Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің


ХV ТАРАУ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет43/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

ХV ТАРАУ

СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ 

СИПАТТАМАСЫ

Дене шынықтыру мақсаты мен мазмұнын, киімдері мен құрал-

жабдықтарын,  таралуы  мен  тиімділігін  сыртқы  орта,  тұрмыс, 

тамақтану,  жас  жəне  жынысқа  байланысты  қарастыру  қажет.  Дене 

шынықтыру  мен  спорт  қоғамның  жəне  жеке  əрбір  адамның  сала-

уатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі бөлім болып табыла-

ды. Адамның жасы мен денсаулық күйі ескеріле отырып, дұрыс əрі 

жүйелі  түрде  ұйымдастырылған  дене  шынықтыру  мен  спорттың 

денсаулық үшін маңызы зор. Əсіресе, дене жүктемелерін біртіндеп 

беру, жүйелі орындау жəне дұрыс мөлшерлеу тəріздес негізгі прин-

циптер сақталынса, денсаулыққа пайдасы аса зор. 

Циклдік спорт түрлерінің физиологиялық сипаттамасы

3-тараудан  белгілі,  циклдік  спорт  түрлеріне  немесе  циклдік 

қозғалыстарға жүгіру, жүру, жүзу, ескек есу, велоспорт, шаңғы тебу, 

коньки тебу жəне т.б., яғни құрылымы жəне қуаттылығы салыстыр-

малы тұрақты жаттығулар жатады. Аталмыш циклдік спорт түрлері 

жүрек-тамыр, тыныс алу жүйелерінің бірқатар ауруларының алдын 

алу жəне емдік мақсатында сауықтыру бағдарламаларынан тұрады. 

  Аса  ауыр  емес  жолмен  жақсырақ  нəтижелерге  жету  үшін 

дəстүрлі  жалпы  дене  гимнастикалық  жаттығуларын  емес,  шаңғы 

спорты,  кросс,  жүгіру,  жүзу,  кедергілермен  жүру  сияқты  көптеген 

бұлшық  ет  топтарының  үздіксіз  жұмысын  қажет  ете  орындалатын 

жаттығуларды  таңдайды.  Неғұрлым  жұмысқа  аз  бұлшық  ет  тобы 

тартылса, соғұрлым жаттығу əсері де төмен болады. 

Циклдік  қозғалыстардың  ортақтығы  бұл  жаттығуларға 

қозғалыстың  стереотипті  циклдерінің  көп  рет  қайталануы  əрі 

бірізділікпен орындалу тəн. Циклдер бір-бірінен ажырағысыз бола-

ды. 


Циклдік  қозғалыстардың  физиологиялық  негізі  рөлін  шарт-

сыз,  автоматты  орындалатын  ырғақты  қимыл  тізбектік  рефлекстер 



475

атқарады.  Циклдік  қозғалыстардың  айтарлықтай  бөлігі  табиғи  ло-

комоциялар (қозғалыс) болып табылады немесе соларға негізделеді. 

Циклдік  қозғалыстарда  негізгі  ауыспалы  шама  орындалатын 

жұмыстың қуаттылығы мен ұзақтығы болып табылады. Қуаттылық 

қимыл  циклдерінің  жиілігі,  амплитудасы  жəне  қозғалыс  күшімен 

анықталады. 

Барлық  циклдік  қозғалыстарға  тəн  ортақ  қасиет – жұмыстың 

шекті  ұзақтығының  жұмыс  қуаттылығына  немесе  қозғалыс 

жылдамдығына тəуелділігі. 

Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру жəне көпсайыс жеңіл атлетиканың 

түрлеріне жатады, соның ішінде жүру, жүгіру сияқты түрлері циклдік 

жаттығуларға жататыны 3-тараудан белгілі.

Спорттық  жүріс.  Жүрудің  физиологиялық  базисі  адымдау 

рефлексі болып табылады. Жүріс адамның табиғи қозғалысының бір 

түрі. Жүру кезінде адам бойындағы барлық бұлшық еттер, сүйектер, 

мүшелер  жұмыс  жасау  мүмкіндіктерін  арттырып  бейімделеді,  ты-

ныс алу, қан айналымы, зат алмасу жүйелері қызметі жақсарады.

Спорттық  жүрістің  жай  жүрістен  айырмашылығы  онда  адым-

дау  жиілігі  мен  аяқ  бұлшық  еттерінің  жұмысына  басқаша  талап-

тар  қойылады.  Мысалы,  спорттық  жүріс  кезінде  спортшының  бір 

минуттағы адым жиілігі жүруге қарағанда жоғары болады

Спорттық жүріс жарысы  кезінде  арнайы  төрешілер тағайында-

лып  олар  спортшының  адымдауы  кезінде  екі  аяқ  табандары  жер-

ден  бірдей  көтерілмеуін  қадағалайды.  Спорттық  жүріс  кезінде  аяқ 

табандарының  жерден  бірдей  көтеріліп  кетіп,  кеңістікте  дененің 

қалқуының пайда болуы, адамның жүгіру түріне өтуі деп саналады. 

Осындай жағдай болғанда спортшыны жарыстан шығаруға шешім 

қабылданады. 

Спорттық  жүрістегі  қозғалыс  циклі  спортшының  бір  тіректі 

жəне екі тіректі қалпының екі кезеңінен тұратын екі адым жасаудан 

тұрады.  Жүрдек  адамның  қол  қозғалысы  аяқ  қозғалысымен  қатаң 

үйлесіп  отырады  жəне  айқаспалы  сипатта  болады.  Жарыс  ерлерде 

20 жəне 50 км, əйелдерде 5-10 км арақашықтықтарда жүргізіледі. 

Жоғарыда  атап  өткендей  спорттық  жүріске  минутына 100-

ден 160-қа дейін  жəне  одан  да  көп  адымнан  тұратын  қозғалыстың 

жоғары  қарқыны  (темпі)  тəн.  Мұнда  барлық  фаза  тірек  қоя  орын-

далады.  Тірексіз  фазаның  болмауы  қозғалысты  реттейтін  жүйке 

орталықтарында қозу үдерістерінің басым болуына əкеледі. 



476

Бұл  спорт  түрі  қалыпты  қарқындылықты,  салыстырмалы  аз 

жылдамдықты жұмысқа жатады. 

Шаңғы-жарысушылары  немесе  стайер-желаяқтарға  қарағанда 

жүрдек  адамдарда  бұлшық  ет  тонусы  жоғары  болса,  бұлшық 

еттің  босаңсуы  (релаксациясы)  азырақ  байқалады.  Спорттық 

жүріс  кезіндегі  энергия  шығыны  айтарлықтай,  мысалы, 5 км 

арақашықтықта 300-400 ккал  жəне 50 км  арақашықтыққа 3000 

ккал-дан  жоғары  болады.  Оттегіні  максималды  пайдалану  (ОМП) 

ер  адамдарда – 71 мл/кг/мин.  Спортшы  темпі  мен  функциялық 

дайындығына  байланысты  тыныс  жиілігі  (минутына 30-50), өкпе 

вентиляциясы (60-90 л/мин) жəне оттегі сіңірілуі – 3-5 л/мин. жəне 

одан жоғары. Жүрек-тамыр жүйесі қызметіне келсек, жүріс кезінде 

жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ) 130-дан 160 екп/мин. жəне одан 

жоғары болады. Қандағы лактат (сүт қышқылы) 12 ммоль/л-ге дейін 

жоғарылайды. Қан жүйесі көрсеткіштері аса өзгеріске ұшырамайды. 

Кейде, əсіресе үлкен көлемді жүктемелерді орындау кезінде анемия 

байқалады. 



Жүгіру  –  кардиореспираторлық  жүйелерді  жаттықтыру  үшін 

негізгі  жəне  барынша  тиімді  дене  жаттығулары  болып  табыла-

тын  жеңіл  атлетиканың    негізгі  түрі.  Осы  ретте  тағы  да  ертедегі 

гректердің: «Егер  сұлу  болғың  келсе,  жүгір,  егер  сау  болғың  кел-

се,  жүгір,  егер  күшті  болғың  келсе,  жүгір»  өсиет  сөзін  атап  өткен 

орынды болар. Жүгіру көп дəрежеде төзімділік пен жылдамдық дене 

сапаларының дамуына əкеледі. Жүгіру түрлері мен қашықтықтары 

əртүрлі  болып  келеді.  Жүгіру  жағдайы  секіру,  лақтыру  сияқты 

қозғалыс түрлерінің құрамында да кездеседі. Жүгіруден жарыс 30-

60 м арақашықтықтан (42 км мен 195 м) марафондық жүгіруге дейін 

жүргізіледі (Қысқа қашықтыққа 30 метрден  400 метр аралығы, ор-

таша қашықтыққа  500-ден 2000 метр аралығы, алысқа 3000 метрден 

10000  метр  аралығы  енсе,  тым  алысқа  жүгіруге  20 км-ден 30 км 

аралығы жəне марафондық жүгіру 42 км 195 метрге жүгіру жатады). 

Осыған орай арақашықтықтар қысқа, орташа жəне алыс (ұзақ) бо-

лып бөлінеді. Арақашықтық ұзындығына байланысты бұл жұмыстар 

максималды, субмаксималды, жоғары жəне қалыпты қарқынды бола-

ды. Жүгіру жаттығулары жүйке қызметінің салыстырмалы біртекті 

динамикалық стереотиптерін қалыптастырады жəне бекітеді. Көру 

анализаторлары  мен  проприоцептивті  рецепцияға  қойылатын  та-

лаптар  жүгірудің  (жайдақ  жəне  кедергімен  жүгіру)  түрлері  мен 

жарыстың сипатына байланысты болып келеді. 



477

Спортшы  қысқа  арақашықтыққа  жүгіру  кезінде  жұмысты  ана-

эробты  режимде,  ұзақ  арақашықтыққа  жүгіруде – аэробты  немесе 

аралас,  ал  орташа  арақашықтыққа  жүгіруде – аралас  немесе  анаэ-

робты режимде орындайды. Жүгіру адам организмінің жұмыс жасау 

қабілетіне үлкен талаптар қояды. Баяу темпте жай жүгірулер түрлері 

адамдарды сауықтыру мақсаттарында жиі қолданылады.

Жаттығулар  бұлшық  еттердің  қозғыштығы  мен  лабилділігін 

(мүмкіндігін) арттырады. Мəселен, бұлшық ет лабилділігінің жана-

ма көрсеткіші – хронаксия спринтер-желаяқтарында барынша қысқа 

келеді. 

Қысқа  арақашықтыққа,  яғни  спринтелік  жүгіру  жылдамдық 

пен  күш  қабілеттерін  талап  етсе,  орта  жəне  алыс  қашықтықтарға 

(стайелік) жүгіру жылдамдық пен төзімділікті, ал кедергілер арқылы 

жүгіру  спортшыдан  ептілік  пен  иілгіштікті,  жылдамдықты  талап 

етеді.


Қысқа арақашықтыққа жүгіру кезінде энергия шығыны ерлерде 

3700-4200 ккал жəне əйел адамдарда 3200-3600 ккал-ға тең болады. 

Ұзақ арақашықтыққа жүгіретін желаяқтарда бұл көрсеткіш ер адам-

дарда 5000-5500 ккал, ал əйелдерде 4200-4700 ккал болады. 

Ұзақ  арақашықтыққа  жүгіретін  желаяқтарда  ОМП  ер  адамдар-

да 80 мл/мин/кг,  ал  əйел  адамдарда 56 мл/мин/кг-ға  тең.  Ерлерге 

қарағанда əйелдерде энергия шығыны 15-20%-ға азырақ болады. 

Стайер-желаяқтарында  тыныштық  күйде  жүректің  жиырылу 

жиілігінің (ЖЖЖ)  төмендеуі – брадикардия байқалады. Жүгірудің 

арақашықтығына  байланысты  жүгіру  кезінде  ЖЖЖ 150-200 екп/

мин. жəне одан да жоғары болады. Артериялық қан қысымы  қалыпқа 

(нормаға) сай келеді, стайерлер үшін систолалық қан қысымы 105-

120  мм  сынап  бағанасы    жəне  диастолалық  қан  қысымы 55-65 мм 

сынап бағанасы болатын гипотония тəн. 

Стайер-желаяқтарда  қанның  қызыл  элементтері  (эритроциттер 

мен  гемолглобин)  айтарлықтай  өзгермейді,  кей  жағдайларда  ане-

мия  орын  алады.  Қандағы  лактат  концентрациясы  жүгіріліп  өткен 

арақашықтыққа  немесе    жаттығу  кезіндегі  арақашықтық  арасына 

тəуелді бола келе 6-8 ммоль/л жəне одан жоғары 10-16 ммоль/л бо-

луы ықтимал. Кейде стайер-желаяқтары зəрінен белок табылған. 

Жүгірудің: 

1.  Тегіс жерде жүгіру;

2.  Кедергілер арқылы жүгіру;


478

3.  Эстафета; 

4.  Табиғи ортада жүгіру сияқты төрт түрі бар.

Тегіс жерде жүгіру негізінен арнайы дайындалған стадион жол-

дарында  жəне  жүгіру  қашықтығына  сəйкес  қысқа,  орташа,  алыс 

(ұзақ) қашықтықтарда өткізіледі. 

Барлық спорттық жүгірулер бағыты бойынша сағат тіліне қарсы 

орындалады. 

Кедергі  арқылы  жүгіру:  кедергілерден  өту  жəне  стипль-чез 

сияқты екі түрге бөлінеді.

Кедергілерден өту арқылы жүгіру қысқа қашықтық 60 метрден 

400  м  аралығында  стадиондардың  жүгіру  жолдарында 5-тен 10-ға 

дейінгі  арақашықтықтары  бірдей  кедергілер  қойылған  жолдарда 

өткізіледі. 

Стипль-чез (ағылш. steeplechase – кедергілер арқылы өтетін жа-

рыс) – 3000 метр қашықтық аралығында су толтырылған шұңқыры 

бар  кедергілер  қойылған  жүгіру  жолдарында  өткізілетін  орташа 

қашықтықты жеңіл атлетика түрі. 

Эстафеталық  жүгіру – топтық  (командалық)  жарыс.  Жүгіретін 

қашықтық бойына бірдей қашықтықта спортшылар орналасады. Əр 

спортшы өз қашықтығын жүгіріп өтіп, қолындағы таяқшаны келесі 

спортшыға  беруі  тиіс.  Эстафета  қашықтығы  қысқа,  орташа  жəне 

аралас қашықтықта болуы мүмкін. 

Табиғи ортада жүгіру (кросс) əртүрлі қашықтықта жыл мезгілі-

нің барлық уақыттарында өткізіледі.

Марафондық  қашықтыққа  жүгіру  əртүрлі  жолдарда  өткізілуі 

ықтимал, тек жүгіруді бастау мен аяқтау бір жерде болды.

Қазіргі кезде жүгірудің сағаттық, бірнеше сағаттық, сөткелік, т.б. 

түрлері кеңінен қолданылуда. 

Жүгірудің  қай  түрі  болса  да  салауатты  өмір  салтын  сақтауда 

жəне  төзімділік  дене  сапасын  дамытуда  рөлі  зор.  Жүгіру  бары-

сында көкірек жəне құрсақ қуысында орналасқан барлық мүшелер 

жұмысқа  араласады,  бауыр,  бүйрек,  ішек,  қарын,  өт  жолдарына 

тікелей ықпал етіледі, қан айналысы жақсарып, организмде алмасу 

үдерісі жақсы жүреді.

Жүгіру адамның барлық энергия беруші көздерінің мүмкіндігін 

ашады,  зат  алмасу  үдерістерінің  дұрыс  қалыпты  жұмыс  жасауына 

ықпал ете отырып, артық салмақтың пайда болуын тежейді.

Жүгірумен  жəне  жаттығудың  басқа  түрлерімен  айналысқан 


479

адамдардың  əсіресе,  аяқ,  жүрек  бұлшық  еттеріндегі  капиллярлар 

мөлшері жаттықпайтын адамдармен салыстырғанда екі есе көп бо-

лады.


Жүгіру адамның жүйке жүйесіне де жағымды əсер етеді. Жүгіру 

кезінде  пайда  болатын  тербеліс,  мүшелердің  қарқынды  жұмысқа 

араласуы  ми  қызметінің  жақсаруына,  энергиямен  толығуына  əсер 

етеді, осыдан барып адам көңіл күйі жақсарып, жұмыс қабілеттілігі 

артады.  Жүгіру  жаттығулары  адам  денсаулығының  жақсаруына, 

түнгі ұйқының тынышталуына, шаршауды жеңуге жақсы əсер етеді.

Жүгіру жаттығуларын барлық жастағы адамдар қолдануларына 

болады.  Оған  арнайы  алдын  ала  дайындықтың  қажеті  жоқ,  адам 

жаттығу  түрін  жүктеме  мөлшерін    өзінің  қалауы  бойынша  реттей 

алады. 


Жүгіру  жаттығулары  адамнан  өз  мүмкіндігін  дұрыс  есептеуді, 

жүгіру кезінде аяққа барынша көп күш түсетіндігін ескеруді талап 

етеді. 

Жүгірумен  шұғылданған  адамдар  ауруға  көп  шалдықпайды, 



қоршаған ортаның əртүрлі жағдайларына төзімді келеді, иммундық 

қорғанысы жақсы болады, ерте қартаюдың алдын алады. 

Жеңіл  атлетикалық  секірулер  мен  лақтырулар  ациклді 

қимылдардан  тұрады  (3-тарауда  баяндалған).  Бұл  жарылыстық 

жаттығулар  бірнеше  секундтан  біраз  ондаған  секундқа  ғана  со-

зылатын  өте  қысқа  ұзақтықта  өтеді.  Көптеген  жарылыстық 

жаттығулардың көп бөлігі циклдік қозғалыстардан (екпін алу неме-

се қарқын алудан) тұрады. 

Жеңіл  атлетикада  секіру  түрлері  ұзындыққа  жəне  биіктікке 

секіру деп бөлінеді. Олар орында тұрып жəне жүгіріп келіп секіру 

арқылы орындалуы ықтимал. Орында тұрып секіру арнайы жарыс-

тар  бағдарламасына  енбейді,  көбіне,  жаттығу  жəне  сынақ  түрінде 

кеңінен қолданылады. Жүгіріп келіп биіктікке секіру жəне сырықпен 

биіктікке  секіру  жоғары  көлденеңінен    қойылған  кедергіден  өтуге 

арналған болса, ұзындыққа секіру жəне ұзындыққа үш аттап секіру 

түрінде горизанталды бағытта алысқа секіруге негізделген. 

Секірудің барлық түрлері спортшыдан күш, жылдамдық, ептілік, 

иілгіштік, кеңістікте өзін басқару, бағдарлау сияқты  қабілеттерінің 

жақсы дамуын талап етеді.

Лақтыру  жаттығулары  топтарына  жеңіл  атлетикалық:  табақша, 

найза, балға лақтыру, ядро серпу жатады. Лақтырудың жеке жағдайы 



480

болып ауыр атлетикалық жаттығулар (жұлқу мен серпу) табылады. 

Лақтыру орындалу түрлеріне қарай бастан асыра найза, гранат, доп 

лақтыру енсе, айналдыра лақтыруға балға, табақша лақтыру, ал ите-

руге ядроны итеру жатады.  

Лақтыру  адамнан  жылдамдықпен  күшті  қажет  етеді,  басты 

мақсат  қолдағы  затты  неғұрлым  алысқа  лақтыру  болып  табылады. 

Лақтыру кезінде адамнан аз уақыт аралығында қол, аяқ, дененің өте 

көп мөлшерде күш жұмсауы арқылы жылдамдық, координациялық 

қабілеттердің үйлесімді жұмыс жасауын қажет етеді.

Көпсайыс түріне жүгіру, секіру, лақтыру, т.б. түрлері қосындысы 

енеді.  Олар  үшсайыс,  бессайыс,  т.б.  деп  жарысу  түрлерінің  санын 

көрсетеді.  Жарыс  қорытындысы  əр  сынақ  бойынша  жинақталған 

бағалар  қосындысы  бойынша  анықталады.  Жеңіл  атлетиканың 

функциялық  негіздері  Д.  Оңғарбаева,  Г.  Мадиева,  Е.  Алимханов 

(2013) еңбегінде толығымен баяндалған.

Шаңғы  спорты  денсаулықты,  функциялық  күй  мен  жаттығу 

дəрежесін сақтау мен жақсартудағы таптырмайтын маңызды спорт 

түрі болып табылады. Шаңғы спортымен ерте балалық шақтан ба-

стап  тіптен,  қартайған  шаққа  дейін  шұғылдануға  болады.  Əсіресе, 

шаңғы жарыстары кең тараған. Ол қол жұмысын жұмылдыра оты-

рып, шұғыл ұзарған жалғыз тіректі жүріс түрінің локомоциясы бо-

лып табылады. 

Сонымен қатар шаңғы спорты əртүрлі рельефті жерлерде, əртүрлі 

сырғанау  арқылы  жүргізіледі.  Шаңғы  спортында  арақашықтық 

əйелдерде 5, 10, 15 жəне 30 км, ал ерлерде – 15, 30, 50 км құрайды. 

Білікті шаңғышының жарыс темпі  (жылдамдығы) жүгіріп өткен 

арақашықтықтың ұзындығына айтарлықтай тəуелді болмайды. Де-

генмен, арақашықтықты жүгіріп өту жылдамдығы осы арақашықтық 

профиліне,  ауа  температурасына,  қарға,  шаңғының  майлануына 

жəне шаңғышы-жарыскердің жаттығу дəрежесіне, яғни функциялық 

күйіне байланысты болып келеді. 

Жоғары  қарқындылықты  шаңғышы-жарыскердің  жұмысын 

арақашықтық  профиліне  байланысты  ауыспалы  қарқындылықты 

жұмыстарға жатқызуға болады. 

Шаңғы спорты жалпы жəне жылдамдықты төзімділікті дамыта-

ды, алайда, жарыстарға дайындалу кезінде күштік жаттығулар, мы-

салы,  дөңгелекті  шаңғы  (шаңғы  роллер),  салмақты  белдіктер  мен 

шаңғы таяқтарымен тауға жүгіру жəне т.б. кезінде қолданылады.


481

Біліктілігі  жоғары  шаңғышы-жарыскерлер  арақашықтықтарды 

бағындыруда  өздерінен  біліктіліктері  төменірек  спортшыларға 

қарағанда оттегіні 15-20%-ға азырақ пайдаланатынын Ю. Х. Кальюс-

то көрсетіп өткен. 

Жарысушы-шаңғышының  жаттығу  немесе  жарыс  кезінде 

бұлшық  еттерінің  басым  бөлігінің  қатысуына  орай  энергиялық 

шығындар да көбірек болады. Шаңғышы-жарыскердің жұмыс типі 

трасса  профилі  мен  климаттық  жағдайларға  (ауа  температурасы, 

қар,  шаңғының  майлануына)  байланысты  аэробты-анаэробты,  ал 

егер жаттығу, əсіресе жарыс, орта биіктікте өтсе, онда жұмыс режимі 

анаэробты болады. 

Жоғары  жылдамдықпен  таудан  сырғанаған  жəне  көтерілген 

кезде  оттегі  пайдаланудың  артқанына  қарамастан  энергияның  бір 

бөлігі  анаэробты  реакциялар  арқылы  шығарылады.  Бұған  қандағы 

сүт қышқылы концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы дəлел 

болады.

Энергияның  жалпы  шығыны 4200-ден 6000 ккал-ға  дейін 



мөлшерді  құрайды. 50 км  жəне  одан  ұзақ  шаңғы  марафондарында 

энергия шығыны бұл шамадан едəуір асып түседі. ОМП ерлерде 83 

мл/кг/мин, ал əйелдерде 63 мл/кг/мин болады. Тыныс алу алма ке-

зек  аздап  екі  адымдап  жүру  кезінде  ырғақты 1:1, 1:2 болса,  ал  бір 

мезгілде  орындалған  жүрістерде  тыныс  шығару  таяқпен  серпіле 

итерілгенде  жəне    кеуде  еңкейгенде  жүзеге  асырылады.  Тыныс 

алу  мен  қозғалыстың  дұрыс  үйлесуі  əрқашан  жұмыс  тиімділігін 

жоғарылатады.  Шаңғышы-жарысушыларда  тыныс  бұлшық  еттері 

жақсы  дамыған.  Осыған  орай  оларға  тыныс  қозғалыстарының 

жоғары амплитудасы мен ӨТС (ерлерде 5,5-7,5 л-ге дейін, əйелдерде 

3,5-4,5 л) жоғары мəні тəн. Оттегіні пайдалану білікті шаңғышыларда 

олардың  ОМП-ның 85-90%-ын  құрайтын 4-5 л/мин-қа  жетеді. 

Жазықта  шаңғы  тебуде  бұл  шама  ОМП 80%-нан  аспайды,  биікке 

көтерілгенде ол 100%-ға дейін жоғарыласа, төмен түскенде 50-55%-

ға дейін кемиді. 

Коньки тебу спорты. Коньки тебумен айналысу тек жылдамдық, 

төзімділік,  қозғалыс  координациясын  ғана  дамытып  қоймай  жəне 

организмді  шынықтырып,  суық  тиюден  болатын  ауруларға  қарсы 

тұру қабілеттерін арттырады. 

Ұзындығына  байланысты  арақашықтық  субмаксималды (500, 

1000, 1500 м) жəне жоғары қарқындылықты (5000 жəне 10000 м) бо-

лып бөлінеді. 


482

Конькишы  қозғалысына,  əсіресе,  бұрылу  кезінде  координация-

сы бойынша күрделі циклдік сипат тəн. Коньки тірек бетінің аз бо-

луы, жоғары жылдамдық, сырғанау (таю) мен кеуденің еңкіш кейпі 

конькишінің  тепе-теңдік  сақтауына  қиындық  туғызады  жəне  оның 

қимыл əрекетін күрделендіре түседі. 

Конькимен  жүгіру  кезінде  энергия  шығыны  арақашықтық 

ұзындығына,  жүгіру,  орын  ауыстыру  жылдамдығына  жəне 

метеологиялық  жағдайларға  байланысты  бола  келе  ерлерде 4400-

4800 ккал, əйел адамдарда 3700-4100 ккал құрайды. Соңғы жылда-

ры барлық үлкен жарыстар жабық спорт сарайларында өткізілетінін 

атап өткен жөн. ОМП ерлерде 78 мл/кг/мин, əйелдерде 54 мл/кг/мин-

қа тең. 

Конькимен  жүгіру  кезінде  өкпе  вентиляциясы 100-160 л/мин, 

оттегі пайдалану 4-4,5 л/мин болады. Оттектік қарыздылық, əсіресе, 

500-1500 м жүгіру кезінде орын алады. Конькишілерде тыныштық 

күйде пульс ерлерде 40-50 екп/мин, ал əйел адамдарда ол бірнеше 

төмен келеді. 

Жүгіру  кезінде  ЖЖЖ  дереу  артып, 190-200 екп/мин-қа  дейін 

жетіп жəне одан да асып түсуі мүмкін. Қандағы лактат концентрация-

сы 16 ммоль/л-ге дейін жəне одан жоғары болады. 

Велосипед  спорты.  Арақашықтық  ұзындығына  тəуелді  велоси-

педпен  жүру  максималды,  субмаксималды,  жоғары  жəне  қалыпты 

қарқындылықты  жұмыстарға  бөлінеді.  Велосипедшілер  максимал-

ды қуаттылықты жұмыстар тректе 200 жəне 500 м, субмаксималды 

1000 м арақашықтықта, жоғары 5000, 10000, 20000 арақашықтықта 

жəне қалыпты – шосседе 100 км жəне одан  жоғары  орындалады. 

Жарыс  кезінде  тыныс  алудың  біраз  қиындауына  қарамастан, 

өкпелік  вентиляция  веложарысушыларда 60-120 л/мин.  жəне  одан 

жоғары,  ал  оттегінің  сіңірілуі 5 л/мин.  жəне  одан  асады.  Ерлерде  

ОМП 75 л/кг/мин-қа тең болады. 

Энергия  шығыны  ер  адамдарда 5400-6000 ккал,  ал  əйел  адам-

дарда 4100-4600ккал-ға  тең.  Тас  жолшы-велосипедшілерде  ЖЖЖ 

тыныштық  күйде  орта  есеппен 45-50 екп/мин.  болса,  ал  жарыс 

кезінде  ЖЖЖ  жарыс  темпіне,  рельефіне,  климаттық  жағдайларға, 

функциялық  дайындығына  байланысты  бола  келе, 140-190 екп/

мин жəне одан да жоғары мəнге жетіп жығылады. Мəреге жеткенде 

ЖЖЖ 200 екп/мин жəне одан да асуы мүмкін. Велошабандоздарда 

артериялық қан қысымы төмен, яғни гипотония тəн. 



483

Қызыл қан элементтері қалып (норма) бойынша болады, кейде 

ғана көп тəуліктік веложарыстарға қатысқан спортшыларда анемия 

байқалып жəне зəрлерінде белок анықталған.



Ескек есумен (академиялық, каноэде жəне байдаркамен) кез кел-

ген жаста шұғылдануға болады. Ол жалпы дамытатын жаттығулар 

қатарына жатады, сонымен қатар активті дем алудың жақсы құралы 

болып саналады. 

Ескектер  қозғалысы  координациясы  жағынан  күрделі,  ол 

орындықтың қозғалмалығымен жəне академиялық қайықтардың аз 

тұрақтылығымен байланысты. Бұл спортшыны үнемі тепе-теңдікті 

ұстап  тұруға  міндеттейді,  əсіресе,  бұл 2, 4, 6 орынды  қайықтарда 

маңызы зор. 

Академиялық  есу  əсіресе,  проприоцептивті,  сипап    сезу, 

вестибулярлық рецепторлар, перифериялық көру мен есту анализа-

торларына үлкен талаптар қояды. 

Ескек  есу  қаңқа  бұлшық  еттерін,  əсіресе  арқа  бұлшық  еттерін, 

жоғары иық белдеуін, іш бұлшық еті мен аяқ бұлшық еттерін, яғни 

ірі бұлшық еттерді дамытады. Академиялық есуде энергияның жал-

пы шығыны айтарлықтай. Ол ерлерде 5200-5600 ккал, ал əйел адам-

дарда 4200-4800 ккал тең. ОМП ер адамдарда 62 мл/кг/мин. 

Ескекшілердің тыныс жиілігі қозғалыс ырғағымен сəйкес келеді 

жəне  ол  орта  есеппен  минутына 30-40-қа  тең.  Жарыс  кезінде  ты-

ныс алу өзгереді, мысалы мəреге келгенде ол артады, яғни жиілей 

түседі.  Ескекшілер  үшін  дұрыс  тамақтану  аса  маңызды.  Білікті 

ескекшілерде  өкпелік  вентиляция  150 л/мин-қа  дейін  жетеді,  бұл 

тыныс  тереңдігінің  артуы  есебінен  мүмкін  болады.  Бұл  спортшы-

ларда  тыныс алу  бұлшық  еттері жақсы  дамыған.  ӨТС  ерлерде 6 л 

жəне одан жоғары, əйел адамдарда 4 жəне одан көп болуы ықтимал. 

Ескекшінің  жұмысы  əдеттегідей  анаэробты  режимде  өтеді. 

Жоғары  білікті  спортшыларда  оттегіні  пайдалану 5-5,5 л/мин-қа 

жетуі мүмкін. 1500-2000 м арақашықтықта ескек есу кезінде оттектік 

сұраныс  орта  есеппен 50-60 л-ге,  оттектік  қарыздылық  оттектік 

сұранысқа қатысты 20-30%-ға теңболады. ЖЖЖ тыныштық күйде 

орта  есеппен, 40-50 екп/мин,  ал  жарыс  кезінде 160-200 екп/мин. 

жəне одан да асуы мүмкін.  

Ескекшілерде суда ескекті есу кезінде қысқа уақыттық күштену 

(ышқыну) орын алады, бұл оң жақ жүрекшеге вена қанының келуін 

қиындатуынан жүрек жұмысын біршама ауырлатады. Күштену со-


484

нымен  қатар  веноздық  қан  қысымының  жоғарылауына  əкеледі. 

Қарқынды  жаттығулардан  (жарыстардан)  жəне  салқындаудан  (аса 

тоңазудан) кейін, əсіресе, көктем, күз айларында ескекшілер зəрінде 

белок сирек пайда болмайды.

Жүзу.  (Жүзу  физиологиясы  туралы  толығымен  10-тарауда 

баяндалған  болатын).  Спорттық  жүзудің 4 түрі  бар:  еркін  стиль 

(кролль-құлаштап  жүзу),  арқамен  жүзу,  брасс  жəне  баттерфляй. 

Жарыстардағы арақашықтық 50-ден 1500 м-ге дейін. Мұнда 50, 100, 

200  м  арақашықтыққа  жүзу  субмаксималды  қарқындылықты, 400, 

800, 1500 м жоғары қарқындылықты, 15, 25 км-ге теңізде жүзу орта-

ша қарқындылықты жаттығуларға жатады. 

Жүзу температура 25,5-28,5°С болатын сулы ортада жүзеге асы-

рылады, бұл жұмысқа қабілеттілікке айтарлықтай ықпал етеді. 

Сонымен қатар, жүзу жүзгіш денесінің горизонталды қалпымен 

сипатталатын  болғандықтан  жүрек  пен  өкпе  қызметтеріне 

айтарлықтай ықпал етеді, себебі денені вертикалды қалыпта ұстап 

тұруға энергия жұмсалмайды. Осының барлығы жүзгішке құрлықта 

орындай алмайтын үлкен көлемді жұмыстарды ұзақ уақыт орындауға 

мүмкіндік  береді.  Жүзгіштің  денесі  мен  су  температурасы  əртүрлі 

болғандықтан  су  рецепторлар  үшін  тітіркендіргіш  болып  табыла-

ды.  Сонымен  қатар  жүзу  жылдамдығы  артқан  сайын  жоғарылап 

отыратын  су  кедергілеріне  төтеп  беріп  отырады.  Қалқымалылық 

қозғалысты  орындау  техникасына,  спортшы  салмағына  жəне 

бұлшық ет пен май ұлпаларының арақатынасына байланысты. Жүзу 

кезіндегі тыныс жиілігі жүзу тəсіліне байланысты минутына 30-45 

жетуі  мүмкін.  Мұнда  өкпелік  вентиляция  минутына 90-100 литр 

жəне одан көп, оттегіні сіңіру 5,0-5,5 л болуы ықтимал. ОМП ерлер-

де 67 мл/кг/мин, ал əйелдерде – 57 мл/кг/мин, энергия шығыны ер 

адамдарда 4200-4800 ккал, ал əйелдерде – 3600-4100 ккал болады. 

Қанның қызыл элементтері қалыпта болады, алайда, қарқынды 

жаттығулар  кезінде  кейде  гемоглобиннің  төмендеуі  (анемия) 

байқалады. 

Лактат  мөлшері  жарыстан  немесе  жаттығудан  кейін 14-16 

ммоль/л  жəне  одан  жоғары  болуы  мүмкін.  Жүзгіштерде  ұзақ 

уақыттық  қарқынды  жаттығу  мен  бассейндегі  судың  төмен  темпе-

ратурасынан соң зəр құрамында белоктың байқалуы сирек құбылыс 

емес. 


485



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет