ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет34/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

365

 

жайылым-шабындық  шаруашылығы  институтының  ғалымдары 



жүргізді.

2. Сортаң жерлерді игерудің əдісі мен технологиясын жетілдіруде 

тұрақты  тəжірибе  жұмыстары  жүргізілді.  Қолданған  əдістердің 

арқасында жақсы нəтижелер алынды.

Фитоагротехникалық  мелиорация  əдісі  негізінен  шалғынды-

далалы  жəне  далалық  қалдық  сортаңдар  кешенін  игеру  үшін 

қолданылады.  Мұнда  жерді  сортаң  қабатына  дейін  қайырмалы 

əдіспен  жыртады  да,  одан  төменгі  қабатын  қайырмасыз  əдіспен 

терең қопсытады. Жыртылған жерге дəнді-бұршақты дақылдар ара-

ластыра егіледі. Бұл əдіс орта есеппен гектарынан 15 центнер шөп, 

ал шөпті жыртып, астық еккенде, гектарынан 10 центнер дəн береді.

Агрохимиялық  мелиорация.  Бұл  əдіс – сортаңның  химиялық 

қасиетін жақсарту үшін арнайы өңдеу арқылы топырақтың төменгі 

қабатында жатқан əк пен гипсті пайдалану.

Ол  үшін  сортаң  топырақтарды  терең  етіп,  плантажды  не-

месе  топырақтың  əр  қабатын  арнайы  өндейді.  Өнделген  жерге 

көпжылдық  бұршақты  шөптер  егеді.  Шөп  өнімі  гектарына 15-22, 

ал шөп жыртылған жерге егілген арпа гектарына 9-12 центнер өнім 

береді.


Фитохимиялық мелиорация. Бұл əдіспен топырақтың жоғары 

жəне сортанданған қабатын қайырмалы етіп жыртып, оның астыңғы 

қабатын  қопсытады  да,  сортаңданған  қабатты  жақсарту  үшін 

оған  кəдімгі  гипс  пен  фосфогипсті  енгізеді.  Бұл  жерге  негізінен 

бұршақты  шөп,  түйе  жоңышқа  егіледі.  Оның  өнімділігі  гектарына 

17-25  центпер,  ал  оны  жыртып  орнына  еккен  астық  өнімі  гекта-

рына 10-14 центнер  жетеді.  Ал  тұзы  мол  сортаңға  төзімді  шөптер 

егіп, оларды шалғынға айналдырған жөн. Ол үшін сортаң қабаттың 

жоғары  бетін  қайырмалы  етіп  жыртып,  оның  астын  тереңдетіп 

қопсыту  қажет.  Көпжылдық  шөптердің  өнімі  гектарына 12-14 

центнерге жетеді. Сонымен, бұл көрсетілген сортаң топырақтарды 

жақсарту  əдістері  кезінде  Ақмола,  Қостанай,  Солтүстік  Қазақстан 

облыстарындағы 12 ұжымшарда қолданылып, 300 гектардай жерді 

өндірістік жағдайда сынап, жақсы нəтижеге жеткен еді. Осы əдісті 

қолданып,  сортаң  жерлерді  жақсартқанда.  олардан  алынған  өнім 

өңделмеген  табиғи  сортаң  жерге  қарағанда 7-10 еседей  көп.  Бұл 

жағдай сортаң жерлерді игеру мол резервтің кезі екендігін көрсетеді. 

Себебі аса күрделі жақсарту жұмыстарын жүргізбей-ақ, мол қаржы 



366

жұмсамай-ақ  сортаң  жерлердің  өнімін 7-10 есе  арттыруға  болады. 

Жүргізілген  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нəтижесіне  сүйене 

отырып,  институт  ғалымдары  сортаң  жерлерді  игеру  жөнінде 

практикалық ұсыныстар жасады. Ол Қазақстан Республикасы Ауыл 

шаруашылығы  министрлігінен  қолдау  тауып,  арнайы  əдістемелік 

басшылыққа алынды.

Енді  республикамыздың  солтүстік  облыстарында  «Казгипро-

зем»  жəне  облыстық  агрохимиялық  зертханалары  жасаған  жо-

балар мен сортаң жерлерді игеру жұмысы қолға алына бастады. 

Солтүстіктің дəнді, қара топырақты жəнс қара қоңыр топырақты 

алқаптарында  суарусыз,  көп  қаржы  жұмсамай 15,6 млн  гектар 

сортаң  жерлерді  игерудің  жоспарлары  кезінде  жасалды.  Онын 

ішінде  фитоагротехникалық  мелиорациялау  арқылы 1 млн  га, 

агрохимиялық  мелиорациялау  арқылы 10.4 млн,  фитохимиялық 

мелиорациялау арқылы 1,0 млн, ал шалғындық шөп егуге 3,4 млн 

гектар сортаң жер əзірленді.

Сортаң  жерлерді  игеру  жыл  сайын  шөп  өнімін 8 млн  тоннаға, 

малға жемдік дақылдарды – арпа, сұлы, тары өнімін 5,5 млн тоннаға 

жеткізуге  мүмкіндік  береді.  Бұл  жағдай  мал  шаруашылығын 

өркендетуге  көп  септігін  тигізбек.  Ал  бұрынғы  жемшөп  егіліп 

жүрген  құнарлы  топырақтарға  бидай  егіп,  одан  қосымша 10 млн 

тонна алуға мүмкіндік бар.

Сонымен,  Қазақстанда  көлемі  мол  сортаң  жерлерді  игеру 

жұмыстары кезінде жаппай басталған болатын. Ең алдымен, иге-

руге жеңілірек түсетін солтүстіктегі табиғи ылғалмен қамтамасыз 

етілген  аудандардың  сортаң  жерлерін  игеру  жоспарланды.  Оида 

біраз жерлер қазірдің өзінде игерілді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, 

Қостанай  облыстарында  ондаған  мың  гектар  сортаң  жерлер 

жоғарыда  айтылған  əдістер  арқылы  игеріліп,  онда  малазықтық 

жемшеп  өсірілуде.  Бұл  үлкен  пратикалық  жұмысқа  көмекті  алы-

стан  емес,  тікелей  өндіріске  жақын  жасау  үшін  Қазақстан  Респу-

бликасы  ҒА-ның  Топырақтану  институты  Ақмола  қаласындағы 

өзінің  бөлімшесінде  сортаң  жерді  игеру  жөнінде  кезінде  ғылыми-

əдістемелік зертхана ұйымдастырған. Бұл жұмыстардың іске асуы-

на Шортандыдағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 

да  көмек  тигізген  болатын.  Өкінішке  орай,  сортаң  жерлерді  игеру 

жұмыстары соңғы жылдары тоқталып қалды.

3.  Осы  жоғарыда  айтылған  сортаң  жерлерді  игерудің 


367

 

практикалық-өндірістік  бағыттарымен  қатар  ҚРҰҒА-ның 



Ө. Оспанов атындағы Топырақтану институты сортаң жерлердің 

пайда болуын, оны мелиорациялаудың теориялық мəселелерін де 

зерттеуде.

Жалпы  сортаң  жерлерді  игеру  ісі  ғылыми  негізделген  əдісті 

мұқият  сақтықпен  қолдануды  қажет  етеді.  Ал  біздің  республи-

када,  əсіресе,  Ақтөбе,  Батыс  Қазақстан  облыстарында  сортаңды 

игеру  қайырмалы  соқамен  сортаң  қабатын  жер  бетіне  шығарып 

жырту  деп  ұғып,  бұрын  шабындық  немесе  жайылым  болған  ал-

каптар қазір жарамсыз қалғанын да жасыра алмаймыз. Негізінен 

сортаң жерлерді тек малазықтық шөптер егуге пайдалану қажет. 

Ал  сортаң  жерлердің  жалпылама  жыртуға  жарамсыз  екенін 

ұмытпаған жөн.



13.4. Қазақстан топырақтарының экологиялық мəселесі, 

оларды шешу жолдары

Топырақ  жамылғысы  Жер  биосферасының  маңызды  құрамы 

болып  табылады.  Биосферада  өтетін  барлық  үрдістер  топырақпен 

тығыз  байланысты.  Топырақтың  маңыздылығы  органикалық  зат-

тарды, түрлі химиялық элементтерді жəне энергияны жинау. Соны-

мен бірге топырақ жамылғысы өте қажеті. Ол ластайтын заттарды 

биологиялық  сіңіру,  бұзу,  бейтарап  күйіне  айналдыру  функцияла-

рын атқарады. Егер биосферада осы буында күрт өзгерістер болатын 

болса,  ол  жалпы  биосферадағы  қалпына  келмейтін  үрдістер  пайда 

болуына алып келеді.

Топырақты  ластайтын  заттардың  бірі – пестицидтер.  Бүгінгі 

күнде əлемде 1 гектар жерге 300 кг. химиялық заттар енгізіледі. Өте 

көп мөлшерде пестицидтерді (гербицид, инсектицид, акарицид, фун-

гицид, дефолианттар) қолдану топырақтардың негізгі қасиеттеріне  

теріс  əсер  етеді.  Сондықтан  оларды  химиялық,  биологиялық  жол-

дармен залалсыздандыру маңызды шаралар болып табылады.

Қазіргі  үлкен  проблемалардың  бірі – жауын-шашындар-

мен  топырақтар  қышқылдығының  артуы.  Қышқылды  жауындар 

жалғыз  судың  ғана  емес  топырақтардың  үстіңгі  қабаттарының 

қышқылдылығында  асырады.  Азот,  көміртегі,  күкірт  тотықтары 

атмосфераға  көтеріліп,  үлкен  қашықтарға  жылжуы  мүмкін.  Олар 


368

ауадағы сумен қосылып ерітінділерге  айналады. Соның нəтижесінде 

«қышқыл  жаңбыр»  пайда  болады.  Жерге  түскенде,  ол  өсімдіктер, 

топырақ,  сумен  əрекеттестікке  түседі.  Топырақтың  құнарлылығы  

төмендейді. Топырақты ластайтын заттардың қомақты бөлігі түсті-

қара металлургия, жылу энергетика, мұнай-газ өндірістерге байла-

нысты.

Топырақ  қарашіріндісінің  азғантай  төмендеуі  оның  толық 



экологиялық функциясын атқаруға кедергі болады. Оның қасиеттері 

өзгеріп  бұзылады  (деградация).  Əсіресе,  агроэкожүйелердегі 

топырақтар  бұзылуға  бейімді.  Мұндай  жағдайды  агроэкожүйедегі 

фитоценоздың қарапайымдылығымен түсіндіру мүмкін.

Адамның топыраққа əсер ететін негізгі түрлері эрозия (су жəне 

жел), ластану, қайта сорлану жəне батпақтану, шөлдену, құрылысқа 

жер бөлу болып табылады.

Топырақ эрозиясы (лат. erosio – жемірілу) – топырақтың құнарлы 

үстіңгі қабаттарының сумен шайылуы (су эрозиясы) немесе желдің 

əсерінен көшуі (жел эрозиясы).

Еліміздің белгілі топырақтанушы ғалымы Р. Д. Жанпейісовтың 

мəліметтері  бойынша  республикамызда  жел  эрозиясына 

(дефляцияға) шалдығу қауіпі бар жер ауданы 75 млн. 997 мың гек-

тарды құрайды. Оның ішінде 10 млн. 736 мың га карбонатты, 24 

млн. 361 мың га «жеңіл» гранулометриялық құрамды топырақтар 

жəне 24 млн.  га  құмдар.  Су  эрозиясына  шалдығу  қауіпі  бар  тау 

беткейінің, қырат жерлердің ауданы 50 млн. гектардан асады. Бұл 

жерлер,  əсіресе,  Қазақстанның  таулы  аймағында  мол  кездеседі. 

Осы  топырақтардың  экологиялық  қызметін  сақтап  қалу  үшін 

оларды  қатерлі  құбылысқа  шалдықтырмай,  топырақты  дұрыс 

пайдалануды  жүзеге  асыру  бүгінгі  күннің  негізгі  экологиялық 

мəселелерінің бірі болып табылады.

Эрозияға  ұшыраған  топырақтарда  өсімдіктердің  биологиялық 

өнімділігі  азаяды,  дақылдардың  өнімі  жəне  сапасы  нашарлайды, 

топырақтың құнарлылығы төмендейді.

Жел эрозиясы немесе дефляция. Жел эрозиясының қарқындылығы 

желдің  жылдамдығынаң,  топырақтың  тұрақтылығына,  өсімдік 

жамылғысына,  бедерге  жəне  тағы  басқаларға  байланысты. 

Өсімдіктерді жою, малдарды ойламастан жаю, агротехникалық ша-

раларды дұрыс қолданбау эрозиялық үрдістердің белсенділігін асы-

рады.


369

 

Дефляция  жергілікті    эрозияға  жəне  шаң  борандарға  бөлінеді. 



Солтүстік Қазақстанда  шаңды борандар өте күшті (20-30 м/сек аса-

ды) жəне ұзақ уақыт созылады.  Шаңды борандар  бірнеше сағаттың 

ішінде 1 гектар  жыртылған  жерден 500 т  топырақтарды  ұшырып 

алып  кетуі  мүмкін.  Əрине,  бұндай  құбылыс  атмосфера  ауасының, 

сулардың жалпы қоршаған ортаның ластануына,  адам денсаулығына 

зиян келтіреді.



Топырақтың ластануы. Топырақтың  үстіңгі қабаттары ластануға 

бейімді. Топырақта көп мөлшерде болған түрлі химиялық қоспалар 

(токсиканттар) топырақта тіршілік ететін ағзаларға теріс əсер етеді.

Топырақтарды  негізгі  ластайтын  заттарға – пестицидтер, 

минералдық тыңайтқыштар, өндіріс бөліп шығаратын  заттар,  мұнай 

жəне мұнай өнімдері жатады.

Жылына  əлемде 1 млн  тоннадан  көп  пестицидтер  өндіріледі. 

Жалғыз  Ресейдің  өзінде  жылына 100000 тонна  пестицидтер 

шығарылады. Краснодар өлкесінде жəне Ростов облысында əр 1 гек-

тар жерге 20 кг пестицид қолданылады.

Қазіргі күнде көп ғалымдар пестицидтердің адамзатқа тигізетін 

əсерін  радиоактивтік  əсерімен  теңдестіреді.  Пестицидтердің 

дақылдар  өнімділігін  асыруымен  бірге  зиянкестер  түрінің  көбеюі, 

өнімдердің    сапасы,  олардың  сақталу  қасиеттерін  төмендетеді,  

топырақтардың  табиғи  құнарлығы  нашарлауына,  т.б.  теріс 

өзгерістерге алып келеді. 

Артық  мөлшерде  енгізілген  минералдық  тыңайтқыштар  

топырақты  ластайды.  Бұндай  жағдай    азот,  фосфор  жəне  басқа 

элементтердің    биохимиялық  айналымын  бұзады.  Нəтижесінде 

экологиялық  жағдай  əсіресе    су  ортада  нашарлайды,  эвтрофия 

құбылысы дамиды.

Нитраттардың  көп  мөлшерде  болуы  топырақтағы  оттегі  

мөлшерінің  азаюына алып келуі анықталған. Өз кезегінде бұл 

атмосфераға  тағы  да  екі  «парникті» (азот  шала  тотығы  жəне 

метан)  газдар  бөлінуіне  алып  келеді.  Нитраттар  адамның 

денсаулығына    қауіпті  болып  саналады.  Егер  адам  ағзасында 

нитрат мөлшері 50 мг/л-ден көп болатын болса, ол дененің ула-

нуына алып келеді.

Топырақ ауыр металдарды жинау қабілетіне ие. Сынап шығаратын  

комбинаттардың  маңайындағы  топырақтарда  сынап  мөлшері  шек-

телген мөлшерден жүз есе артық болады.

24–1427


370

Жолдардың    жағасындағы  топырақтарда    қорғасын  мөлшері 30 

есе көп болуы мүмкін (ластанбаған жерлерде -20 мкг/г- норма).

Топырақтың  мұнай  жəне  мұнай  өнімдерімен  ластануы 

мұнай  өткізетін  құбырлар  апатқа  ұшырағанда,  мұнай  өндіретін 

технологиялардың нашарлығына, апат жəне технологиялық үрдістер 

нəтижесінде пайда болған  шығындарға байланысты. Ресейдегі Тю-

мен  жəне  Томск  облыстарында  топырақтағы  мұнай,  көмірсулары 

мөлшері фондық көрсеткіштерден 150-250 есе көп.

Ластанған  топырақтардағы  түрлі  ауру  қоздырғыштар  адам 

денсаулығына өте қауіпті болып табылады.

Шөлдену проблемалары. Шөлденуге қарсы күресу БҰҰ конвен-

циясы  мəліметтері  бойынша  əр  жылы  Қазақстан  топырақтарында 

қарашірінді мөлшері азайғаннан келетін зияны 2,5 млрд. америкалық 

долларын құрайды, ал эрозиядан келетін зияны 779 млн. доллармен 

бағаланады.

Б.  Г.  Розанов  айтуы  бойынша,  шөлдену  бұл  топырақтардың 

өсімдік

 

термен    қалпына  келмейтін  өзгеріс  үрдістері  жəне  биоло-



гиялық  өнімдіктің  төмендеуі, келешекте бұндай жағдай биос фера-

ның толық бұзылуына алып келуі мүмкін. Əлемде барлық құрлықта 

1 млрд, гектар жер шөлейттенуге ұшыраған.

Шөлденуге  алып  келетін  факторлар:  табиғи  (қолайсыз 

метеожағдайлар, топырақтың сорлануы, жеңіл топырақтар, жерасты 

сулардың төмендеуі, жел жəне су эрозиясы) антропогенді (орманды 

кесу, жайылымды дұрыс пайдаланбау, қарқынды жерді өңдеу, жерді 

дұрыс пайдаланбау). Көбінесе, шөл осы факторлардың бір қалыпты 

əсер  етуінен  пайда  болады.  Шөлейттену  əлеуметтік-экономикалық 

жəне  табиғи  үрдіс  болып    табылады.  Ол  дүниежүзі  бойынша 3,2 

млрд.  гектар  жерге,  сонда  тіршілік  ететін 700 млн.  адамға  қауіп  

келтіреді.

Шөлейтке ұшыраған жерлерде топырақтың физикалық қасиеттері 

нашарлайды,  өсімдіктер  жойылады,  жерасты  сулар  сорланады, 

биологиялық өнімдер күрт  азаяды, соның барлығы (экожүйелердің 

қайта  қалыптасу    қабілетін  төмендетеді).  Осындай  экологиялық 

апатқа  ұшыраған аймақтарға  Қазақстан аумағында  Арал жəне Бал-

хаш  өңірлері  жатады.

Қазақстанда шөлейттену қауіпі бар жерлер, жалпы жер ауданының 

75%-ын  құрайды.  Шөлейттену  жəне  жағымсыз  экологиялық 

өзгерістерге  əкеліп  соғатын  басты  себептердің  қатарына  тың  иге-


371

 

ру  кезінде  топырақтың  жаппай  жыртылуы,  шабындықтар  мен  мал 



жайылымдардың жүйесіз пайдаланып, оталып тақырлануы, топырақ 

құрылымының  бұзылуы, суармалы жерлердің  қайтадан сорлануы, 

ормандардың жөнсіз кесіліп, өртенуі жатады.

Еліміздің  Жер  ресурстарын    басқару  агентігінің  2006 жылғы 

мəліметі бойынша орташа жəне үлкен дəрежеде тапталып бүлінген 

жайылымдар  26,6 млн. гектарды құрайды.

Орман қорының жері елімізде онша мол емес (23,4 млн. га), ал ор-

манды алқапты барлық  республика территориясында тек қана 3,8% 

қамтиды. Соған қарамай бұл жерлердің  экологиялық мəселесі өте 

өзекті болып отыр. Тек қана 2000 жылы 934 орман өрттері  болып, ол 

27 мың 487 гектар жер ауданын қамтыды. Ірі орман өрттері Шығыс 

Қазақстан,  Павлодар,  Ақмола,  Қарағанды,  Алматы,  Қарағанды, 

Алматы  облыстарында  байқалған.  Тек  қана  Павлодар  облысында  

кейінгі 10 жыл  ішінде  орман  өрттері  мен  жөнсіз  ағаштарды  кесу 

салдарынан 45 мың  гектар  жерде  орман  жойылып,  осы  жерлерде 

шөлейттену қаупі туып отыр.

Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өндіру кезінде ауыр техни-

ка мен транспорт салмағымен, мұнай-битум қалдықтарымен шама-

мен 4-5 млн. гектардай жер бұзылып, ластанған.

Елімізде  егіншілікте  көп  жылдар  бойы  пайдаланып  келе 

жатқан топырақтардың құнарсыздануы құбылыстары байқалуда. 

Павлодардың  ауыл  шаруашылығы    ғылыми  зерттеу  институты 

ғалымдарының (Қ. Е. Қанапиянов. С. У. Асқаров, 2004) мəліметі 

бойынша  оңтүстік  карбонатты  қара  топырақты  егіншілікте 1965 

жылдан 2003 жылға  дейін  пайдаланғанда (38 жыл  ішінде)  оның 

0-22  см  қабатында  қарашірінді  мөлшері 5,2-5,9%-дан 3,2-3,6%-

ға  дейін,  ал 22-40 см  қабатында 2,8-3,4%-дан 1,9-2,2%-ға  дейін 

кеміген.


Топырақты  қорғау  іс-шаралары.  Заманауи  техникасының 

ауыл  шаруашылығының  ғылыми  жəне  жетістіктері  топырақ 

құнарлылығын  тұрақты  деңгейде  ғана  емес,  оны  асыруға  да, 

мүмкіншіліктерін жаратады.

Мəселен,  Алмания  жəне  Францияда  астық,  жүзім  жəне  басқада 

техникалық  дақылдардан  жоғары  өнім  алғанына  қарамастан, 

топырақтың құнарлылығын сақтап қалған.

Қымбат  болса  да,  олар  химиясыз  өндірген  экологиялық  таза 

өнімдерді жақсартады.


372

Ауылшаруашылық өндіріс көлемі бойынша АҚШ əлемде бірінші 

орында  тұрады.  Қазіргі  уақытта  АҚШ  ауыл  шаруашылығында 3,1 

млн. адам еңбек етеді, ол барлық тұрғындардың 1,7%-ын құрайды. 

Əр жылы онда 1 млн. гектар жер ауыл шаруашылық айналымынан 

шығып кетеді.

Тың  игеру  кезінде (1954-1955) Қазақстанда 18 млн  га  жер 

жыртылған, жалпы 25 млн гектар игерілген. Солтүстік Қазақстанның 

5 облысы (Қостанай, Көкшетау, Ақмола, СҚО, Павлодар) 600000 км

2

 



аумақта орналасқан.

Қазақстанда  жел  эрозиясынан  қорғауды  қажет  ететін  жерлер 

12  млн.  гектарды,  ал  сумен    шайылатын  жерлер 5 млн.  гектарды 

құрайды. Суарылмайтын  жерлер (34 млн.га) жалпы Қазақстан жер 

қорының (272,5 млн.га) 12,5%-ын құрайды.

Соңғы 25-30 жылда  жер  пайдалану  нəтижесінде  топырақтағы 

қарашірінді мөлшері 25%-ға дейін азайып кеткен.

Қазақстанда жайылым жерлер 185,7 млн. гектарды құрайды, бұл 

жалпы жер қоры ауданымен салыстырғанда 68%-ды құрайды. Соның 

15 млн.га жері ауылшаруашылық айналымынан шығып кеткен.

1996  жылының  шілде  айында    американың  «Файненшал  таймс» 

газеті: «Қазіргі уақытта Қазақстан ауылшаруашылық өндірісі жылына 4 

млрд доллар пайда алып келеді. Бұл ЖҰӨ (ВНП)-ның 25%-ын құрайды. 

Заманауи  əдістерді  қолдап  жəне  инфрақұрылымды  жақсартып  ол 20 

млн көп  астықты жинап алуы мүмкін», – деп жазған.

Бүгінгі күнде  Қазақстанда астық өнім орташа 1 т/га ға тең. Ал 

Еуропалық  бірлестігі  елдерінде  астық  өнімділігі 3,5 т/га  –ға  тең. 

Егер  Қазақстанда    осының  жартысын  өндіре  алса,  онда  бидайдың 

өзінен ғана 25 млн. т дəнді алу мүмкіншілігі бар.

Қоршаған  табиғи  ортаның  бір  бөлігі  ретінде  жерді  қорғауға, 

ұтымды пайдалануға, ауыл  шаруашылығы  мен орман шаруашылығы 

жерлерді  негізсіз  алынып  қойылуын  болғызбауға,  сондай-ақ 

топырақтың  құнарлылығын  қалпына  келтіру  мен  арттыруға 

бағытталған  құқықтық,  ұйымдық,  экономикалық,  технологиялық 

жəне басқа іс-шаралар жүйесін қамтитын іс-əркеттер жерді қорғау 

жұмыстары болып  саналады.

Қазақстан  Республикасының  Жер  кодексінде  жерді  қорғаудың 

мақсаттары  мен  міндеттері  айқын  көрсетілген.  Осы  кодекстің 

139-бабына сəйкес жерді қорғаудың мақсаттарына:

1)  өндірістің  экологиялық  қауіпсіз  технологияларын  ынта-



373

 

ландыру,  орман  мелиорациясы  мен  мелиорация  жұмыстарын 



жəне басқа іс-шараларды жүргізу арқылы жердің азып-тозуы мен 

бүліну,  шаруашылық  қызметтің  басқа  да  қолайсыз  зардаптарын 

болғызбау;

2)  азып-тозған  немесе  бүлінген  жерді  жақсарту  мен  қалпына 

келтіруді қамтамасыз ету;

3)  жерді  оңтайлы  пайдаланудың  экологиялық  нормативтерін 

тəжірибеге енгізу жатады.

Жер  Кодекіснің 140-бабында  жер  учаскелері  мен  жер 

пайдаланушыларға  жерді  қорғау  үшін  келесідей  міндеттер 

жүктелетіні көрсетілген:

1) жерді су жəне жел эрозиясынан, селден, су басудан, қайталап 

сортанданудан,  құрғап  кетуден,  тапталуынан,  өндіріс  пен  тұтыну 

қалдықтарымен,  химиялық  биологиялық,  радиоактивті  жəне  басқа 

да  зиянды  заттармен  ластанудан,  өзге  де  бүліну  процестерінен 

қорғау шараларын іске асыруға;

2)  ауылшаруашылық  жерін  карантиндік  зиянкестер  мен  өсімдік 

ауруларын  жұқтырудан,  арамшөп,  бұта  мен  шілік  басып  кетуден, 

жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға;

3)  бүлінген  жердің  жаңартылуына,  оның  құнарлылығын  жəне 

жердің  басқа  да  пайдалы  қасиеттерін  қалпына  келтіру  мен  оны 

шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;

4)жердің бүлінуіне əкеліп соқтыратын жұмыстар жүргізілген  кез-

де топырақтың құнарлы қабатын алуға, сақтауға жəне пайдалануға 

бағытталған шараларды жүргізуге міндетті.

Жердің үстіңгі құнарлы қабаты – топырақтың жел жəне су эро-

зиясынан  азып-тозбауы  үшін  оларды  алдын  алу  шараларын,  со-

нымен бірге бұл құбылыстарға шалдыққан жерлерде олардың əрі 

қарай дамымауын қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру 

керек.

Топырақты 



эрозиядан 

қорғау: 


ұйымды 

шаруашылық, 

агротехникалық,  орман  мелиорациясы  жəне  гидротехникалық 

сияқты топтарға жататын іс-шаралар жүйесін қамтиды.

Ұйымдық-шаруашылық  іс-шаралары  қатарына  эрозияға  қарсы 

қолданылатын жұмыстардың жоспарын жасап, негіздеу жəне оның 

іске  асырылуын  қамтамасыз  ету  жатады.  Осы  жұмыс  барысын-

да  жер  аумағының  эрозияға  төзімділігі  бағаланып,  топырақтың 

оған  шалдығу  дəрежесінің  картограммасы  жасалынады.  Осы 


374

жинастырылған деректерге сүйене отырып, эрозияға төзімді болып 

келетін шаруашылықтың жер аумағын ұйымдастыру жоспары жаса-

лынады.


Топырақты  эрозиядан  қорғаудың  агротехникалық  іс-шаралары 

қатарына топырақтың эрозияға  төзімділігін арттыратын  əдістерін 

қолдану,  көпжылдық    шөптер  мен  бір  жылдық  дақылдардың 

топырақты  қорғау  қасиеттерін  пайдалану,  қар  тоқтату  жəне  оның 

еруі қарқынын реттеу, топырақ құнарлылығын арттыру жұмыстары 

жатады.


Жел  эрозиясына  қарсы  қолданылатын  іс-шараларды    зерттеу 

жолында А. И. Бараев атындағы Қазақтың  астық шаруашылығы  

ғылыми  институты    жəне  басқа  ғылыми  өндірістік    мекемелер  

ғалымдары    мен  қызметкерлері  бірлесіп    үлкен  жұмыс  атқарды. 

Олар  егіншіліктің    топырақ  қорғау  жүйесін  қалыптастырып, 

оны  ауыл  шаруашылығы  саласында  қолданып,  іске  асырды. 

Осы  жаңа  егіншіліктің  топырақ  қорғау  жүйесінің  басты  буы-

ны – топырақты  соқаның  орнына,  жазықтілгіш  құралдармен 

өңдеп, топырақ бетінде аңыз, өсімдік қалдықтарын мол қалдыру. 

Сөйтіп,  топырақ  бетінің  желге  төзімділігін    арттыру,  қыста  мол 

қар жинап топырақтың ылғалдылығын жақсарту. Сонымен бірге 

топырағы қарқынды өңделетін, эрозияға  төзімсіз пар алқабында 

қышадан  ықтырма  егу  жəне  пар  мен  егіс  алқабын  əр 100-200 м 

сайын  кезектестіріп,  жолақтап  оларды  желдің    соғу  бағытына 

көлдеңен  келтіріп  орналастыру.  Ал  желге  өте  төзімсіз  жеңіл 

гранулометриялық  құрамды  (құм,  құмайт,  жеңіл  құмбалшық)  

топырақтарда    жоғарыда  аталған  агротехникалық  шаралармен 

бірге    арнайы  топырақ  қорғау  ауыспалы  егісін  қолдану.  Яғни 

дəнді-дақылдар мен пар жəне көпжылдық алқаптарын жолақтап, 

50-100 м сайын кезектестіріп орналастыру.

Жел  эрозиясына  өте  шалдыққан  топырақтарды  егістіктен 

шығарып, оларға көпжылдық екпе шөптерді егеді.

Жоғарыда баяндалған  Қазақстан ғалымдарының қалыптастырған 

топырақты  жел  эрозиясынан    қорғау  іс-шаралары  жүйесі  ТМД 

мемлекеттері ішінде  қолдау тауып, мақұлданып осы елдердің ауыл 

шаруашылығы саласында іске қосылған.

Топырақта  су  эрозиясынан  қорғау  үшін  де  оның  үстінде 

мол  өсімдік  қалдықтарын  қалдырып  топырақты  жазықтілгіш 

құралдармен  өңдеу  қолданылады.  Топырақты  өңдеу,  саңылаулар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет