі  микроэлементтер  алмасуы  орталық  нерв  жүйесі 

тарапындағы  бақылауға  тəуелді.  Орталық  нерв  жүйесінде  микро-

элементтер  шоғырлануы  біркелкі  емес.  Мəселен,  мидың  сұрғылт 

заттегінде басым түрде кобальт, марганец, мыс, молибден, мырыш, 

ванадий мен хром болса, ақ заттекте олар едəуір аз. Нерв жасуша-

лары  ядроларында  басым  түрде  ауыр  металдар  шоғырланады.  Ми 

сұйықтығы мен сопақша мида мыс, мидың үлкен жартышарларында 

– кобальт, мишықта – мырыш көп.

Барлық  ұлпалар  мен  ағзаларда  нақты  бір  микроэлементтер 

шоғырлануы  байқалады.  Қалқанша  безде – йод,  өкпеде – литий, 

гипофизде – кобальт, мырыш, хром, бүйректерде – кадмий, қанның 

пішіндес  элементтерінде – марганец,  мыс,  мырыш,  кадмий,  қан 

плазмасында – кобальт, титан болады. Қойлар мен бұзаулар жүнінде 

көп мөлшерде йод болады.

Топырақтың құрғақ затында 1 кг 5 мг аз йод болғанда, жануар-

ларда зат алмасу біршама бұзылады, ақуыз бен көмірсулар алмасуы 

төмендейді,  су  мен  хлоридтер  тежелуі  орын  алады,  нəтижесінде 

теріасты  шелінің  домбығуы    байқалады,  қанда  кальций  мен  фос-

фор мөлшері азаяды, тотығу үрдістері мен газ алмасуы  төмендейді, 

жылу туындалуы азаяды, сүйек өсуі тежеледі, қысырлық, бедеулік, 

өлі туулар орын алады.

Өнімділіктің  барлық  түрлері  төмендейді.  Йод  организм  үшін 


145

 

орны толмас микроэлемент, онсыз барлық жасушалардың тіршілігі 



тыйылады.

Егер 1 кг  құрғақ  топырақта 3 кг-дан  аз  кобальт  болса,  жануар-

ларда  акобальтоз  ауруы  байқалады.  Акобальтозбен  ауырған  кезде 

жануарларда  (В

12

  авитаминозы)  күйзелу,  тəбеті  бұзылуы  (жалақ), 



қаназдылық, өршитін жүдеп-жадау (кахексия, өлім).

Топырақтың 1 кг құрғақ затында 2 кг-дан аз мырыш болуы жас 

жануарлардың  өсуінің  баяулауы  мен  жүдеп-жадауына,  жүндері 

түсуіне,  жыныс  безі  қызметінің  төмендеуі  мен  бедеулікке  əкеліп 

соғады.  Егер  топырақтың 1 кг  құрғақ  затында 1 мг  аз  мыс  болса, 

жануарларда өсу баяулайды, қан аздылық, жас жануарлар жүдеп – 

жадауы,  жүннің  тұйпалануы,  терінің  депигментациялануы,  жалақ 

байқалуы,  сүйектер  пішінінің  өзгерілуі,  ұдайы  өндіру  қабілетінің 

жоғалуы,  сүт  өнімділігі  төмендеп,  жоғалуы  тəрізді    белгілер 

байқалады,  жануарлар  орталық  нерв  жүйесі  зақымдалуы  белгілері 

байқалатын ауруларға шалдығады, аяқтар салданады.

Топырақтың 1 кг  құрғақ  затында 500 мг  аз  марганец  болуында 

жас жануарлардың аяқтарының пішіні өзгереді, өсіп-өнуі баяулайды. 

Жүн сапасының төмендеуі орын алады. Іш тастаулар мен қысырлық 

байқалады. Құстарда перозис дамиды. Аурулардың алдын алу үшін 

азықтандыру  рационына  дəрумендер  енгізу  қажет,  топырақ  тиісті 

тыңайтқыштармен өңделуі керек.

5.5. Макро- микроэлементтердің тірі организмдерге əсері

Адамның  ағзалары  химиялық  элементтерді  əртүрлі  концентр-

лей ді, яғни микро- жəне макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда 

əркелкі  таралады.  Микроэлементтердің  көпшілігі  бауырда,  сүйек 

жəне  бұлшық  ет  ұлпаларында  жиналады.  Бұл  ұлпалар  көптеген 

микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тəн 

болып табылады жəне онда концентрациясы жоғары болады. Мыса-

лы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс 

кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, 

молибден – бүйректе, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық 

безінде,  сүйек  ұлпасында,  барий – көздің  пигментті  қабатында, 

бром, марганец, хром – гипофизде жəне тағы басқаларда жиналады.

Ағзада  микроэлементтер  байланысқан  жəне  бос  ионды  түрінде 

де  кездеседі.  Кремний,  алюминий,  мыс  жəне  титан  бас  миы 

10–1427


146

ұлпаларында  нəруыздармен  комплекс  түрінде,  ал  марганец  ион 

түрінде кездеседі. Сутек жəне оттек – макроэлементтері су молеку-

ласын түзетіні белгілі, ал ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су 

болып келеді. Су маңызды еріткіш жəне ол адамның мүшелерінде, 

ұлпаларында  жəне  биологиялық  сұйықтықтарда  əркелкі  таралған, 

асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99,5%-

дан 90%-ға  дейінгі  аралығын  құрайды.  Ендеше  су  ресурстарының 

құрамын  зерттеу,  үнемі  бақылау  жəне  мемлекет  тарапынан  қорғау 

іс-шараларын жүргізудің тіршілік үшін маңызы бар деуге болады.

Макроэлементтер – көміртек,  сутек,  оттек,  азот,  күкірт,  фос-

фор – нəруыздың,  нуклеин  қышқылдарының  жəне  ағзаның  басқа 

да  биологиялық  белсенді  қосылыстарының  құрамына  кіреді. 

Нəруыздардың құрамында көміртек 51 – 55%, оттек 22 – 24%, азот 

15 – 20%, сутек 6,5 – 7%, күкірт 0,3 – 2,5%, фосфор шамамен 0,5%. 

Көміртек сутек жəне оттек көмірсулардың жəне липидтердің (май-

лар),  ал,  фосфор  фосфолипидтердің  құрамында  фосфатты  топтар 

түрінде  болады.  Көп  мөлшерде  липидтер  бас  миында,  бауырда, 

сүтте жəне қан сұйықтығында концентрленеді. Сүйек ұлпасындағы 

фосфордың  негізгі  мөлшері  – 600 г.  Ол  адам  ағзасындағы  барлық 

фосфордың 85%-ын  құрайды.  Фосфор  тістің  қатты  ұлпаларында 

концентрленеді  ал  табиғатта  кальций,  хлор,  фтор  элементтерімен 

қосылыстар  түрінде,  фторапатиттер  құрамында  кездесетіндігі  бел-

гілі. Кальций де негізінен сүйек жəне тіс ұлпаларында концентрле-

неді. Натрий жəне хлор жасуша аралық, ал калий жəне магний жа-

суша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий жəне калий фторид 

түрінде сүйек жəне тіс ұлпаларында, магний фосфат түрінде тістің 

қатты ұлпаларында болады.

Тірі ағзаға қажетті тіршілік металдары деп аталатын металдардың 

жалпы  сипаты  бойынша  шамамен,  салмағы 70 кг  адам  ағзасында 

тіршілік  металдарының  мөлшері  төмендегідей  болады:  кальций – 

1700 г, калий – 250г, натрий – 250 г, магний – 42 г, темір – 5 г, мы-

рыш – 3 г, мыс – 0,2 г, марганец, молибден, кобальт – барлығы шама-

мен, 0,1 г. Ересек адамның денесінде 3 килограмға дейін минералды 

тұздар  бар,  бұл  мөлшердің 5/6 бөлігі  сүйек  ұлпаларына  тиесілі. 

Кейбір  макроэлементтер  (магний,  кальций)  жəне  көптеген  микро-

элементтер ағзада биолиганд – аминқышқылдармен, нəруыздармен, 

нуклеин  қышқылдарымен,  гормондармен,  дəрумендермен  жəне 

тағы басқалармен комплекс түрінде кездеседі. Мысалы, темір ионы 


147

 

комплекс түзуші ретінде – гемоглобин, кобальт – В 12 дəруменінің, 



магний – хлорофилл  құрамына  кіреді.  Сонымен  қатар,  ағзада 

биологиялық  маңызы  жоғары  басқа  да  элементтердің  көптеген 

биокомплекстері бар.

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне əр түрлі 

аурулар əсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальций-

лі  алмасу  бұзылады  да,  ағзадағы  кальцийдің  мөлшері  төмендейді. 

Нефритпен  ауырғанда  электролитті  алмасу  бұзылуының  əсерінен 

ағзадағы  кальцийдің,  натрийдің,  хлордың  мөлшері  азаяды  да,  маг-

ний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро- жəне микроэлементтердің 

мөлшерін гормондар реттеп отырады. Химиялық элементтердің адам 

ағзасындағы  биологиялық  орны  əртүрлі  болып  келеді.  Макроэле-

менттер – ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, 

иондық  жəне  қышқыл-негіздік  құрамын  реттеушілер.  Микро-

элементтер  қан  жасалу,  тотығу-тотықсыздану,  тамырлар  мен 

ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді əсер етушілер. Макро- жəне ми-

кроэлементтер – кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий жəне крем-

ний,  сүйек  жəне  тіс  ұлпаларының  түзілуін  қамтамасыз  етушілер. 

Микроэлементер ферменттер, гормондар, дəрумендер, биологиялық 

белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар 

түрінде кіреді де, зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттар-

ды  залалсыздандыру  үрдістеріне  қатысады.  Кейбір  элементтердің 

мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мы-

салы, кадмийдің бүйректегі жəне молибденнің бауырдағы мөлшері 

қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір мырыш, ва-

надий  жəне  хром  сияқты  микроэлементтердің  мөлшерлері  кемиді. 

Əртүрлі  микроэлементтердің  жетіспеушілігіне  немесе  артуына 

байланысты  көптеген  аурулар  белгілі.  Фтордың  жетіспеушілігінен 

тіс  жегісі,  йодтың  жетіспеушілігінен  зоб,  молибденнің  артық 

мөлшерінен    подагра  пайда  болады.  Адам  ағзасындағы  биогенді 

элементтер  концентрациясы  өмір  сүрудің  тепе-теңдігін  сақтайды 

(химиялық гомеостаз). Бұл баланс элементтің жетіспеушілігіне не-

месе  артық  болуына  байланысты  бұзылады  жəне  əр  түрлі  аурулар 

туады.

Микроэлементтердің адам ағзасындағы мөлшері жəне қатынасы 



жайындағы мəліметтерді сот медициналық сараптама жасау істеріне 

пайдаланады. Мысалы, этил спиртінің қатынасында алкогольді улану 

жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий мен калий 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет