ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37

168

уран-қорғасынды,  калий-аргонды,  рубидий-стронций,  радиокөмір 

тегін пайдаланады. Топырақтың жасын анықтауда радиокөміртекті 

əдісті  қолданады,  себебі  бұл  əдістердің  анықтайтын  жасы  ондаған 

млн жыл, қай топырақтың болса да жасынан артық.

Қазіргі кездегі топырақтардың жасы бірнеше жүз жылдан (күлгін) 

бірнеше мың жылдық (қаратопырақ). Яғни көміртегінің айналымы 

күлгін топырақтарда қаратопыраққа қарағанда тезірек болады.



5.9. Экологиялық факторлардың топырақтардың химиялық 

құрамына əсері

Топырақ  түзілу  құбылыстарының  нəтижесінде  жалпы  тау 

жыныстарының  құрамын  сақтай  отырып,  көптеген  элементтердің 

мөлшеріне өзгерістер енгізеді.

Топырақтың  орташа  химиялық  құрамы, % (А.П.Виноградов, 

1962):


O -  49             К -1,36                  Mn -0,085               Co  -0.0008 Mo

Si – 33             Mg -0,60                P - 0,08                   B -0,001

Al – 7,13          Ti – 0,46                N- 0,10                   Mo -0,0003

Fe - 3,80          С -2,00                  Cu -0,002               Na -83

Ca -1,37           S – 0,085               Zn -0,005

Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші 

орында O мен Si, екінші Al мен Fe, үшінші Ca мен Mg, солардан 

кейін Na, K, т.б.  элементтер  орналасқан.  Топырақтың  химиялық 

құрамының  өзін  түзген  тау  жыныстарының  химиялық  құрамынан 

айырмашылығы  бар.  Мұнда  органикалық  элементтердің  мөлшері 

көп:  көміртегі 20 есе,  азот 10 есе  өседі.  Сонымен  қатар  оттегі 

жəне  сутегі  мөлшерінің  көп,  ал  алюминий,  темір  калий,  кальций, 

магнийдің  аз  екені  байқалады.  Осы  элементтер  əртүрлі  химиялық 

қосындылар  түрінде  топырақ  құрамына  еніп,  топырақ  типтерін 

анықтайды. өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты 

белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі, сутегі, 

оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді, мине-

ралды түрде олардың карбонатты тұздары кездеседі.

Оттегі су гидроксидтер, алюмосиликаттар, бос қышқылдар жəне 

олардың тұздарының құрамында болады.

Топырақтағы  тағы  бір  үлесі  мол  элементтерінің  бірі – крем-


169

 

ний. Ол жер қабатындағы минералды қосындылар құрамына кіріп, 

органикалық  заттар  құрамындағы  көміртегі  сияқты  маңызды  рөл 

атқарады. Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі 

–  кварц  минералы SiO

2

.  Кремний  жəне  кремний  қышқылдарының 



тұздары  силикаттар  мен  алюмосиликаттар  құрамына  кіреді. 

Өсімдіктердің  құрамында  да  кремний  бар,мысалы,  ол  дəнді 

дақылдарда 10%-дан 60%-ға дейін жетеді.

Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында 

кездеседі.  Бұлардың  биологиялық  маңызы  онша  емес. Al

2

O

3



-тің 

топырақтағы  жалпы  мөлшері 1 – 2%-дан 15 – 20%-ға  дейін,  ал 

ферралитті топырақтарда 40 %-ға дейін жетеді.

Темір  əртүрлі  оксидті,  гидрооксидті  жəне  шала  күкіртті  қо-

сындылардың құрамына кіреді. Бұл элемент биологиялық жағынан 

өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктерге 

темір  жетіспесе,  олардың  жапырақтары  сарғайып  хлороз  деген 

ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері əртүрлі. 

Мысалы,  құмдақ  топырақтарда 0,5 – 1,0%, лесс  жыныстарында 

түзілген топырақтарында 3,5, ал ферралитті топырақтарда 20 – 50%.

Кальций  мен  магний  топырақта  слюдалардың  немесе  басқа 

минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп, 

басқа минералдың қосындыларымен реакцияға түсіп, күкірт, фосфор 

қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл екі элементте өсімдіктерге 

өте қажет. Топырақта ол 1 – 3 % мөлшерінде болады.

Калий  мен  натрий  дала  шпаттарының  ортоклаз,  микроклин, 

альбит құрамында бұзылу нəтижесінде минералды қышқылдардың 

тұздарын  құрайды.  Бұл  тұздар  суда  жақсы  ериді.  Калий  – 

өсімдіктердің  қоректік  элемменттерінің  бірі.  Оның  топырақтағы 

мөлшері 2 – 3%. Na

2

O мөлшері 1 – 3%. Натрийдің жылжымалы түрі 



топырақта  жоғары  болса,  ол  физикалық  жəне  химиялық  жағынан 

қолайсыз қасиеттер туғызады.



Титан  көбінесе  алғашқыда  үгілуге  аз  берілетін  минералдың 

құрамына жатады (ильменит, рутид, сфен) TiO

2

 мөлшері топырақта 



көп болмайды.

Марганецтің  топырақтағы  мөлшері  өте  аз.  Пиролюзит,  баунит, 

оливин сияқты микроэлементтер өсімдіктердің өсуі мен сапалы да-

муына өте қажет. Бұл тақырыпқа əріректе тоқталмақпыз.

Күкірт  өсімдіктердің  немесе  жануарлардың  қалдықтарынан 

түзілген  органикалық  заттардың  құрамында  болады.  Пирит  ми-



170

нерал  түрінде  кездеседі: Fe

2

S.  Топырақта SiO



мөлшері  пайыздың 

1/10  бөлігінен  аспайды.  Кейбір  сульфатты  тұздар  топырақта  көп 

болуы  мүскін.  Егерде  күкірттің  топырақта  жылжымалы  түрі  мол 

болса, оның себебін осы төңіректе ластаушы өндіріс орындарынан 

іздестірген жөн.



Көміртегі,  сутегі,  азот,  фосфор – органогендік  элементтер. 

Олардың  топыраққа  тигізер  пайдасы  көп.  Көміртегі  гумустың 

органикалық  қалдықтардың  құрамында,  сутегі  газдардың,  өсімдік 

пен  жануарлардың  денелеріндегі  органикалық  заттарында  болады. 

Көміртегі органикалық заттарға бай топырақтарда 3 – 10%, сутегі 3 

– 6% мөлшерде. Азот өсімдіктің өсуінде, жануарлардың тіршілігінде 

зор  рөл  атқарады.  Оның  мөлшері  топырақта  көбіне  органикалық 

қосындылар,  амиак,  азот  жəне  азотты  қышқылдардың  тұздары 

күйінде кездеседі (0,3-0,4, кейде 0,1%). Топыраққа азот екі жолмен 

келеді: 1) үлкен қысым əрі катализатор (найзағай) қатысуы арқылы 

аммиак NH

3

 түзіліп, жауын-шашынмен түседі.



2) азот сіңіруші бактериялардың (бос немесе бұршақты өсімдіктер 

тамыр түйіндеріндегі) қатысуымен шоғырланады.



Фосфор, апатит, фосфорит минералдары құрамына жəне топы-

рақ шіріндісінде, органикалық қосындыларда кездеседі. Топырақта 

фосфор, фосфор қышқылының тұздары фосфаттар түрінде болады.

11-кесте

Литосферада жəне топырақта химиялық элементтердің орташа 

құрамының % көрсеткіші (А. П. Виноградов, 1950)

элементтер  литосфера  топырақ  элементтер  литосфера  топырақ

О 47,20 

49,00 С 0,10 

2,00 

Si 27,60 



33,00 S  0,09 

0,085 


А1 8,80 

7,13 Mn 0,09 

0,085 

Fe 5,10 


3,80 Р 0,08 

0,08 


Са 3,60 

1,37 N  0,01 

0,10 

Na 2,64 


0,63 Сu 0,01 

0,002 


К 2,60 

1,36 


Zn 0,005 

0,005 


Mg 2,10 

0,60 Со 0,003 

0,0008 

Ti 0,60 


0,46 В 0,0003 

0,001 


Н 0,15 

 

-



Мо 0,0003 

0,0003 


171

 

5.10. Топырақтың сіңіру кешені жəне 



топырақтың сіңіру қабілеті

Топырақ  қопсыған  кеуекті  дене  болғандықтан,  оның  түйірлерінің 

арасында  əр  уақытта  бос  кеңістіктер  орын  алады.  Топырақтың 

сіңіру  қасиеттерін  қалыптастыруда  топырақ  құрамындағы  ең  майда 

ұнтақталған,  көлемі 0,0001 мм-ден  төмен  коллоидты  бөлшектер  ше-

шуші рөл атқарады. Бұл бөлшектер топырақтың əртүрлі органикалық 

жəне минералдық қосылыстарынан тұрады. Топырақтың сіңіру қасиеті 

деп,  оның  топырақ  ішіндегі  ерітінділерінің  кейбір  қосылыстарды, 

майда  ұнтақталған  минералдарды  жəне  органикалық  қосылыстарды, 

микроорганизмдерді  жəне  ұнтақталмаған  ірі  заттарды  өзіне  сіңіріп, 

ұстап қалуын айтады. Топырақтың сіңіру құбылысы жалпы топырақтың 

дамуымен  жəне  топырақта  өсетін  өсімдіктерде  күлді  элементтердің 

(азот,  т.б.  қоректік  заттардың)  жиналуымен  қатар  жүреді.  Əсіресе, 

өсімдіктердің қоректік элементтерінің жиналуы топырақтың сіңіру 

қасиетімен  тығыз  байланысты.  Осы  қасиеті  арқылы  топырақта 

өсімдіктерге керекті элементтер жиналады. Бұл салада орыстың ірі 

ғалымдары К. К. Гедройц, Д. И. Прянишников, А. И. Соколовский, 

И. Н. Антипов-Каратаев, В. А. Чернов, И. И. Горбунов, т.б. көп еңбек 

еткен. Əр түрлі топырақтардың сіңіру қасиеттері əр деңгейде бола-

ды. Ол көбінесе, топырақтағы өте жоғары бөлшектерге (дисперсті), 

түйірлерге,  коллоидты  бөлшектердің  мөлшеріне  байланысты. 

Топырақ  неғұрлым  қарашіріндіге  бай  жəне  механикалық  құрамы 

ауырлау балшықты болса, соғұрлым оның сіңіру қасиеті де мол, ал 

топырақта қара шірінді аз, құрамы жеңіл құм немесе құмдақ болса, 

оның сіңіру мүмкіндігі де шамалы келеді. Академик К. К. Гедройцтың 

тұжырымдамасында  топырақтың  сіңіру  қасиеті  деп  оның  топырақ 

ішіндегі ерітінділерінің кейбір қосылыстарын, майда ұнтақталған ми-

нералды жəне органикалық қосылыстарды, микроорганизмдерді жəне 

ұнтақталмаған  ірі  заттарды  өзіне  сіңіріп,  ұстап  қалу  мүмкіншілігін 

айтады.  Сіңіру  оның  тəсілдеріне  қарай,  бірнеше  түрге:  механикалық, 

физикалық,  физикалық-химиялық,  химиялық  жəне  биологиялық 

сіңірулерге бөлінеді (К. К. Гедройц, 1933).

Топырақтың  құралу  жəне  даму  процестері  онда  өсімдіктердің 

азот  жəне  күл  қоректік  заттарының  жиналуымен  қабаттас  жүреді. 

Ал  топырақта  өсімдіктердің  қоректік  заттарының  жиналуы  оның 

сіңіру қабілетімен тығыз байланыста болады.



172

Топырақтың сіңіру қабілеті деп оның өзінде ерітінді жəне судағы 

лайлы заттарды, газдарды ұстап қалуын айтады.

Сіңіру  қабілеті  –  əр  топырақта  əртүрлі  болады,  ол  көбінесе 

өте ұсақ бөлшектердің көп болуына байланысты келеді. Мұндай 

топырақтың сіңіру қабілетін күшейтетін ұсақ бөлшектерді колло-

идты  бөлшектер  деп  атайды.  Коллоидты  бөлшектердің  мөлшері 

0,001  миллиметрден  ұсақ  болып  келеді.  Табиғатта  коллоидты 

бөлшектердің  шығатын  мына: 1) тау  жыныстары  бұзылуынан, 

2)  органикалық  заттардың  ыдырауынан  болатын  екі  жолы  бар. 

Осыған  байланысты  топырақ  коллоид  бөлігінің  құрамына 

органикалық жəне минералдық заттар кіреді: біріншісі – топырақ 

шіріндісінің  құрамында,  екіншісі – балшық  құрамында  болады. 

Коллоидтар  топырақта  тұрақты  тұнба  гель  түрінде  кездеседі. 

Сіңіру қабілеті бес түрге бөлінеді:

Өсімдікке қажетті қоректік заттардың топырақта жиналуы оның 

сіңіру қабілетімен тығыз байланысты болады.

Топырақтың сіңіру қабілеті – оның ерітіндідегі түрлі заттардың 

молекулалары мен иондарын өз бойына сіңіріп жəне оларды ұстап 

қалу қабілеті.

Топырақтың  механикалық  сіңіру  қабілеті  –  топырақтың 

басқа  қуыс  денелер  сияқты,  өзінен  су  өткенде,  ондағы  үлкен,  кіші 

бөлшектерінің топырақта сүзіліп немесе желмен келген əртүрлі зат-

тарды ұстап қалуы.

Топырақтың бұл сіңіру қабілеті оның механикалық құрамы мен 

түйіртпектігіне байланысты болады. 



Топырақтың  биологиялық  сіңіру  қабілеті – топырақтағы 

өсімдік тамырлары мен микроағзаларының (микроорганизмдерінің) 

топырақ  ерітіндісінен  қоректік  элементтерді  сіңіріп,  өз  денелерін 

құру үшін түрлі органикалық заттардың түзілуі. Биологиялық сіңіру 

топырақты  қоректік  элементтердің  шайылуынан  қорғайды  жəне 

органикалық затқа байытады.

Биологиялық  сіңіру  тыңайтқыш  қолдануда  маңызды  рөл 

атқарады.  Микроорганизмдер  көмегімен  өсімдіктер  бойларына 

сіңірмей қалған нитраттар топырақтарда қатты шайылып кетпейді, 

жинақталады. Өйткені нитраттар физикалық, физикалық-химиялық 

немесе химиялық жағынан топырақтарда сіңірілмейді.

Топырақтың биологиялық сіңіру қабілетінің қарқынына топырақ 

ылғалдылығы,  аэрациясы,  топырақта  энергетикалық  заттардың 


173

 

(өсімдік  қалдықтары,  органикалық  тыңайтқыш)  болуы  елеулі  əсер 



етеді.

Топырақтың  физикалық  сіңіру  қабілеті – топырақ 

бөлшектерінің  əртүрлі  заттардың  молекулаларын  тарту  күшімен 

сіңіріп, өз бойында ұстап тұру, оң немесе теріс адсорбциясы.

Қатты  заттардың  бөлшектері  неғұрлым  майда  болған  сайын 

олардың сыртқы тарту күші үдейді. Бұл тұрғыдан, майда дисперсті 

коллоидты  бөлшектердің  тарту  күші  зор,  сондықтан  топырақ 

бөлшектерінің  бетінің  көлемі  үлкен  болса,  оның  физикалық  сіңіру 

қабілеті жоғары келеді.



Физикалық  сіңіру  қабілеті  тыңайтқыштарды  қолданудың 

мерзімін  белгілеуге  көмектеседі.  Мысалы,  хлор  ионы  бар 

тыңайтқыштарды  күзде,  ал  нитратты  тыңайтқыштарды  тұқым 

себер  алдында  немесе  үстеп  қоректендіруде  берген  жөн.  Себебі 

топырақтағы хлор ионы мөлшерінің көп болуы өсімдіктер үшін зи-

янды. Мұндай тыңайтқыштарды күні бұрын қолдану хлор ионының 

топырақтың астыңғы қабатына шайылуына əкеп соғады.

Топырақтағы  физикалық  сіңіруді  бөліп  ажырату  өте  қиын. 

Ол  əрдайым  химиялық  жəне  физикалық-химиялық  сіңіру 

құбылыстарымен өзара тығыз байланыста болады.



Топырақтың химиялық сіңіру қабілеті – химиялық реакция лар 

нəтижесінде топырақтағы суда ерігіш тұздарынан қиын еритін неме-

се ерімейтін қосылыстар түзіліп, топырақтың қатты күйіне ауысуы.

Азот, тұз қышқылдарының аниондары (NO

3

-

 жəне Cl



-

) топырақта 

кең  таралған  катиондардың (Ca

2+

, Mg



2+

, K


+

, Al


3+

, Fe


3+

, NH


4

+



ешқайсысымен  де  қиын  еритін  қосылыс  түзбейді.  Сондықтан 

оларды топырақ химиялық жолмен сіңірмейді. Осыған байланы-

сты топырақтағы нитраттар мен хлоридтердің жылжымалылығы 

жоға ры.


Көмір,  күкірт  қышқылдарының  аниондары (CО

3

2-



, SO

4

2-



)  бір 

валентті  катиондармен  суда  еритін,  ал  екі  валентті  катиондармен 

(Ca

2+

 жəне Mg



2+

) қиын еритін қосылыстар түзіп, топыраққа химия-

лық жолмен сіңіріледі.

Химиялық  сіңіру  суда  еритін  фосфор  тыңайтқыштарының 

топырақпен əрекеттесуінде маңызды рөл атқарады.

Суда  еритін  фосфор  тыңайтқыштары  топырақтағы  алмаспалы 

кальциймен əрекеттесуі нəтижесінде де химиялық жолмен сіңіріледі.

Фосфор  қышқылының  қарқынды  түрде  химиялық  сіңірілуі 



174

топырақтағы  фосфордың  жылжымалылығын  баяулатады.  Мұның 

өзі өсімдіктің фосфор тыңайтқыштарының құрамындағы фосфорды 

қабылдауын төмендетеді.



Топырақтың  физикалық-химиялық  немесе  алмасып  сіңіру 

қабілеті – теріс  зарядты  топырақтың  майда  дисперсті  коллоидты 

бөлшектердің,  топырақ  ерітіндісіндегі  катиондарды  сіңіру.  Мұнда 

топырақтың  қатты  фазасынан  (бөлігінен)  топырақ  ерітіндісіне 

эквивалентті мөлшерде басқа катиондар шығарылады.

К.  К.  Гедройц  алмасу  реакциясына  бейім  топырақтағы  барлық 

майда дисперсті коллоидты бөлшектердің жиынтығын топырақтың 



сіңіру  кешені  (ТСК)  деп  атаған.  Топырақ  сіңіру  кешені  майда 

(көлемі 0,00025 мм-ден аз) жəне ірі (көлемі 0,001 мм-ге дейін) кол-

лоидты бөлшектерден тұрады.

Топырақтың сіңіру сыйымдылығы (Т) – алмасу реакциясына 

бейім топырақтағы сіңірілген катиондардың жалпы мөлшері. Сіңіру 

сыйымдылығын 100 грамм топырақтағы катиондардың миллиграмм-

эквивалентімен өрнектейді (мг-экв/100 г)

Топырақтың 

сіңіру 


сыйымдылығының 

мөлшері 


оның 

механикалық  құрамына,  майда  дисперсті  бөлшектердің  жалпы 

мөлшері  мен  олардың  химиялық  жəне  минералогиялық  құрамына, 

топырақ реакциясына байланысты.

Сонымен  бірге,  топырақтардағы  сіңірілген  катион-

дар  құрамы  əртүрлі  болып  келеді.  Барлық  топырақтарда 

сіңірілген  катиондар  арасында  кальций  мен  магний  мөлшері 

көп  болады.  Мысалы,  кəдімгі  жəне  қуатты  қара  топырақта 

сіңіру  сыйымдылығындағы  катиондардың 80 –  90%-ы  каль-

ций  жəне  магний  үлесіне  тиеді.  Оңтүстік  қара,  қара  қоңыр, 

боз  топырақтарда  кальций  жəне  магний  көп  болғанмен, 

оның  құрамында  аз  мөлшерде  сіңірілген  натрий  кездеседі. 

Олардың құрамында сутек катиондары болмайды. Сор, сортаң 

топырақтарда кальций, магниймен бірге сіңірілген натрий көп 

болады.  Қызыл  жəне  шымды-күлгін  топырақтарда  сутек  пен 

алюминий иондары көп болады. Калий жəне аммоний катион-

дары барлық топырақтарда аз мөлшерде кездеседі.

Сіңірілген катиондар құрамы топырақтың физикалық, химиялық 

қасиеттеріне,  өсімдіктің  өніп-өсуіне,  тыңайтқыштардың  əсеріне 

жан-жақты ықпал етеді.

Топыраққа  сіңірілген  катиондардың  құрамы  мен  олардың 



175

 

арақатынасын тыңайтқыш жəне мелиоранттар қолдану арқылы рет-



теуге  болады.  Мысалы,  сілтілік  реакция  тудыратын  сіңірілген  на-

трий катиондарын сортаң топырақ құрамынан ығыстыру үшін гипс 

қолдану  керек.  Мұнда  натрийді  алмастырған  кальций  катиондары 

өсімдіктің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай тудырады.

Топырақтың  структуралық  құрамы.  Əдетте,  топырақтар  пішіні 

түрліше болып келетін жеке бөлшектерден тұрады. Бұлар топырақ 

структурасы  болып  табылады.  Топырақ  структурасы  шаң  неме-

се  тозаң  түрінде  болатын  өте  ұсақ  бөлшектерден  бастап,  мөлшері 

жаңғақтай, тіпті, одан да үлкен болып келетін кесектерден тұрады. 

Топырақтарда неғұрлым кесекті бөлшектер көп орын алып, неғұр-

лым олар берік жəне кеуекті болса, соғұрлым ол борпылдақ келеді. 

Борпылдақ  топыраққа  өсімдіктер  мен  жануарлар  қалдықтарын 

қарашірікке  айналдыратын  бактерияларға  қажетті  су  мен  ауа 

оңай  сіңеді.  Топырақ  структурасын  құрауда  жауын  құрттарының 

атқаратын  жұмысы  орасан  зор.  Бұл  құрттар  өздерінің  қоректену 

процесінде  топырақтағы  өздеріне  керекті  заттарды  пайдаланумен 

бірге өздері бөліп шығаратын шырынды заттар арқылы топырақтың 

ұсақ түйіршіктерін біріктіріп, капролитті структуралар түзеді. Міне, 

осындай  структуралы  топырақтарда  мəдени  өсімдіктерге  қажетті 

барлық жағдай жасалынады да, дақылдар жақсы өніп өседі.



5.11. Топырақтың қышқылдылығы мен сілтілігі

Өсімдіктердің жəне микроорганизмдердің дамуына, топырақтағы 

өтіп  жататын  əртүрлі  химиялық  жəне  биохимиялық  процестердің 

жылдамдығы  мен  бағыттарына  топырақ  реакциясы  үлкен  əсер 

етеді.  Қоректік  заттардың  өсімдіктермен  сіңірілуі,  топырақ 

микроорганизмдерінің  əрекеті,  органикалық  заттардың  минерал-

дануы,  топырақ  минералдарының  ыдырауы  жəне  қиын  еритін 

қосылыстардың  еруі,  коллоидтардың  коагуляция  мен  пептизация-

сы  жəне  басқа  физикалық-химиялық  процестер  топырақ  реакция-

сына  күшті  байланысты.  Ол  сонымен  қатар  топыраққа  енгізілетін 

тыңайтқыштардың  тиімділігіне  əсер  етеді.  Тыңайтқыштар  өз 

жағынан топырақ ерітіндісінің реакциясын өзгерте алады.

Табиғи  жағдайда  топырақ  ерітіндісінің  реакциясы 3-тен  (сфаг-

нум шымтезектерде) 10-ға дейін (сортаң топырақтарда) құбылады, 

көбінесе, 4-8 арасында болады.


176

12-кесте

Əртүрлі топырақтардағы рН өзгеруі

рН деңгейі Топырақ реакциясы

Топырақ түрі

<4

өте күшті қышқылды шымтезек (3-3,5)

4,1 - 4,5

күшті қышқылды

шымды-күлгін (4-5)

4,6 - 5,0

орташа қышқылды

5,1 - 6,0

əлсіз қышқылды

сілтісізденген қара топырақ, сұр 

орманды 

6,1-7,4


бейтарап

кəдімгі қара топырақ, қуатты қара 

топырақ (6,5-7)

7,5 - 8,5

əлсіз сілтілі

оңтүстік қара топырақ, қара қоңыр (7,5)

8,6 - 10,0

күшті сілтілі

сұр топырақ (8,5), сортаң (9)

>10,0


өте күшті сілтілі

-

 



Топырақтың  актуалды  қышқылдығы,  топырақ  ерітіндісінің 

қышқылдығы  сутек  ионының  (Н

+

)  гидроксил  ионының  (ОН



-

)  кон-


центрациясы артық болғанда байқалады.

Топырақта өнебойы СО

2

 түзіліп тұрады. Ол топырақ ылғалымен 



əрекеттесіп,  көмір  қышқылын  Н

2

СО



3

  түзіп,  Н

+

  жəне  НСО



3

-

  ионда-



рына диссоциацияланады. Нəтижесінде топырақ ерітіндісінде сутек 

иондарының концентрациясы артады да, ерітінді қышқылданады.

Сонымен  топырақ  ауасында  СО

2

  концентрациясы  неғұрлым 



жоғары болса, соғұрлым ерітінді қышқылданады.

Егер топырақта сіңірілген күйде натрий ионы көп болса (сор жəне 

сортаң),  онда  ерітіндіде  көмір  қышқылды  натрий  тұздары  түзіліп, 

ерітінді сілтілі келеді.

Егер топырақта кальций мен магний карбонаттары жəне сіңіріл-

ген катиондар арасында кальций көп болса (сұр, қара топырақ), онда 

топырақ ерітіндісінде кальций бикарбонаты орын алып, топырақты 

əлсіз сілтілендіреді.

Қышқылды  жəне  күшті  қышқылды  шымды-күлгін  жəне 

шымтезекті-батпақты  топырақтарда  сіңірілген  күйде  кальций 

аз,  сутек  пен  алюминий  иондары  көп,  топырақ  ерітіндісін  көмір 

қышқылы  мен  қатар  еритін  органикалық  қышқылдар  жəне  гидро-

лиз нəтижесінде қышқыл мен əлсіз негіз пайда қылатын алюминий 

тұздары қышқылдандырады.



177

 

Сонымен  топырақ  ерітіндісінің  реакциясы  топырақтың  сіңіру 



кешеніндегі катиондардың құрамына қарай өзгереді.

Топырақтың  потенциалды  қышқылдығы – топырақтың 

сіңіру кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта сіңірілген сутек не-

месе алюминий иондары тудырады.

Топырақтың  алмасу  қышқылдығы  –  топырақтың  сіңіру 

кешеніңің қышқылдығы, оны топырақта алмаса сіңірілген сутек не-

месе алюминий иондары тудырады. Алмасу қышқылдық топырақты 

бейтарап тұздың ерітіндісімен (KCl) өңдегенде анықталады.

Алмасу қышқылдықты KCl судағы ерітіндісінің рН шамасымен 

немесе 100 г  топырақтағы  миллиграмм-эквивалентпен  өрнектейді. 

Топырақтың алмасу қышқылдығы шамасына актуалды қышқылдық 

та  кіреді.  Сондықтан  алмасу  қышқылдығының  шамасы  актуалды 

қышқылдықтан жоғары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет