375
қалыптастыру тұқым себу, қар тоқтату жұмыстары еңістікке, яғни су
ағысына көлденең бағытта жүргізілуі тиіс.
Су эрозиясы байқалып, жырашалар қалыптасқан беткейлерде
жер бетін тегістеп, көп жылдық шөп егілген болуы керек.
Орман мелиорациясы (ағаштар мен бұталар егу) шаралары жы-
ралар, сайлар жағалауына, су қоймалары, суару жүйесінің бойы-
на жүргізілуі тиіс. Егілген ағаштар мен бұталар жыралардың əрі
қарай дамуын тежеп, топырақтың су эрозиясына төзімділігін арт-
тырады.
Егер жоғарыда көрсетілген шаралар су эрозиясын елеулі
түрде бəсеңдетпесе, онда күрделі гидротехникалық шаралар
қолданылады. Олар: тау беткейлерін террасалау, жыраларды бекітіп,
инженерлік құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болдырмау үшін
арықтардың, каналдардың табаны мен қапталып бетондау, не басқа
заттармен бекіту.
Қорыта келгенде, топырақты жел мен су эрозиясынан қорғау,
оның басқа жолмен азып-тозуын болғызбау, улы заттармен,
өндіріс қалдықтарымен ластануының алдын алу – үлкен маңызы
бар мемлекеттік, халықтық іс, жер иелерінің, жерді пайдаланушы
кəсіпорындар мен ұжымдардың, жеке тұлғалардың абройлы міндеті,
келешек ұрпақ алдындағы борышы.
13.5. Қазақстанның таулы аймақтарының
тік белдеулілігі
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулар бөктеріндегі
облыстарда теңіз деңгейінен алғанда, биіктіктің өзгеруіне
байланысты, топырақтар да өзгеріп отырады. Ол жерлер
климаттың, топырақтың жəне өсімдіктердің ерекшеліктеріне
қарай 27-кестеде Батыс Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань,
Сауыр-Тарғабатай жəне Оңтүстік Батыс Алтай топырақ про-
винцияларына бөлінеді.
376
27-
ке
сте
Қазақст
анның
та
ул
ы
об
лыст
арына
эк
ологиялық
сипа
тт
ам
а
Тік
-биік
тік
табиғи
б
елде
у-
лер
(
зона
лар
)
Топырақ
жара
ла
-
тын
жыныс
Өсімдік
жамыл
-
ғысы
Клим
ат
э
лементтері
Ор
та
жыл
-дық
t°
К
езең
ұзақтығы
(күндер
)
10°-
та
н
ж
оғары
t°
жинағы
Ж
ауын
-шашын
мөл
-шері
,
мм
аязсыз
10°-
та
н
ж
оғары
жылда
Жылы
ке
зд
е>10°
Та
у
етегіндегі
шөл
да
ла
Лөс
, лөсті
құмба
л-
шық
Эфемер
лі
-
жус
анды
7÷12
140-215
170-215
2700-4300
200-400
115-250
Алас
а
та
ул
ы
да
ла
Лөс
, лөсті
құмба
лшық
, делю
-
вий
, про
лювий
А
стық
тұқымд
ас
ара
лас
шөптер
7÷8
140-180
160-180
2500-3100
460-780
250-550
Ор
таша
та
ул
ы
ша
лғынды
ор
м
ан
Лөсті
ба
лшық
,
элювий
, делювий
А
стық
тұқымд
ас
ара
лас
шөптер
,
Ж
апырақты
мен
бүрілі
ор
м
ан
,
бұт
алар
, арша
2,5÷7
105-145
115-150
860-2000
840-900
430-530
Биік
та
ул
ы
ша
лғын
жəне
алғынды
да
ла
элювий
, делювий
,
морендік
(мұзар
ттық
)
Алас
а
шөпті
альпілі
ша
лғын
,
биік
шөпті
су
ба
льпілі
ша
лғынды
да
ла
лық
көга
л.
0.8
50-80
57
-
730-750
170-230
377
Батыс Тянь-Шань провинциясында (Оңтүстік Қазақстан
облысының территориясы) мынадай топырақ өңірлері бар: тау
етегіндегі шөлейт жазықтықта құба топырақ; таудың орта шеніндегі
шөбі мол орманның күрең топырағы, биік таулы жерлерде шалғындық
субальпілік жəне альпілік топырақтар тараған.
Солтүстік Тянь-Шань провинциясында (Қырғыз Іле Ала-
тау жоталары жəне Кетмень) мынадай топырақ өңірлері бар:
тау етегі жазықтығындағы шамалы карбонатты (солтүстік) құба
топырақпен ашық қара-қоңыр топырақ; аласа таудың күңгірт қара-
қоңыр топырағы жəне таулы жердің қара топырағы; таулы жердің
сілтісізденген қара топырағы; орташа таулы жердің шалғындық-
ормандық жəне таудың күңгірт түсті ормандық сұр топырағы,
биік таулы жердің шалғындық субальпілік жəне алпілік топырағы
тараған. Бұдан жоғары жерде мұзарттармен мəңгі қарлар жатады.
Сауыр-Тарғабатай жəне Оңтүстік Батыс Алтай провинцияла-
рында тау етегімен аласа тауларда қара-қоңыр топырақпен қара
топырақтың бір ғана өңірі бөлініп шығады. Алғашқы жазықтықтағы
қуаң даланың нағыз қара қоңыр топырағының тікелей жалғасы бо-
лып табылады. Бұдан жоғары таудың орта шенінде шалғындық қара
топырақ жəне орманды-даланың сұр топырақты өңірі, сондай-ақ тау-
шалғындық субальпілік жəне алпілік топырақтар өңірі орналасқан.
Сонымен қатар, Оңтүстік Батыс Алтай провинцияларында қайың
жəне көктеректі орманның күлгін топырағы, сол сияқты балқараңай,
майқарағай, самырсын орманының қоңыр топырағы басым; ожан
жоғары тасты тундраның мүк, қына өсетін биік таулық топырақ
өңірі орналасқан.
Тау бөктеріндегі облыстар жерінің аумағы 17,4 млн. га, яғни 6,6
пайыз. Ал тау етегіндегі өңір (Батыс жəне Солтүстік Тянь-Шаньдық)
-16 млн. га, яғни республикамыздың жер аумағының 6 пайызына
жуық. Бұл өңірдің топырағы биік тік белдеудің төменгі сатысы бо-
лып табылады.
13.5. Шалғынды-дала, орташа-таулы орманды,
аласа-таулы дала, тау етегі белдеулерінің топырақтарының
экологиялық сипаттамасы
Топырақ түзуші жыныстар – негізінен лесс тектес майда
ұнтақталған жыныстар.
378
Қара топырақты аймақтың көлемі орманды далалы зонаның
ішіндегі қара топырақтарды қосқанда 191 млн гектар немесе ТМД
территориясының 9%-ға жуығы. Бұл зонада негізінен даланың дəнді
шөбі, бұршақ тұқымдастар, жусан тағы да басқа шөпті өсімдіктер
тұтасып қалың болып өседі. Бұл шөптердің тамырлары жер
бетіндегі вегетативтік органдарынан көп артық. Аймақты жел жақсы
қағады, күннің көзі де жақсы жылытады. Жазда жаңбыр азырақ жа-
уып, өсімдік қалдықтары мен жапырақтар баяу ыдырап, шіриді.
Сондықтан топырақтың бағалы бөлігі – қара шіріндісі мол жинала-
ды. Топырақ түсінің қара болатыны да осыдан. Қара шірінді топырақ
бөлшектерін біріктіріп, жақсы құрылым қарайды. Топырақ реакция-
сы бейтарап, топырақтың сіңіру-алмастыру кешені сіңірілген каль-
ций катионына бай, жақсы қаныққан.
Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін
4 биіктік белдеу бар:
Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м
(кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань
тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-
қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық
қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы жəне тəлімі
егіншілік жəне мал шаруашылығы дамыған.
Аласа таулы дала белдеуі – əртүрлі таулы аймақта 600 – 2200 м
биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда
таудың күңгірт қара-қоңыр жəне қара топырағы таралған. Ал Ба-
тыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр жəне таудың
қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 – 15%-дай. Жай-
ылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы
дамыған.
Орташа таулы орманды-далалы жəне шалғынды-орманды
белдеулері əр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі
деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара
топырақтары мен орманның сұр топырақтары жəне таулы-шалғынды
топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін
топырақтар түзілген. Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы
жақсы дамыған.
Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды жəне қарлы-
мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік
таулы аумақтардың 1800 – 3800 м, кейде одан да биік деңгейлерді
379
алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды.
Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен мəңгі мұз, қар басқан
шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері – жазғы жайлау
ретінде пайдаланылады.
13.6. Биік таулы шалғынды белдеудің ерекшеліктері
Биік таулы өлкелерге – Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-
шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы
жəне Тянь-Шань тау жүйелері жатады. Бұл таулардың барлығы па-
леозой қатпарлықтарында көтеріліп, мезозой эрасында тегістелген.
Жаңа тектоникалық козғалыстар нəтижесінде қайта жаңғырған.
Биік таулы өлкенің аласа таулардан айырмасы жер бедерінің биік
əрі күшті тілімделгендігімен ерекшеленеді. Сібірдің оңтүстігіндегі
ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Қазақстан
жеріне Алтай тау жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді. Оны
Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай жəне Қалба жотасы деп
үшке бөлуге болады.
Алтай, Алтай тау жүйесі – Азия құрылғының орта тұсындағы
таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созы-
лып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай
Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған.
Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі,
ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді.
Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс
Саян мен жалғасады.
13.7. Қазақстан топырақ қорлары жəне олардың
құнарлығын арттыру жолдары
Өркениеттің
үдемелеп
дамуына
байланысты
ауылшаруашылыққа қажетті көптеген жерлер басқа мақсаттарға
пайдаланылып келеді. Мысалы, олар əр түрлі құрылыстар
салуға, жол жəне электр тораптарын тартуға т.б. мақсаттарға
жұмсалуда. Ал өндірісті қарыштатып дамыту үшін көптеген
минералды заттарды, құрылыс материалдарды барлау, қазып
380
алу жəне байыту кезіндегі жұмыстарды үлкен геологиялық
жұмыстармен салыстыруға болады. Мəселен, 1970 жылдың ба-
сында жер бетіндегі əрбір тұрғынға шаққанда орта есеппен жыл
сайын жер астынан 20 тонна əртүрлі минерал мен тау жыны-
сын қопарса, қазіргі кезде əр адам үшін 30 тоннадай минерал
мен тау жыныстарын шығарады (Василенко В. Н., 1991). Деген-
мен, жер қыртысынан шығарылған соншама көп заттардың тек
2%-дайы ғана пайдалы мұқтаждыққа жұмсалады да, қалғаны
табиғатқа «ұнамсыз», «сіңімсіз» түрде қайтарылады. Бұл жағдай
табиғат «денсаулығына» көп нұқсан келтіреді. Көптеген пайдалы
жерлерді басып калып, пайдасыз етеді. Сондықтан мұндай жер-
лер көп ұзамай қайта қалпына келтіріліп, пайдаға асуы кажет.
Себебі бүкіл əлемдегі сияқты біздің елімізде де жылдан-жылға
халық саны үдемелеп өсуде. Адам қоғамының жерден өндіретін
тамақтық, киімдік заттарға мұқтаждығы, талғамы жылдан-жылға
аспаса, кемімейді. Жер-Ананы пайдалануға негізгі бағыт – əр
гектар жерді тиімді пайдаланып, ғылым мен техниканың барлық
жетістіктерін орынды пайдалана отырып, егістіктердің əр гекта-
рынан түсетін өнімді арттыру, жерді талан-тараждықтан сақтау.
Жерді тиімді пайдаланудың бір жолы – осы айтылған өзіміз
бүлдірген жерлерді қайта қалпына келтіріп культивациялау (ре-
культивация), құнарландыру.
Баршаға мəлім, соңғы жылдары үкіметіміз біздің сарқылмас ал-
тын қорымыз – жерді тиімді пайдалану, оның құнарын арттыру, оны
дүрыс пайдаланбаған мекемелерге тиісті шаралар қолдану жөнінде
заңдар қабылдады. 1991 жылы республикамыздың жер туралы жаңа
заңы қабылданды. Бұл заңдарда айтылғандай, жерді жарақаттаған
мекемелер қазба-байлықтарды алып болған соң, көп ұзамай өз
қаражатымен бұзылған жерлерді қайта культивациялап, калпына
келтіруі тиіс. Өкінішке орай, бұл мəселе Қазақстанда əлі жөнді колға
алынбай келеді.
Жерді
қайта
культивациялауда
Украинада,
Мəскеу
аймағындағы, Грузияда, Оралда, Сібірдің кейбір жерлерінде
жап-жақсы жетістіктері бар. Біздің республикамызда кезінде
қазылып, қазір бос тасталған кен карьерлері, тау жыныстарының
үйінділері, жылу электростаниияларынан шығарылған күлдер,
тағы басқа əртүрлі қоқыс-қалдықтар, үйілген жарамсыз жиын-
дылар көп-ақ. Бұл аймақтар табиғатқа адам қоғамының даму-
381
ымен енгізілген «жарақаттары» Бетінде шөп өспейтін болған
соң олар желге ұшып, суға ағып, аймақты былғайды. Мұндай
жерлер Қазақстанның өндірісі мен құрылысы дамыған барлық
облыстарында кездеседі. Соңғы есептеулерге қарағанда.
Қазақстанда мұндай өндіріс бүлдірген жер көлемі 200 мың
гектардай. Оның басым көпшілігі бұрынғы Автомобиль жол-
дары, Түсті Металл, Құрылыс, т.б. министрліктерінің үлесіне
тиеді. Ал бүкіл ТМД-да мұндай бұзылған жерлер көлемі 2 млн
гектардан асады. Республикамызда осы күнге дейін «жарақат»
жерлерді қайта культивациялап, қалпына келтіру əлі де жақсы
жолға қойылған жоқ. Бұл бұдан əрі созуға болмайтын, толғағы
жеткен мəселе.
Қазақстанда жерді қайта культивациялау бағытында бүкіл ре-
спублика көлемінде жөнді қолға алынбағанымен, бұл мəсслені
өз инициативаларымен қолға алып, шұғылдана бастаған ме-
кемелер бар. Оның ішінде едəуір жетістіктерге жеткендердің
бірі – Қарағанды көмір өндірушілері. Көмір шахталары бар ал-
каптарда террикондар – көмірдің үстіңгі бетін жауып жататын,
көмір қалдықтары аралас бос жыныстардан тұратын үйінділер
кездеседі. Бұлар қалаға жақын жатып, кейбіреулері тіпті жа-
нып, желге ұшып, қаланың санитарлық жағдайын нашарлата-
ды. Оның үстіне, құрылысқа, ауыл шаруашылығына қажетті
қымбат жерлерді істен шығарады. Мұндай террикондар саны
Қарағандыда соңғы жылдарға дейін жүзден астам болатын.
Террикондар астындағы жəне санитарлык аймақты қоса есеп-
тегенде, 7000 гектардан астам жер пайдасыз жатқан. Кейінгі
кездерде Қарағанды көміршілері бұл террикондарды құртуда
жақсы нəтижелерге жетуде. Көптеген жылдар үйілген тау жы-
ныстары қолдан жасалған ойпатты жерлерді немесе табиғи
жағдайда кездесетін сай-саланы тегістеуге, жол құрылысында,
жол деңгейлерін биіктетуге төселініп, пайдаға асуда. Тау жы-
нысынан босап, тазаланған жəне қолдан тегістелген жерлер-
ге топырақ қабаттары төгіліп, көк шөптер, гүлдер, ағаш пен
бұталар егіліп, отырғызылып, ауа тазарып, қаланың сəні
жақсаруда. Жүзден астам террикондардың жартысына жуығы
қазірдің өзінде жойылды.
Бүлінген жерлерді қайта культивациялаудың дайын жобалары
министрлікте баршылық, алайда, іс жүзіне асуы баяу жүргізілуде.
382
Себебі бұл жұмыс əлі де сыннан өтуді қажет етеді. Жерді қайта
культивациялау дегеніміз жерді бұрынғы бүлінбеген жағдайына,
яғни жердің құнарын кемітпей, бұрынғы қалпына келтіру деген
сөз. Ол үшін қазылған, құнарсыз карьерлер тегістеліп болғаннан
кейін онын бетіне құнарлы топырақ қабаттары төселінуі тиіс.
Əнгіменің негізгі түйіні осы, бірақ төсейтін құнарлы топырақ
қабаттары көпшілік жағдайда табыла бермейді. Мұның себебі
қайта культивациялауға қажет карьерлердің көбісі ескі. Ал соңғы
уақыттарға шейін карьерлер қазудан бұрын топырақ қабаттары
алынып, оларды жерді қайта культивациялау мақсаты үшін ар-
найы сақталған емес. Табиғи жағдайда ғасырлар бойы түзіліп,
пайда болатын топырақтың негізгі қарашіріндісі бар, ең құнарлы
қабаттары кезінде өзіміздің қателік жасап, ескермеуімізден рəсуə
болып, үйінділер астында қалған. Ал қазір керек кезінде оны
табу өте қиын. Қазіргі жер туралы заңда жер қыртысын бұзушы
мекемелер алдын ала құнарлы қабатты бөлек алып, жерді қайта
культивациялауға дейін сақтау кажеттігі айтылған. Демек, бұдан
былай қазылатын карьерлерді қайта культивациялау көп оңайға
түседі деген үміт бар.
Қазіргі кезде республикамызда бүлінген, «жарақаттанған»
жерлерді культивалиялау негізінен топырақтың құнарлы
қабаттары сақталмаған жағдайларда өткізілуде. Мұндай
жағдайда құнары жоқ немесе құнары өте аз топырақтын төменгі
қабаттарын немесе құнарлануға бейім ұнтақталған, таза тау
жыныстарын жерді қайта культивациялауға пайдалануға
тура келеді. Құнарсыз тау жынысында немесе құнары аз жер
қыртысының төменгі қабаттарында ештеңе өсіп жарытпай-
тыны белгілі. Сондықтан оны ауыл шаруашылығымызға пай-
далану үшін құнарын арттыру керек. Ол үшін бүл жерлерге
əртүрлі тынайтқыштар енгізіп, осындай жағдайға өсуге бейім
өсімдіктерді таңдап өсіру керек. Бұған культивациялауға
пайдаланылған тау жыныстарының құрамы, қасиеттері көп əсер
етеді. Мəселен, тау алқаптарында тараған лесс жəне осыған тек-
тес тау жыныстары көп жағдайда бұршақ тұқымдас өсімдіктер
мен ағаштардың кейбір түрлерінің өсуіне жарамды. Ал кей рет-
терде топырақтың құнарлы қабаттары сақталып қалады, бірақ
оның көлемі қайта культивациялауға кажетті жерлерге төселуге
жетпейді. Бұл кезде топырақты жұқалау етіп төсесе, кейбір
383
өсімдіктерге онша көп зиян келмеуі мүмкін. Осы мəселелердің
барлығын өндіріске енгізбей тұрып, тəжірибе жүзінде ал-
дын ала тексеріп алу пайдалы. Мұндай тəжірибе жұмыстары
Украинада, Мəскеу төңірегінде жүргізілген. Қазақстанның
өзінде жер, климат жағдайларының əртүрлілігінен бір жерде
жүргізілген тəжірибе, екінші жерде ойдағыдай нəтиже бере
қоймайды. Сондықтан Қазақстанның əртүрлі топырақ-климат
жағдайларында бұл бағытта тəжірибе жұмыстары жүргізілуі
тиіс.
13.8. Қазақстан топырақ қорлары, оларды пайдалану
жəне қорғау жолдары
Топырақтану
ғылыми-зерттеу
ииституты
ғалымдарының
көпжылдық зерттеулері республикамыздың жері қаншалықты
кең болғанымен, оның егіншілікке жарамдысы мен ылғалмен
қамтамасыз етілгені шамалы екенін дəлелдеп отыр. Сондықтан
жыртылған, егістікке айналған жердің əрбір гектарын тиімді пайда-
лану – бүгінгі күннің басты міндеті. Егістік жерді тиімді пайдалану
– оның əр гектарынан мүмкіндігінше мол өнім алу деген сөз. Ал мол
өнім алу үшін егістік жерлерге жыл сайын негізгі ғылыми негізделген
егіншіліктің ауыспалы жүйесін енгізумен қатар, егіншілікке барын-
ша аудандастырылған дақыл сорттарын егіп, озат агротехниканы
қолдану қажет.
Көпжылдық тəжірибе республиканың негізінен жаздық астық
егілетін солтүстік аудандарында қолданылатын егіншіліктің парлы-
астықты жүйесі тиімді екенін көрсетті. Бұл құрғақ аудандарда
парға егілген дəнді дақылдар жыл сайын астық егілетін танаптарға
карағанда гектарынан 5-7 центнер артық өнім береді. Себебі танап-
ты бір жылдай қара пар егіп өңдеп, «тынықтырса», арамшөптерден
арылып, ылғалдың қажет қоры жиналады да, микробиологиялық
құбылыстардың нəтижесінде қоректі заттар көбейіп (əсіресе, азотты
заттар), бұдан кейінгі үш-төрт жыл бойы дəнді дақылдардың дұрыс
өнім беруіне себеп болады.
Солтүстік облыстардың көпшілігінде, əсіресе, топырақ құрамы
жеңіл алқаптарда жыртылған жерлердің жиі əрі қатты тұратын
желдердің күшімен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, құнары азаяды,
384
ал эрозияға қатты ұшыраған аудандарда топырақ құнары тіпті, жо-
йылып кетеді.
Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін əсерін есеп-
теп жеткізу қиын. Мəселен, жел эрозиясына ұшыраған бір гек-
тар егістік жер 600 кг жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты,
108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді жоғалтады. Ал су
эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің əрбір гек-
тары екі тоннаға дейін жалпы азотты, 120 кг жылжымалы азотты,
280 кг фосфор мен 215 кг калийді жоғалтады екен (Жанпейісов
Р. Д., 1977). Республикамыздың солтүстігінде тың игеру
жұмыстарын жаппай жүргізген кезде жыртуға жарамды жер тан-
дауда жіберілген қателіктерден көптеген құмдақ-құмды жерлер
жыртылып, жел эрозиясына қатты ұшырағаны баршаға белгілі.
Мұндай жерлер тек Павлодар облысында 805 мың гектарға жетті.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан жəне Ақмола облыстарында
көптеген алқаптар жел эрозиясынан бүлінді. Кейін жүргізілген
түбегейлі зерттеулердің нəтижесінде, солтүстіктегі аудандарда
жел эрозиясына ұшыраған 1,5 млн. гектар егістікке жарамай, ол
жерлерге əртүрлі көп жылдық шөптер егілді. Табиғаттың бұл апа-
тымен күресуде Шортанды астық шаруашылығы институтының
академик А. И. Бараев басқарған ұжымы кезінде жақсы
жетістіктерге жетті (Бараев А. И., 1972).
Институт ғалымдары егіншілікті топырақ эрозиясынан қорғап, ау-
адан түсетін ылғалды топырақ қабатында сақтау мен арам шөптерге
қарсы күресу үшін шаралар жүргізуде. Топырақты кəдімгі соқамен
(плугпен) қайырмалы етіп жырту орнына, оны арнайы соқамен
қопсытып, егілген егіс сабақтары қарды тоқтату үшін, сақталады
жəне топырақ желмен ұшпайды. Танаптарға қар тоқтатып, жел
күшін бəсендету үшін парды белдеу-белдеу етіп орналастыра-
ды, яғни пар танаптарынын араларына биік сабақты өсімдіктерді
жолақтап егеді. Егіншіліктің қысқа ротациялы – парлы-астықты
ауыспалы жүйесін қолданады, əдетте, үш жыл астық егіп, төртінші
жылы пар жыртады. Егіншіліктің осы жүйесін топырақ эрозиясы-
на ұшыраған облыстарда, Сібір жəне Алтай өлкесінің кейбір ау-
дандарында қолданған кезде эрозия тоқталып, астықты дақылдар
тұрақты өнім бере бастады. Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі
Қазақстанда тың игерумен, тыңдағы егіншілікпен тығыз байланыс-
ты болғанымен, егіншіліктің бұл жүйесін практикалык жағдайда
|