Жаттығу əсерінің кері қайтымдылығы
Жаттығу əсерінің бұл қасиеті табалдырықтық деңгейден төмен
болатын жаттығу жүктемелері кеміген кезде біртіндеп азаюымен
248
немесе жаттығуды толық тоқтатқанда мүлдем жойылып кетуімен
көрінеді. Жаттығу жүктемелерін жоғарылатқаннан соң немесе
жаттықтыруды қайта бастағанда қайтадан жаттығудың оң əсерлері
көріне бастайды. Дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданатын
адамдарда жұмыс қабілеттіліктің айтарлықтай төмендеуі жаттығу
əсері тоқтағаннан соң 2 аптадан кейін-ақ байқалса, ал 3-8 ай-
дан соң дене дайындығының деңгейі жаттыққанға дейінге мəнге
жетіп жығылады. Əсіресе, жаттығу əсері (тиімділігі) жаттығуды
тоқтатқан соң немесе жаттығу жүктемелерін шұғыл төмендеткеннен
кейін алғашқы кезеңдерде тез азаяды. Жаттықтыру нəтижесінде
қол жеткізілген оттегі тасымалдау жүйесі қызметі функциялық
көрсеткіштерінің өсімі алғашқы 1-3 айда екі есеге дейін төмендейді.
Дене шынықтырумен өте ұзақ уақыт бойы шұғылданбаған тұлғалар-
да жаттықтырудың оң əсерінің көбі жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі
1-2 айда жоғала бастайды. Тіптен, жоғары дəрежеде жаттыққан
спортшылардың өзінде зақым алуға, т.б. байланысты жаттығу ба-
рысында орын алған қысқа үзілістер дене жұмыс қабілеттілігінің
елеулі төмендеуін тудырады.
Жаттығуды тоқтатудың теріс əсерлерінің көрінуінде оның
ұзақтығы ғана емес жəне гипокинезия дəрежесі де айтарлықтай рөл
атқарады, яғни неғұрлым жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі кезеңде
адамның жалпы қозғалыс белсенділігі жоғары болған сайын,
соғұрлым жаттығу əсері баяуырақ жəне азырақ төмендейді.
Ұзақ мерзімдік гипокинезия аз белсенділіктің бастапқы
кезеңдерінде жылдамырақ жүретін ОМП төмендеуін тудырады. Ги-
покинезия ең алдымен, оттегі тасымалдау жүйесінің, бірінші кезекте
жүрек-тамыр жүйесінің максималды мүмкіндіктерінің төмендеуіне
əкеледі.
Жаттығуды
тоқтату
бұрын
жаттыққан
бұлшық
еттердегі қылтамырлар санының (тығыздығының) азаюына
(декапилляризацияға), бұлшық ет талшықтарының жіңішкеруіне
(гипотрофиясына), олардың тотығу потенциалының, əсіресе, баяу
бұлшық ет талшықтарындағы төмендеуіне əкеледі.
Жаттығу əсерінің қайтымдылығы қасиеті жүктеме қарқынды-
лығы жеткілікті (табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғары)
болатын жаттығу сабақтарының уақтылы өтуін талап етеді. Бұл
қасиет жаттығудың қайталамалық жəне жүйелілік педагогикалық
принципі негізінде жатқан маңызды биологиялық фактор. Атал-
249
мыш принципті жүзеге асыру (жаттығу режимін анықтау) кезінде
жаттығудың мақсатын ескеру қажет, өйткені жаттықтыру əсерін
сақтау үшін жаттығу əсерін жоғарылатуға қарағанда азырақ жəне
неғұрлым сирегірек жаттықтыру жүктемелері жеткілікті.
Мəселен, дене шынықтырумен шұғылданушыларда аптасына 2
ретке дейін жаттығу жиілігін төмендету ОМП мөлшері мен басқа да
(бірақ барлығын емес) жаттығу əсерінің функциялық көрсеткіштерін
салыстырмалы тұрақты деңгейде ұстап тұруға (бірақ жоғарылатуға
əкелуге емес) мүмкіндік берді. Жаттығу жиілігін аптасына 1 рет-
ке дейін азайту жаттығудың оң əсерінің жоғалуын тек кешеуілдетті,
бірақ оның жойылмауына жол бермеді.
Шыныққандық
Жаттығу үдерісін дұрыс ұйымдастыру арнайы жүктемелерге
спортшының бейімделуі күйіне немесе шыныққандық күйіне
əкеледі.
Шыныққандық дегеніміз – жүйелі түрде жаттығу ықпалынан
тірі организмнің қызметтік мүмкіндіктерін өзгерте алу қасиеті.
Ол адамның дене жаттығуына қабілеттілігін жəне оның жүйелі
орындалған арнайы дене жаттығулары ықпалынан өзінің ар-
найы қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылату қабілетін сипаттай-
ды. Шыныққандық сандық жағынан (шыныққандық дəрежесі)
жаттығу əсерінің мөлшерімен бағалануы мүмкін, яғни неғұрлым сол
жаттықтыруға организм көбірек жауап берген сайын, сəйкесінше,
соғұрлым шыныққандық жоғары болады.
Шыныққандық жынысы мен жасы əртүрлі адамдарда
айтарлықтай айырмашылыққа ие, яғни оларға берілген сол бір
жүктеменің өзі оларда бірдей əсер тудырмайды. Тіптен жасы да, жы-
нысы да бірдей бір топтың ішінде шыныққандықтың өте үлкен же-
ке-дара вариацияларын орын алған.
Шыныққандыққа жаттығу əсері арнайы болған сияқты, оған
да арнайылық тəн. Мысалы, бір адамдар күштік жаттықтыру
кезінде шыныққандықтың жоғары дəрежесін көрсетсе, алайда,
төзімділікке жаттықтыру кезінде ол байқалмауы мүмкін. Басқалар,
керісінше,төзімділік жаттығуларына жоғары қабілетті болып келсе,
дегенмен, күштік жаттықтыруға жауап ретінде оларда бұлшық ет
күшінің айтарлықтай өсімі орын алмайды.
250
Бірдей жаттығу тек шыныққандықта тұрған айырмашылықтан
ғана емес түрлі адамдарда əртүрлі əсер тудыруы мүмкін. Қандай
да бір дене сапасын жаттықтырудың (белгілі бір жаттығуларда
спорттық нəтиженің жоғарылауы) бір əдісі бір адамдарға барынша
ықпал етсе, жаттықтырудың өзге əдісі басқалар үшін тиімді болады.
Осыған орай, бірдей жаттықтыру əдісін қолдану əртүрлі адамдарда
сол дене шынықтырудың түріне шыныққандықты əртүрлі дəрежеде
дамытуы ықтимал.
Жасы-жынысы бойынша бір топқа жататын адамдардың
шыныққандық дəрежесі айтарлықтай шамада функциялық
көрсеткіштердің (спорттық нəтиженің) бастапқы (жаттықтыруға
дейінгі) деңгейімен анықталады. Түрлі мүшелер, жүйелер, ме-
ханизмдер қызметтік мүмкіндіктерін жəне тұтас организмнің
функциялық дайындығын (жаттығу дəрежесін) сипаттайтын əртүрлі
көрсеткіштер жаттықтыру ықпалынан бірдей өзгермейді. Дегенмен,
жалпы ереже бойынша неғұрлым осы көрсеткіштердің бастапқы
(жаттықтыруға дейінгі) деңгейлері төмен болған сайын, соғұрлым
олар өзгеріске көбірек ұшырайды. Неғұрлым адамның жаттығу
деңгейі (функциялық дайындығы) төменірек болса, соғұрлым оның
шыныққандық дəрежесі жоғары болады.
Я. К. Коц бойынша жаттықтыру əсерінің даму жылдамдығы
мөлшері бойынша шыныққандықтың 4 нұсқасы бар:
1. Жоғары жылдам шыныққандық (үлкен жəне жылдам өсетін):
жүйелі жаттығудың алғашқы кезеңдерінде барынша жылдам өсіп
барып, содан соң «қанығу деңгейіне» (мүмкіндігінше максималды
жаттығу əсеріне) баяу (асимптотикалық-нышансыздық) жуықтай
отырып, аз өзгеретін үлкен əсер;
2. Жоғары баяу шыныққандық (үлкен, бірақ баяу): біртіндеп,
баяу өсіп отыратын үлкен жаттықтыру əсері;
3. Төмен жылдам шыныққандық (үлкен емес, бірақ жылдам
өсетін): жүйелі жаттығудың салыстырмалы қысқа кезеңінде-ақ
көрінетін жəне тез артатын, əрі қарай аз өзгеріске ұшырайтын үлкен
емес жаттықтыру əсері;
4. Төмен баяу шыныққандық (үлкен емес жəне баяу): жүйелі
түрде жаттықтыру үдерісінде баяу өсетін азғантай жаттығу əсері.
Жоғарыда айтылып өткендей, шыныққандық дəрежесі
айтарлықтай шамада организмнің физиологиялық қызметтерінің
бастапқы деңгейімен байланысты. Бұл деңгей адамның өмір сал-
251
тымен, атап айтқанда, дене белсенділігі, тамақтану сипаты жəне
бұрынғы жаттықтырылуы дəрежесімен анықталады. Деген-
мен, адамның қызметтік мүмкіндіктерін, сонымен қатар жаттығу
ықпалынан туындайтын олардың өзгерістерінің максималды мүмкін
болатын дəрежесін, яғни шыныққандықты анықтауда генотип
түсінігінің аясына біріктірілген тұқым қуалай берілетін генетикалық
факторлар айтарлықтай рөл атқарады.
Тұқым қуалайтын факторлардың рөлін зерттеу үшін бір
жұмыртқалы (монозиготалы) генетикалық идентивті егіздер мен екі
жұмыртқалы (дизиготалы) генетикалық идентивті емес егіздердің
белгілі бір антропометриялық, морфологиялық жəне физиология-
лық көрсеткіштерін салыстыру ең кең қолданылатын əдістердің
бірі. Мұндай салыстыру тұқымқуалаушылық коэффициентін (Н)
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштің мөлшері бойынша
аталмыш белгінің (көрсеткіштің) генотипке тəуелділігі дəрежесі жа-
йында бағалауға болады. Егер тұқымқуалаушылық коэффициенті 1,0-
ге тең болса, онда тұқымқуалаушылық сол белгінің (көрсеткіштің)
жеке-дара вариативтілігін анықтайтын жалғыз себеп ретінде
қарастырылады. Егер тұқымқуалаушылық коэффициенті нөл мен
бір арасындағы интервалда болса, белгі бір жағынан, сыртқы орта
факторы ықпалына ұшыраған, ал екінші жағынан, тұқым қуалай
берілгендігін көрсетеді.
Түрлі физиологиялық қызметтер деңгейін анықтауда
тұқымқуалаушылықтың рөлі бірдей болмайды. Ең алдымен,
адамның көптеген функциялық көрсеткіштері дене мөлшері мен
пішіміне, оның жеке буындары жəне жүрек, өкпе, қолқа диаметрі,
т.б. сияқты кейбір ішкі мүшелердің мөлшеріне белгілі бір дəрежеде
тəуелді болады. Көпшілік антропометриялық жəне морфологиялық
белгілер генетикалық бақылауда болады жəне сондықтан да олар-
мен байланысты функциялық қасиеттердің тұқым қуалайтын
уағдаластығын алдын ала анықтайды (54-сурет).
Сыртқы тыныс алу қызметі белгілі бір дəрежеде генетикалық
болжап қойылған. Бұл сыртқы тыныс алудың өкпенің жалпы
сыйымдылығы, қалдық жəне резервтік көлем, өкпенің тіршілік
сыйымдылығы сияқты көрсеткіштеріне қатысты. Солай бола тұрса
да, бұл көрсеткіштердің дене мөлшерімен байланысына негізделген
болуы да ықтимал. Тыныс жиілігінің, сонымен қатар дене массасына
шаққандағы салыстырмалы өкпелік көлем мен сыйымдылықтың ге-
252
нотипке тəуелділігі мүлдем байқалмайды. Сонымен бірге тынысты
кідірту ұзақтығы, гипоксияға (изокапниялық гипоксияға) сыртқы
тыныс алу реакциясы ерекшеліктері генетикалық факторлардың
елеулі ықпалында болады.
54-сурет. Оттегіні максималды пайдалануды (ОМП немесе VO
2
max)
монозиготалы мен дизиготалы егіздерде жəне егіз емес ағалы-інілерде
салыстыру (A. Giovanelli мəліметтері бойынша)
Жүрек-тамыр
жүйесі
қызметінің
тұқымқуалаушылық
факторларының ықпалында болатындығына күмəн жоқ. Алай-
да, əртүрлі көрсеткіштерге бірдей ықпал етпейді. Тыныштықтағы
ЖЖЖ аса бұл ықпалда болмайды, алайда, егер жаттықпаған адам-
дарда тыныштық күйде ЖЖЖ 60 екп/мин-тан төмен болса, ереже-
ге сəйкес олардың Тұқым қуалай спортқа бейім екендігін көрсетеді.
Максималды ЖЖЖ жасқа жəне жынысқа қарамай генетикалық
(тұқымқуалаушылық коэффициенті) алдын ала анықталған.
Генетикалық факторлардың жүректің қан айдауы мен қанның
систолалық көлем мөлшеріне ықпалы анық емес, дегенмен жүректің
жалпы көлемі кейбір тұқымқуалаушылықпен тəуелділікте болаты-
253
ны айқындалған. Тұқымқуалаушылық факторлары айтарлықтай
шамада сол жақ қарыншаның жуандығын немесе массасын
(тұқымқуалаушылық коэффициенті 0,55-0,70) жəне жүректің тамыр-
лар торының (капилляризация) ерекшеліктерін, жүрекке қан апа-
ратын артерия тамырлары қабырғасының жуандығы мен олардың
миокард қабырғасындағы таратылуын анықтайды. Төзімділік
жаттығулары ықпалынан генетикалық идентивті егіздердің жүрек-
тері мөлшерлеріне тəн ұқсастықтардың арта түсуі қызғылықты жайт.
Тыныштық күйде артериялық қан қысымы деңгейінің
тұқымқуалаушылықпен тəуелділігі туралы мəліметтер қайшылыққа
толы. Кейбір мəліметтер бойынша артериялық қан қысымы қалыпты
адамдарда жалпы генетикалық əсер систолалық қысымға қатысты
50-60%-ды жəне диастолалық қан қысымына қатысты 40%-ды
құрайды.
Бұлшық ет композициялары, яғни олардағы баяу жəне жыл-
дам бұлшық ет талшықтарының арақатынасы генетикалық ал-
дын ала анықталған. Мəселен, монозиготалы егіздердің сол бір
бұлшық еттерінде жылдам жəне баяу талшықтардың арақатынасы
бірдей деуге болады. Тұқымқуалаушылық коэффициенті баяу не-
месе жылдам талшықтар үшін ер адамдарда 0,99-ға жəне əйелдерде
0,92-ге тең. Сонымен қатар, жылдам бұлшық ет талшықтарының екі
түрлерінің (ІІ-А мен ІІ-В) пайыздық арақатынасы мұндай «туыстық»
ұқсастыққа ие емес. Бұл сыртқы орта факторларының ықпалынан,
атап айтқанда, жаттығу нəтижесінде оларда өзара айналудың мүмкін
екендігін көрсетеді.
Митохондриялар саны, мөлшері мен салыстырмалы мөлшері
(тығыздығы), бұлшық ет ферменттерінің белсенділігі генотипке
аз байланысты немесе мүлдем байланысты болмайды жəне орта
ықпалына (жаттықтыруға) аса сезімтал келеді.
Бұлшық ет күшінің абсолютті көрсеткіштері (Ньютон)
тұқымқуалаушылыққа аз байланысты. Сонымен бірге салыстырма-
лы (дене массасына) «жалпы күш» тұқымқуалаушылықтың біршама
жоғары коэффициентіне (0,6) тең, бұл аталмыш функциялық белгінің
генетикалық механизмдермен белгілі бір уағдаластықта екендігін
дəлелдейді.
Бұлшық ет қуаттылығының генотипке аса көп тəуелділікте
екендігі байқалады. Мəселен, монозиготалы жəне дизигота-
лы егіздерде Маргария тесті арқылы анықталған максималды
қуаттылыққа 0,98-ге тең тұқымқуалаушылық коэффициенті тəн.
254
Жылдам бұлшық ет талшықтарының мөлшері, салыс-
тырмалы бұлшық ет күші, қимыл реакциясы жылдамдығы,
қозғалыстың максималды жиілігі мен жылдамдығы, максимал-
ды анаэробты қуаттылық пен лактацидті энергиялық жүйелер
сыйымдылықтарының генетикалық негізделуі айтарлықтай шамада
адам қабілетінің жылдамдықты-күштік деңгейінің туа пайда болған
сипатын анықтайды. «Ұлы спринтерлер туа бітеді» деп тегін айтыл-
маса керек.
Максималды аэробты қуаттылық (оттегіні максималды пай-
далану) барынша дəрежеде тұқым қуалай беріледі. ОМП жоғары
көрсеткіштері тек төзімділік спорт түрлері бойынша жоғары
дəрежеде жаттыққан тұлғаларда ғана емес жəне спортпен жүйелі
шұғылданбайтын адамдарда да тіркелген. Мысалы, дизигота-
лы егіздерде монозиготалы егіздермен салыстырғанда жоғарырақ
ОМП жұп ішілік вариабелділік аңғарылған. Туа біткен ОМП ал-
дын ала анықталуы (ер адамдарда 93,4% жəне 95,9% ер мен əйел
адамдарда бірге) жасқа жəне жынысқа байланысты ықпалдарға аз
ұшырайды. Субмаксималды аэробты жұмысқа қабілеттілік те көп
шамада генетикалық фактормен алдын ала анықталады. PWC 170
көрсеткіші үшін тұқымқуалаушылық коэффициенті 0,9 жуық.
ОМП жоғары мəнінің, организмнің жоғары аэробты (оттегі та-
сымалдау) мүмкіндіктерін анықтайтын көптеген физиологиялық
факторлар мен механизмдердің, баяу бұлшық еттердің ұлғайған
мөлшерінің генетикалық қалыптасуы төзімділікті қажет ететін
спорт түрлерінде жоғары нəтижелерге жетуде организмнің зор
мүмкіндіктерін анықтайды («Ұлы стайерлер туа бітеді»).
Шыныққандық
дəрежесін
анықтауда
тұқымқуалау-
шылықтың рөлі күмəн тудырмайды. Генотипі əртүрлі адамдарды
бірдей жаттықтыру бірдей нəтиже бермейді, яғни жаттықтыруға
организмнің сезімталдығы (шыныққандық) айтарлықтай шамада ге-
нотипке байланысты.
Мəселен, монозиготалы 10 жұп егіздер 20 апта бойы төзімділік
жаттығуларына қатысқан. ОМП орташа жоғарылауы кезінде 14%
жеке-дара, өсім вариациялары өте елеулі 41%-ға дейін болған. Алай-
да, егіздерде жаттықтыру əсерінің шамасы (шыныққандық дəрежесі)
ұқсас болып келген.
Есептеулер нəтижесі бойынша төзімділік жаттығулары ықпалы-
нан ОМП өсімінің жеке-дара вариациясының 50%-ы спортшының
255
генетикалық ерекшеліктерімен анықталса, ал оның тек 20-30%-
ы ОМП деңгейінің бастапқы (жаттығу алды) мəніне байланысты
болған. Сонымен, шамамен, жаттығу əсерінің 70-80%-ы генетика-
лық тəуелділікте болып келеді, яғни организмнің тұқым қуалай
берілген ерекшеліктерімен анықталады.
Тұқымқуалаушылық адамның дене белсенділігінің (қозғалғыш-
тығының) жалпы деңгейіне де ықпал етеді.
Мысалы, жоғары қозғалғыштық дене белсенділігі өте жоғары
ата-аналардың балаларында 20% жағдайларда, ал «қалыпты»
ата-аналардың балаларында тек 4% жағдайларда айқындалған.
Қандай да бір спорттық шынықтыру түріне қатынастары бойын-
ша монозиготалы егіздерде тек 6%, ал дизиготалы егіздердің 85%
айырмашылық орын алған. Спорттық мамандандыруды таңдау ба-
рысында, белсенділік дəрежесі мен қол жеткізілген нəтижелердің
толық сəйкес келуі 70% монозиготалы егіздер жұбында, тек 22%
дизиготалы егіздер жұбында байқалған.
Əрбір адамның жаттығу əсерінің өсу шегі генетикалық алдын
ала анықталған. Тіпті, жүйелі түрде жүргізілген дене жаттығулары
да организмнің қызметтік мүмкіндіктерін генотиппен анықталған
белгілі бір шегінен арттыра алмайды. Осыған орай генетикалық фак-
торлар жоғары спорттық нəтижелерге жетуде шешуші болып табы-
лады. Табиғи, генетикалық берілген аэробты мүмкіндіктер сыртқы
орта (жаттығу) ықпалдарына қарамастан жеткілікті дəрежеде
тұрақты болуы мүмкін. Атап айтқанда, ОМП өсу шегі жеке-да-
ра генотиппен лимиттелген болуы ықтимал, сондықтан ешқандай
жаттығу бұл кедергінің алдын ора алмайды.
Тұқым қуалайтын факторлардың ықпалы белгілі бір сыртқы
орта жағдайларында, атап айтқанда, денені жаттықтыру үдерісінде
көрініс береді. Басқаша айтқанда, тұқым қуалайтын факторлар мен
орта факторлары өзара əрекет етеді. Жоғарыда айтылғандар айту-
лы спортшылар организмінің арнайы қызметтік мүмкіндіктерінің
жоғары екендігін жəне оның жоғары шыныққандығын анықтайтын
бірегей генотипке ие екендігін көрсетеді. Сайып келгенде, «ұлы
стайерлер мен спринтерлер туа бітеді» тіркесі тек кейбір адамдардың
ғана генетикалық бейім келетіндігін білдіреді, алайда, ол адамдардың
айтулы спортшы болуы тек арнайы жаттықтыру нəтижесінде ғана
жүзеге асырылады.
Сайып келгенде, тұқымқуалаушылық факторларының ықпалы
256
дене сапаларының даму деңгейін анықтайды. Жаттықтыруға ең
аз «көндігетін» сапаларға шапшаңдық, иілгіштік, жылдамдықты-
күштік мүмкіндіктер жатады. Оттегіні максималды пайдала-
ну (ОМП), анаэробтық мүмкіндіктер, жүректің жиырылу жиілігі
(ЖЖЖ) максималды мəні, өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)
жəне т.б. көптеген физиологиялық көрсеткіштердің өзгерістері
генетикалық негізделген.
Тыныштық күйде спортшылардың функциялық дайындығын
тестілеу
Тыныштық күйде адам организмінің морфологиялық, функция-
лық жəне психофизиологиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктері
белгілі бір дене жүктемесіне оның функциялық дайындығының
дəрежесін сипаттайды.
Спорттағы функциялық тестілеу ерекшеліктері
Спортшылардың функциялық дайындығын тестілеу үшін
жауапты, маңызды жарыстардағы мықты спортшылардың си-
паттамасы берілген чемпион моделі қолданады. Бұл моделден
спорттық формадағы спотшылардың арнайы дене, техникалық жəне
тактикалық дайындықтары сипаттамасын біріктіретін шеберлік
моделі немесе спорттық-маңызды сапалары алынады. Осыдан
функциялық дайындықтың барынша ақпараттық көрсеткіштері
немесе мұнан да кең көлемде функциялық жəне психологиялық
дайындық, морфологиялық ерекшеліктер, жас пен спорттық өтілі
(стажы) кіретін спорттық мүмкіндіктер моделі анықталады. Мұндай
əдіс спортшы дайындығының мақсатты міндеттерін жəне оның жеке
өзіне тəн спорттық болашағын анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмысқа организм бейімделуінің жеке дара ерекшеліктерін
бағалау үшін нақты бір адамның түрлі морфологиялық-
физиологиялық жəне психологиялық-физиологиялық көрсеткіштері
туралы мəліметтер алуға мүмкіндік беретін кешенді тестілеу
жүргізу қажет. Жаттығу үдерісінде спортшы организмінің түрлі
мүшелері мен жүйелерінің күйін зерттейтін бақылаудың оперативті
(жедел) немесе ағымдағы бақылау, сатылы (этапты) бақылау жəне
тереңдетілген медициналық тексеру сынды түрлерін қолданады
(бақылау түрлерінің сипаттамасы 13-тарауда баяндалады).
257
Тыныштық күйдегі функциялық дайындық көрсеткіштері
Спортшының орталық жүйке жүйесінде жүйке орталықтары
лабилділігінің жоғары деңгейі, оптималды қозғыштық жəне жүйке
үдерістерінің жақсы қозғалғыштығы (қозудың тежелуге алма-
суы жəне керісінше) байқалады. Барынша шапшаңдық сапасы-
на ие спортшының қимыл реакциясының уақыты қысқа бола-
ды, тыныштық күйдегі ЭЭГ-да секундына 11-12 тербеліс болатын
мидың биоэлектрлік белсенділігі альфа-ырғағының жоғары жиілігі
көрінеді. Мысалы, секундына 8-9 тербелісті құрайтын шаңғышы-
жарыскер мен күрескерлерден айырмашылығы 1 санаттағы жəне
спорт шеберлері баскетболшыларының 80%-да осы мəн (11-12
тербеліс) болады.
Білікті спортшылардың қимыл аппараты сүйектердің барынша
беріктілігі мен жуандығымен, бұлшық еттердің айқын жұмыс ги-
пертрофиясымен, олардың жоғары лабилділігі мен қозғыштығымен,
қимыл жүйкелері арқылы қозу өтудің жоғары жылдамдығымен,
бұлшық еттік гликоген мен миоглобин қорларымен, ферменттердің
жоғары белсенділігімен ерекшеленеді. Бұлшық еттердің жақсы
иннервациясын (жүйкемен жабдықталуын) жүйке-бұлшық ет
синапстарының жуандауы мен олардың санының артуы дəлелдейді.
Спортшыларға бұлшық етті ерікті жиырылтудың (ширықтыру)
жоғары көрсеткіштері жəне осымен қатар олардың өте жақсы
босаңсуы, яғни бұлшық ет қаттылығы (беріктілігі) амплитудасының
жоғары шамасы тəн.
Спортшыларда зат алмасу белок пен көмірсу қорларының артуы-
мен, негізгі алмасу деңгейінің төмендеуімен сипатталады, мұнда тек
жарыс кезеңінде ғана негізгі алмасу қалпына келудің жеткіліксіздігі
салдарынан жоғары болуы мүмкін.
Спортшылардың тыныс алуына келсек, оларда өкпенің тіршілік
сыйымдылығы (ӨТС) 6-8 л дейін ұлғайған, яғни тыныс алу беткейі
кеңейген, тыныс тереңдігі артқан, осылардың ықпалы өкпе венти-
ляциясын жақсартады жəне тыныс жиілігін 10 минутта 6-12 дем
алуға дейін төмендетеді. Тыныс алуға қатысатын бұлшық еттер
жақсы дамыған жəне неғұрлым төзімдірек болып келеді. Мұны
ӨТС қайталап анықтау барысында өзінің жоғары мəнін сақтап
тұру қабілетінен байқауға болады. Тыныштық күйдегі минуттық
тыныс көлемі тыныс жиілігі мен тереңдігінің (көлемінің) қарама-
қарсы өзгерістері салдарынан өзгеріссіз болғанымен, дегенмен,
258
максималды өкпелік вентиляция шынықпаған адамдармен (60-
120 л/мин) салыстырғанда жаттыққан тұлғаларда (100-120 л/мин)
айтарлықтай жоғары болады. Спортшыларда, əсіресе, синхрон-
ды жүзу мен сүңгуде тынысты кідірту ұзақтығы артқан, бұл ты-
ныс алу орталығының төмен қозғыштығын жəне жақсы анаэробты
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Спортшылардың жүрек-тамыр жүйесінде де адаптивті
өзгерістер байқалады. Жаттыққан жүрек үлкен көлем мен жүрек
бұлшық етінің жуандығына ие болып келеді. Төзімділікке
жаттықтыру кезінде (стайер-желаяқтарда, шаңғышы-жарыскерлерде
мен т.б.) жүрек көлемінің 1000-1200 см
3
дейін ерекше ұлғаюы
байқалады. Бұл көрсеткіш жаттықпаған тұлғаларда 700 см
3
болады.
Сонымен қатар 1200 см
3
-ге дейін болатын үлкен жүрек көлемі ұзын
бойлы баскетболшыларға да тəн. Алайда, бұл шамадан аса жүрек
көлемінің өсуі жақсы емес, себебі жүрек бұлшық етінің өзін қанмен
қамтамасыз ету мүмкіндігі нашарлайды.
Жылдамдықты-күштік
жаттығуларға
бейімделу
кезінде
жүрек бұлшық етінің жуандауы, оның жұмыс гипертрофиясы
орын алады, ал жүрек көлемі аз дəрежеде қалыптан жоғары (800-
1000 см
3
) болады. Жүрек бұлшық етінің жұмыс гипертрофиясы жүрек
жұмысының қуаттылығын жоғарылатады, сонымен қатар күштік
жəне жылдамдықты-күштік жүктемелер жағдайында қаңқа бұлшық
еттерінің күш салуы кезінде олардағы қан ағымын қамтамасыз етеді.
Жүректің жалпы көлемінің артуы қанның резервті көлемінің
жоғарылауымен қатар жүреді жəне тыныштық күйде систолалық
қан көлемі (екпінді мөлшері) еш жоғарыламаса да, дегенмен,
жұмыс кезінде олардың айтарлықтай өсуі резервті көлем есебінен
қамтамасыз етіледі. Спортшыларда, əсіресе, стайерлерде жүректің
жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) тыныштық күйде 40-50 екп/мин, кей
жағдайларда тіптен, 28-32 екп/мин. төмендейді, яғни спорттық
брадикардия байқалады. Минуттық қан көлемі нормаға (қалыпқа)
сəйкес келеді немесе одан біраз төменірек болады.
Спорттық форма күйіндегі спортшыларда орта есеппен, 32,3%
жағдайларда спорттық гипотония – артериялық қан қысымының
100-105 мм сынап бағанасы дейін жəне одан да төмендеуі байқалады.
Бұл көбінесе, гимнасшылар мен стайер-спортшыларда кездеседі.
Артериялық гипотония байқалуы спорттық өтілі (стаж) жəне
спортшы біліктілігі деңгейі артқан сайын өсіп отырады. Спорттық
259
ойындарға мамандандырылған спортшыларда керісінше, тыныштық
күйде артериялық қысым көбіне, жоғары болуы ықтимал.
Спортшылардың қан жүйесінде эритроциттер концентрация-
сы жоғары, яғни əр литрге 6*10
12
болса, гемоглобин 160 г жəне
одан да көп болады. Бұл қанның жоғары оттектік сыйымдылығын
қамтамасыз етеді. Жаттыққан спортшы организмінде гемоглобиннің
жалпы мөлшері (800-1000 г) шынықпаған тұлғалардағы (700 г)
қордан асып түседі. Сілтілік резервтер жоғарылаған, яғни қанның
тотығуына қарсы тұру жеңілірек түседі. Қан айналымдағы қан
көлемі де көбірек болады.
Жоғарыда аталған барлық функциялық көрсеткіштердің қайта
құрылулары спортшылар организмінің дене жүктемелеріне жал-
пы бейімделуін, атап айтқанда таңдаулы спорт түрі жаттығуларына
ерекше функциялық дайындығын көрсетеді.
Шыныққандықтың ең жоғары деңгейі спорттық форма (спорттық
бап) күйіне тəн. Бұл күй организмнің барлық физиологиялық
жүйелерінің барынша мобильденуін, реттеуші үдерістердің
айтарлықтай күшеюін талап етеді. Тиісінше, ол спортшының жеке
дара ерекшеліктеріне, оның біліктілігіне жəне т.б. факторларға
байланысты ұзақ уақыт сақталмауы мүмкін. Бейімделудің мұндай
деңгейінің бағасы жоғары болып келеді, мұнда сыртқы ортаның
қолайсыз əсерлеріне организмнің реактивтілігі жоғарылайды, оның
суық тию мен жұқпалы ауруларға төзімділігі азаяды, яғни иммуни-
тет дереу төмендейді.
Спорттық практикада жиі кездесетін спорттық бап түсінігіне дене
шынықтыру мамандары келесідей анықтама береді (Д. Оңғарбаева,
Г. Мадиева, Е. Алимханов, 2013):
Спорттық бап – cпортшының арнайы дене жаттығуларын
орындау арқылы жоғары жетістіктерге жету қабілетінің ең жоғары
деңгейге көтерілуі.
Спорттық бапқа келу, спортшының көптеген дайындық
түрлерін меңгеруін талап етеді, оларға физикалық қабілеттері, əдіс-
тəсілдік техникалық дайындығы, психологиялық қалпы енеді. Осы
көрсетілген талаптардың барлығының жоғары дəрежеге көтерілуі,
спорттық баптың деңгейін көрсетеді.
Спорттық бапқа келу адам организмінде өте күрделі
биохимиялық, физиологиялық өзгерістердің пайда болуына əкеледі.
Осы кезде жүйке жүйесі жұмыстарының, бұлшық еттер, қан, тыныс
алу жүйелерінің мүмкіндігінің, дене қуатының артуы байқалады.
260
Спорттық бапқа келу негізінен:
1. Спорттық бапты қалыптастыру, жинақтау;
2. Спорттық бапты сақтау, ұстап тұру;
3. Спорттық бапты уақытша жоғалту сияқты үш кезеңнен тұрады.
Спорттық бапқа келудің алғашқы сатысында арнайы жаттығулар
арқылы спорттық бапқа жеткізу жолдары іске асырылады. Осы
сатыда физикалық қабілеттілікті арттыру, организм қызметін
жетілдіру, спорт түріне қажетті əдіс, тəсілдер шеберлігін арттыру,
психологиялық дайындық сапасын арттыру жұмыстары жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды толық жүзеге асыру арқылы
ғана спорттық бап талабына жету мүмкін болады.
Егер спортшы белгіленген жұмыстарды толық орындамаса не-
месе бұрынғы жаттығу көлемінен арта алмай жатса, онда ол өзінің
бұрынғы көрсеткішін ғана қайталауы ықтимал, ал оның жоғары
көрсеткіштерге жету мүмкіндігі төмен болады.
Екінші кезеңде спорттық бапқа келу қалыптасып, адам организмі
спорт түрі қажет ететін маманданған түрде жұмыс жасай алу
дəрежесіне жетеді. Жаттығу жұмыстарының барлығы спорт түріне
қажетті арнайы мамандану шеберлігін арттыру бағытында іске асы-
рылады.
Осы кезеңде спорттық бап талабының барлық жақтарының
бірдей жетілуі болмауы ықтимал. Физикалық қабілеттіліктің да-
муында, əдіс-тəсілдің жетілуінде кемшіліктер, психологиялық
тұрақтылықтың болмауы сияқты жағдайлар анықталса, осы
кемшіліктермен арнайы жеке жұмыс жасау қолға алынады.
Осы кезеңде спорттық бап талаптарына жеткен көрсеткіштердің
өз мүмкіндіктерін жылдам төмендетіп алу жағдайлары да орын алуы
мүмкін, сондықтан жаттықтырушы спорттық бапта ұстап тұрудың
жолдарын қарастыруы қажет.
Спорттық бапты сақтау сатысында спорттық көрсеткіштердің
жақсаруы байқалады, бірақ ол əр спортшы дайындығының
ерекшелігіне байланысты бірдей болмайды. Спорттық баптың ең
жоғары сатысына жеткен кезде, жаттығу əсерінің спортшы бабы-
на əсерінің əртүрлі болуы орын алады.Ол арнайы берілген жаттығу
тапсырмаларының салдарынан, немесе басқадай сыртқы əсерлердің
болуынан пайда болады.
Спорттық баптың уақытша жоғалуы, жалпы жаттығу
жұмыстарының төмендеуінен немесе спорттық бап түрлерінің өзара
байланыстарының үзілуінен болады.
261
Спорттық бап құрамына енетін барлық жаттығу сапаларының
өзара байланыстарының төмендеуі немесе жоғалуы, əртүрлі уақыт
аралықтарында өтеді, ең алдымен таза спорт түріне ғана байланысты
маманданған спорттық бап сапалары төмендейді. Негізгі физикалық
қабілеттілік пен организм мүмкіндіктері өз сапаларын көп уақытқа
дейін сақтауы мүмкін.
Спорттық бапты уақытша жоғалту, əркезде болып отыратын
қалыпты жағдай. Ол оның алдағы тұрған мақсаттарды іске асыру
үшін одан да жоғары дайындық деңгейіне жетуге жол ашады.
Жаңа, бұрынғыдан да жоғары спорттық бапқа ену үшін, ескі
спорттық бапқа қарағанда физикалық қабілеттеріне, спорттық
шеберлікке, психологиялық дайындыққа адам организміне
қойылатын талаптардың бұрынғыдан жоғары болуын талап етеді.
Спорттық жаттығу əрқашанда адамның шаршауы, болдыруын
жеңуі арқылы іске асырылады. Осы қиындықтарды жеңе білгенде
ғана, спортшы спорттық баптың жаңа сатысына көтеріле алады.
Спорттық баптың жоғарғы талаптарына сəйкес болу өте жоғарғы
дəрежедегі жаттығу жүктемелерін орындау арқылы іске асырылады.
Осы аралықта жарыстарға қатысу, адамға үлкен сынақтардан
өтуге үйретеді, шаршауды жеңудің жаңа мүмкіндігін ашады.
Спорттық бапты үнемі жоғары деңгейде ұстап тұруға тырысу,
адам организміне өз шамасынан тыс көп күш түсіреді, содан ба-
рып адамда «зорығу, болдыру» жағдайлары пайда болады. Жаттығу
жүктемелерін азайту, түрлендіру, тынығу, емдеу арқылы спортшыны
денсаулығын қалыпқа келтіреді, осы кезеңде спорттық бап төменгі
сатыда болады.
Жылдық жаттығу циклінде спорттық бапқа ену бірнеше ең
жоғарғы кезеңдері көтерілуі ықтимал. Олар қатысатын жарыс
түрлеріне байланысты болады, сондықтан спорттық бап бір, екі, не-
месе көп кезеңді болып бөлінеді.
Екі немесе одан да көп рет спорттық баптың шегін ұстау олардың
арасында арнайы тынығу кезеңдерін енгізу арқылы іске асырыла-
ды. Жаттығу жұмыстарын осылай жоспарлау кезінде спортшы-
ны табиғат аясында жаттықтыру, таулы аймақтарда жаттықтыру,
қалыпқа келудің жаңа түрлерін қолдану сияқты шараларенгізіледі.
Əрбір спорттық баптардың арасындағы уақыт кезеңдерінде
спорттық баптың əдіс-тəсілдік техникалық жағы жақсы сақталады
да, көбіне физикалық қабілеттіліктері төмендейді. Жаттығудың
262
өтпелі кезеңінде спорттық бапты жоғалтудың ең төменгі жағдайы
орын алады.
Спорттық ғылымдағы ең маңызды мəселенің бірі – спорттық
бапқа келу жəне оны ұзақ мерізімге сақтау жолдарын табу болып
табылады (Д. Оңғарбаева жəне əріпт., 2013).
Достарыңызбен бөлісу: |