385
қолдану географиясы кең. Сібір, Орал, Еділ бойы, Ставрополь,
тіпті, Украина егіншіліктері де егіншіліктің бұл жүйесін өздерінің
топырақ-климаттық ерекшеліктеріне сəйкестендіріп қолдануда.
Егіншіліктің терістік облыстарында негізінен қолданылып
келе жатқан парлы-астықты жүйесінің кемістігі жоқ емес. Жал-
пы парлы-астықты егістік жүйесін ауыспалы егістік жүйесіне
жатқызу күмəнді. Бұл егістік жүйесінде жерді органикалық
тыңайтқыштармен толықтыратын шөп танапты егіс жоқ. Бұл жағдай
мал шаруашылығын дамытуға да кесірін тигізуде. Парлы танапты да
тиімді пайдалану қажет сияқты.
Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы облыстарды негізгі
дақылдарды ауыстыратын, топырақ құнарлығын, əсіресе, топырақ-
тағы азотты арттыратын дақыл – беде (люцерна). Сонымен қатар,
беде – өте құнды белокты азықтық шөп. Сондықтан бұл аймақтарда
беделі-күрішті, беделі-мақталы, беделі-қызылшалы ауыспалы егістер
нəтижелі егіліп келеді. Топырақтың мелиоративтік жағдайларына,
шаруашылықтың мамандандырылған бағытына қарай беденің ауыс-
палы егістерде алатын орны əртүрлі (əдетте, 30%-дан 50%-ға дейін).
1961-1962 жылдары академик В. Р. Вильямстің шөптанапты ауы-
спалы егісіне қарсы «шабуылы» басталған аймақтарда, оның ішінде
біздің оңтүстік облыстарымызда беде егістері жөнсіз жыртылып
тасталды, соның салдарынан беденің тұқымы əлі күнге дейін көп
шаруашылықтарда жетіспей келеді. Суармалы аудандарда негізгі
құнды дақылдардан мол өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесі тезірек
қалпына келтіріліп, оның ішінде беде өзінің заңды орнын алуы
қажет.
Егер республикамыздың солтүстік облыстарында топырақтың
жел эрозиясы басым болса, оңтүстіктің суармалы алқаптарында су
эрозиясы орын алған.
Топырақтың су эрозиясы деп аққан су күшімен топырақтың
жоғарғы құнарлы қабатының, кейбір кезде тіпті, төменгі қабатының
жуылып-шайылып, жыралар мен сай-салалардын пайда болуы
сияқты табиғи құбылыстарды айтады. Топырақтың су эрозиясы
суар малы егіншілік дамыған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
облыстарының тау баурайындағы аймақтарында орын алған. Оған
бұл жерлердің тым еңістігі, топырақ бетінің жəне оның төменгі
қабаттарының су эрозиясына өте берілгіш ұнтақ жыныстардан
(лесс-типтес) құралуы септігін тигізеді.
25–1427
386
Су эрозиясының негізінен: топырақ бетінің шайылуы жəне
жыралық эрозия сияқты екі түрі болады. Қатты нөсерден неме-
се суарғанда судың мөлшерден артық жіберілуінен топырақтың
беткі қабаттары шайылады. Судың негізгі ағысы жүрген жерлерде
тілінген майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер жер жыртылған
кезде егістің аралығы өңделіп, культивацияланған уақытта қайта
тегістеледі де, топырақтың шайылғаны жөнді байқалмайды.
Бұл жағдай жыл сайын қайталанған ретте, топырақтың құнарлы
қабатының біразы шайылып, топырақ құнары төмендейді. Мұны
шайылу эрозиясы деп атайды. Ал көлбеу тігірек, құлама беткейлер-
де əуелі жіңішке болып басталатын майда жыралар судың ылдиға
аққан екпінімен тез ойылып, ірі жыраларға, сайларға айналады.
Мұндай жайлар көбінесе, су жүретін ірілі-ұсақты арықтар бойында
көп кездеседі. Оңтүстіктегі облыстардың кейбір жерлерінде осын-
дай арықтардың табаны бірте-бірте шайылып, жер бетінен тереңдеп
кетеді. Мұндай жағдайларда судың өз ағысымен айналадағы жерді
суару мүмкін болмай қалады. Су эрозиясының бұл түрін жыралық
эрозия деп атайды.
Су эрозиясымен күресудің үш түрлі жолы бар. Агротехникалық
шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының бағытына көлденең
жырту, топырақты қайырмасыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде
судың ағыс екпінін кеміту үшін егілген егістіктердің пая-сабақтарын
қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту, т.б.
Орманды-мелиоративтік шаралар: жыралар мен сайлар
жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің бойына
міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.
Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік
құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен
каналдардың табаны мен ішкі қапталын су өткібейтін заттармен
(плита, латоктар, полиэтилен, т.б.) қаптау.
Осы шараларды ұқыпты қолданған жағдайда топырақтың су
эрозиясына ұшырауы жойылады. Қазақстандағы жел эрозиясы-
на ұшыраған жер көлемі Р. Жанпейісовтің мəліметі бойынша, 70
млн гектардан асады, яғни республика территориясының 26%-ы
топырақ эрозиясына, онын 52 млн гектардан астамы жел эро-
зиясына бейім болса, 18 млн га астам су эрозиясына ұшыраған.
Олардың жартысына жуығы егістікке жарамды жерлер. Су эро-
зиясы бұл аймақтарда жер бетін бүлдіріп қана қоймай, сонымен
387
қатар жылына 2,5 млн тоннаға жуық азот, фосфор, калийді ағызып
əкетеді.
Сел тасқындары да су эрозиясының аса бір қауіпті, апатты түрі
екені белгілі. Алматы облысы жағдайында осы сел тасқындарын бол-
дырмау үшін Кіші жəне Үлкен Алматы өзен бойларында салынған
тосқауыл-құрылыстар көпшілікке белгілі. Алматы төңірегіндегі
аласа таулар мен Ақсай трассасы бойындағы, негізінен тас басқан
тау етектеріндегі жерлерді көгалдандыру арқылы бау-бақша
отырғызып, қала халқының демалыс аймақтарына айналдырып,
қала тұрғындарын саяжай ретінде учаскелері үшін бөліп беру өте
ұтымды болады. Сонымен қатар бұл жағдай қала халқының қосалқы
шаруашылығы ретінде де, оларды азық-түлікпен, əсіресе жеміспен,
көкөніспен қамтамасыз етуде көп септігін тигізеді. Дəл осындай
жерлер тау етектеріне орналасқан оңтүстіктегі басқа да облыстарда
кездеседі. Жоғарыда көрсетілген əдіспен бұл жерлерді де тиімді пай-
далану құптарлық мəселе.
Жыртылған егістік жерлерді тиімді пайдаланып, құнарын арт-
тырумен қатар ауыл шаруашылығының екінші саласы – мал
шаруашылығын өркендету үшін республикамыздың мол байлығы -
миллиондаған гектар жайылым мен шабындық жерлерді де тиімді
пайдалану керек. Қазақстанда 180 млн гектардай жайылым жерлер
бар, олар бүкіл ТМД елдеріндегі жайылым жерлердің жартысы-
нан астамы. Өкінішке орай, соншалықты мол байлық бүгінге дейін
дұрыс пайдаланылмай отыр. Оның негізгі себебі бұл шөлейтті жəне
шөлді аймақта орналаскан жайылымдар осы күнге дейін жақсы су-
ландырылмай келеді.
Болашақта жерасты суларын, жер бетімен ағатын өзендерді
тиімді пайдаланып, бұл кең алқапты суландыру – кезек күттірмейтін
іс. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді топырақ эрозия сынан
сақтау қажет. Эрозияның бұл түрі малды бір жерге қайталап жая
бергеннен, шөптердің сиреуінен жəне мал тұяқтарымен беткі
қабаттарының бұзылуынан пайда болады. Мұндай «түяқтесті»
жайылымдар республикамызда миллиондаған гектарды алып
жатыр. Қазақ халқының «мал шөпті аузымен емес, тұяғымен
жейді» дегені тегін болмаса керек. Мұндай жайылым эрозиясына
ұшыраған жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын
аймақтарда көп орын алады.
388
Өзін -өзі тексеру сұрақтары:
1. Қазақстан топырақтар қорының көлемі?
2. Қазақстан жер қоры қандай санаттарға бөлінеді?
3. Еліміздің топырақ жамылғысының экологиялық өзекті
мəселелері жөнінде баяндаңыз?
4. Топырақты ластайтын кең таралған заттарды атаңыз?
5. Шөлдену дегенде нені түсінесіз?
6. Топырақты қалпына келтіру (рекультивация) дегенде нені
түсінесіз?
7. Қазақстанның топырақ жамылғысының таралуының жалпы
заңдылықтарын атаңдар.
8. Қара топырақ зонасы Солтүстік Қазақстанда кандай ауданды
алып жатыр?
9. Орманды-дала зонасының сұр топырақтарының қалыптасу
жағдайы.
10. Кəдімгі кара топырақ зонашасына сипаттама беріндер,
топырақ жамылғысының құрылымын келтіріңдер.
11. Оңтүстік қара топырақ қандай табиғи-климаттық жағыдайда
түзіледі?
12. Қара топырақты ауыл шаруашылығында пайдалану, қорғау
жəне құнарлығын қалпына келтіру жолдары?
13. Сарытопырақтар жəне күлгінді сары топырақтар түзілу
ерекшеліктері.
14. Субтропикалық ормандар топырағын сипаттаңдар.
15. Қара тропикалық топырақтарды сипаттаңдар.
16. Арктикалық, субарктикалық жəне оңтүстік тундраның
топырақ түзілу жағдайларына сипаттама беріңдер.
17. Тундралық топырақтарды пайдалануының ерекшеліктерін
көрсетіңдер.
18. Күлгінді топырақтардың түзілу жағдайларын сипаттаңыздар,
олардың жаратылуына қазіргі көзқарастарды келтіріңдер.
19. Шымтұзілу процесінің мəні неде, қылқанды орман
зонасындағы оның ерекшеліктері.
20. Орманның сұр топырағын сипаттаңдар.
21. Қара-қоңыр топырақтың түзілу ерекшелігін сипаттаңдар.
389
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары
1. Əртүрлі минералды компоненттерден тұратын, топырақ
түзілетін субстрат:
A) тау жыныстары
B) топырақ түзуші жыныстар
C) биогенді заттар
D) сүйекті заттар
E) биологиялық сүйекті заттар
2. Топырақта бай энергияны, күрделі органикалық қосылыстарды
жəне алғашқы органикалық заттарды жасаушылар:
A) биогенді заттар
B) микроорганизмдер
C) өсімдіктер
D) сапрофагтар
E) ұсақ кемірушілер
3. Топырақ профилінің қалыптасуына, қарашіріктің сақталуына,
қарашірік горизонттарының қуаты мен топырақ құрылымына нелер
əсер етеді?
A) актиномицеттер
B) бактериялар
C) саңырауқұлақтар
D) сапрофагтар
E) бір клеткалы балдырлар
4. Топырақта тіршілік ететін жəне талас құратын ағзалар:
A) гельминтоза
B) сапрофаги
C) неофаги
D) солитеры
E) клострадтар
5. Қазіргі кезде бұзылуға ұшыраған егістікті қалай атайды ?
A) тақырланған
B) аридизацияланған
C) дефилицияға ұшыраған
390
D) ормансызданған
E) деструкцияға ұшыраған
6. Көлемді территориялардың ылғалдылығын азайтатын күрделі
жəне əртүрлі кешенді процестер қалай аталады:
A) тақырлану
B) аридациялану
C) дефиляциялану
D) ормансыздану
E) деструкциялану.
7.
Жердің
биологиялық
потенциялының
азаюы
мен
құрғақшылықтың жиі болуы қандай жағдайға əкеледі:
A) жердің тозуына
B) ормансыздануға
C) шөлденуге
D) бұзылуына
E) қарашірік қабатының азаюына
8. Жер қоры жағдайын болжау жүйесінде жағымсыз үрдістер сал-
дарын жою мен ескерту, анықтау мен бағалауды қалай атайды?
A) жер кадастры
B) топырақ қорғау шаралары
C) жерге орналастыру
D) жер мониторингі
E) жер есебі
9. Өсімдік ауруларымен, зиянкестермен күресу үшін қандай
химиялық немесе биологиялық дəрі-дəрмектер қолданылады?
A) кумуляция
B) антицептиктер
C) родентицидтер
D) десиканттар
E) пестицидтер
10. Топыраққа ғылыми анықтама берген ғалым:
A) В. В. Докучаев
B) П. А. Костычев
391
C) Н. М. Сибирцев
D) В. И. Вернадский
E) И. С. Кауричев
11. Топырақ туралы ғылымның негізін салушы:
A) Ю. Либех
B) А. Тэер
C) В. В. Докучаев
D) М. В.Ломоносов
E) Н.М.Сибирцев
12. Атмосфера, гидросфера жəне биосфераның ықпалымен
қосылатын минералды тау жыныстарының күрделі жəне əртүрлі
үрдістерінің сандық жиынтығы:
A) аридация
B) топырақ түзілу
C) аккумляция
D) үгілу
E) гидротация
13. Жер қабығының терең қабатында силикатты балқымалардан
құралған жыныстар:
A) биосүйекті
B) магмалық
C) метаморфтық
D) элювиальды
E) шөгінді
14. Су бөлігінің минералдар бөлігімен қосылуының химиялық
үрдісі:
A) гидролиз
B) судың минералдануы
C) қышқылдану
D) ерігіштік
E) гидротация
15. Пайда болған жерінде қалған негізгі жыныстардың үгілген
өнімдері:
A) метаморфтық
392
B) шөгінді
C) магмалық
D) элювиальды
E) сүйекті
16. Топырақты жырту барысындағы топырақ көлемінің
қысқаруы:
A) қаттылық
B) қарсыласу
C) отыру
D) ісіну
E) байланысу
17. Жаңбырлы жəне тасқынды сулардың көшіруінен тау
бөктерлерінде тұнған жыныстар:
A) элювиальды
B) аккумлятивті
C) пролювиальды
D) аллювиальды
E) делювиальды
18. Мұзбен, сумен, желмен араласқан үгілу өнімдері:
A) элювиальды
B) шөгінді
C) метаморфтық
D) магмалық
E) аккумлятивтік
19. Таулы өлкелердегі тау бөктерінде су жəне сел тасқындарының
күшінен қалыптасқан жыныстар:
A) пролювиальды
B) элювиальды
C) аллювиальды
D) делювиальды
E) көлдік
20. Күшті мұз тасқындары əрекетінен пайда болған шөгінділер:
A) моренналық
B) көлдік
393
C) флювиогляциалдық
D) пролювиальдық
E) саздақ
21. Топырақ профилі мен бөлек горизонттарда жаңа құрылым
құрайтын, топырақ режимін қалыптастыратын алғашқы реттегі
қарапайым топырақ үрдістері:
A) микроүрдістер
B) мезоүрдістер
C) макроүрдістер
D) жаңа үрдістер
E) генезис
22. 1 га биомассаның орташа жылдық өсімінен жалпақ жапырақты
ормандарда жинақталатын көміртегі мөлшері:
A) 74, 3
B) 60, 8
C) 54, 5
D) 42, 7
E) 39, 5
23. Сұр орман топырағы мен орманды даланың қара топырақ зо-
насына қан аймақта?
A) Оңтүстік Қазақстан
B) Солтүстік Қазақстан
C) Алтай-Саян
D) Шығыс Қазақстан
E) Батыс Қазақстан
24. Қазақстандағы қара топырақты аймақтың көлемі:
A) 27 млн. га
B) 90, 5 млн га
C) 119, 4 млн га
D) 86, 3 млн га
E) 34 млн га
25. Қара-топырақты дала зонасына қай аймақта?
A) Батыс Сібір
394
B) Каспий бойы
C) Торғай
D) Шығыс Қазақстан
E) Сібір Алтайы
26. Қазақстандағы шөлді массивтердің көлемі, га:
A) 40 млн.
B) 27 млн.
C) 66 млн.
D) 86, 3 млн.
E) 38, 9 млн.
27. Деффиляция үрдістері қай облыстың территориясын
қамтыған:
A) Павлодар
B) Батыс Қазақстан
C) Атырау
D) Алматы
E) Шығыс Қазақстан
28. Топырақ түзуші басты факторлар:
A) тау жыныстары
B) химиялық үрдіс
C) аналық жыныс
D) гидрологиялық жағдай
E) топырақтың биофизикалық ылғалдануы
29. Қара шірінді, ол:
A) ажыратуға болмайтын қалдықтар
B) тірі ағзалар қалдығы
C) топырақтағы органикалық заттар
D) топырақтың беткі қабаты
E) топырақтағы кесектер
30. Өсімдіктердің қоректену элементтерінің ұйымдасуы жəне
органикалық заттардың гуминденуі мен минералдану процестерін
байланыстыратын
əртүрлі
топтағы
микроорганизмдердің
тіршілігімен анықталатын топырақ режимі:
395
A) су-ауа
B) физика-химиялық
C) сіңірулілік
D) биохимиялық
E) тұздылық
31. Өсімдікте онсыз хлорофил түзілмейтін топырақтағы эле-
мент:
A) азот
B) кремний
C) оттегі
D) алюминий
E) темір
32. Топырақ құрамындағы оттегі қанша %:
A) 38, 9 %
B) 33, 6 %
C) 47, 2 %
D) 49, 0 %
E) 50, 2 %
33. Топырақтық климаттық зонаның бөлінуі неге байланысты?
A) климатқа
B) рельефке
C) ылғалдылыққа
D) өсімдік жамылғысына
E) əртүрлі топырақ түзуші жыныстарға
34. Қай зонада ми батпақтың болуы мүмкін?
A) тундра топырағында
B) орманды дала
C) дала
D) шөлейт
E) тропиктік
35. Ауаның біркелкі ластануынан қандай топырақ түрі
қалыптасады ?
A) саз балшықты
396
B) құмды
C) жеңіл сазданған
D) орташа сазданған
E) кермекті
36. Топырақтың қатты түйірлерінің бу күйіндегі ылғалды ұстау
қабілеті:
A) су ұстау
B) ылғал ұстау
C) судың борпылдақ топырақпен байланысы
D) ішкі түйіртпектік
E) гироскопиялық
37. Топырақтың жылу сыйымдылығы:
A) жылу өткізгіштік
B) жылу жұтушылық
C) альбедо
D) температуралық режим
E) жылу сыйымдылығы
38. Топырақтағы ауаның атмосферамен алмасу процесі:
A) диффузия
B) ауа сыйымдылығы
C) ауа өткізгіштік
D) аэрация
E) желдің бағыттары
39. Топырақтың генетикалық типтері туралы ілім негізінде
салынған топырақ классификациясы:
A) экологиялық-генетикалық
B) морфо-генетикалық
C) эволюциялық-генетикалық
D) тарихи-генетикалық
E) физикалық-генетикалық
40. Климаттың термиялық ерекшеліктері бойынша бөлінуі қалай
аталады?
A) топырақтық-биоклиматтық аймақ
397
B) топырақтық-климаттық белдеу
C) топырақ зоналары
D) зоналық жүйелер
E) зоналық спектр
398
Топырақтану пəнінен емтихан сұрақтары
1.Топырақтану ғылымы, оның мақсаты мен міндеттері, топырақ
туралы түсінік.
2.Топырақтанудың экология ғылымымен байланысы.
3.Топырақтанудың тарихы, ғылым ретінде дамытудағы В. В. До-
кучаевтың рөлі.
4.Топырақтану топрырақ туралы ғылым, топырақ түзілу процесі.
5.Үгілу жəне топырақтың түзілуі.
6.Үгілудің типтері.
7. Алғашқы топырақ түзуші процесі.
8. Топырақ түзуші экологиялық фактор.
9.Топырақтың морфологиялық көрсеткіштеріне экологиялық
факторлардың əсері.
10. Топырақтың морфологиясы.
11. Топырақтың морфологиялық қасиеттері.
12. Топырақтың гронулометриялық (механикалық) құрамы жəне
оның маңызы.
13.Топырақтың
механикалық
құрамының
биологиялық,
физикалық, химиялық қасиеттеріне əсері.
14.Топырақтың компоненттік құрамдары жəне олардың
қасиеттері.
15. Топырақтың минералогиялық құрамы.
16. Топырақтың химиялық құрамы.
17. Топырақтың химиялық құрамының қалыптасуы.
18. Химиялық элементтердің топырақ қабатында таралуы.
19. Топырақтың органикалық заттармен жəне оның топырақ
құнарлығын қалыптауындағы маңызы.
20.Органикалық заттар жəне олардың топырақ құнарлығын
қалыптастырудағы маңызы.
21. Топырақ гумусы.
22.Топырақ құнарлығы.
23. Топырақтың су-физикалық қасиеттері.
24. Топырақтағы ылғал түрлері
25. Топырақ ауасы.
26. Топырақ ауа қасиеті.
27. Топырақтың физикалық қаситеттері жəне оның экологиялық
маңызы.
399
28. Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері.
29. Топырақ түзуші экологиялық факторлар жəне олардың
зоналдығына əсері.
30.Топырақтың табиғи зоналдылығы.
31. ТМД топырақ қоры.
32. Қазақстанның топырақ қорлары.
33. Топырақтың физикалық қасиеттері.
34. Топырақтың механикалық құрылымы.
35. Топырақтың су қасиеттері.
36. Топырақтың химиялық қасиеттері.
37.Топырақтану ғылымының Қазақстандағы дамуы.
38. Топырақ түзілу процесі жəне оған экологиялық факторлардың
əсері.
39. Топырақтың морфологиялық қасиеттері жəне олардың
экологиялық факторлармен байланысы.
40. Топырақтың сіңіру қабілеті оның экологиялық маңызы.
41.Топырақтың су-физикалық қасиеттері, олардың экологиялық
маңыздылығы.
42. Топырақтың табиғи зоналығы.
43. Қазақстан топырақтары, олардың табиғи экологиялық сипат-
тамасы.
44. Қазақстанның жазық территорияларының топырақтары,
олардың экологиялық жағдайы.
45. Қазақстанның таулы топырақтары, олардың экологиялық
жағдайы.
46. Топырақ пішінінің құрылымы.
400
Термин сөздерге түсінік
Аллювий – өзен тасығанда шығып қалған құмдар, қиыршық тас-
тар жəне т.б.
Бонтировка – топырақтың сапалылығын бағалау.
Бонитет – топырақ сапасының көрсеткіші.
Геологиялық эрозия – табиғатта болуға тиісті биологиялық про-
цесс, ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді.
Дефляция – топырақ пен борпылдақ тау жыныстарының
түйірлерін жел үрлеп ұшыруы.
Дефляция эрозиясы – топырақтың желмен ұшып кету процесі.
Диагенез – шөгінді лайлы жыныстардың қатаюы.
Десукция – өсімдіктердің топырақ суын тамырларымен соруы
Далалық ылғалсиымдылық – ыза суы терең орналасқан
жағдайда топырақты үстіңгі жағынан сулағанда топырақтың ұстап
қалған су мөлшері.
Ортзаңдар – тығыз, шірік, қоңыр түсті темірдің қабыршықтары.
Ортштейндер – темір мен марганец тотықтарының кесек немесе
тары тəріздес.
Рекультивация – топырақ жамылғысын қайта қалпына келтіру.
Жасанды құнарлық – адамның еңбек нəтежиесінде пайда бо-
лады. Табиғи жəне жасанды құнарлылықпен қатар, экономикалық
құнарлық құрастырады.
Жерлерді бағалау – құнарлығын жəне тұрған орны жер
учаскелердің сапалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер бойын-
ша анықтау.
Зонасыз топырақтар – табиғаттың барлық зоналарында өзен
бойлары мен ойпатты жерлерде немесе құм жиындары бар жерлерде
кездесетін топырақтар.
Достарыңызбен бөлісу: |