Шамадан тыс зорығу – түрлі функцияларды жүйкелік жəне
гуморалдық реттеу үдерістерінің, зат алмасу мен гомеостаздың
бұзылуынан туындайтын организмнің функциялық күйінің дереу
төмендеуі. Ол организмнің дене жүктемесі кезінде энергия ресур-
старына деген сұраныстары мен оларды қамтамасыз ету арасындағы
сəйкессіздіктен туындайды. Бұл күйдің дамуында гормондық
тапшылықтың, əсіресе, жұмыс кезінде гипофиздің адренокортико-
тропты гормон резервтерінің түгесілуінің рөлі аса зор.
Шамадан тыс зорығудың дамуы кезінде натрий мен калий
иондарының балансы бұзылады, ал бұл жүйке мен бұлшық ет
жүйелерінде қозу үдерістерінің қалыпты өтуінің ауытқуын туды-
рады. Бұл өзгерістер, атап айтқанда, жүрек бұлшық етінің ошақтық
жəне диффузиялық зақымдалуына əкеледі. Оның күйінің өзгерістері
кезінде тіпті, спортшы дистанциялардан өту үдерісінде тікелей мио-
кард бұлшық ет талшықтарының жарылуына да əкелуі ықтимал.
А. С. Солодков бойынша шамадан тыс зорығудың басты себебі
шектен тыс жəне жылдамдатылған дене жүктемелері болып табыла-
ды. Оның:
1) Жедел;
2) Созылмалы деген екі түрі бар.
Жедел (жіті) шамадан тыс зорығу қатты əлсіздік, бас айналу,
жүрек айну, ентігу, жүрек қағу, артериялық қан қысымының түсуімен
қатар жүреді. Ол ең ауыр жағдайларда оң жақ қабырға асты бауыр
ауырсынуына, жедел жүрек жеткіліксіздігіне, талып қалуға əкеліп,
тіпті өлімен де аяқталуы мүмкін.
272
Созылмалы шамадан тыс зорығу спортшы организмінің
қызметтік мүмкіндіктеріне сəйкес келмейтін жаттығу жүктемелерін
көп рет қолданған кезде байқалады. Олар қатты шаршаумен, ұйқы
мен тəбеттің бұзылуымен, жүрек тұсында шаншып ауырсынумен,
артериялық қан қысымының аса жоғарылауы немесе төмендеуімен
көрінеді. Спортшының жұмысқа қабілеттілігі дереу төмендейді.
Дене жүктемелерін азайту немесе толық тоқтату организмнің
қалпына келуіне əкеледі. Сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің
өзгерістеріне емдік дəрілік заттар қолданылады. Жəне де дұрыс
теңдестірілген тамақтану мен дəрумендерді қосымша қабылдауға
аса көңіл бөлу қажет. Жұмысқа қабілеттілікті қалпына келтірудің
биологиялық факторлары туралы 5-тарауда толығымен баяндалған.
273
ІХ ТАРАУ
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЕРЕКШЕ
ЖАҒДАЙЛАРЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ЖҰМЫСҚА
ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жылу реттелуі. Жылу балансы
«Микроклимат жəне спортшылар денсаулығы» қазіргі спорттық
медицинаның маңызды мəселелерінің бірі. Жоғары білікті спорт-
шыларды даярлауда сыртқы қоршаған орта факторларының адам
организмінің жұмыс қабілеттілігіне əсері мен биоырғақты ескеру
қажет. Мəселен, американдық ғалымдар Чикаго марафоншылары
нəтижелеріне талдау жүргізу барысында оның қоршаған орта темпе-
ратурасымен жəне уақытпен тікелей байланысты екендігі көрінген
(55-сурет). Бұл спорт түрінде сыртқы орта температурасының
өнімділік
пен
зат
алмасуға
ықпалы
термодинамикалық
құбылыстармен айтарлықтай тəуелділікте болады.
55-сурет. Чикаго марафоншылары нəтижелеріне (2001 жəне 2008 жылдар)
қоршаған орта мен уақыт көрсеткіштерінің ықпалы (Geoffroy Berthelot,
Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientifi c
American, 2013)
274
Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изотер-
мия) ішкі орта тұрақтылығы (гомеостазистің) негізгі көрсеткіштері-
нің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қанша құбылмалы болса
да төтеп береді. Қоршаған орта температурасына тəуелсіз адамның
дене температурасы тұрақты болады. Қалыпты дене температурасы
36,6°-37,0ºС, ол көптеген ферментативтік реакциялар, ұлпалардың
физика-химиялық қасиеттері (тұтқырлығы, беттік керілу, коллоидтар
ісінуі), өткізгіштік, қозу, сіңіру, бөліп шығару, т.б. физиологиялық
үдерістер үшін қолайлы болып табылады.
Жылу реттелу – қоршаған орта температурасы мен ішкі жылу
түзілу деңгейінің өзгерісі кезінде дене температурасын белгілі бір
шектеулі диапазонда ұстап тұру. Яғни жылу реттелу дегеніміз –
сыртқы температура өзгерсе де дененің ішкі, өз температурасының
қалыпты тұрақты күйінде сақталуы.
Организмнің температуралық гомеостазын қолдайтын жылу
өндіру жəне жылу берілу үдерісін термореттелу деп атайды. Тем-
пература оптимумы тыныштық күйде 37°С, қарқынды бұлшық ет
жұмысында 39°С құрайды. Гомойотермді (жылықанды) организм-
дерде физиологиялық мағынада:
1. «ядросы» (температурасы тұрақты ішкі құрылымдар, мəселен,
ми мен ішкі мүшелер);
2. оны қоршап тұратын «қабығы» деп екі бөлімді ажыратады.
Дене температурасы деп дене ядросының температурасын ұғады.
Ең қарапайым жолмен дене температурасы қолтық астынан, ауыз
қуысынан өлшенеді. Бұл жерлерде дене температурасы дене ядросы
температурасынан 0,5°С-1,5°С төмен. Адам суық суда немесе суық
ауада жалаңаш болса, оның денесінің ядро температурасы 35°С дейін
төмендеуі мүмкін. Орташа ядро температурасының төмендеуін дене
гипотермиясы деп, ал жоғарылауын дене гипертермиясы деп атайды.
Ядро температурасының тұрақтылығы дене қабықшасына тəуелді.
Қалыпты жағдайда адамның температурасы тұрақты: қолтықта ор-
таша 36,5°С-36,9°С, тік ішекте (ректалды) 37,2°С-37,5°С болады.
Ішкі мүшелердің температурасы 38°С-38,5°С-қа тең болады.
Автономды жылу реттелу ішкі жəне сыртқы орта
температурасының жоғарылауына немесе төмендеуіне белгілі бір
жауап реакцияларымен қамтамасыз етіледі жəне жылу өндіру мен
жылу шығару үдерістерін басқарудан тұрады (перифериялық жəне
вазомоторлық тонус өзгерісі, тер бөліну, термиялық тахипноэ,
275
суықтық дірілдеу). Автономды жылу реттеуші реакциялар сананың
қатысуынсыз жүзеге асырылады жəне үлкен ми сыңарларын алып
тастаған жағдайларда да бұзылмайды.
Сыртқы орта температурасы қаншама құбылмалы болса да (Жер-
де арктикалық қыс кезінде температура -50°С, кейбір шөлдерде жаз-
да +60°С-қа дейін болады) адам денесі температурасы өзгермейді.
Дене температурасының мұндай тұрақтылығы жылу пайда болуы,
оның сыртқа шығуы сияқты үдерістерге қатысатын бірқатар мүшелер
мен мүшелер жүйелері қызметінің жүйке-қан арқылы реттелуіне
байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нəзік, үйлесімді,
сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі
жылу реттеледі. Адам организмінде жылу өндіру мен оның сыртқа
шығарылуы үздіксіз жүріп отырады. Мұнда энергия үнемі қандай да
бір жұмысқа жұмсалады жəне жылу өндіру оның салдары (нақтырақ
айтқанда оны қамтамасыз ететін химиялық реакциялардың салдары)
болып табылады. Тыныштық күйде адамда жылудың 70%-ы ішкі
мүшелермен, ал 30%-ы бұлшық ет арқылы өндіріледі. Дене жұмысы
(жаттықтыру) кезінде жылу түзілу бірнеше есеге артады жəне бұл
үдерісте бұлшық ет жұмысының үлесі мол. Жылу өндіру ең бастысы
бұлшық ет жұмысы қарқындылығына байланысты.
Адамның қалыпты тіршілік əрекеті белгілі бір бірнеше гра-
дус температура диапазоны аралығында мүмкін болады. Дене
температурасының 36°С-тан
төмендеуі
жəне 40-41°С-тан
жоғарылауы қауіпті жəне организм үшін ауыр зардап тарттырады.
Көбіне, ұлпалардың тоңуы кезінде түзілген кристалдардың əсерінен
нəзік жасушалық құрылымдардың бұзылатыны байқалған. Темпе-
ратура 45°С-тан жоғары болғанда белоктар денатурациясы жүреді.
Белоктар барлық реттеуші қызметтерге аса жауапты болғандықтан
олардың құрылымдық жəне функциялық тұтастығының өмірлік
қажеттілігі зор. Температура тірі ұлпалардың метаболизміне
күшті ықпал етеді, өйткені биохимиялық реакциялар жылдамдығы
қоршаған орта температурасына байланысты жəне көбіне, ол
температураəр 10°С жоғарылаған сайын 2-3 есеге артады.
Жылу реттелу жылу түзілудің күшеюі (немесе əлсіреуі) есебінен
немесе жылу шығару қарқындылығының өзгерісімен жүзеге асыры-
лады. Организмде жылу шығару сəуле шығару, жылу өткізу, судың
булануы арқылы жүреді.
Жылу түзілуі мен оның шығарылуы арасындағы қажетті ба-
276
ланс ОЖЖ арқылы сақталады. Жəне жылу реттелу үдерісінде
ОЖЖ бақылауында болатын эндокриндік жүйе үлкен рөл атқарады.
Мысалы, қалқанша безі гормондары зат алмасу қарқындылығын
жоғарылатады, сəйкесінше, жылу түзілуді күшейтеді, ал бүйрек үсті
безі гормондары тотығу үдерістерін күшейтеді, тері тамырларын та-
рылтады, жылу шығаруды төмендетеді.
Дене температурасы сыртқы орта жағдайымен қатар оның дене
белсенділігі күйіне де байланысты. Тыныштық күйде дене темпе-
ратурасы 37°С жуық болады, дегенмен тəулік барысында (ұйқы
кезінде барынша төмендейді) өзгереді. Бұлшық ет жұмысы кезінде
жылу өндірудің күшеюі салдарынан дене температурасы бірнеше
градусқа жоғарылайды.
Температура дененің барлық бөлімінде бірдей емес жəне ішкі
температураның таратылуы түрлі ұлпалардың күрделі қызметі бо-
лып табылады, қан айналымы нəтижесінде жылудың тасымалдануы
жəне жергілікті температуралық градиенттерге байланысты. Егер
бұлшық ет жұмысын есептемесе, метаболизмдік жылу өндірудің
көп бөлігі ішкі мүшелерде, сонымен қатар мида жүреді. Дененің
терең аймақтарында түзілген жылу немесе ішкі жылу дененің
беткейіне өтуге тиіс. Перифериялық (шеткі) температура дененің
терең аймақтарынан тасымалданған жылумен жəне ауа температура-
сымен анықталады. Сəйкесінше, дене ішкі, салыстырмалы тұрақты
температураға жəне организмнің энергиялық балансына байланы-
сты өте құбылмалы қабықшадан тұратын оқшаулайтын қабатқа ие
деп есептеуге болады. Суық ортада периферияға қан келуі баяулай-
ды жəне бұл перифериялық температураның төмендеуін тудырады.
Қоршаған ортаның жоғары температурасы кезінде жылу шығару
қиындайды жəне ішкі температура дененің барлығына дерлік
бөлімдеріне таратылуы мүмкін.
Қалыпта (яғни тепе-теңдік жағдайында) организмде өндірілген
жылу қоршаған кеңістікке дене беткейімен беріледі.
Аяқ-қолда бойлай тігінен (осьтік) температуралық градиент, со-
нымен қатар радиалды (перпендикулярлық беткей) температуралық
градиент болады. Дененің геометриялық формасының дұрыс
еместігіне орай дене температурасының кеңістіктік таратылуы
күрделі үш өлшемді қызметпен сипатталады. Мысалы, жеңіл
киінген ересек адам ауа температурасы 20°С мекен жайда болғанда
санның терең бұлшық ет бөлімінің температурасы 35°С-қа, бал-
277
тыр бұлшық ет терең қабаттары 33°С, табан орталығында тек 27-
28°С-қа жетсе, ал ректалды температура шамамен, 37°С-қа тең
(H. Hensel et al., 1973). Өзгермелі сыртқы орта жағдайларына дене
температурасының өзгерістері айтарлықтай жоғары дəрежеде дене
беткейіне жақын жерлерде жəне аяқ, қол басында (акралды зоналар-
да) көрінеді.
56-суретте көрсетілген изотермалар қоршаған ортаның төмен
жəне жоғары температура жағдайларындағы адам денесіндегі
температуралық градиенттерді сипаттайды.
Ішкі дене температурасының өзі тұрақты болып табылмай-
ды. Тіпті, термобейтарап жағдайларда ішкі аймақтарда темпера-
тура айырмашылығы 0,2-1,2°С, мида орталықтан сыртқы бөлімге
дейін 1°С-тан жоғары радиалды температуралық градиент бо-
лады. Неғұрлым жоғары температура тік ішекте байқалады (H.
Hensel, 1981). Адам денесіндегі əртүрлі мүшелер мен олардың жеке
бөліктерінің температурасы зат алмасу деңгейіне байланысты да
өзгереді. Мысалы, бауырда 37,8-38°С, тері сыртында 29,5-33,9°С,
қолтықта 36,0-36,9°С.
56-сурет. Дене температурасы тұрақтылығына əкелетін жылудың келуі
мен шығарылуын күшейтетін факторлар арасындағы тепе-теңдік. Егер
бұл тепе-теңдік болмаса, дене температурасы өзгереді (В. М. Смирнов
бойынша)
278
Жылу балансы. Дене температурасы тұрақты болу үшін
жылу шығару сыртқы ортадан немесе метаболизмдік жылу
өндіру нəтижесінде келетін мөлшерге тең болу қажет. Егер
жылудың берілуіне қарағанда келуі көп болса, жылу жинақталып
температураның жоғарылауын, яғни гипертермияны тудырады.
Гипертермия – термобейтарап жағдайда тыныштық күй үшін ор-
таша түрлік арнайы қалыптан (нормадан) бір стандарттық ауытқудан
асатын дене температурасының жоғарылауымен жүретін жылу
шығарудың жеткіліксіздігі есебінен организмде жылудың аккуму-
ляциялануы (шоғырлануы). Дене жұмысы кезіндегі жылу өндірудің
жоғарылауы жұмыс гипертермиясы дами отырып, жылу реттелудің
қайта құрылуымен қатар жүреді.
Жылу сыртқы орта жағдайларына байланысты сəуле шығару,
жылу өткізгіштік жəне конвекция жолдарымен берілуі жəне
шығарылуы мүмкін. Жылу əрқашан организмде жүретін химиялық
реакциялардың жанама (қосымша) өнімі ретінде түзіледі.
Температурасы абсолюттік нөлден (-27°С) жоғары барлық заттар
энергияны сəулелену жолымен шағылыстырады (сейілдіреді) неме-
се қайтарады. Сəуле шығару электрлік магниттік тоқындар түрінде
жүреді. Жылу шығарудың радиациялық жолы жылудың инфрақызыл
сəулелерін қызған дененің бетімен жан-жаққа сейілдіру арқылы
тіршілікке бірден-бір қолайлы (қажетті) температураға (18-20°С)
сəйкес бөлінетін жылудың 66%-ы сыртқа шығады.
Беткейдің сəуле шығару қабілеті сəуле шығарушы ретінде оның
қасиеттерімен байланысты. Сəулелік энергияны сіңіретін жəне
мүлдем шағылыстырмайтын беткей 1-ге тең болатын максималды
сəуле шығару қабілеттілігіне ие. Егер беткей барлық сəулелік энер-
гияны шағылыстырса, оның сəуле шығару қабілеттілігі 0-ге тең бо-
лады.
Көбіне, заттар толығымен бір ұзындықтағы толқындарды
сіңіреді жəне сонымен қатар басқа ұзындықтағы толқындарды күшті
шағылыстырады. Мəселен, адамның ақ түсті терісі сияқты пигментті
терісі де күннің барлығына дерлік инфрақызыл сəулелерін сіңіреді.
Бір заттан екіншісіне олардың беткейлерінің жанасуы кезінде
жылудың көшуі жылу өткізгіштік деп аталады. Денеге тиген
заттарға жылу беруде жылу неғұрлым жылы заттан неғұрлым суық
затқа жылу градиенті бойынша орын ауыстырады. «Жылы» немесе
279
«суық» затқа жанасуды сезіну жылудың өту жолымен оның қозғалыс
бағытымен байланысты.
Жақсы өткізгіштерге күміс, мыс сияқты металдар, ал нашар
өткізгіштерге газдар жатады. Биологиялық ұлпалар мөлшермен су
сияқты изолятор болады, май бұл жағынан алғанда бұлшық ет неме-
се сүйек ұлпаларынан 2 есеге тиімдірек келеді. Май қабаты болмаса,
тері температурасы ішкі дене температурасына (37°С) жуық жəне
жылу жоғалу 10 есеге көп болушы еді.
Сұйық жəне газ тəрізді ортамен қоршалған заттан жылудың та-
сымалдануы конвекция арқылы жүреді. Жылу ағымы неғұрлым жы-
лыдан неғұрлым суық учаскелерге қарай жүреді. Егер ауа темпера-
турасы дене температурасынан жоғары болса, жылу денеге беріледі.
Бұл жолмен пайда болатын барлық жылудың 15%-ы кетеді.
Егер денені қоршаған ауа қозғалыссыз болған жағдайда теріден
шыққан жылы ауа қоршаған ауаға өтіп, молекула сияқты энергияны
да тасымалдайды. Мұндай үдеріс бос конвекция деп аталады.
Егер қоршаған ауа қозғалыста болса, онда мұндай үдеріс мəжбүр
конвекция деп аталады. Күшті жел кезінде ауа суығырақ болып
сезіледі.
Дене беткейінен судың булануы кезінде ол сұйықтықтың газ
тəрізді күйге көшуге энергия жұмсауы салдарынан салқындайды.
Тері мен өкпе арқылы жылу шығару жолымен сыртқы жылудың
(бу арқылы шығатын жасырын жылудың) 19%-ы шығады. Буланған
судың (тердің) əр граммына мөлшермен 0,59 Вт/сағ. кетеді (1 мл
суды буға айналдыру үшін 0,53 ккал жылу жұмсалады). Қоршаған
ортаның кез келген жағдайында су дене беткейінен толассыз була-
нады жəне жылу шығарудың маңызды механизмін құрайды. Судың
жоғалу көлемі қоршаған орта факторларына, əсіресе, ауа температу-
расы мен ылғалдылығына байланысты.
Егер ауа су буымен қаныққан болса (100% салыстырмалы
ылғалдылық), тері беткейінен булану болмайды. Буланудың жоғары
ауа температурасы кезінде аса үлкен мəні бар. Өйткені дене темпе-
ратурасына (немесе дəлірек тері температурасына) тең ауа темпе-
ратурасы кезінде жылу шығарудың кəдімгі механизмдерінің (сəуле
шығару, жылу өткізгіштік, конвекция) ешқайсысы қызмет етпейді.
280
Ауа температурасы мен ылғалдылығының спорттық жұмысқа
қабілеттілікке ықпалы
Ұзақ уақыт (мысалы, марафондық жүгіру) жəне күш салу-
ды қажет ететін спорттық жүктемелер кезінде жұмыс атқаратын
бұлшық еттердегі жылу өндіру негізгі алмасу жылу өндірілуінен
15-20 есе асады. Бұлшық еттердегі барлық түзілген жылу алдымен
қанға беріліп, қан арқылы дене температурасын 39-40°С жəне одан
да жоғарылата отырып (жұмыс гипертермиясы), дене ядросына та-
сымалданады. Мұндай жағдайларда организмнің жылу реттелуі
жылу шығарудың күшеюіне бағытталған, яғни дене беткейіндегі
жылудың артығы тері тамырлары торларында қан айналуды күшейту
жолымен тасымалданады. Одан жылу ең бастысы тердің булануы
есебінен қоршаған ортаға беріледі.
Қоршаған ауаның жоғары температурасы мен ылғалдылығы
дененің қызып кету қатерін тудыра отырып, жылу шығаруды елеулі
қиындатады. Неғұрлым сыртқы температура жоғары болған сайын,
соғұрлым дене температурасы көп көтеріледі. Ыстық жəне ылғалды
күндері марафоншының дене температурасы 41°С-қа жетуі мүмкін.
Тер булануының күшеюі дененің су балансының бұзылуына,
яғни дегидратацияға əкеледі. Соның салдарынан жүрек-тамыр
жүйесіне көп күш түседі. Сондықтан мұндай жағдайларда спорттық
жұмыс қабілеттілік төмендейді жəне организмнің қызып кетуі –
жылылық соққы қаупі туындайды.
Жоғары ауаның температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
спорттық жұмыс қабілеттіліктің төмендеуін:
1) Дененің қызып кетуі;
2) Жылдам дегидратация;
3) Жүрек-тамыр жүйесінің оттегі тасымалдау мүмкіндігінің
төмендеуі сияқты үш негізгі факторлар анықтайды.
Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
жылу шығарудың физикалық механизмдері
Тыныштық күйде жəне бұлшық ет əрекеті кезінде де қоршаған
ортаға денеден жылу шығарудың түрлі жолдарының маңызы бірдей
емес жəне сыртқы ортаның физикалық факторларына байланысты
өзгеріп отырады.
281
Тыныштық күйде сыртқы температураның қолайлы темпера-
турадан жоғарылауы (18°С жуық) кезінде жылу өткізу конвекция
арқылы күшейеді. Тек ауа температурасы 30°С-тан асқанда, яғни
тері температурасына жуықтағанда жылу шығару жылудың булану
жолы арқылы күшейе бастайды. Ыстық күндері қоршаған ауа мен
тері арасында температура айырмасы аз болғандықтан жылудың
конвекциямен жоғалуы минимальді болады. Сыртқы температу-
ра дене температурасынан асқанда (33°С жуық) жылу алмасудың
бағытталуы қарама-қарсы жағдайға ауысады жəне дененің беткей
орналасқан ұлпалары жылуды қоршаған ортадан алады. Күн радиа-
циясы организмге қосымша термиялық күш түсіреді.
Жұмыс күйінде жылу шығарудың негізгі жолы тері беткейінен
тердің булануы болып табылады. Сыртқы температураның
жоғарылау мөлшері бойынша бұл механизмдердің рөлі арта түседі.
Тердің булану жылдамдығы тер түзілу жылдамдығымен жəне
қоршаған орта факторларының арасында ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы ең маңызды болатын кейбір физикалық сипаттамалар-
мен анықталады. Тердің булану жылдамдығы тері ылғалдылығы (Рт)
мен атмосфералық ауа ылғалдылығы (Ра) арасындағы айырмасына
байланысты. Тер түзілу жылдамдығының артуы Рт жоғарылауын ту-
дырады жəне осылайша аталмыш сыртқы жағдай кезінде тердің бу-
лануын жылдамдатады. Жоғары ауа ылғалдылығы кезінде тері мен
ауа арасындағы ылғалдылық градиенті (Рт-Ра) азаяды жəне тердің
булануы баяулайды. Қоршаған ауадағы су буының қысымы 40 мм
сынап бағанасына жоғарылағанда тері беткейінен тердің булануы
нөлге тең. Сондықтан тіпті, ауаның жоғары температурасы, бірақ
оның оның салыстырмалы ылғалдылығы аз кезде спортшы ауаның
төмен температурасы мен жоғары ылғалдылығы кезіндегідей
қиындықты сезінбейді. Субмаксималды аэробтық жүктеме кезінде
жылу шығарудың 5%-ға жуығы ауа тасымалдау жолдарында судың
булануы есебінен жүреді. Қоршаған ортаның ылғалдылығының
жоғарылауы кезінде жылу шығарудың бұл механизмі де əлсірейді.
Сайып келгенде, қоршаған ортаның жоғары температура-
сы ауа мен тері арасындағы, сонымен бірге тері мен дене ядрола-
ры арасындағы температуралық градиентті азайтады. Бұл жылу
шығарудың қиындауына əкеледі. Аталмыш қиындықтарнеғұрлым
сыртқы температура тері температурасына жуық болған сайын
соғұрлым көп болады. Қоршаған ауаның жоғары ылғалдылығы бу-
282
лану жолымен жылудың жоғалуына кедергі келтіреді. Ұзақ уақыт
жəне күш сала орындалатын спорттық əрекеттер кезінде ауа тем-
пературасы мен ылғалдылығының бір мезгілде жоғарылауы дене
температурасының шектен тыс жоғарылауына əкеледі.
Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
жылу шығару күшеюінің физиологиялық механизмдері
Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында жылу
шығарудың күшеюі екі негізгі физиологиялық механизмдермен: тер
бездерін сумен қамтылуын қамтамасыз ететін дене беткейіне ішкі
жылудың көшірілуін арттыратын тері қан айналымының күшеюімен
жəне тер түзілудің күшеюімен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |