Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Екіншілік және үшіншілік әдістермен өндіру



Pdf көрінісі
бет143/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   274
12.8.1 Екіншілік және үшіншілік әдістермен өндіру 
кезіндегі ұңғымалардың орналасуы
Әдеттегі мұнай өндіру режимі кезіндегі негізгі кемшілік – қабат қысымының 
төмендеуі. Мұнда еріген газ режиміне әкеле отырып, өндіру ұңғыларының 
шығымының төмендеуіне әкеледі.
Су айдау режимі де ең тиімді бола отырып, 100%-ға өнім бере алмайды. Бұл 
кезде контур сыртынан су айдау қысымды ұстап тұруға тура келеді. Қайраңды 
кен орындарды игеруде қабат қысымын ұстап тұру үшін теңіз суын пайдала-
нады. Тағы да теңіз кен орындарын игергенде әртүрлі реагенттер қосылған су 
немесе газ қоспалар айдау да қолданылады.
Қабатқа су айдауға негізделген қоры аз кен орындарды екіншілік әдіспен 
игергенде әдетте, контур ішінен және контур бойымен су айдау қолданылады. 
Бұл кезде ұңғылардың орналасуы кен орын немесе су-мұнай қатынасының 
пішініне ұқсас болады (
12.13 а-сурет
).
12.13-сурет. Екіншілік әдістерді қолданып игеру кезіндегі ұңғылардың орналасуы
а – мұнай және газ шоғырын су айдау режимінде игеру; б – сулану 
режимі кезіндегі күрт төмендеуші мұнай шоғырын игеру; в – күрт 
төмендеуші мұнай шоғырын қабатқа газ айдау арқылы игеру
Орташа қоры бар шоғырды игерген кезде тұрақты және түрақсыз орналасты-
ру жүйелері мысалы: бес немесе жеті нүктелі жүйе жақсы көрсеткіш көрсетеді. 


316
Үлкен және алып кен орындарды игерген кезде әдетте айдау ұңғыларды бірнеше 
бөліктерге бөлінеді. Олар әрқайсысына ыңғайлы ұңғыма торлары бойынша 
игеріледі. Суландыру арқылы мұнай және газ шоғырларын игергенде айдау 
ұңғылары құрылымының төменгі жағында орналасады, ал өнім жоғары қабаттан 
алынады (
12.13 в-сурет
).
Ұңғылардың бұлай орналасуы судың жарылуын кешіктіре отырып, мұнайды 
ұңғымаға итеруге және мұнай өндіру кезеңін арттыруға ықпал жасайды. 
Құрылымның төменгі жағына тығыздығы мұнайдікінен жоғары ығыстырушы 
агентті жіберу өнімді қабат бойымен бірқалыпты жүруіне әсер етеді. Жоғары 
орналасқан құрылымдарға газбен көмірсутек ерітінділерін айдау, мұнай ай-
дау фронтының бірқалыпты жүрісін қамтамасыз етеді. Фильтрация теориясы 
бойынша, мұнай фильтрециялық ағынды жасау мұнай өндірудің дәрежесін 
жоғарылатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет