Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Газ және конденсатты дайындау, тасымалдау және жинау



Pdf көрінісі
бет190/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

16.5 Газ және конденсатты дайындау, тасымалдау және жинау 
жүйесіндегі гидрат түзілумен күресу
Табиғи және ілеспе мұнайлы газды игеру және тасымалдау кезінде газ 
контактісіндегі бетінде су гидраты, тығыз кристалдық заттар, тығыздығы 880-
990 кг/м

көмірсутек және судың молекулалары пайда болады.
Табиғи газды игеру және тасымалдау кезіндегі гидратталуды зерттеуді 
3-кезеңге бөлуге болады.
1934 жыл 1-кезеңнің басы деп саналады, яғни осы жылы табиғи газдың ги-
дратталу шарттары газды құбыр арқылы тасымалдауда гидратталудың алдын 
алуы туралы ұсыныстар жайлы жариялымдар жарық көре бастады. Осыдан 
кейін гидрат түзілудің термодинамикалық жағдайы кезіндегі табиғи газдың 
құрамы мен қасиеті туралы көптеген зерттеу еңбектері басылып шықты.
60 жылдардың басында 2-кезең байқалды, ол кезде ұңғымадағы және 
құбырларда гидрат тығындарының пайда болу орындарын алдын ала білу 
мәліметтері қарастырыла бастады. Яғни, гидрат белгілі қысым кезінде газдың 
температурасы гидратталудың температурасынан төмен болса, орын алады. 
Осыған орай, көпжылдық тоң аудандарында бұрғыланған газ ұңғымаларының 
қауіпсіз тоқтауы және олардың оптималды жұмыс дебиті анықталған. 
Ал 1973 жылдан бастап 3-кезең басталды, осы кезеңде құбырдағы гидраттық 
қабаттың өсу динамикасы, ұңғымаға ылғал газдың фильтрациясы кезіндегі 
гидраттың шөгіндісі, газдыгидратты кеніштерді игерудегі жылу әдістерінің 
тиімділігі және т.б. зерттелген.
Зерттеудің қорытындысы бойынша, газ ағынында гидрат түзілуінің ал-
дын алу үшін олардың пайда болу шарттарының біреуін, яғни олар: жоғары 
қысымды, төмен температураны немесе еркін ылғалды жоюы керек. Қазіргі 
кезде гидратталуға қарсы мұнай өндіріс тәжірибесінде көбінесе, ингибиторлар 
қолданылады. Кең қолданылатын ингибитордың түрі метанол (метил спирті – 
СН
3
ОН). Ол – түссіз сұйық, иісі өткір, молекулалық массасы – 32,04; қайнау 
температурасы – 64
0
С, қатуы 97,1
0
С, метил буының 20
0
С кезінде қысымы 0,01 
МПа-ға тең. Метанолдың негізгі қасиеті ол гидратталудың температурасын күрт 
төмендетеді, гидрат тығынын тез ыдыратады, әртүрлі қатынаста сумен байла-
нысады, тұтқырлығы аз және төменгі қату температурасымен сипатталады. 
Мұнай-газ өндірісінде 97% метанол қолданылады.


432
Каспий теңізі жағалауындағы газконденсатты кен орынды игеру кезіндегі 
гидратталу жұмысқа үлкен кедергі келтіреді.
Соған байланысты гидраттанудың шарттары мен себептері туралы және 
теңіз газ игеру өндірісінде бұл қымбат реагенттің керекті метанол көлемін есеп-
теу жайлы зерттеулер жүргізілген.
16.15-сурет. Конденсаттағы метил спиртінің Р температураға тәуелділігі. 
Қисық сызықта судағы спирт концентрациясы % бойынша көрсетілген 
Газды сұйық ортадағы метанолдың еруі зерттелген. Зерттеулер көрсеткіштері 
бойынша метанолдың негізгі көлемі суға кетеді және газ тасымалдау жүйесінің 
термодинамикалық параметрі және су мөлшеріне сәйкес сепарация орындарын-
да газбен бірге 50-70% кетеді.
Метанолдың көмірсутекті конденсатта еруі бойынша жасалған зертхана-
лық жұмыстар су-метанолды қоспада температура және судың мөлшеріне 
байланысты, егер судағы спирт концентрациясы кемісе, онда метанолдың 
конденсаттағы ерігіштігі кемитінін көрсеткен (
16.15-сурет
). Температура және 
су қоспасында метил спирт концентрациясын жоғарылатқанда конденсаттағы 
метил спиртінің ерігіштігі артқан. 
Зертханалық жұмыстардың қорытындысы бойынша метанол-су-конденсат 
жүйесінде тығыз парафиндердің қалыптасатыны туралы қорытындыға келген. 
Метанол ерітіндісін зерттеген кезде қабат суында тұз анықталмады. 
Осы зерттеулер бойынша (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет