Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


Спортшылардың стандартты жəне шекті жүктемелер кезіндегі



Pdf көрінісі
бет24/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47

Спортшылардың стандартты жəне шекті жүктемелер кезіндегі 

функциялық дайындығын тестілеу

Спортшылардың  функциялық  дайындығы  туралы  тыныштық 

күйдегі көрсеткіштерді есепке алған сияқты жұмыс кезіндегі түрлі 

қызметтердің  өзгерістері  бойынша  да  бағалайды.  Тестілеу  үшін 

стандартты жəне шекті жүктемелер қолданылады, мұнда стандарт-

ты жүктемелер ретінде зерттелушінің жасына жəне шыныққандық 

дəрежесіне  тəуелсіз  барлық  тұлғалар  үшін  қолжетімді  жүктемелер 

таңдап  алынады.  Ал  шекті  жүктемелер  адамның  жеке  дара 

мүмкіндіктеріне байланысты келеді. 

Стандартты  жəне  шекті  жүктемелерге  спортшылар 

организмі реакциясының принциптік ерекшеліктері

Стандартты  жəне  шекті  жүктемелер  кезіндегі  шыныққан 

жəне  шынықпаған  тұлғалардағы  физиологиялық  көрсеткіштер 

өзгерістеріне  принциптік  айырмашылықтар  тəн.  Стандарт-

ты  жүктемелер  кезінде  жұмыстың  қуаттылығы  мен  ұзақтығы 

регламенттеледі.  Велоэргометрде  педаль  айналдыру  жиілігі  жəне 

меңгерілетін  кедергі  шамасы,  степ-тест  кезіндегі  басқыш  биіктігі 

мен шығу темпі, сынама арасындағы интервал мен жұмыс ұзақтығы 

жəне т.б. тапсырмалар барлық зерттелушілер үшін бірдей беріледі. 

Бұл  жағдайларда  неғұрлым  дайындығы  жоғары  адам  жетілген 

қозғалыс  координациясы  есебінен  үнемді  жұмыс  атқара  отырып, 

энергия аз жұмсайды жəне вегетативті қызметтері мен қозғалыс ап-

параты күйі азырақ өзгерістерге ұшырайды.  

Шекті  жүктемелерді  орындау  кезінде  жаттықпаған  адамға 

қарағанда  шыныққан  спортшы  көп  қуаттылықпен  жұмыс  істейді, 

көрінеу  үлкен  жұмыс  көлемін  орындайды.  Жеке  физиологиялық 

үдерістердің  үнемділігі  мен  тыныс  алу,  қан  айналудың  жоғары 

тиімділігіне  қарамастан  спортшының  шыныққан  организмі  шекті 

жұмыс орындау үшін аса көп энерия жұмсайды жəне жаттықпаған 


263

адам  үшін  мүлдем  мүмкін  болмайтын  моторлық  пен  вегетативтік 

қызметтердің айтарлықтай өзгерістері орын алады. 

Жұмыс кезіндегі функциялық дайындықты тестілеу

Спортшылардың функциялық дайындығын тестілеудің келесідей 

түрлері болады:

1)  Жалпы,  мамандандырылмаған  тестілеу – түрлі  функциялық 

сынамалар, велоэргометрлік тестілер, степ-тест;

2)  Таңдаулы  спорт  түрі  жаттығуларына  барабар,  мамандан-



дырылған  тестілеу – берілген  жылдамдықта  немесе  уақытта 

белгілі бір арақашықтықты жүгіріп өту немесе жүзіп өту, берілген 

статикалық күш салуды қажетті уақыт бойы ұстап тұру жəне т.б. 

Стандартты жұмыс кезінде шыныққан организмді шынықпаған 

адамнан:

1) Неғұрлым тезірек бабына келу;

2) Организмнің түрлі қызметтері өзгерістерінің аз деңгейі;

3) Жақсы көрінетін тұрақты күй;

4) Жүктемеден кейін тезірек қалпына келу сияқты ерекшеліктері 

ажыратады. 

Динамикалық  жұмыс  кезінде  шыныққан  спортшыда  минуттық 

тыныс  көлемінің  жоғарылауы  тыныс  тереңдігі  (көлемі)  артуы 

есебінен,  ал  минуттық  қан  көлемінің  өсуі  систолалық  қан  көлемі 

(екпінді мөлшер) артуы есебінен жүзеге асады. Шынықпаған адам-

дарда  аталмыш  көрсеткіштердің  өсуі  жиілік  көрсеткіштер,  яғни 

тыныс  жиілігі  мен  жүректің  жиырылу  жиілігі  (ЖЖЖ)  есебінен 

қамтамасыз етіледі. 

Статикалық  жұмыстарды  орындауға  бейімделген  спортшылар-

да  статикалық  күш  салу  феномені    азырақ  байқалады,  яғни  басқа 

тұлғаларға  қарағанда  жүктеме  кезінде  тыныс  алу  мен  қан  айна-

лу  қызметтерінің  азырақ  бəсеңдеуі  жəне  олардың  жұмыстан  кейін 

азырақ өсуі орын алады.  

Ең көп тараған стандартты тестілер ЖЖЖ=170 екп/мин. кезінде 

жұмыс  қуаттылығы  кезіндегі PWС

170 

көрсеткіші  бойынша  дене 



жұмыс  қабілеттілігін  анықтау  тесті  жəне  жүктемеден  кейін  ЖЖЖ 

қалпына  келу  жылдамдығы  бойынша  бағаланатын  Гарвард  степ-

тест индексін (ГСТИ) анықтау болып табылады. PWС

170 


көрсеткіші 

спортпен шұғылданбайтын тұлғаларда 1060 құраса, жылдамдықты-

күштік  спорт  түрлерімен  шұғылданатын  спортшыларда 1255, ал 

төзімділікке  жаттығатын  спортшыларда 1500 кгм*мин

-1

  жəне  одан 



жоғары болады. 

264

Қандай да бір арнайы құрал-жабдықтарды қажет етпей-ақ орын-

далатын келесідей қарапайым функциялық сынамалар спортшының 

күйі  жайында  пайдалы  ақпараттар  бере  алды: 20 рет  жүрелеп 

отырып-тұру, орнында тұрып 15 сек. максималды темпте жүгіру, бір 

орында 2 немесе 5 минуттық жүгіру жəне т.б. 20 рет отырып-тұру 

арқылы орындалатын функциялық сынамалардан кейін ЖЖЖ 2 ми-

нут ішінде қалпына келуі керек. Бір орында орындалатын 2 минуттық 

жүгіру сынамасынан кейін пульстің қалпына келуі 5 минутқа дейін 

созылады. 

Функциялық  сынамалардан  кейін  қалпына  келу  кезеңіне  тал-

дау  жүргізудің  маңызы  зор.  Қалпына  келу  кезеңі  ең  алдымен, 

жүктеме  қарқындылығына,  оны  орындау  кезіндегі  зерттелушінің 

белсенділігіне жəне жүрек-тамыр жүйесінің қызметтік күйіне бай-

ланысты екендігі белгілі. Неғұрлым ЖЖЖ бастапқы мəніне тез кел-

се,  соғұрлым  жүрек-тамыр  жүйесінің  функциялық  күйінің  жоғары 

екендігін  көрсетеді. 20 рет  отырып-тұру  арқылы  орындалатын 

функциялық  сынамаға  қалыпты  реакция  кезінде  ЖЖЖ  бастапқы 

көрсеткіштен 60-80%-ға  артады,  ал 2 минуттық  жүгіруден  кейін 

100%-дан аса жоғарылай қоймайды. Бұл цифрлардан ЖЖЖ мəнінің 

жоғары  болуы  жүректің  функциялық  қабілетінің  нашарлауын 

көрсетеді. 

Бастапқы  мəндермен  салыстырғанда 20 рет  отырып-тұрғаннан 

кейін пульстік қысым (егер систолалық қан қысымы 120, диастола-

лық  қан  қысымы 80 болса,  пульстік  қысым  олардың  айырмасы-

на, яғни 40-қа тең) 80-100%-дан, 3 минуттық жүгіруден кейін 100-

120%-дан артпауы қажет. Пульстік қысымның арту пайызы пульстің 

жиілеу пайызынан айтарлықтай қалыс қалмауы тиіс. 

Жоғарыдағы  сынамаларды  жекелей  немесе  біріктіре  (комби-

нациялы)  орындауға  да  болады.  Дене  жүктемесімен  комбинация-

лы  сынаманың  ең  типтік  үлгісі  кең  танымал  Летунов  сынамасы 

болып  табылады.  Бұл  сынамаға 20 рет  отырып-тұру,  содан  соң 15 

сек. максималды темпте жүгіру, ал одан кейін минутына 180 қадам 

жылдамдықпен 3 минуттық  жүгіру  кіреді.  Мұнда 20 рет  отырып-

тұру бой жазу ретінде болса, 15 сек. жүгіру шапшаңдық сапасын, 3 

минуттық жүгіру төзімділік сапасын анықтайды. 

Ортоклиностатикалық 

сынамалар 

ортостатикалық 

жəне 


клиностатикалық əдістерден тұрады.

Ортостатикалық  сынама  (Превел  ортостатикалық  рефлексі) 

265

келесідей  орындалады:  Зерттелуші  кушеткада 5 мин.  бойы  жата-

ды,  жатысымен 15 сек-та  ЖЖЖ  саналады,  зерттелуші  тұрған  соң 

ЖЖЖ  тағы  да  есептеледі.  Вертикалды  қалыпқа  ауысқаннан  кейін 

пульстің  жиілеуі  нормада  орта  есеппен, 1 минутта 6-18 екпінге 

дейін  болатындығы  белгілі. (Кейбір  əдістемелерде  норма  бойын-

ша  ЖЖЖ-нің 1 минутта 10-12 екпінге  жиілеуі  тəн). 1 минутта 

пульстің 18 екпінге    дейін  жиілеуі – қанағаттанарлық  реакция,  ал 

оның 1 минутта 20 екпіннен  асып  кетуі – қанағаттанарлықсыз  ре-

акция  болып  табылады.  Пульстің  мұндай  жиілеуі  жүрек-тамыр 

жүйесі қызметінің жүйкелік реттелуінің жеткіліксіздігін көрсетеді. 

Сонымен,  егер  спортшының  жаттықтырылу  дəрежесі  жоғары  бол-

са,  ортостатикалық  əсерлер  пульстің  айтарлықтай  өзгерістерін  ту-

дырмайды.  Сонымен  қатар  оның  көп  мəнге  артуы  организмдегі 

функциялық  ауытқулардың  болуын  дəлелдейді.  Пульстің 24 екп/

мин.-тан  аса  жиілеуі  симпатикалық  жүйке  жүйесі  тонусының,  ал 

оның 6 екп/мин.-тан  төмен  болуы  парасимпатикалық  тонустың 

басымдығын дəлелдейді. 

Клиностатикалық  сынама  (Даниелопол  клиностатикалық 

рефлексі) тұрған күйден жатқан күйге ауысқан кезде ЖЖЖ анықтау 

арқылы жүргізіледі. Қалыпты жағдайда пульстің 1 минутта 4-12 (20-

ға дейінгі) екпінге баяулауы байқалады. Пульстің баяулауының айқын 

байқалуы (6 екп/мин.-тан  көп  болуы)  вегетативтік  жүйке  жүйесі 

парасимпатикалық тонусының жоғарылауын, ал мүлдем реакцияның 

болмауы  немесе  керісінше  пульстің  жиілеуі  симпатикалық  жүйке 

жүйесі  тонусының  басымдығын  көрсетеді  (вегетативтік  тонусты 

Кердо  индексі  арқылы  анықтау  7-тарауда  көрсетілген).  Неғұрлым 

спортшының  жаттықтырылу  дəрежесі  жоғары  болса,  соғұрлым 

ортоклиностатикалық сынама кезінде ЖЖЖ айырмашылығы аз бо-

лады.  Пульстің  көп  мəнге  баяулауы  шынығудың  төмен  дəрежесін 

көрсетеді.  Бұл  екі  сынаманы  таңертең  ояна  салысымен  жүргізу 

ұсынылады. 



Ашнердің көз-жүрек сынамасы. Зерттеуді арқамен жатқан күйде 

жүргізеді. Зерттелушіден көзін жұму сұралады, содан соң бас бармақ 

пен сұқ саусақ арқылы екі көз алмасын қатар 20-30 сек. бойы жайлап 

басқаннан кейін дереу пульс жиілігін санайды. Қалыпты жағдайда 

ол минутына 10 екпіннен жоғары баяуламайды. 

Кеудені еңкейту арқылы сынама жүргізу зерттелуші тік тұрған 

кезде  жүргізіледі.  Зерттелушіден  алға  басын  түсіріп, 5 сек.  еңкею 



266

сұралады.  Одан  соң  бет  жүзінің  түсі  (вазомоторлық  реакция) 

бақыланып,  пульс  жиілігі  саналады.  Қалыпты  жағдайда  бет  түсі 

айтарлықтай  өзгермейді,  ал  пульс  минутына 20 екпіннен  жоғары 

жиілемейді. 

Тынысты  кідірту  арқылы  сынама.  Зерттелуші  терең  емес  ты-

ныс алады да, 20 сек. тыныс алуды кідіре тұрады. Содан соң дереу 

пульс жиілігі мен артериялық қан қысымы өлшенеді. Қалыпта (нор-

мада)  пульс  минутына 20 екпіннен  асып  жиілемейді,  систолалық 

қан  қысымы 20 мм  сынап  бағанасынан  жоғары  көтерілмейді,  ал 

диастолалық  қан  қысымы  не  жоғарылауы,  не  төмендеуі  ықтимал. 

Алайда, оның өзгерісі 10 мм сынап бағанасынан аспайды. 

Тыныс  алу  мен  жүрек-тамыр  жүйесі  мүшелерінің  қызметтік 

күйін тыныс алғанда (Штанге сынамасы) жəне тыныс шығарғанда 

(Генч  сынамасы)  демді  кідірту  арқылы  орындалатын  гипоксиялық 

сынамалар көмегімен де анықтауға болады. 

Штанге  сынамасы  зерттелуші  отырған  қалыпта  жүргізіледі. 

Қалыпты  тыныстағаннан  соң  терең  (максималдыдан 85-95%) дем  

алу  кезінде  ауызды  жабу,  мұрынды  саусақтармен  қысу  арқылы 

дем  алу  тоқтатылады.  Тынысты  тоқтатқан  уақытты  секундомер-

мен  өлшейді.  Нормада  дем  алғанда  тынысты  кідіру  əйел  адамдар-

да 35-45 сек. (спортшы əйелдерде 45-55 сек. жəне одан көп), ерлер-

де 50-60 сек. (спортшы ер адамдарда 65-75 сек. жəне одан жоғары), 

Жаттыққан  спортшылар  демін  бірнеше  минутқа  дейін  ұстап  тұра 

алады. Жүрек-тамыр жүйесінде ауытқулар болған жағдайларда ты-

нысты тоқтату ұзақтығы 50%-ға төмендейді. Штанге сынамасы бой-

ынша тынысты кідіру уақыты жасқа байланысты əртүрлі мəнге ие: 

6-7 жаста – 16-26, 8-9 жаста – 32-34, 10-10 жаста – 37-39, 12-13 жаста 

42-45 сек. 

Генч  сынамасы  максималды  дем  шығарғаннан  кейін  тынысты 

кідіру уақыты тіркеу арқылы іске асырылады. Зерттелуші терең дем 

алып, одан соң максималды дем шығарады. Ауыз, мұрын жабылып, 

тынысты  тоқтатады.  Тыныс  алу  мен  тыныс  шығару  арасындағы 

демді кідіру уақыты тіркеледі. Қалыпта Генч сынамасы мəні дені сау 

ерлер мен əйелдерде 20-40 сек., ал спортшыларда 40-60 сек.-қа тең.



Динамикалық  спирометрия – дене  жүктемелері  ықпалынан 

өкпенің  тіршілік  сыйымдылығы  (ӨТС)  өзгерістерін  анықтау. 

Зерттелушінің тыныштық күйде ӨТС өлшенген соң, оған орнында 

тұрып санды 70-80°-қа көтере, минутына 180 адым қарқынмен 2 ми-

нут бойы жүгіру ұсынылады. Жүгіргеннен кейін ӨТС тағы өлшенеді. 


267

Сыртқы  тыныс  алу  мен  қан  айналым  жүйесінің  функциялық  күйі 

мен олардың жүктемеге бейімделуіне байланысты ӨТС төмендеуі, 

ұлғаюы немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін. Егер жүктемеге дейінгі мен 

кейінгі  арасындағы  мəннің  айырмашылығы 200 мл-ден  көп  болса 

ғана, ӨТС-ның нақтылы өзгерістері туралы сөз қозғауға болады. 



Розенталь сынамасы ӨТС-н 15 секундтық интервал арқылы бес 

рет өлшей отыра жүргізіледі. Сынама нəтижелері тыныс алу бұлшық 

еттерінде қажу жүретін немесе жүрмейтіндігін анықтауға жəне егер 

ол орын ала қалған жағдайда, оның дəрежесін бағалауға мүмкіндік 

береді. Ал бұл басқа да қаңқа бұлшық еттері қажуын дəлелдейді. Ро-

зенталь сынамасы нəтижелері:

– 1-ден 5-өлшегенге дейін ӨТС жоғарылауы – «өте жақсы»;

– ӨТС-ның өзгеріссіз қалуы – «жақсы»;

– ӨТС мəні 300 мл-ге дейін төмендеуі – «қанағаттанарлық»;

ӨТС-ның төмендеуі 300 мл-ден асып кетуі – «қанағаттанарлық-

сыз» деп бағаланады.  

Рюффье  индексін  анықтау  кезінде 30 секундта  ерлер 30 

отырып-тұру,  ал  əйел  адамдар 24 рет  орындайды.  Сынама       

ИР=(Р

1



2

3



-200)/10  формуласы  бойынша  бағаланады. (Пульс 

30  секунд  ішінде  саналып,  екіге  көбейту  арқылы  анықталады). 

Мұндағы,  Р

1

–  тыныштық  күйдегі,  Р



2

 – жүктемеден  соң  бірден 

өлшенген,  Р

3

 – жүктемеден 1 мин.  кейінгі  жүректің  жиырылу 



жиілігі. Егер мəн теріс болса (нөлден төмен) қан айналу жүйесінің 

қызметі «өте жақсы», 0-ден 5-ке дейін – «жақсы», 6-дан 10-ға дейін 

«қанағаттанарлық», 11-ден 15-ке  дейін  «əлсіз»,  ал 15-тен  жоғары 

болса «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланады. 



Суықтық  сынама  жүргізгенде  зерттелушінің  қолын  (құбыр 

астына)  суық  суға  салады.  Сол  мезгілде  екінші  қолда  артериялық 

қан  қысымы  өлшенеді.  Қан  қысымы  одан  соң 1, 2, 3, 5-минуттар-

да анықталады. Нормада систолалық қан қысымы 15-25 мм сынап 

бағанасына  жоғарылауы  тиіс.  Ал  симпатикотония  кезінде  артерия-

лық қан қысымы 25 мм сынап бағанасынан көп болады.



Қарашық  рефлексі  оның  жарыққа,  конвергенция,  аккомода-

ция,  ауырсынуға  реакциясына  жүргізілетін  тестілер  көмегімен 

зерттеледі.  Дені  сау  адамның  қарашығы  диаметрі 3-3,5 мм,  дұрыс 

домалақ  пішінді.  Қалыпта  қарашықтардың  диаметрлері  бірдей  бо-

лады.  Зерттеу  жүргізуші  зерттелушілерде  «көзді  жұму»  дыбыстық 

сигналына  қарашықтың  ешқандай  кеңеюі  болмайтынын  анықтап 



268

алады. Кейін бір көзді жұмғанда жабылмаған көздің қарашығының 

өзгеруін бақылайды. Əрі қарай «көзді жұму» дыбыстық сигналына 

шартты қарашық рефлексін 5-6 рет қайталатып бекітеді.

Шекті жүктемелерді орындау кезінде спортшылардың жұмысқа 

қабілеттіліктері  тікелей  көрсеткіштер – орындалған  жұмыстың 

мөлшері  мен  қуаттылығы  бойынша  жəне  жанама  көрсеткіштер – 

организмдегі функциялық өзгерістер мөлшері бойынша бағаланады. 

Қызметтік қорлардың неғұрлым кең диапазонына ие жаттыққан 

спортшыларда  жаттықпаған  тұлғалар  қол  жеткізе  алмайтын 

функциялық  көрсеткіштердің  айтарлықтай  дəрежеде  артуы 

байқалады.  

Шыныққан  спортшылардың  орталық  жүйке  жүйесі  қызметі 

ақпаратты  қабылдау  мен  қайта  өңдеудің  жоғары  жылдамдығымен, 

тосқауылдарға  жақсы  тұрақтылығымен,  организмнің  функциялық 

резервтерінің  мобилденуінің  жоғары  қабілеттілігімен  сипаттала-

ды.  Оларда  қажуды  өз  еріктерімен  жеңудің  мүмкіндігі,  эмоциялық 

стрестерге  қарсы  тұру  қабілеттері  аса  жоғары  болады.  Бұған,  бір 

жағынан,  мида  қалыптасқан  қуатты  жұмыс  доминанталары,  ал 

екінші  жағынан,  нейропептидтер  мен  гормондардың  көп  мөлшері 

ықпал  жасайды.  Мысалы,  жаттыққан  спортшыларда  спортпен 

жаттықпаған  адамдардан  жарыс  кезеңінде  адреналиннің  тəуліктік 

мөлшері 150 есе асып түсуі ықтимал. 

Энергия  жұмсау  өте  жоғары  болады:  жеке  энергия    шығыны 

максималды  қуаттылықты  жұмыс  кезінде 4 ккал*с

-1

  жəне  жал-



пы  энергиялық  шығын  қалыпты  қуаттылықты  жұмыс  кезінде 2-3 

мың  ккал  жəне  одан  жоғары  болады. (Жалпы  энергиялық  шығын 

– жаттығудың барлығын тұтасымен орындау кезінде шығындалған 

энергия мөлшері).

Аэробтық  мүмкіндіктерді  сипаттайтын  ОМП  мөлшері  ай-

тулы  спортшыларда  (шаңғышы,  жүзгіштер,  ескек  есушілерде) 

абсолютті ОМП үшін 6 жəне тіпті, 7 (л О

2

/мин) жəне салыстырма-



лы ОМП үшін 85-90 (мл О

2

/кг·мин) жетеді. Мұндай ОМП мөлшері 



спортшыда  қозғалудың  айтарлықтай  қуаттылығын  дамытуға  жəне 

жоғары  спорттық  нəтижелер  көрсетуіне  мүмкіндік  береді.  Барлық 

арақашықтықта  оттегіні  жалпы  пайдалану  мөлшері  де  аса  көп. 

Шыныққандықтың  маңызды  көрсеткіші  стайер-спортшылардың 

қандағы глюкоза мөлшерінің дереу төмендеуі кезінде жұмысты əрі 

қарай жалғастыра алу қабілеті болып табылады. 



269

Субмаксималды  қуаттылықты  жаттығулармен  шұғылданатын 

жоғары білікті спортшылар анаэробты мүмкіндіктерінің өте жоғары 

көрсеткіштерімен  ерекшеленеді.  Оларда  оттектік  қарыздылық 

мөлшері 20-22 л-ге  жетеді.  Бұл  олардың  қанның  рН  деңгейі 7,0 

жəне  тіпті, 6,9-ға  дейін  болатын  айрықша  өзгерістері  мен  қандағы 

лактаттың  жоғары  концентрациясына  төзе  алушылығын  көрсетеді. 

Мұндай  өзгерістер  вегетативтік  жүйелер  қызметтерінің  шекті 

өзгерістеріне  қарамастан  жұмыс  кезінде  орны  толтырылмайтын  

жоғары  оттектік  сұранысқа  ие  жұмыстар  үшін  тəн.  Минуттық  ты-

ныс  көлемі 180 л/мин,  ал  минуттық  қан  көлемі 40 л/мин.  болады. 

Систолалық қан көлемі 200 мл-ге жетіп жығылады. 



Шамадан тыс шыныққандықтың физиологиялық 

сипаттамасы

Жаттығу  сабақтарының  дұрыс  ұйымдастырылған  режимін, 

жүктемелер мөлшері мен тынығу ұзақтығын сақтамау адамның ша-

мадан тыс шыныққандық күйіне əкеп соғады. 

Организмнің  толық  қалпына  келуін  тоспай  қарқынды 

жүктемелерді жүйелі түрде орындай беру, яғни əрі қарай жалғастыра 

беру спортшыларда шамадан тыс шыныққандық  күйінің дамуына 

əкеледі.  

А.  С.  Солодков (1995) бойынша  шамадан  тыс  шыныққандық 

дегеніміз – жаттығу  жүктемелерінің  арасында  тынығудың 

жеткіліксіздігі  салдарынан  зорығудың  прогрессивті  дамуынан 

туындаған  спортшы  организмінің  патологиялық  күйі.  Бұл  күй 

шығу генезі бойынша жүйке жүйелерінің бұзылуларына (неврозға) 

теңбе-тең  келеді.  Шамадан  тыс  шыныққандықтың  басты  белгісі – 

жүктемелер арасындағы жеткіліксіз тынығу. 

Бұл  күй  қимыл  жəне  вегетативті  қызметтердің  аса 

бұзылуларымен, өзін-өзі нашар сезінумен, жұмысқа қабілеттіліктің 

төмендеуімен  сипатталады.  Спортшыларды  кешенді  зерттеу  бары-

сында  симпатикалық  жүйке  жүйесі  тонусының  басым  келетіндігі 

(жоғары  ортостатикалық  сынама),  көпшілік  шағымдардан (80% 

жағдайларға  дейін)  көрінетін  психикалық  эмоциялық  күйдің 

тұрақсыздығы, секемшілдік, көз  жасаурау, ашуланшықтың жоғары 

болатындығы,  жүрек-тамыр  қызметінің  бұзылулары  айқындалған. 

Кейбір тұлғаларда депрессия, əлсіздік, жаттығуға қызығушылықтың 

болмауы, спортшының «дистанцияда ұйықтауы» күйі орын алады. 



270

Корректуралық  тест  мəліметтері  бойынша  ақыл-ой  қабілетінің 

төмендеуі байқалған, яғни төмен жəне орташадан төмен баға (60% 

жағдайларда) басым болса, ал жоғары жəне орташадан төмен бағалар 

мүлдем байқалмаған. 

Мидың  электрлік  белсенділігін  зерттеуде  невроз  клиникасы-

на  сəйкес  (неврастения  немесе  психастения  типі)  өзгерістердің                        

2 типі айқындалған, не үлкен ми жарты шарлары қыртысында қозу 

үдерістері  мен  симпатикалық  жүйке  жүйесі  тонусы  басым  келетін 

жағдайларда  ЭЭГ-да  негізгі  тыныштық  ырғағы – альфа-ырғақтың 

өте  аз  байқалуы  немесе  мүлдем  болмауы  жəне 14-17 Гц-ке  дейін 

фондық  белсенділіктің  жиілеуі,  не  депрессия  күйі  жағдайларында 

альфа-ырғақтың төмен амплитудасы мен жиілігі (8-9 Гц) байқалған. 

Шамадан тыс шыныққан спортшыларда ми қыртысы белсенділігінің 

жұмыс алды күйдің бұзылуы, сонымен қатар жұмыс кезіндегі ЭЭГ 

ерекше ретсіздігі мен тұрақсыздығы, циклдік локомоциялар темпін 

реттейтін ми жұмыс ырғақтарының көрінуі (қозғалыс темпінде баяу 

потенциалдардың) 2 есе  төмендеуі  орын  алған.  Ми  үдерістерінің 

бұзылу  дəрежесі  спортшылардағы  жұмысқа  қабілеттіліктің 

төмендеуі мен патологиялық симптомдардың көрінуімен сəйкес кел-

ген. 

Шамадан  тыс  шыныққандықтың  дамуында 3 сатыны  бөліп 



көрсетеді:

1) Бірінші саты спорттық нəтижелердің өсуінің тоқтауымен неме-

се олардың айтарлықтай емес төмендеуімен, өзін нашар сезінумен, 

жүктемеге  организм  реакциясы  адаптивтілігінің  төмендеуімен  си-

патталады;

2)   Екінші  саты  спорттық  нəтижелердің  прогрессивті 

төмендеуімен,  қалпына  келу  үдерістерінің  қиындауымен  жəне  əрі 

қарата хал-жайының нашарлауымен байланысты; 

3) Үшінші саты жүрек-тамыр, тыныс алу жəне қимыл жүйелері 

қызметтерінің аса бұзылуымен, спорттық жұмысқа қабілеттіліктің, 

əсіресе,  төзімділіктің  дереу  төмендеуімен,  хал-жайының  ауыр-

лауымен,  ұйқының  үнемі  бұзылуымен,  тəбеттің  болмауымен, 

спортшының салмағының  түсуімен көрінеді. 

Шамадан  тыс  шыныққандықтың  жиі  тіркелетін  невроздық, 

кардиалгиялық,  вегетативті-дистониялық  жəне  аралас  клиникалық 

синдромдары жатады.   

Шамадан  тыс  шыныққандық  күйінің  алдын  алу  спортшы 


271

организмінің  қызметтік  мүмкіндіктеріне  барабар  (адекватты) 

жаттығу мен тынығу режимдерін сақтау болып табылады.   

Шамадан  тыс  шыныққандық  күйінің  ауырлығына  байланыс-

ты  бұзылған  жұмысқа  қабілеттіліктің  қалпына  келуі  не  дене 

жүктемелерін төмендетуді, не оларды мүлдем тоқтатуды қажет етеді.  

Спортшыға 1-2 апта  немесе 1 ай  бойына  белсенді  тынығу  немесе 

толық демалыс керек. Түрлі реабилитациялық заттар – дəрумендер, 

биологиялық  белсенді  заттар,  массаж,  физиотерапия  жəне  т.б. 

қолдану ұсынылады. 

Кейбір  авторлар  шамадан  тыс  шыныққандықты  екі  типке 

жіктейді, оның 2-типі бойынша жалғыз коррекция əдісі ұзақ уақыт 

бойына (6-8 айға  дейін)  жүктеме  сипаты  бойынша  қарама-қарсы 

басқа бұлшық ет қызметі түріне ауыстыру болып табылады.    




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет